Қызылорда қаласының №9 Нағи Ілиясов атындағы мектеп-гимназиясының «Бағдаршам» тобының ЖҚИ слетіндегі «Насихатшы» сайысының Тақырыбы: «Жол ережесі баршаға ортақ»



Дата15.06.2016
өлшемі20.1 Kb.
#137509
Қызылорда қаласының №9 Нағи Ілиясов атындағы мектеп-гимназиясының «Бағдаршам» тобының ЖҚИ слетіндегі «Насихатшы» сайысының
Тақырыбы: «Жол ережесі баршаға ортақ»

Мақсаты:


  1. Балалардың арасында жол ережесін насихаттау.

  2. Көшеде жүру тәртібін үйрету, оны балалар өмірімен ұштастыру.

  3. Біз достықты, тыныштықты қолдаймыз!

«Айбын» әнінің әуенімен хор

Жол тәртібін сақтаймыз

Ел үмітін ақтаймыз

Жас инспектор боламыз

Тәртібті тек жақтаймыз

Қозғалысты бақылап

Нұсқау беріп анықтап

Апат алдын аламыз

Болашаққа барамыз

қ/сы

Дархан даламыз



Үлкен қаламыз

Жас инспектор боламыз

«Крокодил Гена» әнінің әуенімен:

Бағдаршам бағыт берер

Әр көзі жолды сілтер

Көмегі шексіз ғой көшеде

Қызыл көз тоқтағайсын

Сары көз жолын дайын

Жасыл көз жүре бер, қорықпа!
«Айгөлек» әнінің әуенімен:

Үйден шығып мектепке

Бара жатқан шағында

Қарағайсын көлікке

Бағдаршамның асықпа

Ережені білмесен

Дұрыс жүріп болар ма?

Өкінішке ұрансаң,

Орны оның толар ма?
Айгөлек-ау, айгөлек!

Бағдаршамнан көп көмек

Қызыл, сары, жасылды

Көздері бар дөңгелек


«Еркеме-ай» әнінің әуенімен:

Жолды кесіп өткенде

Солға қара алдымен

Ортасында барғанда

Оңға қара тоқтап сен
Сақтанғайсын көліктен

Жазуды сен көргенде

Абайлап тек өткейсің

Балақайлар бұл жерден


Көлік жүрер жерменен

Жүруге еш болмайды

Есте сақта балақай

Апат болса, сол қайғы


Жолға шығып ойнауға

Болмайды еш балақай

Көліктерді көргенде

Жүру керек абайла!

Сурет бойынша:


  1. Қозғалыс көп жанында

Жамандыққа ұрынба!

Ережені қашан да

Сақтағайсын жадында


  1. Қозғалыс көп көшеде

Әлде ойнағын келді ме?

Тротуарда балақай

Болмайды доп тебуге!


  1. Жол тәртібі бұзылды

Жақтамаймыз бұныңды

Балақайдың добы ұшып

Доңғалаққа тағылды


  1. Жол апаты болды үлкен

Ережелер шықты естен

Жол тәртібін бұзбауды

Өтінеміз біз сенен

«Дос болайық бәріміз» әнімен:


Жолында көп қозғалыс

Асығыстық қылмаңыз

Сақ болшы жас өрен

Ережені сақтайық

Үмітті біз ақтайық

Бақытты елімде

қ/сы

Жас инспектор боламыз



Апат алдын аламыз

Тыныштықты сақтаймыз,сақтаймыз



Өркендесін қаламыз

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет