Ж ұ мысба ғ дарламас ы пән: Микробиология Пән коды: Мiс 2207 Мамандық: 051103 «Фармация»


Бақылау ( тесттер, есептер. және т. б.)



бет27/120
Дата07.02.2024
өлшемі1.48 Mb.
#491120
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   120
Микробиология-Фармация-2-курс-каз (2)

7. Бақылау ( тесттер, есептер. және т. б.)
Жағдайлық есептер:
1. Анаэробтардың таза дақылын алу үшін лаборант тоңазытқыштан алынған Китта-Тароцци ортасына зерттелінетін материалды егеді. Сосын инкубация кезеңінде термостатқа салады. Таза дақыл алуда қандай қателік жіберілді?
2. Шымкент қаласында ішек инфекциясының өршіген кезінде зертханада бір топ аурудан дизентерия, іш сүзегі, тырысқақ вибрионы бөліп алынып талданған. Бөлінген қоздырғыштарды арнайы микробиологиялық терминдермен негіздеңіз.
3. ОҚО 1998 ж. Келес ауданындағы тырысқақтың өршіген кезінде тырысқақ вибрионы бір уақытта судан, аурудан және тасымалдаушыдан бөліп алынған. Осыны арнайы микробиологиялық терминдермен негіздеңіз.
4. Бактериялардың бірқалыпты популяциясын бөліп алу үшін дәрігер - бактериолог өскен микроорганизмдерді тығыз қоректік ортадағы бөлінген колонияның бір бөлігін алады. Бұл процестерді арнайы микробиологиялық терминдермен негіздеңіз.
5. Гисс ортасына егілген бактериялық дақылдың инкубациялық тәуліктен кейін глюкозасы бар пробиркадағы қоректік ортаның түсі газ түзе өзгереді. Бұл өзгеріс нені білдіреді?
6. «Шұбар» қатардағы егілген дақылдың 24 сағаттан кейін пептонды суы бар пробиркада Гисс ортасының бұлдырауы байқалады. Ортаны 1 атмосфералық қысымда лаборант стерилдеген болатын. Дифференциалды көміртегісі бар ортаны дайындау және стерильдеу кезіндегі қателіктер мен дұрыстарды атаңыз.
7. Созылмалы стафилококты инфекциямен ауыратын науқастың, ұзақ уақыт химиотерапиялық препараттармен емделгеннен кейін, ЖСА – да колония терісінде алтындатылған стафилокок дақылы бөлініп алынады. Стафилококтардың колониясын, колониясында ауысуын қалай түсіндіруге болады?
8. Ультракүлгін әулелермен сәулелендіргенде капсулуші клебсиелла дақылдары капсула түзуші қабілеттілігін жоғалтады. Тышқанны арушаңдық қызметі де жоғалады. Аурушаңдықтың жоғалуы мен капсула синтездеу қабілеттілігін қалай түсіндіруге болады?
Тесттер:
1. Жағынды препаратта коктардың орналасуы неге байланысты:

  1. конъюгация процесіне

  2. әр кеңістік бағытта бөлінуіне

  3. коктар көлеміне

  4. талшықтар саны және орналасуына

  5. капсула түзеу ерекшелігіне

2. Қоректік орталарды дайындауға қажетсіз бұйым:

  1. таразы

  2. Петри табақшасы

  3. шыны түтікше

  4. электроплита

  5. бұйым шынысы

3. Микроорганизмдерде молекула ішілік айналымдар реакциясын катализдеуші

  1. изомераза фермент

  2. лиаза

  3. трансфераза

  4. гидролаза

  5. оксидоредуктаза

4. Қоректік заттардың бактериальды жасуша ішіне жеңілдетілген диффузия арқылы енуі процесіне қатысатын негізгі фермент:

  1. пермеаза

  2. нейроамидаза

  3. изомераза

  4. липаза

  5. транcфераза

5. Қоректік заттардың жасуша ішіне концентрациялық градиентке қарсы

  1. активті транспорт

  2. бағыттағы ену жолы

  3. жеңілдетілген диффузия

  4. пассивті диффузия

  5. жеңілдетілген транспорт

6. Сабуро, сусло-агар, Чапек қоректік орталарына дақылданатын микроағзалар:

  1. микоплазмалар

  2. бактериофагтар

  3. саңыраукұлақтар

  4. риккетциялар

  5. актиномицеттер

7. Бактериялардың индол, күкіртсутегі бөліп шығаруын зерттей отырып, біз оның ... қасиетін анықтаймыз.

  1. сахаралиттік

  2. дақылдық

  3. морфологиялық

  4. протеолиттік

  5. тинкториальды

8. Әртүрлі бактериялардың жекеленген қасиетттерін анықтауға арналған орталар:

  1. диференциальды -диагностикалы

  2. арнайы

  3. элективті

  4. негізгі

  5. қышқылданған

9. Қорек ретінде дайын органикалық затты қажет ететін...болып сипатталады.

  1. аукстотрофтар

  2. аутотрофтар

  3. гетеротрофтар

  4. аминотрофтар

  5. прототрофтар

10. Басқа бактериялармен салыстырғанда фототрофтарға аса қажетті өсу факторларының бірі:

  1. ылғал

  2. құрғақтық

  3. ауа

  4. сілтілі орта

  5. жарық

11. Нуклеин қышқылының екі түрлі қызмет атқаруы … тән.

  1. ДНҚ- вирустарға

  2. күрделі вириондарға

  3. жәй вириондарға

  4. минус жіпшелі РНҚ вирустарға

  5. плюс жіпшелі РНҚ вирустарға

12. Генетикалық рекомбинация қатысуымен жүреді:

  1. нуклеин кышкылдарының

  2. ферменттердің

  3. белоктардың

  4. полисахаридтердің

  5. липидтердің

13. Генетикалык материалдың донордан реципиентке тікелей берілуі:

  1. трансформация

  2. репарация

  3. трансдукция

  4. конъюгация

  5. диссоциация

14. Генетикалық материалдың бір бактериядан басқа бактерияларға фаг арқылы берілуі:

  1. диссоциация

  2. трансформация

  3. конъюгация

  4. репарация

  5. трансдукция

15. Тұқым қуалаушылықтың дискретті бірлігі - ген екендігін дәлелдеген ғалым:

  1. Кох

  2. Мечников

  3. Уотсон

  4. Мак-Карти

  5. Мендель

16. Донорлық қызмет атқаратын плазмидалар:

  1. Hlj –плазмидалар

  2. R -плазмидалар

  3. Col -плазмидалар

  4. F -плазмидалар

  5. Ent -плазмидалар

17. Бактериялардың дәрілік заттарға тұрақтылығын туғызуға жауапты плазмидалар:

  1. Col -плазмидалар

  2. Ent -плазмидалар

  3. F -плазмидалар

  4. Hlj –плазмидалар

  5. R -плазмидалар

18. Тұқым қуалайтын хромосомдық фактордың молекуласы

  1. ДНК

  2. РНК

  3. полипептид

  4. фермент

  5. ақ уыз

19. F-плазмида бақылайтын синтез

  1. ақ уыз

  2. фермент

  3. бактерия токсині

  4. жыныстық талшықтар

  5. нуклеин қышқылы

20.R-плазмида бақылайтын синтез

  1. бактерия токсині

  2. жыныстық талшықтар

  3. ферменттер

  4. ақ уыз

  5. нуклеин қышқылы

3


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   120




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет