Қызылорда облыстық білім беру басқармасы



Дата30.06.2016
өлшемі111.33 Kb.
#168154
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ

ҚЫЗЫЛОРДА КӨПСАЛАЛЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

«Экономикалық-гуманитарлық пәндер» циклы




Дайындаған: аға оқытушы, филология ғылымдарының кандидаты, Есқараева А.Д.

Қызылорда қаласы - 2009 жыл.
Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі
«Экономикалық-гуманитарлық пәндер» циклы

аға оқытушы, филология ғылымдарының кандидаты
ЕСҚАРАЕВА АЙГҮЛ ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

Қызылордалық ақын-жазушы Сақтаған Есмахановтың

поэмаларындағы бейнелеуіш сөздердің

қолданысы
Еліміздің қадірлі журналист ақыны көпке танымал ұлы тұлға Сақтаған

Есмаханұлы – “Үміт”, “Алтын өлке”, “Шындық шуағы”, “Сыр сазы” атты жыр

жинақтарының авторы. Ақын Сыр елінің мақтанышы, ұлы тұлға, жақында ақынның 80 жылдық мерей тойы аталып өтті. Ақын поэмаларында теңеу, эпитет, метафора, ирония, аллегория, символ, суреттеу сияқты (көркемдегіш) бейнелеуіш сөздер көп кездеседі. Соларға мысал келтірсек:

Ақынның “Елбасы”, “Таланттың қыран құсы”, “Жазылды аты жүрекке”, “Мен қазақпын”, “Ата рух - дана” сияқты өлеңдері азаматтық сезімге, отаншылдық рухқа толы болса, “Нұрлы шуақ”, “Еске алу”, “Досқа сыр”, “Мәңгілік мұрат”, “Шындық”, “Алтын бесік”, “Тілім менің” деген жырларының тәлім-тәрбиелік, ғибраттық мәні зор. Ақын кейінгі ұрпақты адал азамат болуға, ата-анаға, сүйген жарға, достарға мейірімді, қайырымды болуға шақырады.

Ақынның “Сыр сазы” атты кітабында енген поэмалар мен балладалардың тақырыбы әр алуан. “Қазы мен бағбан”, “Ана құдіреті”, “Махаббат пен зұлымдық” сияқты туындылар аңыз оқиғалары негізінде жазылса, “Тұтқа”, “Сөнбеген жүрек”, “Саттардың хаттары”, “Аманат”, “Жұлдыз” дастандары мен балладалары өткен ғасырдың ғаламат соғысы, майдан мен тылдағы ерен ерліктерін бейнелейді.

Ақынның “Елбасы” атты өлеңі теңеу мен метафораға толы. Мысалы Елбасының тазалығын кристалға теңесе, мың батпандық қуатын құрыш балғаға балайды.

Ал Қамал болып арайлы – тыныш таңға,

Бейбітшілік,

Бақыт деп ту ұстауда

Адамзаттың ертеңі-ойлайтыны,

Ұнатпайды бояуды қылыш қанға,-

деген шумақтағы метафора өте орынды қолданылған. Немесе жүрегінің алауын нұрғып құйып,

Айналдырмақ Отанын (метафора)

Гүлістанға! (теңеу)

Ұрпақтың тағдыры үшін,

Оқ пен отқа кеудесін тік ұстайды,-

деген метафоралар өлеңнің мәнін ашады.

Ғабит Мүсіреповке арналған өлеңінде “Таланттың қыран құсы” атты өлеңнің тақырыбы да метафоралық тіркес. Ғ.Мүсіреповтың ұлы жазушы екенін мынадай метафоралық тіркестер арқылы суреттейді;



Қайраулы қалам ұшымен (метафора)

Көтерген қазақ өнерін.

Таланттың қыран құсымен (метафора)

Өрде озған жүйрік - өренім! (метафора)

Ардақтап атын “Ананың”

Ағыттың қиял көгенін (метафора)

“Ұлпаннан” үлгі ап, даритын.



Жүзгенмін теңіз тереңін. (метафора)

Еңбегі – оның таң нұры, (метафора)

Әлем болып танитын.

Ақынның Мәншүкке арналған “Жазылды аты жүрекке” өлеңіндегі тіркестер де метафораларға толы.

Дұшпандардан қайтты ақыры кегіміз,

Ашылды аспан қайғы бұлттан көгіміз. (метафора)

Мәншүктердің жазды атын жүрекке, (метафора)

Аяулысын ардақ тұтқан еліміз!

“Шыңда шынар шын достық” атты өлеңінде;

Қашанда да биік шынар шын достық, (теңеу)

Шын достық деп құшақ аштық, үн қостық.

Көгімізде сөнбейтұғын Күндей боп, (теңеу)

Граниттей беки берер бұл достық! (теңеу)

Біздің достық баса бермек әлі өрге(метафора)

Дін дариясы құя бермек бар елге. (метафора)

Ақын өзінің кіші ұлы Қанатқа арнап жазған “Ұлыма” атты өлеңінде де бейнелеуіш сөздерді көп қолданған. Мысалы:

Бүгін, Қанат, сол белесте тұрсың сен,

Құтты болсын, жайнай берсін жаның гүл (метафора)

Дейді сені – “Алтын Орда тірегі”, (метафора)

Осы сөздің терең сырлы мәнін біл.

Дос – бауырды,

Ағайынды әр кезде,

Ықыласыңның шуағына малындыр. (метафора)



Пейілі кеңнен ат арып,

Тон тозбайды, (метафора)

Татулығың балдай болсын көппенен, (теңеу)

Атан сөйлеп, абзал жігіт,

Дарынды ұл.

“Мен – қазақпын” атты толғауында

Салғандай құрық құнанға.

Бермеді мұрсат егемен,

Ел болып басты құрауға

Қазанның соғып дауылы,

Тағы бір торға тұтылдық. (метафора).

Осының бәрі Желтоқсан,

Желі боп соқты адуы!(метафора)

Бұлқынып жатқан бұла күш,

Қақты да намыс дабылын (метафора)

Алау боп жанды Халқымның

Ұшқыны Намыс-Арының! (метафора)

Елтаңбам-жарық жұлдызы,

Күні боп жанған көгімнің (метафора)

Қара алтын жатыр теңіздей (теңеу)

Өтуін беріп терімнің (метафора)

Менің жерім өзімнің

Пейілімдей кең екен (теңеу)

Өз билігім-өзімде,

Бар бұғаудан азаппын(метафора)

Достарыма – Жұмақпын,

Дұшпаныма – Тозақпын! (метафора)

Алдымызда тұр күтіп,

Бізді Бақыт – Ғажап күн!

Ақынның «Тарих – Дана» атты өлеңніңде:

Менің елім үш ғасырлық ғұмырда,

Зар заманның татты қанша зәруін (метафора )

Тар кеудеден шықты қанша зар – үнім (метафора)

Ұлы жылан ұялаған ұртында,

«Елін сүйген секілденіп «шын тұлға» (метафора)

Арамзалар қадір тұтқан халқының

Қазынасын құяр құрдым құлқынға (метафора )

Ақынның «Алашапқын» атты өлеңніңде:

Бірі мұның: «Мақсатым,- деп, - ең ізгі,»

Шалқытпақшы қайрандаған теңізді.(метафора )

Бірі мүлдем Байқоңырды жаптырып

Тастамаймын, деп тілінен «бал» жегізді (метафора)

Көбі оның қара басын күйіттеп,(метафора )

«Бір тұғырға қонсам» дейді биіктеп. (метафора)

«Босқындар» атты өлеңніңде:

Бірақ мұны іште ғана түтінғып, (метафора)

Тек тіледік басымызға бүтіндік

Бір ауыз сөз қапы айтылды дегенше,

Деген дұрыс мәңгі торға тұтылдық. (метафора)

Қазақстан босқындарға ұя боп,(метафора)

Бұлармен де болып кетті аға-іні.

Даламыздай кең пейілмен қанша елге, (теңеу)

Тең бөлгенбіз өтетінді таңдайдан. (метафора)

«Соғыс зұлматы» өлеңніңде:

Көп ұзамай кей шаңырақ еді қар жамылған, (метафора)

Сөйтіп елдің біртіндеп, кең тынысы тарылған. (метафора)

АҚШ деген алыпқа соқтығысқан ол бейбақ,

Бей күнә жан қанымен бейбіт елді суарған. (метафора)

Израиль ықтырып,

Пәкістанды алмақшы.

Ақ жауындай селдетіп, (теңеу)

Оқпен, отпен ұшырған.

Ақыл ойды ту етіп, біріктіріп білекті, (метафора)

Қол ұстасып тұралық бейбітшілік сапына! (метафора)

«Ең алғашқы махаббат» атты өлеңніңде:

Бүгін сол жан майданда, айлар, жылдар өтуде,

Күтуде әлгі қаракөз «күту» деген күйікті, ( метафора)

Уайымның теңізін, белден кешіп, малтыдық, (метафора)

Тұтты ма деп оларды ажал атты тал құрық. (метафора)

Қаншама жан күтумен ақырында көз жұмды,( метафора)

Марқұмдардың боп кетті-ау, кеудесі – от, жаны – у.(метафора)

Ақынның « Дүниенің жүрегі дүрсіл қағып тұр бүгін» атты өлеңніңде:

Әлемдегі тыныштық тұншығуда құмығып, (метафора)

Әлсіздерді әлділер талап жеуде құнығып. (метафора)

Іш пен тыстан шайқастың жатыр торы құрылып, (метафора)

Қалай қалмас осыған жүрек қаны суынып ! (метафора)

«Қоңсыға қол берем» деп,жетей кетті арманға, (метафора)

Кәрі – жастың жанын жеп, үдеді әбден азалы үн. (метафора)

Сөнді деген сөз ғой бұл – ажал оттың лапылы! (метафора)

Соғыс- зұлмат тойымсыз қанша өмірді жалмады. (метафора)

«Алты алаштың ардағы» атты өлеңіңде: Исатай Әбдікәрімовтың асында.

Кемел кеңес беретін тек зиялы,

Оқтан ұшқыр болжамы мен қиялы. (метафора)

Азаматты ардақ тұтты ел – жұртты,

Тіршілікте таймай кеткен тұяғы. (метафора)

Талай-талай шешкен қиын түйінді,

Жігерінді жұртың алау, отты дер. (метафора)

Топырағын торқа болсын, Исеке,

Парасаттан соғып кеткен мұнара! (метафора)

«Шалдарым» атты өлеңніңде:

Екі ұдай кезде болдың сен,

Толқыны асау арнаның. (метафора)

Өнердің жүзіп өріне, (метафора)

Ішсең де қанша қанбадың. (метафора)

Түсірмей жеттің бұл күнге,

Ақ алмас намыс, арға мін. (метафора)

Ал бүгін шені күйреген,

Доңғалағы болдың арбаның. (теңеу)

Өзендей қалдың тап салып, (теңеу)

Суалып бойдан қан нәрін.

Ақынның «Дала, дала, дала» деген- мол астық өлеңінде Сыр елінің күріш егіп, мол байлыққа кенелгенің мына шумақ арқылы жеткізеді.

Сыр диханы-тұтас тұлға тың қуат, (метафора)

Екпініне таулар көшкен,шың құлап.

Сыр күріші- миллиардтың теңізін

Толқынымен үстелеген бір бұлақ (метафора)

Мыңмен бірге миллиард тауын қаластық (метафора)

«Еске алу» өлеңінде:

Ер әкем, абзал әкем, асыл әкем,

Досқа-жаз, ақберен ең қасыңа әкем (метафора)

Бүгінгі менің кешкен гүл өмірім - (метафора)

Өзіңнің армандаған жасың екен.

«Қыс» атты өлеңінде:

Боз қыраулы атайдың еақалындай (теңеу)

Ақ қарымен қыс келіп үстеледі.

Өзен көлдер манаурап касқып кетті,

Боран- бесік әлдилеп тербетуден (метафора)

«Асқар ақын» атты өлеңінде Сыр елінің сүікті ақыны Асқар Тоқмағанбетовтың қадір- қасиетін танытатын бейнелі сөздерді керемет қолданған:

Салмағын сан көтеріп батпан істің,

Дүбірге еліңмен бір аттаныстың

Сыр бойын, қырман тойын жырмен жасап (метафора)

Ұлы істі көппен бірге атқарыстың

Өлеңнің қыз боп бақты аралады (метафора)

Айдында асыр салып барады әні.

Ақын Нартайға арнаған «Бәйтерек» атты өлеңінде Нартайдың өнерін жоғары бағалап:

Ақиық алпыс емес жүз жасыңның

Ақаусыз амандығын тілеп едік.

Суық қол сұм ажалдан дауа таппай,

Оралмас бір сапарға, жүре бердің (метафора)

Артыңда алтын сөзбен атың қалды (метафора)

Жайқалған солдыдағы гүлі өнердің (метафора)

Өнердің өзің асқақ бәйтерегі (метафора)

Бізбенен бейне жасыл жапырағың. (метафора)

«Мәңгілік мұрат» атты өлеңінде:

Уақыт бізді есейтіп сабасын саудық сабырдың (метафора)

Еңбегін сүйіп ұстаздың дабылын қақтық дәуірдің (метафора)

Өнердің жүзіп өрін сезімге шәрбат кенелдік (метафора)

Кәмелет жастың жазира сахарасында сап құрып (метафора)

Арманның құсын алысқа, ұшырып, қуа жөнелдік (метафора)

«Кәрілік қара түнекқой» атты өлеңінде:

Жылдар жұтып қызығыңды әкетер (метафора)

Қартаймауға соғалмассың ешқамал (метафора)

Онан әрі шын құрықты мойындап (метафора)

Кез келмек қой ақтың жолын ұстанар (метафора)

«Үстіңе жұмақ қойсамда...» атты өлеңінде

Анашым менің, жерденде мықты алыпсың (метафора)

Тіршілік үшін күннен де отты жарықсың (метафора)

Мен үшін дәйім ғажайып сырлы жұмбақсың (метафора)

Білерім текке мен үшін иран гүл бақсың (метафора)

«Ұстаздары» атты өлеңінде:

Шұрен, Шәмші, Бақытжанмен Әсемдер

Ұстаз еді көкірегі- асыл зер (метафора)

Ұрпақтардың зерделерін зерлеген, (метафора)

Тап осындай ерлеріне асылды ел.

«Батыр Баукем» атты өлеңінде:

Жұртым деген жүрегім,

Ат басындай алыптың (теңеу)

Дедің оны «Тірегім» (метафора)

Ұлы болып халықтың.

Ойлар- теңіз сендей, (метафора)

Сезім деген сел еді.

От ауызды, орақ тіл

Орып түсер беренсің (метафора)

Қақпас қыран қанат құр,

Ақыл- ойға тереңсін. (метафора)

«Балаға» атты өлеңінде ұлы тұлғалардың жасанпаздық жолын, қайсарлығын, зергерлігін, туралғын, ескілікпен күресін суреттейді.

Көңілдерге мәңгі салмас гүл екті (метафора)

Қиял құсын ғарышқа ол түлатті (метафора)

Жаңа өмірдің жас отауын қаласып, (метафора)

Жасампаздық жолын оның жыр етті.

Ескілікке қару етіп қаламын (метафора)

Туған елге атанды ардақ би аға.

Тастап кеткен мұралары ұрпаққа,

Жүрегіме қуаты мол құйды ағын (метафора)

«Ұлым Рамазанға» атты өлеңінде:

Адамы едің ақпейіл мен сабырдың (метафора)

Жайлауынан орын беріп жаныңның, (метафора)

Ұрпақтарға ұстаз болып танылдың

Ағайынға деген мықты кайырмың,

Бұлт болмасын болсын ашық ай-күнін! (метафора)

«Жары Патымаға» арнаған өлеңінде:

Сол қуаныш бойымызға қуат боп,(метафора)

Жанымызға кереметтей от берді(метафора)

Жүрміз өткен күнімізді ұлықтап(метафора)

Бес перзентті ержеткіздік өсіріп,

Жүрміз мықты осыларды біліп «Бақ».

Алла қалап аман болсын айналам,

Ортаймасын қазынамыз қайнаған(метафора)

Бақпен қыдыр әрдайымда салып көз,

Бірлік-тірлік тола берсін тойға маң.

Келін сенің- өркенің,өрісің боп,

Жапырақ жаяр ойла оны жемісің боп,

Өмірің сөйтіп ұзарар бірте- бірте

Ақ махаббат жүрсе егер келісім боп,

Шашу бізден жыр болып,төгіледі(метафора)

Батаменен ел жаны семіреді.(метафора)

Берекемен бақытқа толы болсын,

Құттыхана үйіңнің төңірегі

«Елаға» атты өлеңінде:

Ала таудай айбынды(теңеу)

Ақыл-ойы айдынды,

Мінезі де қайрымды,

Білмейтін еш қайғыңды,

Осы тұрған Елағаң,

Дән риза ел оған.



Қорыта келе, ақынның шығармаларындағы бейнелеуіш сөздердің қолданылуы, олардың мағыналары орынды талқыланды метафоралар, теңеулер талданды. Ақын өз шығармаларында Сыр елінің ақын – жазушыларын, іс-әрекетін, өнер иелерін, Елбасының қасиеттерін керемет бейнелеген.

Өз жанұясының қадір - қасиетін бағалайтын өлеңдерінде мазмұны ерекше. Балаға, жарына деген махаббаты, туған жеріне деген ыстық ықыласы оқырманды қызықтырады.Әр елдің осындай азаматтары көп болса екен тәрбиелік мәні зор туындылар жаза берсе екен деп тілейміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет