Қызылорда облысының 2015 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері



жүктеу 0.58 Mb.
бет3/3
Дата22.02.2016
өлшемі0.58 Mb.
1   2   3

Сумен қамтамасыз ету.


2015 жылдың қорытындысы бойынша облыстағы 261 елді мекеннің 194-інемесе 74%-ы орталықтандырылған су құбырыжүйесінеқосылды. Бұл елді мекендерде облыс халқының 95%тұрады.

Орталық атқарушы органдармен бірлесіп жүргізілген жұмыс нәтижесінде ауылдық су құбыры жүйелерінқайта құру бойынша 13 жобаға2,4 млрд. теңге бөлінді. Қармақшы ауданы Тұрмағанбет, Ақай, Жосалы, Жалағаш ауданы Ақсу, Сырдария ауданы Амангелді, Ақжарма, Бесарық, Шиелі ауданы Шиелі, Жөлек, Тәжібаев, Алмалы, Жаңақорған ауданы Түгіскен және Қызылорда қаласы Маханбетов елді мекендерінде ауқымды жұмыстар атқарылды.

Нәтижесінде, 2014-2015 жылдары аталған жобалар шеңберінде551 шақырым ауылдық су құбырлары жүйесі қайта құрылып,4485 бірлік су өлшегіш құралдары орнатылды.

Қызылорда қаласының су құбыры жүйесін жаңғыртуға 3,6 млрд. теңге тартылды. 21 шақырым су құбыры жүйесіқайта құрылып, Қызылжарма жерасты су кенішінде 20 ұңғыманы бұрғылау аяқталды. Нәтижесінде, жобада қарастырылған барлық 57 ұңғыманы қазу 3 жыл көлемінде аяқталып, 2015 жылғы 1 желтоқсаннан қаланың су құбыры жүйесіне жоғарысапалы ауыз су беріле бастады.

2015 жылы жеке (71 елді мекен) және топтық (88 елді мекен) баламасыз ауыз су көздерін пайдаланып келген 300 мыңнан астам халық тұратын 159 ауылдық елді мекенді ауыз сумен қамуға2,3 млрд. теңге бағытталды. Оның ішінде топтық су жүйелерінен ауыз сумен қамтуды субсидиялауға облыстық бюджеттен 1,9 млрд. теңге қаралды.

Ауылдық елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында “Ақбұлақ” бағдарламасы шеңберінде 2012 жылдан бастап жерасты су қорларын іздестіру-барлау жұмыстары жүргізілуде. 2012-2014 жылдары 42 елді мекенде осындай жұмыстар өтті. 2015 жылы іздестіру-барлау жұмыстары облыстың 29 ауылдық елді мекеніндежасалды. Сонымен бірге, тағы 14 елді мекендеосындай жұмыстар басталды.

Су ресурстары комитетімен бірлесіп Жаңақорған ауданындағы Талап және Сырдария топтық сутартқышы, Шиелі ауданындағы Жиделі топтық сутартқышы құрылысы, елді мекендерді жерасты сумен қамтамасыз етуге біртіндеп көшіру жобаларын іске асыру жалғасын тапты. Нәтижесінде, 2015 жылы Жиделі топтық сутартқышына 2 елді мекен (жоба бойынша 8): Шиелі ауданы Алғабас және Бидайкөл ауылдары қосылды.

Бұл жұмыстар аяқталған кезде Талап-Сырдария топтық сутартқышына Жаңақорған ауданының 28 ауылдық елді мекені қосылады.

Газбен қамтамасыз ету.


2014 жылы “Бейнеу-Бозой-Шымкент” магистралдық газ құбырының құрылысы аяқталып, облысты газдандыруға бағытталған кең көлемді жұмыстары басталды.

Нәтижесінде, Қызылорда облысы әкімдігі мен “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ-ы арасында жасасқан Меморандум шеңберінде 2015 жылы облыстағы 7 аудан орталығының


4-інде -
Арал қаласы, Әйтеке би, Шиелі және Жаңақорған кенттерінде газдандыру жұмыстары аяқталды. Мұнда130 мыңнан аса халық тұрады.

Сонымен бірге, Қызылорда қаласының болашақ даму бағыты ескеріле отырып, Қызылжармаауылдық округі мен Тасбөгет кентін газдандыру жұмыстары аяқталды.Байқоңыр қаласын газдандыру аяқталуда.

2016 жылы тағы үш аудан орталығын,сондай-ақ, Қызылорда қаласының газғақосылмаған тұрғын үйлерін және қала маңындағы елді мекендерді газдандыружоспарланған.
Халықаралық қаржы ұйымдарымен жұмыс және мемлекеттік-жекешілік әріптестікті дамыту

Жаһандық дағдарыс жағдайында өңірді дамытуға халықаралық қаржы ұйымдарының ресурстарын тарту жұмыстарыерекше маңызға ие. Олардың қатарында Европалық қайта құру және даму банкі, Азиялық даму банкі, Ислам даму банкі, Халықаралық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы (“IFC”) бар.



Европалық қайта құру және даму банкіменбірлескен8 жоба бар, оның 7-уіоблыс орталығы - Қызылорда қаласының инфрақұрылымын дамытуға арналған. 4 жоба бойынша несиелік келісімдерге қол қойылған:

  1. Қызылорда қаласының жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту

  2. Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласы темір жолдың арғы бөлігінің электр жүйелерін жаңғырту

  3. Қызылорда қаласын сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйесін қайта құру

  4. Автобус паркін құру

Халықаралық Ислам қаржы ұйымдары және Азия даму банкімен инфрақұрылымдық, индустриялық, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ тұрғын үй жобаларын іске асыру төңірегіндекеліссөздер жүргізілуде.


Атап айтқанда, Азия даму банкімен Қызылорда қаласының сол жақ жағалауын дамытуғақажетті инженерлік инфрақұрылым, тұрғын үй және әлеуметтік-тұрмыстықнысандарды салу жобаларын кезең-кезеңімен іске асыру мүкіндіктері қарастырылуда. Азия даму банкі бұл жобаны “ақылды” қаланы («SMART CITY») дамытуға бағытталған инфрақұрылымдық кешенді бағдарламасы ретінде іске асыру туралы ұсыныс енгізді.

«Қазақстандық мемлекеттік-жекешелікәріптестік орталығы» АҚ-ы облысты мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытудағы пилоттық өңір ретінде белгіледі.



«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сүймелдеу орталығымен» бірлесіп 5 жобағаинвесторлар тарту жұмыстар жүргізілуде.Олар: ауысымда 500 келуші қабылдайтын емхана, Қызылорда қаласында кәсіптік-техникалық лицей, облыс орталығы әуежайының жолаушылар терминалының құрылысы, апаттық жағдайдағы мектептердің орнына 11 мектепсалу, сонымен бірге Сырдария ауданының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жобалары.

Жалпы алғанда көлемі 333 млрд. теңгені құрайтын 31 жобаныхалықаралық қаржы ұйымдары және «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері негізінде іске асыру жоспарлануда.


Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған бірқатар жұмыстар жүруде.

Қылмыспен күрес және оның алдын алу шаралары нәтижесінде қылмыс саны азайды. Қоғамдық жерлерде жасалған қылмыс (6,2%-ға), көшелерде (1,9%-ға), топтасып (23%-ға), тұрмыстық-отбасылық салада (14%-ға) азайған.

Аса ауыр қылмыстар 27%-ға, адам өлтіру 25%-ға, тонау 0,5%-ға, пәтер ұрлығы 14%-ға, мал ұрлығы 8%-ға, бұзақылықтың ауыр түрлері 3,1%-ға және алаяқтық әрекеттер 27,3 %-ға азайған.



Қылмысты ашу көрсеткіштері жақсаруда. Атап айтқанда, ауыр қылмыстарды ашу 1,1%-ға, аса ауыр қылмыстар 10,1%-ға, адам өлтіру 1,8%-ға, денсаулыққа ауыр зардап келтіру 12,2%-ға, бөтеннің мүлкін ұрлау 6,3%-ға, пәтер ұрлығы 26,8%-ға, бұзақылық 1,2%-ға, алаяқтық 0,5%-ға, қорқытып алушылық 12,5%-ға, есірткі қылмысын ашу 0,7%-ға артқан.

Полиция қызметінің тиімділігін арттыруға және қылмыстың алдын алу мен онымен күресте оң нәтижелерге жетугеоблыстық ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту оң ықпал етуде.

Атап айтқанда, жеке құрамның арттехқару-жарақтары, жеке бронды қорғану және белсенді қорғану құралдарымен жабдықталуы 100%-ға жеткізілді. Қылмыстық түзету жүйесі мекемелері орналасқан аудандарда бейне бақылау камераларын орнату жұмыстары аяқталып, ол ішкі істер органдарының жедел басқару орталығы пульттеріне қосылды.

Жедел басқару орталығын жетілдіруқолға алынды.

2015 жылы жазасын өтеушілерді жұмысқа орналастыру шеңберінде қылмыстық түзету жүйесі мекемелерінің базасында 9 өндіріс ашылды. Соның нәтижесінде, еңбекке қабілетті жазасын өтеушілердің 70%-ы бас бостандығынан айыру орындарында жұмыспен қамтылды.

Жазасын өтеп келгендердің қайта қылмыс жасауын және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында оларды жұмысқа орналастыру шаралары жүргізілуде. Өткен жылы 98 жазасын өтеген адам жұмысқа орналастырылып, кейбіреуі өзінің жеке кәсібін ашты. Олар “Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020” бағдарламасы шеңберіндешағыннесие алды.
Жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды дамыту
Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру және функцияларды қайталауға жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі №239 Заңына сәйкес орталық атқарушы органдардың 261 функциясын жергілікті атқарушы органдарға беру іске асты. Оларға білім, денсаулық сақтау, спорт, ауыл шаруашылығы, ветеринария, жер ресурстарын бақылау, сәулет және қала құрылысы, энергетика, азаматтық хал актілерін тіркеу және басқалары кіреді.

Облыстық деңгейдегі білім, спорт және құрылыс салаларындағы 14 функцияны облыстық деңгейден аудандық деңгейге ауыстыру шаралары аяқталды.

2015 жылдың 1 сәуірінен ауылдық округ әкімдерінің экономикалық дербестігін кеңейту мақсатында салықтың 4 түрібойынша түсетін төлемдер (табыс салығы, мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы) ауылдық округтің қолма-қол ақшасының бақылау шоттарынабағытталады. Демек, оларды жұмсауреті енді жергілікті қауымдастықпен анықталады.

Тұрғындардың компьютерлік сауаттылығы жыл ішінде 58%-дан 60 %-ға жеткізілді.

Көрсетілетін қызмет сапасы да жақсаруда.

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтүрі2014 жылғы 126-дан2015 жылы 161-ге өсті.«Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызмет үлесі өткен жылы 24%-дан 42%-ға артты. 2015 жылы 30773 онлайн қызмет көрсетілді (2014 жылы 26825).

Басқармаларда Қызылорда облысы әкімдігі Ситуациялық орталығының ақпараттық-талдау жүйесін енгізу аяқталып, оның салалар бойынша мониторинг жүргізу мүмкіндіктері толыққанды еске қосылды.

«Электрондық мұрағат» ақпараттық жүйесіндегі мұрағат құжаттарын сандық форматқа көшіру жұмыстары жалғасты. 2015 жылы 1,6 млн. бет мұрағат құжаттары сандық форматқа көшірілді.

Аудандық мұрағаттар ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізілді. Қармақшы және Арал аудандық мұрағаттарына жеке ғимараттар берілді.

Қызылорда қаласында 600 мың бірлік құжаттарға арналған «Мұрағаттар үйінің» құрылысы жалғасуда.



Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының құрылысы аяқталды.
Бюджет

Бюджеттің кіріс бөлігі.

Шоғырландырылған бюджетке (мемлекеттік бюджет және Ұлттық қор) облыстан 222,6 млрд. теңгенің түсуі қамтамасыз етілді.

Жаһандық дағдарыс пен салық түсімдерінің азаюы жағдайында, 2015 жылы мемлекеттік бюджетке жоспарланған 71,7 млрд. теңгенің орнына 76,4 млрд. теңге түсті. Бұл есепті жылға болжамның 106,6%-ын құрайды. Жоспардан тыс 4,7 млрд. теңге жиналды.

Республикалық бюджетке түсім жоспары 109,5%-ға орындалып, 2014 жылмен салыстырғанда түсім көлемі 10,4 млрд. теңгеге ұлғайды.

Жергілікті бюджет бойынша болжам 103,9%-ға орындалды. Бюджетке болжамнан тыс 1,4 млрд. теңге түсірілді.


Бюджеттің шығыс бөлігі

2015 жылы облыс бюджеті 182,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 23,5 млрд. теңгегекем. Сонымен қатар, күрделі құрылыс бағытындағы шығыстар (құрылыс, күрделі жөндеу, құрал-жабдықтар сатып алу)43 млрд. теңгені құрады.

Бюджет әлеуметтік сипатын сақтап қалды. Шығыстардың жалпы көлемінің 62%-ы немесе 113 млрд. теңгесі әлеуметтік салаға бағытталды.

Өңір жан басына шаққандағы бюджет шығыстарының көлемі бойыншареспубликада 5-ші орын алады,аләлеуметтік салаға бағытталған шығыстары бойынша 1-ші орында.


Бюджеттің орындалуы

Шығыстары бойынша2015 жылғы бюджет 98,9%-ға орындалды (жоспардағы 182,9 млрд. теңгенің орнына 181 млрд. теңге игерілген). Объективті себептермен (қаражат үнемдеу) игерілмегені – 1,9 млрд теңге.


Мүлікті жария ету

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасы азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты барадамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы” Заңына сәйкес 2014 жылғы 1 қыркүйегінен бастап мүлікті жария ету жұмыстары басталды.

Мүлікті және қаржыны жария ету жөніндегі аталған заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, мүлікті және қаржыны жария ету 2016 жылғы 1 желтоқсанына дейін ұзартылды.

2015 жылдың 31 желтоқсанына облыста мүлікті жария ету туралы1182 арыз түсіп, оның 1430-ыжылжымайтын мүлік арыздары болды. Жария етуге ұсынылған мүліктердің жалпы құны 11,6 млрд. теңгені құрады.

1048 өтініш бойынша жалпы сомасы 10,7 млрд. теңге тұратын 1255 нысан жария етілді.
Жекешелендіру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 31 наурыздағы №280 қаулысына сәйкес 2014 жылы жекешелендірудің екінші толқыны басталды. Облыс бойынша коммуналдық меншіктегі 8 ұйым және «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компания» акционерлік қоғамына қарасты 11 еншілес мекемелерінің жекешелендіруге жататыны анықталды. Кестеге сәйкес әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының 5 жобадағы үлесі бәсекелестік ортаға жіберілді.



Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес 2015 жылдың желтоқсанында 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің жаңа кешенді жоспары қабылданды. Оған облыстағы коммуналдық меншіктегі 5нысан және «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компания» акционерлік қоғамының5 нысаныкіріп отыр.



1   2   3


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет