Қызылорда облыстық мәслихатының 2013 жылғы маусымдағы кезеті сессиясында Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Қ



Дата23.02.2016
өлшемі274.08 Kb.


Қызылорда облыстық мәслихатының 2013 жылғы маусымдағы кезеті сессиясында Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Қ. Мүбараковтың 2012 жылға Қызылорда облысы бюджетінің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі туралы баяндамасы
Құрметті Бекмырза Қайыпұлы!

Құрметті Қырымбек Елеуұлы!

Құрметті облыстық мәслихат депутаттары мен сессия отырысына қатысушылар!
Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 142-бабына сәйкес жергілікті бюджеттің атқарылуын, оның ішінде Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің принциптеріне сәйкес жүзеге асыруын бағалау жүктелген. Осы бапты негізге ала отырып, тексеру комиссиясы 2012 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы Қызылорда облысы әкімдігінің есебін облыстық мәслихат сессиясында қарап, бекіту үшін 2012 жылғы бақылау нәтижелері туралы қорытынды есеп әзірленді.

Қызылорда облысы бюджетінің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі Сіздерге таратылып берілген. Сондықтан да Сіздердің қолдауларыңызбен, басты басты мәселелерге тоқтап өткенді жөн көріп отырмын.

2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет Қызылорда облысының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленіп, 98,0 пайызға игерілген.

2012 жылы облыстық бюджет 10 рет нақтыланып (оның ішінде, 7 рет республикалық бюджеттен берілген трансферттердің көлемінің өзгеруіне, 3 рет облыстық бюджеттің өз кірістерінің көлемінің өзгеруіне), нәтижесінде кірістер көлемі 118944735,1 мың теңге болып бекітілген бюджетпен салыстырғанда ең бастысы республикалық бюджеттен трансферттердің бөлінуіне байланысты 39966986,1 мың теңгеге артты. Облыстық бюджет жоспарында салықтық түсімдер – 8749832,0 мың теңге, салықтан тыс түсімдер – 944807,0 мың теңге, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 11400,0 мың теңгені құрап, бюджет кірістері 1818352,5 мың теңгеге немесе 118,7 пайызға артығымен орындалған.

Жоспарланған жылдық болжам 105304 Орманды пайдаланғаны үшiн төлем» бойынша 167,0 пайызға, 105316 «Қоршаған ортаға эмиссия үшін төленетін төлемақы» бойынша 145,8 пайызға артығымен орындалғанымен, 101203 «Қызметін біржолғы талон бойынша жүзеге асыратын жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы» бойынша жоспарланған болжам 96,4 пайызға орындалған.

2012 жылы Қызылорда облысы бюджетіне республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредит көлемі 2643976,0 мың теңгені құраған.

Облыстық бюджет қаржысы есебінен Қызылорда қаласы бюджетіне тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға 1 жылға сыйақы нөлдік ставкасы бойынша 51200,0 мың теңге кредит берілгенде, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 172 бабының 3-тармақшасында белгіленген ақылылық принциптері сақталмаған.

Қызылорда облысы бойынша рәсімделген бюджет кредиті шарттарының барлығында Қызылорда облысының Қазынашылық департаментінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді деп көрсетілгенмен, ешбір Кредит шарты Қазынашылық органдарында тіркелмеген.

2012 жылға бекітілген бюджетте жергілікті атқарушы органның резерві (одан әрі резерв) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 19-бабының 5 – тармақшасы талаптарына сәйкес 147005,0 мың теңге көлемінде бекітілгенмен, 2012 жыл бойына бюджеттің нақтылануын есепке алғанда Қызылорда облыстық бюджетінде 257-012 «Облыстық жергілікті атқарушы органның резерві» бюджеттік бағдарламасында 861963,0 мың теңге жоспарланған. Яғни, жергілікті атқарушы органның резервінде пайдаланылмаған қаржы болғанына қарамастан, Қызылорда облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 25 қаңтардағы кезектен тыс ІІ-сессиясының № 10 шешімімен резерв көлемі 697005,0 мың теңге, 2012 жылғы 17 шілдедегі кезектен тыс УІІ-сессиясының № 42 шешімімен 841534,0 мың теңге, 30 қазандағы кезектен тыс Х-сессиясының № 55 шешімімен 861963,0 мың теңге болып өзгертілген.

2012 жылы облыстық бюджеттің 122760632,1 мың теңге түзетілген бюджеті бойынша тіркелген міндеттемелер 121150584,6 мың теңгені құрап, 1610047,5 мың теңге қаржыға міндеттеменің алынбауы, тіркелген міндеттемелердің 2342984,4 мың теңгесінің игерілмеуі бюджет қаржысын жоспарлауда, республикалық бюджеттен трансферттердің жыл соңында бөлінуі, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің кеш өткізілуі әсер етіп отыр.

Бюджеттік бағдарлама әкімшілері арқылы облыстық бюджеттің жоспарындағы қаржылардың игерілуі 96,9 пайызды құрады. Бюджет жоспарында 3953031,9 мың теңге қаржы игерілмеген. Оның ішінде 21 облыстық басқармалар бойынша мемлекеттік сатып алудан, ағымдағы шығыстарынан үнем жасалса, 2833184,4 мың теңге облыстық құрылыс басқармасыны, 452247,1 мың теңге облыстық білім басқармасының үлесінде болып отыр.

Облыстық білім басқармасы бойынша Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша 385 түлек жоспарланған мерзімнен бұрын бітіруіне байланысты 365613,0 мың теңге, патронаттық тәрбиедегі балалардың бірқатары 18 жасқа толуына байланысты 14653,4 мың теңге, мұғалімдердің біліктілік санатына қосымша ақы бойынша нақты алушылардың саны азаюынан 4221,0 мың теңге, мемлекеттік тапсырыс орнының қысқаруына сәйкес өндірістік оқыту шеберлерінің штат бірлігі азаюынан 6225,0 мың теңге, 14379,0 мың теңге жеңімпаз мердігер тауарларды уақытылы жеткізбеуінен, 29967,9 мың теңге ағымдағы шығындар қалдығы, 17187,8 мемлекеттік сатып алудан үнемделіп игерілмеген.

Облыстық құрылыс басқармасы бойынша 627279,7 мың теңге мердігер тарапынан міндеттемелерді уақытылы орындамауынан, 1603465,1 мың теңге мемлекеттік сатып алу қорытындысы сот шешімімен жарамсыз деп танылуынан, 10725,2 мың теңеге келісімдердің тіркелмеуінен, 162779,0 мың теңге конкурстардың кеш өткізілуінен, 213748,9 мың теңеге мемлекеттік қабылдау актісінен кейін төленетін 5 пайыз, 5980,0 мың теңге төлқұжат жасаудан, 4359,0 мың теңге сот қарауында болғандықтан игерілмеген. 78159,3 мың теңге мемлекеттік сатып алудан, 928,8 мың теңге ағымдағы шығындардан игерілмеген.

Сонымен қатар, 2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында «Арал ауданы Жақсықылыш қыстағының сумен қамту жүйесін қайта жаңғырту және кеңейту» жобасын жүзеге асыруға 2012 жылы бекітілген бюджеттен қаржы бөлінгенмен, Қызылорда облысы әкімінің «Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау туралы» 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 172-Ө өкімімен мемлекеттік сатып алудың рәсімдерін уақытылы және сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз ету Қызылорда облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына жүктелгенмен, Бюджет кодексінің 48-бабының 2-тармағы талаптары сақталмай қаржыны игеруге 9 айдан кейін қол жеткізілген.

2012 жылдың қорытындысымен облыстық бюджетте 1540025,0 мың теңге бос қалдық қалған.

Облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша жылдың қорытындысымен қалыптасқан дебиторлық қарыз 2010 жылы 85518,4 мың теңге, 2011 жылы 468686,8 мың теңге, 2012 жылы 1114582,0 мың теңгені құраған.

2012 жылғы дебиторлық қарыз 2011 жылмен салыстырғанда 2,3 есе артқан. Облыстық бюджеттің бірнеше рет нақтыланғанына қарамастан облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің кредиторлық қарыз көлемі жылма жыл артып келеді, атап айтатын болсақ, кредиторлық қарыз көлемі 2010 жылы 73589,2 мың теңге, 2011 жылы 227543,7 мың теңгені құраса, 2012 жылы 172769,2 мың теңгеге жетіп отыр.

Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің 2013 жылдың 1 қаңтардағы жылдық балансы бойынша мекеменің есебінде қалған отын, жанар-жағар май, қосалқы бөлшектерімен дәрі-дәрмектердің, азық-түліктің қалдығы 780210,0 мың теңге болған. Оның ішінде: машиналар мен жабдықтарға қосалқы бөлшектері – 23209,7 мың теңге, отын жанар жағар май, бензин талондары - 108367,5 мың теңге, азық-түлік өнімдері - 24559,2 мың теңге, дәрі-дәрмектер – 624073,6 мың теңгені құрайды.



Мекеме есебінде 780210,0 мың теңге қалған қалдық көлемін есепке ала отырып, 2013 жылға бюджеттен осы мақсатқа жоспарланған қаржыны қайта қарап,, қажеттілігіне қарай басқа мақсаттарға бөлу мәселесін бюджеттік комиссияда талқылап, шешім қабылдау жөнінде ұсыныс беремін.

ІІІ. Бақылау нәтижелері туралы

Есепті кезеңде Тексеру комиссиясымен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 163 мекемелер мен кәсіпорындарға бөлінген 66504137,0 мың теңге бақылаумен қамтылды. Бақылау барысында анықталған бұзушылықтар көлемі 28135675,0 мың теңгені құрады. Оның ішінде қалпына келтіруге жататын бұзушылықтар 25907279,0 мың теңге, қалпына келтірілгені 2566807,0 мың теңге немесе қалпына келтірілуі тиіс бұзушылықтардың 99,0 пайызын құрап отыр.

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес Тексеру комиссиясы тарапынан аудандар мен Қызылорда қаласы бюджеттерінің 2012 жылғы атқарылуы туралы есебін талданып, аудандық және қалалық бюджеттерге қарасты мекемелер мен кәсіпорындарға жүргізілген бақылау нәтижелері туралы есептер аудандық және қалалық мәслихат сессияларында қаралды.

Есепті кезеңде Тексеру комиссиясымен облыстық бюджет бойынша 13 бақылау іс шаралары негізінде 41 бақылау нысаны қамтылды. Бақылаумен қамтылған қаражат көлемі 56509159,0 мың теңгені құрады. Жыл көлемінде жүргізілген бақылау іс шаралары нәтижесімен бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есеп беруді жасау ережелерінің бұзылғандығы анықталып, қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 25488062,0 мың теңгені құраған. Оның ішінде қалпына келтіруге жататыны 23665887,3 мың теңге, қалпына келтірілгені 23532308,6 мың теңге (99,4%).

Қолданылған шаралар нәтижесінде облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер мен кәсіпорындардан 435 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 10 адам қызметінен босатылған. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес 22 лауазымды тұлғаларға 3575,7 мың теңге айыппұл салынған.

Оның ішінде, Тексеру комиссиясымен 2012 жыл бойынша сот органдарына қарау үшін ҚР ӘҚБтК-нің 177-3 бабы бойынша қозғалған 4 әкімшілік құқық бұзушылық материалдары өткізілді.

2012 жылы бақылау актілері негізінде Қызылорда облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясына әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін 4 материал жолданып, ҚР ӘҚБтК-нің 178-бабының 2-тармағы бойынша «Көркейту», «Тұрғын үй қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарына 372,1 мың теңге әкімшілік айыппұлдар салынды.

Процессуалдық шешім қабылдау үшін қаржы полициясына 6 материал, Прокуратура органдарына 5 материал жолданды.

Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 30 қазандағы кезектен тыс ХХ сессиясының № 55 шешіміне сәйкес 2012 жылғы сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау қорытындысымен анықталған Талсуат кентіндегі 3 әлеуметтік нысандар құрылысынан игерілмеген 215546,0 мың теңгені облыстық қаржы басқармасының 2012 жылғы 30 қарашадағы № 2572511/12-1134 төлем құжатымен республикалық бюджетке қайтарылды.

Сонымен қатар, аудандық және Қызылорда қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер мен кәсіпорындаға бақылау жүргізілді. Тексеру комиссиясы тарапынан аудандар мен Қызылорда қаласы бюджеттерінің 2012 жылғы атқарылуы туралы есебін талданып, бақылау нәтижелері туралы есептер аудандық және қалалық мәслихат сессияларында қарау үшін ұсынылды.

«Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен 2012 жылғы 25 мамырда өткен «Оңтүстік өңірлерді дамыту мәселелері туралы» кеңесте берілген тапсырмаларды орындау мақсатында «Жұмыспен қамту - 2020», «Бизнестің жол картасы 2020», 2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ», «2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту» бағдарламасының тиімділігіне бақылау жүргізілді.

Бағдарламалық құжаттар бойынша мынадай кемшіліктер орын алғандығы анықталды.



1) 2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша:

Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы мен Қызылорда қаласы әкімі мен аудандар әкімдерінің арасында 2011-2012 жылдары жасалған Нысаналы трансферттер нәтижелері туралы Келісімдер бойынша нысаналы трансферттер сомасының айлар бойынша бөлінуіне сәйкес аударымдар 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылуы тиіс екендігіне қарамастан барлық аудандар мен Қызылорда қаласының бюджеттеріне аударымдар 51 жағдайда 2-17 жұмыс күніне дейін кешіктіріліп жүргізілген.

Облыстық деңгейде бюджеттік бағдарлама әкімшісі - Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы тарапынан ҚР Бюджет кодексінің 112-бабының талаптары сақталмай бюджеттік мониторинг мен қадағалау шаралары тиісті деңгейінде атқарылмаған.

Құрылысы аяқталған ауыз сумен жабдықтау жүйелерін пайдалануға беру бір ізге қойылмаған.

Елді мекендерді ауыз сумен жабдықтау бағытындағы саясаттың, әр жылдары іске асқан екі жобаның өзара үйлесімдігі болмауынан А.Тоқмағанбетов елді мекеніндегі тұтынушы тұрғын үйлеріне су желісі құрылысы беріліп, 2010-2011 жылғы республикалық бюджет есебінен салынған 18 су тарату құрылғылары (колонкалары) қазіргі таңда қажет еместігіне қарай пайдаланылмай тұр.

«Ақбұлақ» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылатын жобаларды жоспарлауда, тізімге енгізуде, іске асыруда және оларға өзгерістер жасауда өндірістік-техникалық саланың заңнамалық актілерінің талаптары сақталғанмен, көп жағдайда тапсырыс беруші жергілікті атқарушы органдар тарапынан атқаратын шаралары бюджет заңнамасының тәртібімен үйлестірілмей, соның салдарынан заңнама талаптарын сақтамау фактілері жиі кездеседі.

Арал аудандық құрылыс бөлімі тарапынан ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптары сақталмай, облыстық бюджеттен құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге қоса қаржыландыруға бөлінген 28191,32 мың теңгеге келісімшарт жасалмаған және «Арал ауданы Жақсықылыш қыстағының сумен қамту жүйесін қайта жаңғырту және кеңейту» жобасының бас жобалаушысы – «Промстройпроект» ЖШС-і бола тұра, авторлық қадағалауға келісімшартты бір көзден сатып алу тәсілімен «КZ Стройэксперт» ЖШС-мен жасаған.

Қазалы аудандық құрылыс бөлімі тарапынан ҚР Бюджет кодексінің 44-бабының, ҚР Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы «Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiн бекiту туралы» №220 Қаулысының 32-тарауының 262-тармақшасының талаптары сақталмай республикалық бюджеттен бөлiнген нысаналы трансферттердiң 2012 жылы пайдаланылмаған 36574,0 мың теңгені және облыстық трансферттің пайдаланылмаған 153,9 мың теңгені 2013 жылы нысаналы мақсатын сақтай отырып пайдалану жөнінде ҚР Үкiметiнiң және Қызылорда облысы әкімінің шешімдері шықпағанына қарамастан аудандық құрылыс бөлімі 2012 жылғы 26 желтоқсанда қосымша келісім жасаған.

Қармақшы аудандық құрылыс бөлімі бойынша Қызылорда мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2012 жылғы 27 шілдедегі мердігер мекеме – «Универсал Сервис ЛТД» ЖШС-нен бюджетке 548,8 мың теңге тұрақсыздық айыппұлын өндіру жөніндегі шешімі осы уақытқа дейін орындалмаған, Жосалы кентін ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесі құрылысының 4-кезегіне жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге 2010 жылы қаржы бөлініп, жобаның мемлекеттік сараптамасы 2011 жылы алынған, яғни өнім берушінің міндеттемелерін уақытылы орындамауы салдарын қаржы екі жыл қатарынан бөлініп, бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылған.

«А.Тоқмағанбетов елді мекеніндегі тұтынушы тұрғын үйлеріне су желісін жеткізу құрылысы» жобасы бойынша республикалық бюджеттен 2012 жылы бөлінген қаржының үнемі 1182,96 мың теңге республикалық бюджетке қайтарылуы тиіс.

Шиелі аудандық құрылыс бөлімі бойынша Шиелі ауданы бойынша Жиделітоптық су құбыры мен оған қосылатын (ПК 282+70) №3 КНС-ТАН Бірлестік елді мекеніне дейінгі тармағының құрылысы Еңбекші елді мекені бойынша қыстақішілік таратушы тораптарын қайта жаңғырту құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге және Бірлестік елді мекеніне дейінгі тармағының құрылысы Жахаев елді мекені бойынша қыстақішілік таратушы тораптарын қайта жаңғырту құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге жасалған келісімшарттардың талаптары уақытылы орындалмай, облыстық энергетика және тұрғын үй шаруашылығы басқармасы мен Шиелі ауданының әкімі арасындағы 2012 жылғы 23 қаңтардағы №2 Келісімнің 2.5 тармағы орындалмай, түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеген.

Бюджеттен қаржы бөлініп, жұмыстар атқарылғанына қарамастан, Н.Бекежанов елді мекенінде ауыз су күнделікті 2 сағат беріліп тұрады (сағат 11-ден 13.00 –ге дейін). Ал, Бестам, Қодаманов, Жансейіт, №21 бекет елді мекенінде су құбырлары пайдалануға қабылдағанмен, бақылаумен қамтылған мерзімде су берілмеген.

№21 бекет, Жансейіт, Ортақшыл елді мекендеріндегі ішкі су құбыры желілерінің құрылысы және Қодаманов «елді мекеніндегі ішкі су құбыры желілерін қайта құрылымдау» құрылыс-монтаж жұмыстарына облыстық бюджеттен 7217,0 мың теңге бөлініп, 1848,0 мың теңгесі жұмыстарды жүргізуге жұмсалған. Яғни, 5369,0 мың теңге артық бөліну салдарынан мекеме шотында қалған.

Қызылорда қалалық құрылыс бөлімі бойынша 1 жағдайда мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптары сақталмай мердігерден 3 пайыздық келісімшартты орындау жөнінде кепілдік жарнасы алынбаған, 1 жағдайда мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы мердігер компания «Әке-7» ЖШС-нен сот шешіміне сәйкес 2012 жылы бюджетке өндірілуі тиіс 42,5 млн.теңге тұрақсыздық айыппұлы осы уақытқа дейін өндірілмеген, техникалық-экономикалық негіздемеде айқындалмаған жобаларға қаражат бөлініп, жұмыстар атқарылған және жоба алды құжаттарға заңмен белгіленген тәртіппен тиісті өзгерістер жасалмай, соның салдарынан жалпы сомасы 297,9 млн.теңге республикалық бюджет есебінен бөлінген нысаналы даму трансферттері мақсатсыз пайдаланылған.



2. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша:

Қызылорда облысының құрылыс басқармасына «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамытуға 2011 жылы республикалық бюджеттен берілген нысаналы даму трансферттері тиімділігіне бақылау жүргізілді. Бақылау нәтижесімен Мердігер «НаиКит» ЖШС-мен 2011 жылы жасалған шарт бойынша төленген 122970,7 мың теңгеге 2012 жылдың 30 наурызына дейін ешқандай жұмыс жүргізілмегені, орындалған жұмыс актісі тапсырылмаған, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 142-бабы талаптары сақталмай «Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелері туралы» келісімге өзгерістер енгізілмеген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы, Қызылорда облысы әкімдігінің жанынан құрылған Өңірлік үйлестіру кеңесінде іріктеліп, өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салуды немесе реконструкциялауды қаржыландыру мүмкіндігі туралы шешім қабылданған жобалар уақытылы жүзеге асырылмаған.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 2010-2011 жылдары барлығы 486722,7 мың теңге игерілмеген.

Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 48-бабы басшылыққа алынбай, нысаналы трансферттер жөніндегі нәтижелер туралы 2011 жылдың 7 ақпанындағы №1 келісіміне сәйкес нысан бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелерге нақты қол жеткізу туралы қорытынды есебі Экономикалық даму және сауда министрлігіне тапсырылмаған.



3. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы №972 қаулысымен бекітілген әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасының №3 қосымшасына сәйкес жұмыс берушімен жасалған келісім шартта көрсетілген төленуі тиіс сомадан 359,1 мың теңге артық аударылған.

Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің талаптары сақталмауынан қызметтік емес мақсатқа ұялы телефондармен 22,8 мың теңге жұмсалған, іс сапар шығындарына 75,5 мың теңгеге негізсіз төленген, 73,4 мың теңге еңбек ақы артық төленген, 2012 жылдың 1 қаңтарына 124,6 мың теңге дебиторлық қарыз құралған, 12,4 мың теңгенің жанар-жағар майы бекітілген нормадан артық шығысталған, келісім шарт талаптарын орындамағаны үшін мердігер мекемеге 348,0 мың теңге тұрақсыздық айыппұл есептелмеген.

Жастар практикасына қатысушыларға еңбекақы төлемін жүргізуде төленген сома мен төленуге тиісті сомаларды салыстырғанда 67,1 мың теңгенің жалақысы төленбей қалған.

ҚР 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №915-IV Бюджет Кодексінің 48 бабының талаптары орындалмай еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру бағыты бойынша әлеуеті төмен елді мекендердің тізбесіне енгізілген 70 отбасын көшіру қамтамасыз етілмеген, түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеген.

Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру туралы шарттың 4 тармағының 11 тармақшасында «жұмыс беруші есепті айдың аяқталуынан бес жұмыс күні бұрын тапсырыс берушіге белгіленген нысан бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған азаматтар туралы мәліметті ұсынуға міндеттенеді» - деп көрсетілгеніне қарамастан, 2011 жылдың 15 желтоқсанына дейін 8920,0 мың теңге төлем мерзімінен бұрын төленген.

Бағдарламаның 1-бағыты бойынша кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға жолдама алушылардың ішінде жағымсыз себептермен оқудан шығарылғандардың оқуға жұмсалған бюджет қаржысы бюджетке қайтарылмаған. Қолледждерден алынған мәлімет бойынша 2011-2012 жылдары 11 оқушы кәсіптік білім беру ұйымдарынан оқудан шығарылған. Оған жұмсалған бюджет қаражаты 701,9 мың теңгені құраған.

Бағдарлама талаптарына сәйкес, несие алудың бірден бір талабы бизнес жоспар жобасы әзірлеу болса да, 14 несие алушыға бизнес жоспарсыз бюджеттен 18,0 млн. теңге несие берілген. Бірқатар несие алушылар өз ісін жүргізу мақсатында бизнес жоспарды негізге алып, табыс табатындығын білдіргенмен, салық органына кәсіпкер ретінде немесе шаруа қожалығы ретінде тіркелмегендігі анықталды.

Ауылшаруашылығы басқармасында 2011 жылы Қызылорда қаласы және аудандар бойынша жұмыспен қамту орталықтарының берген мәліметтеріне сәйкес облыс бойынша 98 несие алған азаматтар 184 жұмыссыз адамды жұмысқа тартқан деп көрсетілген. Алайда бақылау барысында ішінара жүргізілген бақылау өлшемдеріне сәйкес облыс бойынша 98 несие алушылардың ішінен 62 азаматқа несие мал шаруашылығы бағытына берілген. Жалпы 20 несие алушыға жүргізілген бақылау өлшемі нәтижесі бойынша 73 жұмыссыз адам жұмыспен қамтамасыз етілген деп есеп берілгенмен, іс жүзінде 30 жұмыссыз адам ғана жұмысқа тартылғандығы нақтыланды, яғни 41%.

Арал ауданы бойынша Республикалық бюджеттен берілген кредит есебінен салынған тұрғын үй 2011 жылғы 30 желтоқсанда мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісімен пайдалануға қабылданғанмен, 2012 жылғы 1 шілдеге мекеменің теңгеріміне кіріске алынбаған.



4. «Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне «2011-2020 жылдарға арналған ҚР тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту» бағдарламасының тиімділігіне бақылау жүргізілді.

ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі мен Қызылорда облысы әкімінің арасындағы тұрғын үйлерді жөндеу бойынша жобаларды іске асыру туралы Келісімге сәйкес көппәтерлі тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілген.

2012 жылы «Мерей» мөлтек ауданындағы көппәтерлі 4 үйлердің күрделі жөндеу жұмыстары мемлекеттік қабылдау комиссиясы актісімен қабылданбаған.

Келісім шарт жасалған 501 пәтер иелерінің қарызы 188465,3 мың теңгені құраған.

Бағдарламаға сәйкес меншік иесінен қайтарылатын қаржы 29125,1 мың теңге болса, тек 7163,9 мың теңгесі аударылған, қалған 21961,2 мың теңге қаржы түспеген.

«Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Еңбек-Қызылорда» филиалы күрделі жөндеу жұмыстарын мерзімінде орындамағаны үшін сот шешімі бойынша 2012 жылдың 01 қыркүйегіне 17548,8 мың теңге тұрақсыздық өндірілуі тиіс.

«Тұрғын үй қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, РМК «Еңбек-Қызылорда» филиалына атқарылмаған жұмысқа 11830,4 мың теңге, 2012 жылы «Сартөбе» ЖШС-не 2000,0 мың теңге, «Құрылысконсалтинг» акционерлік қоғамының Қызылордадағы филиалына 2000,0 мың теңге, «Прогресс Проект» ЖШС-іне 1500,0 мың теңге, «Тұрғын үй қызметі» МКК-ына 8158,4мың теңге, барлығы 25488,8 мың теңге қаражат атқарылмаған жұмыстар үшін №2-нысанды актісіз негізсіз аударылған.

Бақылау қорытындысымен материалдар құқық қорғау органдарына берілді.

Республикалық бюджеттен бағдарламаны іске асыруға Қызылорда облысының және Қызылорда қаласының бюджетіне бөлінген мақсатты ағымдағы трансферттер қаражатынан 2011 жылы 2733,1 мың теңге, 2012 жылы 2320,2 мың теңге бюджеттік бағдарлама мен «2011-2020 жылдарға ҚР тұрғын үй-коммуналдық жаңғырту бағдарламасымен» көзделмеген әкімшілік шығыстарға (12 штатты ұстау үшін), барлығы 5053,3 мың теңге мақсатсыз пайдаланылған. Бұл қаржы 2012 жылы республикалық бюджетке қайтарылды.

Тексеру комиссиясымен бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына бақылаулар жүргізілді. Атап айтатын болсақ:

1) Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Туберкулезден, жұқпалы және психикалық аурулардан және жүйкесі бұзылуынан, соның ішінде жүйкеге әсер ететін заттарды қолданылуымен байланысты зардап шегетін адамдарға медициналық көмек көрсету» бюджеттік бағдарламасының тиімділігін бақылау жүргізілді.

Бақылау барысында Қызылорда облысы құрылыс басқармасы арқылы облыстық бюджет қаржысы есебінен 2007 жылы құрылысы аяқталған, құны 80900,0 мың теңгенің бактериологиялық зертханасы мен хлоратор ғимараты мемлекеттік комиссиямен пайдалануға қабылданбаған, пайдаланушы мекеме теңгеріміне қабылданбаған, соған қарамастан 2010 жылдың шілде айында зертханаға 100129,0 мың теңгенің құрал-жабдықтарын орналастырған. ҚР Бюджет Кодексінің талаптары басшылыққа алынбай, мекеменің есебіндегі барлығы 3552,6 мың теңгенің негізгі құралдары пайдаланылмай қоймада сақталып тұрғаны, 2009-2011 жылдары бюджеттен 499,9 мың теңгеге алынып, орнатылған «1-С Бухгалтерия» бағдарламасы бүгінгі күнге дейін пайдаланылмаған, бюджет қаржысы тиімсіз жаратылған.

Қазақстан Республикасының норамативті құқықтық актілерінің сақталмайынан 192,1 мың теңге іс сапар шығындары негізсіз есептелініп төленген, 39,3 мың теңгенің дәрі дәрмегімен азық-түлігінің жетіспеушілігі анықталған, жанар жагар май 206,3 мың теңгеге нормадан артық шығысталған, 129,8 мың теңгеге ұялы байланыс қызметі үшін төлемдер жасалынған, 25,0 мың теңгенің дәрі-дәрмектері акті жасалынбай шығысқа жіберілген, 224,2 мың теңге еңбекақы артық төленген, 3247,8 мың теңге кредиторлық қарыз және 829,1 мың теңгенің дебиторлық қарызы құралған, 1126,8 мың теңге алдын ала төлем жасалған.

2) «Қызылорда әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржылардың пайдаланылуын және мемлекеттік активтерін пайдаланудың тиімділігіне бақылау жүргізілді.

Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау барысында «Қызылорда әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ына және 9 жауапкуершілігі шектеулі серіктестігіне үстеме бақылау жүргізіліп, жалпы сомасы 409556,6 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды. Қызылорда облысының әкімдігінің 2012 жылғы 20 қаңтардағы №306 қаулысы негізінде Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығының азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қызылорда қаласы Жаппасбай батыр көшесі н/з орналасқан теңгеріміндегі мүліктерді «Қызылорда» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының 22 935,0 мың теңге көлеміндегі мүлік теңгеріміне қабылданбай, алыс-беріс актісі жасалынбаған.

Қоғам бойынша 2011 жылмен 2012 жылдың 1-тоқсанында барлығы 253,4 мың теңге ұялы байланыстарға пайдаланылған.

«Қаратерең Балық» ЖШС-нің балансында көрсетілгенмен, құны 23225,2 мың теңгені құрайтын 35 су қайықтарының техникалық паспорттары «Қаратерең Балық» ЖШС-нің атына қайта тіркетілмеген.

«СПК Қызылорда Балық» ЖШС-і 2012 жылдың 1-тоқсаны бойынша инвестициялық жобаны іске асыру жоспарына сәйкес берген есебінде жұмысшыларға есептелінген жалақы көлемі 1656,1 мың теңге деп көрсетілген болса, 2012 жылдың 1-тоқсанына тапсырған 200.00 үлгідегі салық декларациясында осы есепті кезеңге есептелінген жалақы көлемін 180,0 мың теңге деп көрсеткен. Айырмашылық 1476,1 мың теңгені құрап отыр.

«Шипажай «Жаңақорған» ЖШС-нің 2011 жылға және 2012 жылдың 1-тоқсанына жасалған қаржылық есептіліктерінде 1-Қатысушының жарғылық қорға қосқан мүліктік үлесі 46396,4 мың теңгені құрап отыр. Балансқа алынбаған қаржы көлемі 58153,6 мың теңге.

«СПК Газ Оперейтинг» ЖШС-де таза пайдасынан «Қызылорда» ӘКК» АҚ-ның үлесі 12 125 050 теңге, бақылау мерзімінде қоғамның есебіне аударылмаған.

2011 жылдың 24 маусымындағы Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселесі бойынша Мемлекеттік комиссиясының отырысында аймақтарда азық-түлік бағасын тұрақтандыру қорын қалыптастыруға қаржы қарастыру туралы шешіміне сәйкес, өңірлік азық-түліктік тұрақтандыруға бөлінген қаржы бойынша Көкөніс тауарларының өңірімізге жеткізілуге кеткен шығындарды қоса есептегендегі өзіндік құнымен салыстырғанда төмен бағамен сатылғандықтан 37864,4 мың теңге шығын келтірілген, қаржы тиімсіз жұмсалған.

«Қызылорда қаржы компаниясы» ЖШС-гі «Алтын қамба» агроөнеркәсіп комбинаты» ЖШС-нен қойма ғимаратын азық-түлік тауарларын сақтау үшін жалға алғанменен, 245000,0 мың теңгенің қойма ғимараты осы уақытқа дейін серіктестік теңгеріміне алынбаған, техникалық құжаттары жоқ.

2011 жылы «Алтын қамба» ЖШС басшысының іс сапар туралы бұйрықтары негізсіз шығарылған, яғни 585786 теңге көлеміндегі іс сапарға кеткен шығындар бойынша аванстық есебі тапсырылғанымен, қызметкерлердің іс сапарға не үшін барғаны, атқарылған жұмыс есебі тапсырылмаған. Сонымен қатар, серіктестік басшысынан басқа қызметкерлердің ұшақпен ұшуға рұқсат алынбаған.

3) «Аудандар (облыстық маңызы бар қалаларға) бюджеттеріне аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын (қала көшелерін) күрделі және орташа жөндеуге мақсатты трансферттер» 268008 бюджеттік бағдарламасының тиімділігін бақылау барысында:

«Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары 2011 жылғы облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және қала мен елді мекен көшелерін қайта жаңғырту, күрделі және орташа жөндеу 184,7 шақырым болып жоспарланса, нақты 177,4 шақырым немесе 96 пайызға орындалған. Себебі «Самара-Шымкент-Тартоғай» автомобиль жолының 7,3 км аралығын орташа жөндеу жұмыстары 2012 жылы аяқталғанымен әлі күнге дейін мемлекеттік комиссиямен қабылданбаған.

Қазақстан Республикасы «автомобиль жолдары туралы» Заңының 3-бабының 7-тармағына сәйкес қала, аудандық маңыздағы жолдардың тізбесі бекітілгенмен, 8-тармағы бойынша жалпы пайдаланылымдағы автомобиль жолдары, қалалар мен елді мекендердің көшелері мемлекеттік есепке және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 наурыздағы №265 «Автомобиль жолдарын есепке алу Ережесін бекіту туралы» қаулысы басшылыққа алынбай, жолдар мен жол құрылыстары паспорттары жасалынбаған.

«Қызылорда қалалық тұрғын үй коммуналдық шарушылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2011 жылы жергілікті бюджет қаржысы есебінен қала көшелерін паспортизациялауға бөлінген 14500,0 мың теңге пайдаланылмай бюджетке қайтарылған.

ҚР Бюджет Кодексінің 48-бабының 1-тармағының 3) тармақшасы басшылыққа алынбай «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен қала, аудан әкімдері арасында жасалған нысаналы трансферттер жөніндегі нәтижелер туралы келісімнің 10 тармағы (Есепті ұсыну мен мерзімі) қала, аудан әкімдері тарапынан, әкімнің тікелей және соңғы нәтижелерге нақты қол жеткізу туралы қортынды есебі әкімшіге тапсырылмаған.

ҚР Бюджет Кодексінің 46-бабының 14-тармағы басшылыққа алынбай, Қармақшы, Қазалы, Жаңақорған аудандары бойынша жасалған келісімнің 2-тармағы (Келісім мәні, мақсаттары мен міндеттері) 4-тармақшасы (Тікелей) нәтижелері) мен мемлекеттік сатып алу конкурс құжаты және қортынды хаттамаларыда көрсетілген шақырымдар арасында айырмашылықтар анықталып, келісім өзгертілмеген.

ҚР «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 14-бабының 4-тармағы басшылыққа алынбай, Қызылорда қаласы, Жаңақорған, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандық маңыздағы автомобиль жолдары барлығы 346477,0 мың теңгенің орташа жөндеу жұмыстарына жасалған жұмыс жобалары мен техникалық құжаттамалар ведомствалық сараптамадан өткізілмеген.

ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті ҚР ҚН 8.02-07-2002 жылғы Қысқы мерзімде құрылыс-монтаж жұмыстарын жасаған кезде қосымша шығындардың сметалық нормалар жинағы (ҚШН2001) басшылыққа алынбауынан орташа жөндеу жұмыстарына жасалған жобалық сметалық құжаттардың құнына көктем, күз айларында атқарылатын жұмыстарға қосымша шығындар коэффициенті (қысқы қымбаттау коэффициенті) Қызылорда қаласы, Жалағаш, Қармақшы, Шиелі, Сырдария аудандарында барлығы 18168,2 мың теңге есептеленіп нақты 17184,1 мың теңге төленген.

«Сырдария аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша елді мекендегі көшелерге жүргізілген орташа жөндеу жұмыстары визуалды тексеру барысында жол жабындысының беткі қабаттарының жарылып, ойылып, үгітілген анықталып, барлығы 935 метр 9968,8 мың теңгенің қаржысы тиімсіз жұмсалған.

«Шиелі аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «БИС-KZ» ЖШС-гі арасындағы 2011 жылғы 5 мамырдағы №21 келісім шарттың 46 тармағы орындалмағаны үшін 2873,0 мың теңге тұрақсыздық айыппұл есептелген, бірақ бюджетке аударылмаған.

4) «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінде 005 «Ормандарды сақтау, қорғау, молайту және орман өсіру», 006 «Жануарлар дүниесін қорғау», 008 «Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар» бюджеттік бағдарламаларының тиімділігіне бақылау жүргізілді.

Бақылау барысында Қызылорда облысы бойынша 8 мемлекеттік мекемеде бақылау жүргізіліп, нәтижесінде 7943,6 мың теңгенің заң бұзушылықтары анықталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативті құқықтық актілері талаптары сақталмауынан іссапар шығындарына еңбекақыға барлығы 26,4 мың теңге артық төленген, 213,9 мың теңге негізсіз жұмсалған, 2011 жылы кезекті еңбек демалысына шыққан кезде 153,2 мың теңге материалдық көмек қаржысы артық төленген, жанар жағар май 48,5 мың теңгеге нормадан артық жұмсалған, қызметкерлерге 2011-2012 жылдың 9 айында лауазымды жалақыға үстеме ақы төлеу кезінде қатысқан күндеріне қарай төлеудің орнына, айлық үстеме ақы төленіп, тексеру кезінде 232,7 мың теңге үстеме ақы артық төленген, жеке мақсатта қалааралық және ұялы телефондарға 182,5 мың теңге жоспарланбаған шығынға жол берілген.

Қызылорда, Арал, Қазалы, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінде барлығы 3246,5 мың теңгенің активтері «Тез тозатын бағасы арзан заттардың» құрамында есепке алынып келген.

ҚР Азаматтық кодексінің 293-298, 359 баптарына сәйкес келісім шарт талаптарының уақытылы орындалмағаны үшін 3839,9 мың теңге тұрақсыздық сомасы өндірілуі тиіс.

005 «Ормандарды сақтау, қорғау, молайту және орман өсіру», 006 «Жануарлар дүниесін қорғау», 008 «Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар» бюджеттік бағдарламаларына сәйкес салалық «Жасыл даму» бағдарламасының аясында 2011 жылы атқарылған «жасыл белдеу» жұмыстары бойынша түпкі нәтижесі елді мекендердің экологиялық жағдайын жақсарту, автотрасса бойы жолдарының құм мен қар бұрқасынын тоқтату нәтижесіне қол жеткізілмеген. Сонымен қатар, пайдаланушы мекеме айқындалмаған, атқарылған жұмыстар балансына берілмеген, күтіп баптау жұмыстары жүргізілмей егілген ағаштар өспеген. Жер бөлу барысында су мәселесі дұрыс ойластырылмаған, әр аудандағы қоршаулар әртүрлі жоспарланған, аудандар арасында бөлінген жер көлемі мен егілетін ағаштар саны әртүрлі. Барлығы облыс көлемінде75625,0 мың теңге қаржы тиімсіз жұмсалынған, оның ішінде:

«Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қарасты мердігер мекемелердің барлығы атқарылған жұмыстарына 85 пайыз шығымдылығына кепілдікті екі жылға берген, алайда кепілдіктерін орындамаған, бүгінгі күнге «жасыл белдеу» жұмыстарына бюджеттен бөлініп, нақты жұмсалынған 65446,6 мың теңге, түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеген.

«Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» мемлекеттік мекемесіне қарасты Қызылорда қаласынан 53-60 шақырым жерде Қызылорда қаласының солтүстігіне егілген қара сексеуілге барлығы 5920,9 мың теңге бюджет қаржысы жұмсалған. Тексеру барысында бұл күндері егілген сексеуіл ауа райының ыстық және жауын-шашынның болмауынан қурап қалған, түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеген. Жаңаарық каналынан Жаңадария каналына дейінгі аралықта 50,0 мың дана 2740,0 мың теңгенің көшеттері егіліп, 812,0 мың теңгенің минералдық тыңайтқышы (көң) төгіліп, барлығы 3552,0 мың теңге қаржы жұмсалған. Ағаштарды күтіп-баптауға мекеме тарапынан маусымдық жұмысшылар бөлініп, су айдайтын 2 дана СНП-500 насосы қойылған. Бірақ тексеру барысында көшет ағаштары шықпай қалғаны, түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмегені анықталды.

«Жалағаш орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» мемлекеттік мекемесіне қатысты Жалағаш ауданы бойынша 2012 жылы 100 гектар жерге сексеуіл көшеті отырғызылып, шығымдылығы 25 пайыздан жоғары болу орнына 10 пайызға орындалған. Көшет отырғызу жұмыстарына 706,0 мың теңге бюджет қаржысы жұмсалып, түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеген.

5) «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» бойынша:

Бюджет Кодексінің 48-бабының 1-тармағының 1-тармақшасы талаптары сақталмай 2011 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 260233,0 мың теңге нысаналы трансферттердің нәтижелері туралы басқарма мен аудандар, Қызылорда қаласы әкімдері арасында келісім жасалмаған. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 қаулысымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» қаулының 32 тарауының 257-262-тармақтары сақталмай, облыстық бюджеттен берілген нысаналы трансферттерді төмен тұрған бюджеттерге аудару тәртібі бұзылған.

Осының салдарынан ҚР Бюджет Кодексінің 46-бабының 15-тармағының талаптары сақталмай төмен тұрған бюджеттік бағдарлама әкімшілері бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану туралы есеп бермеген.

Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілері талаптары сақталмауынан 21,5 мың теңгенің жанар-жағар май артық шығысталған.

Қоғамдық тамақтану орындарынан нақты тамақ ішкен адамдар санын есепке ала отырып, сәуір-мамыр айларында нақты кешенді түскі аспен қамтамасыз етілген адамдардың саны есепке алынбай 109,3 мың теңге артық аударылған.

Басқарма қоғамдық қормен 12 сәуірде келісім шартқа отырғанына қарамастан сәуір айын тапсырылған орындалған жұмыстар актісіне сәйкес байланыс қызметіне абоненттік төлем мен интернет қызметі сәуір айына толығымен есепке алынып 12,4 мың теңге төленген.

Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес қажетті құралдарды облыстық бюджет қаржысы есебінен басқарма мемлекеттік сатып алу жүргізіп, қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүкқұжатпен таратып отырған.

Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне үстеме бақылау жүргізу барысында оңалту бағдарламасына сәйкес Басқармадан алған мүгедектерді қажетті жабдықтарға есеп өз деңгейінде жүргізілмеген. Әр жылда алынған заттардың қалдығы туралы есеп жасалмаған. Яғни 2012 жылдың 17 тамызында қоймада 659 дана құны 7962,2 мың теңгенің тауарлы материалды құндылықтардың қоры бар болғанымен, бөлімнің бухгалтерлік есебінде есепке алынбаған.

6) «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйі» мемлекеттік мекемесі бойынша:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативті құқықтық актілері талаптары сақталмауынан 78,4 мың теңге еңбекақы негізсіз артық төленген, 4,9 мың теңгеге әр түрлі 5 дана кітаптар кем шығып, 2011 жылы кірістелген 259,5 мың теңгенің негізгі құралдардың жұмыс жүйесіне қосылмаған.

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 қаулысының 34-тармағы талаптары сақталмай конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама 2010 жылғы 14 сәуірде болған конкурстың хаттамасына комиссия мүшелерінің қолы толық қойылмаған.

7) «Ақыл-есі кем балаларға арналған интернат үйі» мемлекеттік мекемесі бойынша:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативті құқықтық актілері талаптары сақталмауынан 22,3 мың теңгенің еңбекақысы, 8,2 мың теңге іс сапар шығындарына негізсіз төленген, 20,0 мың теңгенің жұмсақ инвентарьлары мен азық-түлік бойынша жетіспеушіліктер орын алған, 7,5 мың теңге жанар-жағар май нормадан артық шығысталған, 25,4 мың теңге қызметтен тыс байланыстарға пайдаланылған.

8) «Психикалық-жүйке ауруларының интернаты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативті құқықтық актілері талаптары сақталмауынан 5,7 мың теңге еңбекақы негізсіз есептелген, 2,5 мың теңгеге дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі анықталды, 307,1 мың теңгенің жанар-жағар майы нормадан артық шығысталған, 26,6 мың теңге қызметтен тыс байланыстарға пайдаланылған;

ҚР Азаматтық Кодексінің 293-298, 359 баптарына сәйкес келісім шарт талаптары орындалмағаны үшін, өндірілуі тиіс 19,7 мың теңге тұрақсыздық сомасы өндірілмеген.

9) «Қазалы психикалық – жүйке ауруларының интернаты» мемлекеттік мекемесі бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері мен заң нормалары дұрыс сақталмауы салдарынан барлығы 62,6 теңгенің қаржылық бұзушылықтарына жол берілген (42,1 мың теңге сыйақы негізсіз есептелініп төленген, 12,0 мың теңге іс сапар шығындары негізсіз төленген, қызметтік телефон арқылы қызметтен тыс байланыстарға 8,5 мың теңге пайдаланылған).

10) «Қызылорда облысының біржолғы талондар негізінде салық жинау орталығы» мемлекеттік мекемесіне кешенді бақылау жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативті құқықтық актілері талаптары сақталмауынан «Қызылорда облысының бір жолғы талон негізінде салық жинау орталығы» мемлекеттік мекемесінің Жаңақорған бөлімшесі бойынша 2010 жылдың 28-31 желтоқсанында жиналған 20,1 мың теңге, Жалағаш бөлімшесі бойынша 12,4 мың теңге көлеміндегі салық тек 2011 жылдың 6-5 қаңтарында аудандық Қазпочта торабына өткізілген.

Ұялы байланыспен жеке мақсатқа 15,1 мың теңге пайдаланылғаны, 34,0 мың теңгенің LG-07 (кондиционер) салқындатқыш жұмыс жүйесіне қосылмаған.

11) Ақпараттық-имидждік іс-шаралар тізбесіне сай бюджет қаражатының пайдаланылуына бақылау бойынша:

2012 жылы Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарымен Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министрлігімен келісілген ақпараттық-имидждік іс-шаралар тізбесіне сай облыстық бюджеттен бөлінген 14,987 мың теңге бекітілген тізбеге сай бюджет және өзге де заңнама талаптарын сақтай отырып атқарылған.



ІУ. Облыстық коммуналдық мүлікті басқару

Облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне қарасты 21 шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар бар. 2012 жылға бюджет кірісіне 201-102 «Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігінің түсімдері» ерекшелігінде 16000,0 мың теңге жоспарланған, 2012 жылғы 30 қазандағы бюджетті нақтылау барысында 2103,0 мың теңге болып 13897,0 мың теңгеге қысқартылған.



У. Қорытындылар мен ұсыныстар:

2012 жылы облыс бюджетінің халықтың әлеуметтік мәселелерін қамту бағытындағы көрсеткіштерінің басым бөлігі орындалғанмен, бюджеттік инвестициялардың игерілуі, түпкілікті нәтижеге қол жеткізу, құрылыс салу нысандарын жоспарланған мерзімде пайдалануға берілмеуі салдарынан облыс бюджеті 96,9 пайызға, облыстық бюджеттің 96,8 пайызға орындалған.

Облыстық бюджеттің кіріс көлемін арттыру мақсатында коммуналдық кәсіпорындардың таза пайдамен жұмыс атқаруына қол жеткізу үшін қаржы шаруашылық қызметін жетілдіру .

Дебиторлық және кредиторлық қарыздарды болдырмау;

Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің трансферттер бөлуде заңнама талаптарында белгіленген Келісім жасау міндеттемелерін өз деңгейінде орындалмағанына қарамастан төмен тұрған бюджеттерге қаржы бөлу фактілері орын алғандығы, бюджет процесінде тиісті қадағалау жоқтығын көрсетеді. Сонымен қатар, облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің аудандар мен Қызылорда қаласы бюджеттеріне берілген нысаналы трансферттердің игерілу барысына қадағалау орнату жұмыстарын жүргізілмеуінен, жергілікті бюджеттерде трансферттерді игеру, түпкілікті нәтижеге қол жеткізу өз дәрежесінде болмай отыр.

Жалпы алғанда бюджеттің атқарылуы облыстың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштеріне оң әсер етті. Елбасының әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі, ипотекалық несиелендіру арқылы тұрғын үй құрылысын дамыту, жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге мүмкіндік берді. Облысымызда атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарды есепке ала отырып, жіберілген кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмау бағытында жұмыстарды қолға ала отырып, бюджеттің атқарылу есебіне оң баға беруге болады.



Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!


Каталог: image
image -> «білім беру инновациялары: кейс-стадилердің РӨЛІ. Таңдаулы тежірибелер»
image -> Ғалымның тарих мектебі сөз басы әйгілі Себастьян Бранд «Дүниедегінің бәрі де өткінші, бәрі де тозады, тек ғылым ғана мәңгілік, бәрінен де озады»
image -> Сабаққа қойылатын талаптар : Сабақтың тақырыбы бойынша оның білімдік,дамытушылық,тәрбиелік мақсаттарын дұрыс анықтау
image -> Кодекс миссиясы 3 біздің Ұстанымымыз 3 4 ҚОҒамның лауазымды тұЛҒадары мен қызметкерлерінің міндеттері 8 омбудсменмен, 14
image -> Дьюма-Ки (Duma Key)
image -> Автомобиль көлiгiмен қауіптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi кейбiр мәселелер туралы
image -> Степанченко В. И. «Говорим. Гутарим, балакаем и применяем!» Часть I. Словник. Спб.: «Медиа групп», ООО «коста», 2009. – 176с


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет