«Қызылорда қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, 120000, Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев көшесі, 16 үй, анықтама үшін телефондары: 8(7242) 400953, 400954



Дата19.06.2016
өлшемі81.91 Kb.
#148081




«Сыр бойы» областық газетінің 17.10.2015 жылғы №156-157 шығарылымында жарияланған
«Қызылорда қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі,

120000, Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев көшесі, 16 үй, анықтама үшін телефондары: 8(7242) 400953, 400954, gor_kadr@korda.gov.kz «Б» корпусы бос әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
1. «Қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (E-R-4 санаты, 06-1-5 индексі, 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 56376 – 76235 теңгеге дейін (экологиялық коэффициентті есепке алмағанда).

Негізгі функционалдық міндеттері:

Білім ұйымдарындағы тәрбие жұмысын ұйымдастырады, талдау жұмыстарын жүргізеді. «Қазақстан Республикасындағы білім мекемелеріндегі комплексті тәрбие бағдарламасының» орындалуы бойынша жұмысты, мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастырады. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие бағыттарының мазмұнын қамтамасыз етеді. Тәрбие саласы бойынша тиісті орындарға есеп, ақпарат береді. Аула клубтары жұмыстарын жүргізеді. Мектептен тыс мекемелердің жұмыстарына сараптама жасайды. Оқушылардың жазғы демалыс шаралары, «Сырдария» тынығу лагерінің жұмысын ұйымдастырады. Тәрбие жүйесінің басқару әрекетін және әдістемелік жағдайын талдайды. Мектептегі психологиялық қызмет жұмысын бақылайды. Құқық бұзушылық және жасөспірімдер арасында болатын қылмыстық әрекеттердің алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Мектептегі медициналық қызмет санитарлық-гигиеналық талаптарының орындалуын үйлестіреді. Мөлтек аудандар бойынша ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жұмыстар жүргізеді. Жол қауіпсіздігі іс-шараларын жүзеге асырады. Балалардың құқығын қорғау департаменті, ішкі істер, ішкі саясат бөлімімен және қоғамдық ұйымдармен бірлескен жұмыстарды ұйымдастырады. Гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Заң тәртібіне сәйкес білім қызметкерлерінің, ата-аналардың хаттарын, арыз-шағымдарын қарау, олардың заңды талаптары мен өтініштерін орындауды қамтамасыз етеді.



Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Жоғары педагогикалық білім.

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Мемлекеттік тілді білуі, компьютерде және интернетте жұмыс істеу қабілеті.
2. «Қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы (E-R-5 санаты, индексі №16-1-5, 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 49969 – 67907 теңгеге дейін (экологиялық коэффициентті есепке алмағанда).

Негізгі функционалдық міндеттері:

Қала ішілік жолаушылар тасымалын ұйымдастыру. Жол қозғалысын және маршрут желілерін реттеу.

Форма № 2, № 3 үлгісіне қол қояды және атқарылған жұмыстардың уақытылы өткізуін, орындалған нысандарды теңгерімге алу, қабылданатын нысандар сапалы болуын, нормативке сәйкес келуін, белгіленген межеде аяқталуын қадағалап қабылдау.

Ағымдағы және күрделі жол жөндеу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурс ұйымдастыру.

Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын орнату, күтіп ұстау және жөндеу (жол белгілері, жол айрық сызықтары, жасанды тегіс емес қондырғылар, бағдаршам).

Жабын материалдарына қарамастан жолдар мен тротуарларды жөндеу және күтіп ұстау, такси, автомобиль тұрақтарын орнату, жөндеу және күтіп ұстау.

Автомобиль жолдары құрылысы, қайта салынуы, кеңейтілуі және күрделі жөндеу кезінде (жоба-сметалық құжаттарында қарастырылса) жаяу жүргінші жол, бордюрлер, көшенің түнгі жарықтарын салу жұмыстарын жүргізу;

Жолаушылар көлігіне жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарымен өтетін қаланың бағыттық желілеріне тікелей басқару мен ведомствалық бақылауды іске асырады, тұрғындар сұранысын қанағаттандыру үшін жолаушылар тасымалын ұйымдастыру.

ҚР заңнамасына сәйкес жолаушылардың және басқада көлік қызметін пайдаланушылардың мүдделерін қорғау.

Мемлекеттік сатып алу конкурс ұйымдастыру.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жұмыстарын ұйымдастыру. Жеке және заңды тұлғалардан түскен арыз-шағымдардың уақытылы қаралуы мен жауап берілуі.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Техникалық ғылымдар және технологиялар (көлік, көліктік техника және технологиялар немесе технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) немесе құқық (құқықтану немесе халықаралық құқық немесе құқық қорғау қызметі немесе кеден ісі ) мамандықтары бойынша жоғары немесе ортадан кейінгі көлік (технологиялық машиналар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету) немесе құқық мамандықтары бойынша білім.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Мемлекеттік тілді білуі, компьютерде және интернетте жұмыс істеу қабілеті.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) Өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен өкілетті орган белгілеген нысанда толтырылған сауалнама;

3) Білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

4) Еңбек кітапшасының нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7) Құжаттарды тапсыру сәтінде өкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат. (немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі).

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда 4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.

Азаматтар өздерінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі және беделі жайлы (кәсіби біліктілігін арттырғаны жайлы, ғылыми атағы және дәрежесін алғандығы туралы құжаттардың, мінездемелерінің, ұсыныстардың, ғылыми жарияланымдардың және тағы басқа көшірмелері) қосымша ақпарат ұсына алады.

Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру БАҚ-та («Кызылординские вести» және «Сыр бойы») соңғы жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде «Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 120000, Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев көшесі, 16 үй, мекен-жайы бойынша қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.

Үміткерлермен әңгімелесу «Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, (Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев көшесі, 16 үй) әңгімелесуге шақырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Осы Қағидалардың мемлекеттiк органның басшысымен (жауапты хатшы) конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихат депутаттары қатыса алады.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана, Алматы, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған, (Ақтөбе, Ақтау және Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тәртіппен өтеді.

E-R-4, E-R-5 - cанаттары үшін тестілеу бағдарламасы: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.


«Қызылорда қаласы әкімі аппараты»

мемлекеттік мекемесінің конкурстық комиссиясы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет