Қызылорда облыстық мәслихатының 2013 жылғы 18 желтоқсандағы



бет1/5
Дата03.07.2016
өлшемі0.7 Mb.
#174666
  1   2   3   4   5


Қызылорда облыстық мәслихатының

2013 жылғы 18 желтоқсандағы

кезекті 22 сессиясының

№163 шешімімен бекітілген


Қызылорда облысының 2020 жылға дейінгі

әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы

2013 жыл


Мазмұны

Кіріспе


1. Қызылорда облысының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму Cтратегиясы: беталыстар, мақсаттар мен міндеттер

1.1. Стратегияның мақсатты бағыттары

1.2. Әлемдік экономикадағы және Қазақстан экономикасындағы беталыстар және олардың аймақты дамытуға ықпалы

1.3. 2020 жылға дейінгі Қызылорда облысы дамуының мүмкін сценарийлері

1.4. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы Қызылорда облысының үлесі

2. Қызылорда облысының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік- экономикалық дамуының басым бағыттары

2.1. Қызылорда облысы 2020 жылға қарай

2.2. Басым бағыт 1: Мұнай-газ саласын, металлургияны, уранды дамыту

2.2.1. Мұнай-газ саласы

2.2.2. Металлургия

2.2.3. Уран

2.3. Басым бағыт 2: Өңдеу өнеркәсібін дамыту

2.4. Басым бағыт 3: Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту

2.5. Басым бағыт 4: Агроөнеркәсіп кешенін барынша кеңейту

2.5.1. Ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту

2.5.2. Күріш шаруашылығы кластері

2.5.3. Балық шаруашылығын дамыту

2.5.4. Облыстың су шаруашылығы жүйесін дамыту

2.6. Басым бағыт 5: Экологиялық ахуалды жақсарту

2.7. Басым бағыт 6: Көлік-логистикалық жүйесін қалыптастыру

2.8. Басым бағыт 7: Тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру

2.8.1. Тұрғын үйлердің құрылысын салу және пайдалануға беру

2.8.2. Өмір сүруді қамтамасыз етудің инфрақұрылымы

2.8.3. Денсаулық сақтау

2.8.4. Білім беру

2.8.5. Мәдениет және өнер

2.8.6. Дене шынықтыру және спорт

2.8.7. Халықты әлеуметтік қорғау

2.8.8. Жастар саясаты

2.8.9. Құқықтық тәртіп

2.9. Басым бағыт 8: Туризмді дамыту

3. Облысты басқарудың жүйесін жетілдіру

3.1. Аумақтық дамыту

3.3.1. Тіректі елді мекендерді дамыту

3.3.2. Байқоңыр қаласын дамыту

3.3.3. Қызылорда қаласын дамыту

3.2. Бюджеттік саясат

3.3. Банктік жүйе

3.4. «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы

3.5. Мемлекеттік басқару

3.6. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту

3.7. Жаңа казақстандық патриотизмді қалыптастыру

Қорытынды

Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес 2050 жылға қарай Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену міндеті қойылды. Халық шаруашылығын дамытуға қатысты алғанда бұл жаңа бағыт табыстылық принципіне, инвестицияның қайтарылымына, бәсекелестік қабілеттілікке негізделген экономикалық прагматизмнен тұрады. Бұл барлық экономикалық және басқарушылық шешімдердің экономикалық мақсаттылық және ұзақ мерзімді шешімдер қырынан қаралып, қабылданатынын меңзейді.

Инновациялық дамытудың жаңа саясаты үш басты мәселеге келіп саяды: аз шығынды зерттеулер мен жұмыстарға баса назар аудару, қажетті технологияларды трансферттеуді жүзеге асыру және жаңаға үйрету, халықаралық ғылыми-технологиялық жобаларға белсене қатысу.

Әлеуметтік саясатта негізгі көңіл әлеуметтік кепілдіктерге бөлінеді. Мемлекет кедейшіліктің өсуіне жол бермей, өзара жауапкершілік жағдайында азаматтарға төменгі мөлшердегі әлеуметтік стандарттармен қамтамасыз етілуге кепілдік беруі тиіс.

Қызылорда облысының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму Стратегиясын (бұдан әрі - Стратегия) әзірлеу аймақтың атқарушы органдарына ұзақ мерзімді дамудың негізі басымдықтарын айқындаудың қажеттілігінен туындап отыр. Оның жүзеге асырылуы аймақтың тұрақты және серпінді дамуына қажетті экономикалық және институционалдық шарттарды қалыптастыруға бағытталатын болады, ал негізгі идеялары Қызылорда облысы халқы өмірінің лайықты сапасын қамтамасыз ету мақсатында ресурстық және нарықтық әлеуетін тиімді пайдалануға негізделеді.
1. Қызылорда облысының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму Cтратегиясы: беталыстар, мақсаттар мен міндеттер
Қызылорда өңірі үшін орта мерзімді кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізігі мақсаты – Қазақстан Республикасы дамуының жаңа бағытын жүзеге асырудың басталуы болып табылады.

Әртараптандыру, мемлекет-жеке әріптестік, инвестициялар мен инновациялар негізінде экономиканы жаңғырту арқылы бәсекелестікке қабілеттілікті қалыптастыру және нығайту шешуші міндет болып табылады, бұл түптеп келгенде аймақ тұрғындарының әл-ауқатын өсіруді қамтамасыз етеді.

Экономикалық тұрақтылық жаңа бюджеттік көзқарасты жүзеге асыру, тұрақты жұмыс орындарын құру және экономикалық өсуге қолайлы баға деңгейін ұстап тұру есебінен қамтамасыз етіледі.

Негізгі күш әлеуметтік–экономикалық дамудың негізгі басым- бағыттарына бағытталады, оны жүзеге асыру қажетті бюджеттік шығыстармен және жеке инвестициялармен қамтамасыз етілетін болады.


1.1. Стратегияның мақсатты бағыты

Қазақстан Республикасының әрбір аймағы, оның ішінде Қызылорда облысы Стратегиясы Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауларында айқындалған бүкіл ел дамуының жалпы мақсатты бағыттарына негізделген.

Стратегияның бірінші мақсатты бағыты - Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық дамуы бойынша перспективалық міндеттерді орындауға барынша қомақты үлес қосу.

2012 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары көрсеткендей, аймақ тұрғындарының жан басына шаққандағы өндірілген жалпы өнімнің көлемімен айқындалатын экономикалық даму деңгейінің көрсеткіші Қызылорда облысы бойынша бүкіл Қазақстанның сәйкесті көрсеткішінен 10% -ға төмен болып отыр.

Маңызды әлеуметтік көрсеткіштер бойынша облыс республикалық орта көрсеткіштерден төмен болып отыр: халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табысы республикалық деңгейден 12 пайызға, орташа еңбек ақы деңгейі 7-8 пайызға төмен. Қызылорда облысы бойынша жан басына шаққанда бөлшек сауда көлемі 165,6 мың теңге болса, бұл көрсеткіш Қазақстан Республикасы бойынша 272 мың теңгені құрайды, яғни аймақта 40 пайызға төмен деген сөз. 2012 жылғы сәбилердің өлімі дүниеге келген 1000 балаға шаққанда Қызылорда облысында барлық өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр: 18,86 промилле, Қазақстан Республикасы бойынша-13,45

2012 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің көрсеткіштері бойынша Қазақстан өңірлерінің рейтингі көрсеткендей, Қазақстанның 16 облысының ішінде Қызылорда облысы әлеуметтік-экономикалық даму деңгейімен 16 орында, оның ішінде жұмыссыздық деңгейімен-8, жан басына шаққандағы табыс деңгейімен-11, бөлшек сауда айналымының жан басына шаққандағы көлемімен-13, өндірілетін өнім көлемімен, өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігімен, сәбилер өлімімен-16 орында екендігін көрсетті.

Стратегияның оның жүзеге асу уақыты ішінде республикалық орташа көрсеткіштерден кейін қалған жағдайларды түзетіп, Қазақстанның облыстары рейтінгісінде барлық негізгі көрсеткіштер бойынша жоғары көтеріле отырып, болашақта Қазақстанның алдындағы міндеттерді шешудегі үлесін арттыруға бағытталатын болады.

Бұл үшін облыс республикалық орташа даму көрсеткіштерімен салыстырғанда жедел қарқынмен дамитын болады.

Экономикалық даму деңгейінің қарқынды өсуі халықтың табысының және тұтыну деңгейінің анағұрлым артуына, еңбекпен қамтуды арттыру мен жұмыссыздықты төмендету нәтижесінде тұрғын үй және тұрмыс жағдайының жақсаруына негіз бола алады.

Облыс халқының өмір сүру сапасын арттыру - Стратегияның екінші мақсатты бағыты болып табылады. 2020 жылға барлық негізгі әлеуметтік көрсеткіштер: халықтың табысы мен тұтынуы көрсеткіштері, баспанамен қамтамасыз етілуі, сәбилер өлімін қоса алғанда туу және өлу көрсеткіштері, күтілетін өмір сүру ұзақтығы көрсеткіштері бойынша жалпы республикалық деңгейге қол жеткізу және асып түсу міндеті жүктеліп отыр.

Қазақстан ұзақ мерзімді перспективада әлемнің дамыған елдерінің көрсеткіштеріне бағыт ұстанады. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену үшін жан басына шаққанда сатып алыну артықшылығы бар Жалпы Ішкі Өнімді өндіру 30 мың АҚШ долларынан кем болмайтын экономикалық даму деңгейі болуы тиіс.

2009 жылы Қазақстанның Жалпы Ішкі Өнімі 1,2 пайызға, 2010 жылы - 7,0 пайызға, 2011 жылы - 7,0 пайызға, 2012 жылы -5,5 пайызға, барлығы осы кезеңде 22 пайызға артты. Ал халықтың өсімі 7 пайызға өскен. Осылайша, Жалпы Ішкі Өнім жан басына шаққанда 14 пайызға артып, 12 мың долларды құрады.

Осыдан Қазақстанның экономикалық даму деңгейі әзірше әлемнің дамыған 30 елдері деңгейінің 60 пайызына ғана жуықтайтыны көрінеді. Ал ол деңгейді еңсеру үшін бұл көрсеткішті 1,7 еседен астам ұлғайту қажет болады.

Қызылорда облысының стратегиялық мақсаттарын айқындауда Қазақстанның алға қойған дамыған елдердің негізгі экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштеріне келешекте қол жеткізу міндеттері бағдарға алынады.


1.2. Әлемдік экономикадағы және Қазақстан экономикасындағы беталыстар және олардың аймақ дамуына ықпалы

2020 жылға дейінгі Стратегияны әзірлеу әлемдік экономикалық рецессия жағдайында жүзеге асырылуда.

Әлемдік экономиканың дамуын бағалау оның қайта қалпына келуі баяу жүретініне негізге алуда. Әлемдік сұраныстың нашарлауына байланысты экспорттық нарықтағы (рыноктардағы) бәсекелестік күшейеді, ал тауарлар бағасының тұрақты өсуге қажетті шарттары болмайды немесе, әрі кеткенде алдыңғы онжылдықтағыға қарағанда айтарлықтай баяу өседі.

Азық-түлік қауіпсіздігі әлемдік қауымдастықтың тұрақты назарындағы мәселе. Ғаламдық рецессия ХХІ ғасырдың басында-ақ байқалған азық-түлікке деген бағаның тым жоғарғы деңгейінің уақытша төмендеуіне әкелді. Сонымен қатар, көптеген елдердегі халық саны өсуінің жалғасуы және әлемдік экономиканың қайта қалпына келуі себепті азық-түлік тауарларына деген бағаның ұзақ мерзім бойына өсуі болжанып отыр.

Аса бай жер ресурстарын иелене отырып, жан-жағынан халқы көп елдермен қоршалған Қазақстан аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу үшін отандық ауыл шаруашылығының дамуын ынталандыруды жоспарлауда.

Қазақстан өткен онжылдық ішінде әртараптандырылған экономикасы бар, жақсы білімді және сауатты халқы бар, қауіпсіз жағдайда және демократияда өмір кешіп жатқан, өзінің табиғи ресурстарын барлық азаматтарының игілігіне жұмсайтын елдің болашақ дамуына негіз қалады. Жағдайдың бұлай болуына көп реттерде мұнай және басқа минералды ресурстарға бағаның шарықтап өсу кезеңінде оларды экспорттаудан түсетін табыстың өсуі ықпал етті. Алайда, нақ осындай жағдайлар одан әрі дамуымызға жақын болашақта кепілдік бере алмайды.

Сарапшылардың ойынша, әлемнің көшбасшы экономикалары бұдан күрделілеу, бәсекелестік жағдайында жұмыс жасайтын болады, және келесі экономикалық циклге дайындалуға превентивті шараларды алдын-ала қолданады, ол үшін жұмыс күшінің өнімділігін, инфрақұрылым мен телекоммуникацияларды инвестициялауды арттырады, қаржылық жүйені нығайтады, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырады, сондай-ақ бизнестің дамуына қолайлы жағдайлар туғызады. Осындай міндеттер «Қазақстан-2050» Стратегиясымен белгіленген стратегиялық константалар болып табылады.

Өңірлік экономиканың дамуында жергілікті экономиканың сыртқы қатерлерге тәуелділігі сақталады. Ғаламдық жағдай Қазақстанның барлық өңірлерінің ғана емес, сондай-ақ көрші елдердің экономикасына да әсер етеді.

Тұрақты саяси ортаны, айтарлықтай экономикалық және адам капиталын, негізгі өндірістік инфрақұрылымды, бай табиғи ресурстарды иелене отырып, Қызылорда облысы әлемдік экономикадағы теріс беталыстардан туындаған қауіптерді аймақты теңгермелі және тұрақты дамытудың жаңа мүмкіндіктеріне айналдыруға қабілетті.

Ауқымды жоспарларды жүзеге асыру бюджеттік шектеулердің күшею кезеңіне тап келетінін ескерсек, өңірде инвестиция тартудың жоғарғы деңгейі қамтамасыз етілетін болады және қабылданатын шаралардың жүзеге асырылуының тиімділігі арттырылады.


1.3 2020 жылға дейінгі Қызылорда облысы дамуының мүмкін сценарийлері

Аумақтық тенденциялардың талдауы (SWOT-талдау) сыртқы қоршаудың күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін көрсетуде.

Күшті жақтары:

табиғи-ресурстық әлеует: облыста ванадийдің Қазақстан бойынша жалпы баланстық қорының 66 пайызы, уранның 14 пайызы, мырыштың 16 пайызы, қорғасынның 11 пайызы, мұнай мен газдың 5 пайызы шоғырланған, сонымен қатар мыс, титан, алтын, молибден, цирконий және тағы да басқалардың қорлары бар,

қолайлы географиялық орналасуы,

транзиттік көліктік инфрақұрылымының болуы,

энергия көздерін қайта жаңартуды дамыту үшін қолайлы жағдайлар,

тарихи мәдени мұраның болуы, облыс төңірегінен Ұлы Жібек жолының өтуі,

«Байқоңыр» космодромының болуы.

Әлсіз жақтары:

экономиканың моносалалық құрылымы,

өңдеуші өнеркәсіптің ЖӨӨ құрылымындағы үлесі бар болғаны 2,2 пайыз ғана,

Арал өңірінің экологиялық мәселелері,

Өңірдің мүмкіндіктері Қызылорда облысының алдағы дамуын болжамдауға жағдай жасауда:

өңірдің қалыптасқан тау-кен және аграрлық мамандандырылуы бұл салалар өнімінің сыртқы және ішкі нарықта өсіп жатуы есебінен дамуына жағдай жасауда,

ванадий, темір, мыс, титан қорларының болуы металлургия саласының дамуына ықпал етпекші,

географиялық ұтымды орналасуы мен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомагистралі құрылысының аяқталуы, облыс орталығында жолаушылар терминалының құрылысы Еуропа мен Азияның нарықтарына шығуда, шағын және орта бизнестің дамуында, жол бойы инфрақұрылымының дамуында транзиттік әлеуетті жүзеге асыруға мүмкіндік береді,

мәдени мұраның және Байқоңыр қаласының бар болуы туризмді дамытуға мүмкіндік береді.

Қорқыт ата әуежайын қайта жаңғырту («халықаралық» статусын беру), жолаушылар айналымын ұлғайтып, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттырады.

Сонымен қатар, өңірдің күшті жақтары есебінен сыртқы ортаның мынадай қауіптерін жеңу қажет болады:

экономиканың моносалалық құрылымына байланысты шикізатқа және азық түлікке деген баға конъюнктурасына тәуелділікті,

өңірдің еңбек нарығындағы балансыздық жағдайынан жұмыссыздық деңгейінің өсуін.

2020 жылға дейінгі Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы сценарийінің мүмкін болатын екі нұсқасы қарастырылуда: пессимистік және оптимистік.

Дамудың пессимистік сценарийі экономиканы әртараптандыруды толығымен жүзеге асыра алмайтын, яғни мұнайға және экспортталатын шикізатқа әлемдік конъюнктураның теріс ықпалы жағдайын ескереді.

Жалпы Өңірлік Өнімнің оң өсу қарқыны сақталады, бірақ аздап ауытқиды.

Экономиканың салаларында қалыптасқан даму динамикасы сақталатын болады.

Дамудың оптимистік сценарийі қолайлы әлемдік конъюнктура жағдайында үдемелі өсуді көздейді:

дәстүрлі салаларда (агроөнерксәіп кешені, табиғи ресурстарды өңдеу) бәсекелі жақтарын тұрақтандыру және кеңейту, тау-кен өнеркәсібінің инновациялық бағытын дамыту (металлургия), өңдеуші өнеркәсіпті және басқа да салаларды, көлік- логистикалық инфрақұрылымды, туризмді, қызмет көрсету секторын, сервистік салаларды дамыту есебінен экономиканың құрылымдық әртараптандырылуы, адами капиталды дамыту.

Бұл сценарий өндірістік әлеуетті арттыру, экономикалық өсудің жаңа көздерін қалыптастыру, бәсекеге қабілетті өнім шығаруда жаңа өндірістерді дамыту бойынша өңір экономикасының динамикалық дамуын көздейтін негізгі бағыттарға жетуді және Қызылорда облысының әрбір ауылындағы, қаласындағы халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуды көздейді.

Қызылорда облысының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының сценарийлері




Атауы

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Пессимистік сценарий






















Жалпы Өңірлік Өнім, млрд. тенге

1 277

1 338

1 407

1 484

1 564

1 653

1 743

Жалпы Өңірлік Өнімнің өзгеруі, %

103,2

103,5

104,0

104,5

105,0

105,2

105,6

Жан басына шаққандағы Жалпы Өңірлік Өнімнің көлемі, мың теңге

1730

1795

1868

1945

2020

2105

2189

Негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі, млн. теңге

302,1

318,1

334,0

350,0

365,9

381,9

397,9

Негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемінің өсу қарқыны, %

106,2

107,4

107,9

108,3

108,5

108,8

109

Экономикада қамтылғандар саны, мың адам

339,8

344,3

348,3

348,9

349

350

351

Экономикада қамтылғандар санының өсу қарқыны, %

101,7

101,3

101,2

100,2

100,0

100,3

100,3

Оптимистік сценарий






















Жалпы Өңірлік Өнім, млрд. тенге

1731

1869

2219

2396

2588

2795

3019

Жалпы Өңірлік Өнімнің өзгеруі, %

107,7

108,0

108,9

109,0

109,4

109,7

109,9

Жан басына шаққандағы Жалпы Өңірлік Өнім көлемі, мың теңге

2345

2508

2946

3140

3343

3560

3792

Негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі, млн. теңге

331,4

409,5

487,6

565,7

643,8

721,9

800,0

Негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемінің өсу қарқыны, %

109,3

109,7

110,1

110,3

110,6

111,1

111,7

Экономикада қамтылғандар саны, мың адам

351,5

363,9

376,9

390,9

405,9

421,9

439,2

Экономикада қамтылғандар санының өсу қарқыны, %

103,4

103,5

103,6

103,7

103,8

103,9

104,1

1.4. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы Қызылорда облысының үлесі

Облыстың басты үлесі Қазақстанның Жалпы Ішкі Өнімді қалыптастырудағы өңірдің ұлғая түсетін үлесінен тұрады. Қызылорда облысының Жалпы Өңірлік Өнімі Қазақстанның Жалпы Ішкі Өнімінің бар болғаны 3,9 пайызын құрайды. Келешекте бұл 4,6 пайызға дейін жоғарылайды.

Қызылорда облысының Жалпы Өңірлік Өнімнің жыл сайынғы өсу қарқыны 8 пайыз шамасында болжамдалуда. Сонымен қатар, Қызылорда облысындағы сәбилердің дүниеге келу деңгейінің өсуімен байланысты халықтың табиғи көбейуі бүкіл Қазақстан бойынша алғанда жоғары болуын есепке алу қажет, осы себептен жан басына шаққандағы Жалпы Өңірлік Өнімнің көлемі 6 пайызға жоғарылайды.

Инвестициялардың орташа жылдық өсу қарқыны келешекте жыл сайын 8 пайыз болады деп болжамдануда.

Осындай қарқынмен аймақтың экономикалық даму деңгейі 2020 жылға жалпы республикалық деңгейден 3 пайызға асып түседі.

Қызылорда облысының барынша жоғары экономикалық деңгейі 2020 жылға Қазақстанның орташа республикалық көрсеткішінен халықтың қолданысы мен жан санына шаққандағы кірісі бойынша артта қалуын жоюға мүмкүндік береді.

Сәби өлім-жітімі тез арада республикалық көрсеткіштерге дейін төмендейтін болады. Аймақ туу көрсеткіші бойынша алдыңғы орнын сақтай отырып, орта жалақы көлемінің деңгейі, тұрғын үймен қамтамасыз етілуден республикалық көрсеткіштердің алдына шығатын болады. Осылайша, Қазақстан облыстарының арасында әлеуметтік көрсеткіштер бойынша 9-16 орыннан 4-6 орынға дейін көтерілетін болады.

Үдемелі даму ауылшаруашылығы, құрылыс, өңдеуші өнеркәсіп және көлік салаларының кеңеюі есебінен қамтамасыз етілетін болады. Осы салалар бойынша үдемелі дамуға жыл сайынғы 5-15 пайыздық даму қарқыны арқылы қол жеткізіледі деп болжамдануда.

Қызылорда облысында қазіргі уақытта мұнай, газ өндірумен байланысты басым салалар жылына 1,5-2 пайыздық деңгеймен бірқалыпты артатын болады.

Өндіру өнеркәсібінің келешекте дамуы:

Игеріле бастаған Баласауысқандық және Құрымсақ ванадий кен орындарымен;

Шалқия қорғасын-мырыш кен орнын одан әрі игерумен;

Күтіліп отырған шыны зауытының құрылысымен,



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет