Қызылорда облысының әлеуметтік – экономикалық төлқұжаты Қызылорда қ. 2013 жыл 2



бет1/13
Дата23.02.2016
өлшемі1.69 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13



№ исх: 02-2/953 от: 12.04.2013

Қызылорда облысының әлеуметтік – экономикалық төлқұжаты

Қызылорда қ.

2013 жыл
2


1. Жалпы мағлұматтар
МАЗМҰНЫ

1. Жалпы мәлімет
2. Облыстың тарихы
3. Географиялық орналасуы
4. Табиғи-климаттық жағдайы
5. Пайдалы қазбалары (оның ішінде болашақта игеру мүмкіндіктері)
6. Ресурстар (су, жер, минералды - шикізаттық, рекреациялық ресурстар)
7. Аймақ экономикасының мамандануы
8. Соңғы 10 жылдағы аймақтың даму қорытындылары (2003-2012 жж.)
9. Қызылорда облысының 2003-2012 жылдардағы бюджет көлемі

10. Бюджет (бюджеттің кіріс және шығыс бөлігі)
11. Есепті 2012 жылдың қорытындысы бойынша облыстың қысқаша әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштері

1. Жалпы мәлімет

Облыстың құрылған жылы – 1938 жылы 15 қаңтар;
Облыс орталығы – Қызылорда қаласы;
Жалпы аумағы – 226,0 мың шаршы шақырым;
Халқы, тығыздығы, ірі елді мекендер – 2013 жылдың 1 қаңтарына 726,8 мың адамды құрады. Облыс бойынша орташа тығыздық 3,22 адамды құрайды. Облыста 7 аудан және 1 қала (облыстық маңыздағы), аудандық бағыныстағы - 2 қала, 145 – ауылдық және кенттік округ, 265 - елді мекен бар.
Этникалық құрамы – Облыста 70-тен астам ұлт өкілдері тұрады. 2012 жылдың басында қазақтардың үлесі 95,6 пайызды, орыстар – 2,2 пайызды және басқалары 2,2 пайызды құрады.

Облыстың әкімшілік – аумақтық бөлінісі



2. Облыстың тарихы
Қызылорда қаласы - 1817 жылы Сырдария өзенінің сол жағалауында Ақмешіт бекінісі болып салынды. 1818 жылы бекініс оң жақ жағалауға көшірілді. Ақмешіт бекінісі жан-жағынан қамыс және бұталар тоғайымен қоршалған үлкен ойпатта орналасқан болатын. Бұл ойпат Бегалы-Қоға деп аталатын.

1847 жылы патшалық Ресей Сыр жағалауы мен Аралды өзінің империясына қосып алу саясатын бастады. Бұл - осы жерлерді қалай да болса өздерінде ұстап қалуға тырысқан Қоқандықтар мен Хиуалықтардың қорқынышын туғызды. 1867 жылы Түркістан генерал-губернаторлығы құрылған кезде, Перовск - уезд орталығы болды және қала статусын алды.

1860 жылы 14 сәуірде священник А. Е. Масловтың пәтерінде бірінші мектеп ашылды. Сондай-ақ, қалада мешіттер және шіркеулер жұмыс істеді. 70-жылдардың басында қалада мұсылман мешіті ашылды. 1868 жылы Перовскіде уездік пошта бөлімшесі ашылды.

XX ғасырдың басында Перовск қаласы тарихында үлкен оқиға болды. Бұл – «Орынбор-Тәшкент» темір жолының құрылысының салынуы. Осы жолдың салынуымен байланысты, станса, вокзал, депо, қоймалар салынды. Перовск қаласында 1917-1920 жылдары бірде-бір кәсіпорын болған жоқ. Тұрғындар саудамен айналысты. Қалалық коммуналдық шаруашылықта қалалық диірмен және 2 су насосы болды. 1922 жылы 1 ағаш өңдеу шеберханасы ашылды. Кірпіш зауыт қалпына келтірілді.

1925 жылы 15 сәуірде Ақмешіт қаласында Қазақстан Республикасы еңбекшілерінің Бүкілодақтық съезі болды. Съезд 5 күн бойы өткізілді. Съезде астананы Орынбор қаласынан Ақмешітке ауыстыру және Ақмешітті Қызылорда қаласы деп өзгерту мәселесі қаралды. Бұл шешімнің маңызды болуы –Қызылорда қаласына астана статусын бергені болды. Осы кезеңде қалада 22 мың 577 адам тұратын. «Қызыл - қала» жаңа өмірге қанатын жайды. Осы жылдары бірінші рет электрэнергия берілді. Осы кезеңдерде қалада құрылыстар жүргізілді, жаңа үлгі бойынша үйлер салынды, оқу орындары, халық ағарту институты және басқалары тұрғызылды. 1929-1930 жылдары Қызылорда - округ орталығы болды. Осы жылдары қала өмірінде үлкен әлеуметтік өзгерістер болды.

Сыр жері тәуелсіз жылдары көптеген жетістіктерге қол жеткізді, бұл жерде халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту бағытында және өңірді дамытуда аса қөп жұмыс атқарылды.

Осы кезеңдерде өңір экономикасының құрылымын өзгертуге мүмкіндік берген және оны дамытуға ықпал еткен, тарихи маңызды жобалар қабылданып, жүзеге асырылды.

Қызылорда облысының инвестициялық тартымдылығы жақсарды. Құмкөл кенішін өндірістік игеру - облысты аграрлық өңірден, индустриалық-аграрлық өңірге айналдырды.

Егер 1991 жылы 2,1 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілген болса, 2012 жылы оның өндірісі – 1,1 трлн. теңгені құрады. Оның ішінде мұнай 1 млн. тоннадан, соңғы 3 жылда - жыл сайын 11 млн. тоннаға жетті.

Жалпы Ішкі өнімде облыстың өнеркәсіптік өндірісі соңғы 20 жылда 3-тен 50 пайызға дейін артты.

1992 жылы қаңтар айында «Возрождение» аралындағы сынақ полигоны жабылып, чума, сібір жарасы және алапес жұқпалы ауруларының таралуына тосқауыл қойылды. Қазір «Барсакелмес» қорығында өмір қайтадан жанданды.

Арал өңірінде экологиялық апаттан зардап шеккендерді әлеуметтік қолдау туралы Заңның қабылдануы, еңбекақыға қосымша төлем, еңбек демалысына қосымша күндер қосу, сауықтыруға жәрдемақы төлеуге мүмкіндік берді. 1993 жылы бұл Заңды жүзеге асыруға 400 млн. теңге, 2011 жылы 11 млрд. теңгеден астам бөлінді.

1993 жылы Арал проблемалары бойынша бірінші рет, Орта Азия және Ресей мемлекеттерінің басшылары жиналған Қызылорда конференциясы өткізілді. Конференция қорытындысы бойынша ұйымдастырушылары Қазақстан, Түркменстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан болып табылған, Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылды. Осы кездесуде су ресурстарын бөлу бойынша саяси шешім қабылданды.

1995 жылы Ресей мен Қазақстан арасында Байқоңыр космос кешенін пайдалану жөніндегі Келісім қабылданды. Қосмостық гавань өңірде туризмді дамытуға мүмкіндік береді.

1996 жылы Мемлекет Басшысы – Н. Ә. Назарбаевтың, Қызылорда облысында арнайы экономикалық аймақ құру туралы Жарлығының қабылдануы өңірде шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік берді.

2001 жылы, шоқырақтаған инфляцияға қарамастан, Мемлекет Басшысымен «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» (1 кезеңі) жобасы үшін Даму Банкісінен займ тарту жөнінде шешім қабылданды. Нәтижесінде:



  • Аралдан 120 шақырым алыстап кеткен су, Арал қаласына 18 шақырымға дейін жақындады;

  • Арал теңізіндегі су деңгейі (Балтық жүйесі бойынша) 31 метрден 42 метрге дейін көтерілді;

  • теңіз айналасында көлдер жүйесі қайта жанданды.

Елдің оңтүстігінің, оның ішінде Қызылорда облысының су проблемаларын түбегейлі шешу үшін, Мемлекет Басшысының бастамасымен қысқы-көктемгі кезеңде өзеннің су ресурстарын реттеуге және егісті суару үшін су алуға мүмкіндік беретін Көксарай контррегуляторы салынды.

Мемлекет Басшысының 2004 жылғы Жолдауында айтылған Қызылорда қаласын газдандыру туралы шешімнің қабылдануын өңір халқы қуанышпен қабылдады. Қазір қаланың 90 пайыздан астамы арзан газды тұтынуда. Сонымен қатар, 50 МгВт электрэнергиясын өндіруге мүмкіндік алды.

Мемлекет Басшысының 2008 жылғы Жолдауында қойылған «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының құрылысы туралы міндеттерге сәйкес, келешекте облыстың барлық аудандары газға қосылуға мүмкіндік алатын болады. Бұл өз кезегінде өңірдік экономикасын көтеруге мүмкіндік береді.

Мемлекет Басшысының Жолдауында айтылған, «Батыс Европа - Батыс Қытай» көлік дәлізінің құрылысы туралы тапсырмаға сәйкес, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қызу жүргізілуде. Мегажобаның жүзеге асырылуы құрылыс индустриясын дамытып, 50 пайызға артуына мүмкіндік берді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы облысқа іс-сапары кезіндегі берген балық шаруашылығын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, қабылданған шаралар нәтижесінде балық аулау 400 тоннадан 6 мың тоннаға дейін өсті. Осы іс-сапар барысында Мемлекет Басшысының қатысуымен Арал қаласын ауыз сумен қамтамасыз ету жобасы жүзеге асырылды.

Барлық атқарылған жұмыстар өзінің нәтижелерін беруде. Облыста халықтың туу көрсеткіші жылма-жыл 5 пайызға өсуде. Жалпы, Тәуелсіздік жылдары облыс халқы 134 мыңдай адамға көбейіп, 2013 жылдың 1 қаңтарына 726,8 мың тұрғынды құрады.


3. Географиялық орны

Қызылорда облысы республиканың оңтүстік бөлігінде орналасқан, шекараның жалпы ұзындығы 2285 шақырымды құрайды. Облыстың оңтүстік шығысында Оңтүстік Қазақстан облысы орналасқан, солтүстігінде – Қарағанды облысы, батысында – Ақтөбе облысы, оңтүстігінде - Өзбекстан Республикасы.


4. Табиғи-климаттық жағдайы

Облыс аумағының негізгі бөлігі Тұран ойпатында, шығысында Қаратау тауының жоталары, солтүстік-батысында Арал өңіріндегі Қарақұм құмы, оңтүстік-батысында Қызылқұм құмдары орналасқан.

Қызылорда облысының климаты күрт өзгермелі континенталды, жазы – ұзақ, ыстық және құрғақ, қыста - суық қары аз. Мұндай климаттық режим еуроазиялық материгінің ішінде орналасуымен, оңтүстік аймаққа жақындығымен, атмосфераның ауысымдылығының ерекшелігімен және өзге де факторлармен сипатталады.

Климаттың континенталдығы көптеген метеорологиялық элементтердің тәуліктік, айлық және жылдық өзгеруімен байқалады.

Жазы ыстық және ұзақ мерзімді. Бұл кезеңде температурадағы күрт өзгеру сипаты байқалмайды. Барлық жерлерде шілде айының орташа температурасы 38 - 40°С. Облыс аумағының басым бөлігінде температураның абсолютты максимумы 44 - 48°С құрайды. Қыс мезгілінде облыстың солтүстік және оңтүстік аймақтарының арасындағы температурада айтарлықтай айырмашылықтар бар. Мысалы, ең салқын ай - қаңтардағы орташа температура 35-360С градусты құрайды.

Солтүстікке ашықтылық қасиеті облыс аумағына кедергісіз салқын ауа массасының енуіне мүмкіндік береді және нәтижесінде қыс айларында күрт салқындайды. Ауа температурасының абсолютты минимумы 420С градусқа дейін жетеді.

Құрғақшылық – облыс климатының ерекшеліктерінің бірі. Жауын-шашын өте аз жауады. Орташа жылдық мөлшері 100-190 мм-ден аспайды және жыл маусымдарында оның түсімі біркелкі емес: барлық жауын-шашынның 60 пайызы көктемгі-қысқы кезеңдерге тиесілі.

Облыс аумағының барлық бөлігінде солтүстік-шығыс бағытындағы күшті және жиі желдер болып тұрады. Оның орташа жылдық жылдамдығы секундына секундына 3,5 метрден 6,9 метрге дейін ауытқып отырады. Қыс мезгілдеріндегі күшті желдер төменгі температура жағдайында жер бедерлерінің биік беткейлеріндегі қар жамылғыларын ұшырып кетеді, нәтижесінде топырақтың беткі қабаттарының терең қатуына және жарылуына әкеліп соғады. Жазғы уақытта шаңды дауылдар байқалады.


5. Пайдалы қазбалар

Ванадий қоры бойынша облыс республикада 1-орын, мырыш (цинк), уран, қорғасын (свинец) қорлары бойынша 3-орында.

Жалпықазақстандық мұнай, газ және конденсат қорларының 4,7 пайызы және жер асты суларының 3,5 пайызы орналасқан. Сирек кездесетін ас тұзының кені бар.

Жаңақорған кен орнының минералдық суы және Терескен көлінің атақты емдік батпағы, сондай-ақ емдік батпағы бар Сор көлінің келешегі бар учаскелері, сауықтыру-емдеу орындарының желісін дамыту үшін алғышарт болып табылады.

Бұл байлықтарды игеру, облыс экономикасын сапалы жаңа деңгейге шығару үшін, бірқатар келешегі бар жобаларды жүзеге асыру пысықталуда:

Шыны зауытының құрылысын салу. Аталған зауытты 240 гектар жерді алып жататын индустриалық аймақта құру жоспарлануда. Зауыттың қуаттылығы жылына 180 мың тонна табақ шынысын құрайды. Зауыт құрылысын салу аралас өндірістерді дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға әкеліп соқтырады. Демек, әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға ықпал ететін болады.

Орнын басу тиімділігі бар «Шалқия» қорғасын-мырыш кенішінің жұмысын қайта бастаудың да облыс үшін маңызы кем емес. Бұл өз кезегінде аралас өндірістердің дамуына әкелетін болады. Яғни, бұл кәсіпорын кент үшін өзінше жүйеқұраушы болады.

Бұл өндірістерден басқа, құс фабрикасы, цемент, кірпіш зауыттары және басқа да жобалар орын басатын болып табылады.

Бұл жобалар көп энергияны қажет етеді. Осы мақсатта жаңа Жылуэнергия орталығының құрылысын салу пысықталуда. 1964 жылы пайдалануға берілген қолданыстағы Жылуэнергияорталығы, облыс орталығының көпқабатты үйлерінің 70 пайызын жылумен қамтамасыз ететін жалғыз жылу көзі болып табылады және практика жүзінде өзінің ресурсын өндіріп болды. Осыған байланысты, жаңа Жылуэнергия орталығын салу немесе қайта жаңарту мәселесі пысықталуда. Бұл қаланың энергетикалық қуатын едәуір арттыруға және шағын және орта бизнесті, экономиканың басқа да салаларын дамытуға күшті түрткі болады.
6. Ресурстар

6.1. Жер ресурстары. Қызылорда облысының жалпы жер қоры 24035,9 мың гектарды құрайды. Оның ішінде 2205,4 гектары Қарағанды облысымен ұзақ мерзімге пайдалануға берілген, 771,4 мың гектары Ресей Федерациясымен Байқоңыр кешені үшін және Арал ауданы аумағындағы Сарышаған сынау полигоны үшін жалға алынған. Жалпы жер қорының құрамында 12947,9 мың гектары – ауыл шаруашылық пайдаланатын жерлер, яғни облыстың жалпы жер қорының 13,5 пайызы.

Қызылорда облысының топырақ-өсімдік қабаты бойынша шөл дала зонасына жатады.

Сырдария өзені арнасындағы суармалы жерлерді қосқандағы жалпы жер аумағының 25 пайызы жартылай шөл дала, 55 пайызы шөл дала зонасында жатыр. Жылу және күн ресурстары бойынша Қызылорда облысының жағдайы көптеген дақылдарды өсіруге қолайлы, бірақ жауын-шашынның аздығынан егін шаруашылығы тек суармалы егіншілікке негізделген.

6.2. Минералды-шикізаттық ресурс. Қызылорда облысында мұнай, газ, полиметалл рудалары, уран, тұзды қосқанда көптеген минералды-шикізаттық ресурстардың айтарлықтай әлеуеті бар. Облыс аумағында 15,1 пайыз – мырыш, 9,6 пайыз – қорғасын, 13,7 пайыз – уран, 4,7 пайыз – мұнай, газ және конденсат, 3,5 пайыз – жалпықазақстандық жер асты су қоры шоғырланған.

Көмірсутекті шикізат, түсті металл (қорғасын және мырыш), уран, ванадий, ас тұзы және жер асты сулары облыстың маңызды пайдалы қазбалары болып табылады.

Онан бөлек, кеңінен тараған металл емес пайдалы қазбалар: саз бен құмнан тұратын кірпішті тау жыныстары, керамзит шикізаты, құм-қиыршықтасты материалдар, құрылыс және силикат бұйымдарына үшін құм, құрылыс тастары, әк өндірісі үшін әктастар кеңінен таралған.

Облыс шегінде өте сирек кездесетін ванадий қорының Баласауысқандық және Құрымсақ кен орындары бар. Ванадийден тұратын Қаратау жоталары көп мақсатта пайдаланатын шикізат болып табылады. Ванадиден бөлек, рудалардағы сирек кездесетін элементтердің, алтын және шунгит қоры - үлкен құнды байлық. Оңтүстік Қазақстандағы титанның жалғыз шашыраңқы кен орны солтүстік Арал өңіріндегі Ақеспе болып табылады.

Онан бөлек, облыс аумағында қазіргі кезде барланбаған темір, фосфориттер, жанатын сланцылар, тальк, мыс сияқты бірқатар кен орындары бар. Сондай-ақ, Арал өңірі мұнайгаз бассейнінде, оның ішінде Көкарал жартылай аралындағы геологиялық барлау жұмыстары да аяқталған жоқ.

6.3. Су ресурстары. Облыстың негізгі су артериясы - облыс бойынша ұзындығы 1280 шақырым болатын Сырдария өзені болып табылады. Қазіргі Арал теңізінің аумағы 250 мың гектарды құрайды.

6.4. Рекреациялық ресурстар. Облыстың мемлекеттік орман қорының жалпы аумағы 6602 мың гектарды құрайды. Орманы бар аумақ, 3069 мың гектарды алып жатыр. Облыстың орманды аумағы 13,6 пайызды құрайды. Мемлекеттік орман қорының аумағында, 31 мың гектар аумақты құрайтын Қарғалы және Тораңғылсай кіші қорықтары жұмыс істейді. Онан бөлек, облыста мемлекеттік табиғи қорық - «Барсакелмес» қорығы жұмыс істейді. Барлық ормандар климат реттеуші, ортаны құраушы, егіс және топырақ қорғаушы, су қорғаушы және санитарлық-гигиеналық қызмет атқарады.
7. Аймақ экономикасының мамандануы

Қызылорда облысы - агарлы-индустриалық аймақ болып табылады. Облыстың мен едәуір экономикалық әлеуеті және табиғи ресурстары бар.

Облыстағы мұнай компаниялары – «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз», «ТорғайПетролеум» Акционерлік қоғамдары, «ҚазГермұнай» БК және басқаларымен Оңтүстік Торғай ойпатындағы мұнайгаз кен орындарын игерген күннен бастап, 133 млн. тонна шамасында мұнай және 12 млн. куб.метр газ өндірілді.

«ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» АҚ Құмкөл кен орнында газтурбиналық қондырғы, «ТорғайПетролеум» Акционерлік қоғамының газ өңдеу зауыты, «Кеңлік» кен орнында ілеспе газды пайдаланып, газды бензин шығаратын өндірістер жұмыс істей бастады.

Мұнайгаз саласы, уран өнеркәсібі және құрылыс индустриясы дамуда, дәстүрлі күріш шаруашылығы бойынша облыс алда келеді (өңірде республикадағы күріш өндірісінің 90 пайызы өндіріледі).

Егер, бұрын ЖӨӨ-де жалпы индустрияның үлесі 3 пайызды құраған болса, қазіргі кезде - 49,4 пайыз, ауыл шаруашылығының үлесі – 3 пайыз шамасында.

Шикізаттық емес сектордан тұрақты жұмыс істейтін иодталған ас тұзын шығару, полиэтилен трубаларын және темірбетон бұйымдарын шығаратын өндірістер. Келешекте шыны зауытының, мұнай өңдейтін, цемент және әктас шығаратын зауыттардың, тау-кен байыту комбинатының, құс фабрикасының және т.б. құрылыстарын салу жоспарлануда.

Тиімді географиялық орналасуы, табиғи ресурстары, өндірістік және ғылыми-техникалық әлеуеті облыстың еліміздің оңтүстік бөлігінде логистикалық орталық болуына мүмкіндік береді. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін Үкіметтің қатысуымен «Батыс-Европа – Батыс Қытай» мега жобасының құрылысы жүргізілуде. «Батыс-Европа – Батыс Қытай» магистралы облыстың 7 ауданын және Қызылорда қаласын қамтиды. Трассаның облыстың аумағындағы ұзындығы 812 шақырым, жобаның облыс аумағындағы құны 184 млрд. теңге. Сондай-ақ, облыстың шекарасын 7 аудан мен Қызылорда қаласын қамтитын теміржол тармағы қиып өтеді. «Қорқыт ата» аэропорты бар.



8. Соңғы 10 жылдағы өңірдің даму қорытындылары (2003-2011 гг.)


Көрсеткіштер

2003г

2004г

2005г

2006г

2007г

2008г

2009г

2010г

2011г

2012г

ЖІӨ, млрд.тг.

136,0

179,8

242,4

363,8

499,6

685,2

641,6

859,1

1067,2

791,4*

былтырғы жылға, пайызбен

108,1

106,4

107,0

117,7

107,6

104,8

99,3

103,8

105,5

104,5

Өнеркәсіп өнімдері-нің көлемі. млрд.тг.

142,5

231,5

339,7

513,3

666,9

845.9

625,0

809,6

1063,1

1104,1

былтырғы жылға, пайызбен

119,6

109,6

85,4

129,0

104,0

99,1

99,0

101,1

100,2

101,0

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі, млн.тг.

13099

16107

16849

18376

24146

29718

38211

44242

45362,6

48316,9

былтырғы жылға, пайызбен

107,8

109,3

100,9

99,8

112,7

92,1

110,5

108,2

98,1

102,9

Тіркелген ШОБ субъектілерінің саны, бірлік.

4246

4495

4818

5412

5841

6079

3869

4083

4357

4652

Тұрғын үйлерді пайдалануға беру, мың ш. м

74

91

158

205

214

218

255

252

267

293

былтырғы жылға, пайызбен

162,0

123,6

173,0

129,8

104,0

102,1

115,2

98,8

106,0

109,9

Негізгі капиталға салынған инвести-циялар, млрд. тг.

53,1

42,9

61,5

66,4

102,9

172,3

171,0

246,9

222,0

253,5

былтырғы жылға, пайызбен

160,6

78,4

136,5

103,9

147,1

144,8

94,1

140,6

85,5

109,3

* - 2012 жылдың 9 айы. ҚР Статистика агенттігі 2012 жылдың қорытындысын маусым айында шығарады.


9. Қызылорда облысының 2002-2011 жылдардағы бюджетінің көлемі
млрд. тенге




2003

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

2011

2012

Облыс бюджеті-нің көлемі

18,1

27,7

39,3

37,5

58,4

88,0

107,4

108,7

121

144,6

оның ішінде: субвенция

8,9

10,9

11,0

12,3

14,8

36,1

42,1

51,5

64,4

71,6

трансфер.

1,1

4,7

8,7

9,3

23,7

25,5

30,5

30,5

28,0

36,8



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет