Қызылорда облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында республикалық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен 2013 жылы 1337,0 млн теңгенің жұмыстары атқарылды, оның ішінде



Дата23.02.2016
өлшемі16.14 Kb.
Қызылорда облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында республикалық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен 2013 жылы 1337,0 млн. теңгенің жұмыстары атқарылды, оның ішінде:

  • пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға – 339,8 млн. теңге қаралып, жалпы құны – 3 млрд. теңгеден астам 83 жоба аймақтық үйлестіру кеңесінің шешімімен мақұлданды;

  • ішінара кепілдендіру бойынша жалпы құны 145,8 млн. теңгені құрайтын 17 жоба мақұлданып, 29,1 млн. теңге көлемінде кепілдендіру қаржысы аударылды;

  • гранттық қаржыландыру компоненті бойынша жалпы сомасы 47,0 млн. теңге болатын 14 жоба мақұлданып, барлығы жүзеге асырылуда;

  • валюталық несиелері бар кәсіпкерлерді қолдау бойынша 50,7 млн. теңге қаралып, жалпы сомасы 150,0 млн теңге болатын 1 жоба мақұлданды;

  • өндірістік инфрақұрылымды дамыту бойынша - 870,4 млн. теңге, аталған бағыт бойынша 4 жоба жүзеге асырылды.


Өндірістік инфрақұрылымды дамыту бойынша 2013 жылы жүзеге асырылған жобалар:

1. «Шиелі Тас-Оңтүстік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің әк өндіру зауытына электр желісін жеткізу және трансформатор орналастыру жобасы;

2. Жаңақорған ауданында «Тату Агро» шаруа қожалығының томат өндіріс цехына инженерлік желілерді жүргізу жобасы;

3.«Жан-Арай Жем» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің – Қызылорда қаласында құрама жем зауытының құрылысы нысанына жобаланып жатқан инженерлік желілерінің құрылысы (трансформатор, электр желісі, газ құбыры, жол жүргізу) жобасы;



4.Арал ауданында Қамыстыбас (Қамбаш) көлінің жағалауында туристік демалыс аймағын ұйымдастыруға қажетті инфрақұрылым (телефон, су құбыры, телефон желісін ) жеткізу жобасы.

Бағдарламаның шарттары туралы толық ақпарат алу үшін мына мекен-жайлар бойынша хабарласуға болады:

  • «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Қызылорда қаласы, Журба көшесі, 12 үй, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының ғимараты, 305 кабинет, телефон 8/7242/40-10-63;

  • «Даму» КДҚ-ның Қызылорда облыстық филиалы, Қызылорда қаласы, Журба көшесі, 12 үй, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының ғимараты, телефон 8/7242/55-11-12; 55-11-15.



Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет