Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы 2013 жылғы 13 мамыр



жүктеу 25.54 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі25.54 Kb.


Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы

2013 жылғы 13 мамыр

121



«Қызылорда облысының тілдерді

дамыту басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің 2011-2015 жылдарға

арналған стратегиялық жоспарын

бекіту туралы» Қызылорда

облысы әкімдігінің 2010 жылғы

30 желтоқсандағы № 1006 қаулысына

өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы 12 сессиясының № 61 шешімін іске асыру туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 704 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 100 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №1006 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Қызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:

«7. Бюджеттік бағдарламалар» бөлімінде:

«7.1. Бюджеттік бағдарламалар» бөлімшесінде:

«264001 «Жергілікті деңгейде тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасының:

«2013 жыл» бағанындағы:

«тікелей нәтиженің көрсеткіштерінде»:

«1. Қызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасы аппаратын ұстау» жолындағы «29141,0» деген сандар «28944,0» деген сандармен ауыстырылсын;

«бюджет шығыстарының көлемі» жолындағы «29141,0» деген сандар «28944,0» деген сандармен ауыстырылсын;

«002 «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бюджеттік бағдарламасының:

«2013 жыл» бағанындағы:

«бюджет шығыстарының көлемі» жолындағы «14215,0» деген сандар «14213,0» деген сандармен ауыстырылсын;

«003 «Мемлекеттік мекеменің күрделі шығындары» бюджеттік бағдарламасындағы:

«003 «Мемлекеттік мекеменің күрделі шығындары» деген сөздер «003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» деген сөздермен ауыстырылсын;

«2013 жыл» бағанындағы:

«тікелей нәтиженің көрсеткіштерінде»:

«1. Басқарманың қызметіне қажетті жағдайды қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базаны нығайту» жолы «323,0» сандармен толықтырылсын;

«түпкі нәтиженің көрсеткіштерінде»:

«басқарманың одан әрі қызметі үшін қажетті материалдық-техникалық жабдықтармен жарақтандыру» жолы «100» деген сандармен толықтырылсын;

«бюджет шығыстарының көлемі» жолы «323,0» деген сандармен толықтырылсын;

«7.2. Бюджет шығыстарының жиынтығы» бөлімшесінде:

«2013 жыл» бағанындағы:

«Бюджет шығыстары Барлығы:» жолындағы «43356» деген сандар «43480» деген сандармен ауыстырылсын;

«Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар» жолындағы «43356» деген сандар «43480» деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Әлназароваға жүктелсін.



3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялауға жатады.

Қызылорда облысының

әкімі Қ. Көшербаев




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет