«Қызылорда облысының білім басқармасының Арал ауданы бойынша білім бөлімінің 19 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Бекітемін»


Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-



бет94/100
Дата13.12.2023
өлшемі375.25 Kb.
#486304
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   100
Гүлшара КТП-68-34

Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Құқық негіздері» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

1-тарау. Жалпы ережелер


1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы


23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
2. «Құқық негіздері» пәнін оқыту білім алушылардың қазіргі қоғамдағы құқықтық және саяси қатынастардың субъектісі ретінде, өз құқықтары мен міндеттемелерін жүзеге асыру үшін қажетті білім мен дағдыларды игеруге бағытталған.
3. Оқу пәнінің мақсаты – белсенді азаматтық ұстанымы бар, құқықтық тұрғыдан сауатты тұлғаны тәрбиелеу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықтық білімді тәжірибеде қолдана алу дағыдыларын дамыту.
4. Оқу пәнінің міндеттері:
1) әлеуметтік және құқықтық нормалар жүйесі: адам құқығы, құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам, заңдылық және құқықтық тәртіп туралы білімдерін тереңдету және кеңейту;
2) қазақстандық құқық пен халықаралық құқықтың базалық салаларының негізгі түсініктері мен мазмұны туралы білімдерін дамыту;
3) құқыққа деген оң қөзқарасты қалыптастыру және заңдарды білу мен орындаудың әлеуметтік пайдалылығын түсіну;
4) қазақстандық патриотизм, жалпыадамзаттық құндылықтар, гуманизм мен әділеттілік негізінде тұлғаның құқықтық санасын қалыптастыру;
5) оқу және тәжірибелік іс-әрекетте құқықтық ақпаратты табу, талдау және қолдану дағдыларын қалыптастыру;
6) әртүрлі өмірлік жағдайларда құқықтық нормаларға сәйкес
іс-әрекеттерді таңдау кезінде құқықтық білім мен дағдыларды қолдана алу біліктерін дамыту;
7) қоғамдағы құқықтық қатынастармен байланысты практикалық жағдаяттарды сын тұрғысынан талдау және бағалау дағдыларын дамыту;
8) қазіргі уақыттағы өзекті қоғамдық және құқықтық мәселелерге қатысты пікірталасқа қатысу дағдыларын дамыту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет