Ж. №1 басылым 65 беттен -бет



бет7/7
Дата27.02.2020
өлшемі1.33 Mb.
#448045
1   2   3   4   5   6   7
7f2b2451-8181-11e3-a525-f6d299da70eeУМКД Патенттану материалы полная 2


Тапсырма:

Қазақстан Республикасының Патент Заңы мен осы әдістемелік нұсқау бойынша өнертабысқа өтінім беруді меңгеріп, жұмыс дәптеріне қызметтік өнертабысқа құқық алу процесінің схемасы мен жұмыс берушінің атына патент алу үшін өтінім материалдарын рәсімдеуді жазу.


11 тәжірибелік сабақ (2 сағат)

Тақырыбы: Өнертабыс формуласын құру

Материалдық қамтамасыз ету:

1. Қазақстан Республикасының инновациялық патент және патентпен қорғалатын өнертабыстың анықтамасы

2. ССРО авторлық куәлігімен қорғалатын өнертабыстың анықтамасы

3. «Өнертабысқа инновациялық патент және патент беруге өтініш құрастыру, беру және құрау жөніндегі нұсқаулық» мәтіні

4. Қазақстан Республикасы патенттік ведомствосының ресми бюллетендері

5. ССРО патенттік ведомствосының ресми бюллетендері.



Әдістемелік нұсқау:

Өнертабыс формуласының арналуы және оған қойылатын талаптар

Өнертабыс формуласы инновациялық патент пен патент беретін құқықтық қорғау көлемін анықтау үшін арналады.

Өнертабыс формуласы толығымен анықтамада негізделу керек, яғни өнертабысты оның анықтамасында берілген ұғымдармен сипаттау керек.

Өнертабыс формуласы, егер онда өтініш беруші мен көрсетілген техникалық нәтижеге жету үшін жеткілікті оның елеулі белгілері толығымен берілсе, оның мәнін көрсететін болып саналады.

Өнертабыс формуласында өнертабыс белгілері олардың идентификациялау (ұқсастыру) мүмкіндігін қамтамасыз ету түрінде көрінеді, яғни олардың мәндік мазмұнының белгілі техникалық деңгейі негізінде маманның біртекті ұғымында болады.

Өнертабыс формуласының құрылымы

Формула біртізбекті және көп тізбекті болуы немесе бір немесе бірнеше тармақты құрауы мүмкін.

Біртізбекті өнертабыс формуласы орындау немесе пайдалану жағдайына қатысты дамыту және анық атауы жоқ бір өнертабыстың маңызды белгілер жиынтығын сипаттауға қолданылады.

Көптізбекті өнертабыс формуласы өнертабысты орындау немесе пайдаланудың жеке жағдайларына немесе өнертабыстар тобын сипаттауға қатысты оның белгілер жиынтығын дамыту және анықтау мен бір өнертабысты сипаттау үшін қолданылады.

Бір өнертабысты сипаттайтын көп тізбекті формуланың бір тәуелсіз тармағы және оған тәуелді тармағы (тармақтары) болуы мүмкін.

Өнертабыстар тобын сипаттайтын көп тізбекті формуланың бірнеше тәуелсіз тармақтары болады, олардың әрқайсысы өнертабыстар тобының біреуіне ғана сипаттайды. Мұндайда топтың әрбір өнертабысы тиісті тәуелсізге бағынышты тәуелді тармақтар келтірілуімен сипатталуға тиіс.

Көп тізбекті формула тармақтары бірден бастап, оранласу тәртібімен араб сандарымен нөмірленуге тиіс.

Өнертабыстар тобын сипаттайтын формулаларды орналастырған кезде келесі ережелер сақталады:

- жекелеген өнертабыстарды сипаттайтын тәуелсіз тармақтарда, әдетте, формуланың басқа тармақтарына сілтемелер болмайды (мұндай сілтемеге тек осы тәуелсіз тармақты ондағы басқа тармақпен толық қайталанбаған жағдайда ғана жол беріледі);

- түрлі өнертабыстар топтарын сипаттау үшін бір ғана мазмұнды тәуелді тармақтар келтірілетін жағдайдалардаы қоса отырып, тәуелді тармақтар өздері бағынышты тәуелсіз тармақтар мен топтасады.

Формула тармағы, әдетте неғұрлым жақын ұқсас белгілері сәйкес келетін өнертабыс белгілерінен тұратын шектеу бөлімінен, оның ішінде формула баяндалуы басталатын бағыттағы тектік ұғымнан және өнертабысты неғұрлым жақын баламасынан ажыратын белгілер кіретін ерекшелік бөлімінен тұрады.

Формула тармағын құрастыру кезінде шектеу бөлімі баяндалған соң «былайша ерекшеленетін» деген сөз тіркесі келтіріліп, бұдан кейін тікелей ерекшелік бөлімі келтіріледі.

Өнертабыс формуласы:

- дербес химиялық қосылыстар;

- микроорганизімдер тегі, өсімдіктер мен жануарлар жасушалары;

- бұрыннан белгілі құрылғы, тәсіл, зат, тектерді жаңа мақсатта қолдану;

- баламасы жоқ өнертабыстар ретінде сипатталса, шектеулі және ерекшелік бөлімдері тармақтарынан бөлінбей құрастырылады.

Формула тармағы бір сөйлем ретінде баяндалады.

Өнертабыс формуласының тәуелсіз тармағы бір ғана өнертабысқа қатысты болуға тиіс. Ол өнертабысты құқықтық қорғау сұралып отырған көлемін анықтайтын оның белгілер жиынтығымен сипаттайды және өнертабыс объектісін логикалық анықтау түрінде көрінеді.

Өнертабыс формуласының тәуелді тармағы тек оны орындау немесе пайдаланудың жеке жағдайларын сипаттайтын тәуелсіз тармақта, белгілерде келтірілген өнертабыс белгілері жиынтығының дамуын және/немесе анықталуын қарастырады.

Формуланың тәуелді тармағының шектеулі бөлігі әдетте тәуелсіз тармақта келтірілгенімен салыстырғанда қысқаша мазмұндалған өнертабыс мақсатын көрсететін тектік ұғымнан және осы тәуелді тармақ жататын тәуелсіз тармақ немесе тәуелді тармақтан тұрады. Тәуелді тармақ формуланың бірнеше тармағына бағынысты болғанда оларға сілтемелер баламаларды пайдаланумен көрсетіледі.

Формуланың тәуелді тармағы ол бағынысты формуланың сол тармағында сипатталған өнертабыс белгілері алмастырылмай немесе алып тасталмай баяндалуға тиіс.



Құрылғыға жататын өнертабыс формуласының ерекшеліктері

Құрылғы белгілері формулада оның статистикалық жағдайын сипаттайтындай баяндалады. Құрылғының конструкциялық элементін орындауды сипаттау кезінде оның жылжымалығын, оның белгілі функцияны іске асыру мүмкіндігін (мысалы, бекіту мүмкіндігімен тежеу мүмкіндігі) және т.б. көрсетуге болады.



Тәсілге жататын өнертабыс формуласының ерекшеліктері

Материалдық объектіге іс-әрекеттерді сипаттайтын тәсіл белгілері осы мақсаттарға етістіктерді пайдаланумен, үшінші жақта, көпше түрде баяндалады (қыздырып жатыр, ылғалдап жатыр, тесіп жатыр және т.б.)



Затқа жататын өнертабыс формуласының ерекшеліктері

Композицияны сипаттайтын өнертабыс формуласына оған кіретін ингредиенттер және қажет болған жағдайларда ингредиенттердің сандық мазмұнына жататын белгілер енгізіледі.

Егер композицияны сипаттайтын формуланың ингредиенттердің сандық мазмұнына жататын белгілері болса, онда олар мазмұнның (төменгі және жоғарғы) ең аз және ең көп шегін сипаттайтын кез келген бір маңызды, әдетте, екі маңызды бірлікте көрінеді.

Композиция ингредиенттерінің бірінің мазмұны бір маңызда көрсетілуіне болады, ал қалған ингредиенттер мазмұны – осы жалғыз маңызды хақындағы маңыздылар аралығы түрінде көрінеді (мысалы, ингредиенттер мазмұны композицияның негізгі ингредиентіне 100 мас.с. немесе ерітіндінің 1л. келтіріледі).

Егер композицияға жататын өнертабыс қосымша ингредиент енгізілуімен сипатталса, формулаға тиісті ерекшелік белгілерінің алдынан «қосымша болады» деген сөз тіркесі енгізіледі.

Мақсаты белсенді бастаумен айқындалатын, ал басқа компонеттері осы мақсаттағы композицияларда дәстүрлі қолданылатын шеңбердің бейтарап тасығыштары болып табылатын композициялар үшін формулада тек осы белсенді бастау және композиция құрамындағы оның сандық мазмұны, оның ішінде «тиімді саны» нысанында көрсетуге болады.

Мұндай композиция сипатының басқа нұсқасында белсенді бастаудан өзге, «мақсаттық қосымша» жиынтықты ұғымы нысанында басқа компоненттер көрсетілуі мүмкін. Мұндай жағдайда белсенді бастау мен мақсаттық қосымшаның сандық қатынасы көрсетіледі.

Егер өнертабыс белгісі ретінде күрделі құрамды белгілі зат көрсетілсе, оның арнаулы атауын функциясын немесе осы заттың қасиетін және оның негізін көрсетіп пайдалануға жол беріледі. Мұндай жағдайда өнертабыс сипаттамасына осы зат сипатталған ақпарат көзі келтіріледі.



Тапсырма:

Оқытушымен берілген тапсырма бойынша өнертабыс формуласын құру.


12 тәжірибелік сабақ (2 сағат)

Тақырыбы: Өнертабыс сипаттамасын құру

Материалдық қамтамасыз ету:

1. Қазақстан Республикасының инновациялық патент және патентпен қорғалатын өнертабыстың анықтамасы

2. ССРО авторлық куәлігімен қорғалатын өнертабыстың анықтамасы

3. «Өнертабысқа инновациялық патент және патент беруге өтініш құрастыру, беру және құрау жөніндегі нұсқаулық» мәтіні



Әдістемелік нұсқау:

Өнертабыс сипаттамасының құрылымы

Өнертабыс сипаттамасы өнертабысты жүзеге асыру үшін толық, жеткілікті түрде ашылуға тиіс.

Сипаттама өнертабыс атауынан (өтінім берілген өнертабыс қатысты болатын халықаралық патент топтамасының (бұдан әрі ХПК) қазіргі редакциясының рубрикасы белгілі болған жағдайда - осы рубрика индексінен) басталады және келесі бөлімдерді қамтиді:

- өнертабыс қатысты болатын техника саласы;

- техника деңгейі;

- өнертабыстың мәні;

- сызба сұлбалар тізімі және өзге материалдар (егер олар тіркелсе);

- өнертабысты жүзеге асыру мүмкіндігін растайтын мәліметтер.

Өнертабыстың атауы

Өнертабыс атауы әдетте, оның мақсатын сипаттайды және бірлік санымен мазмұндалады.

Мұндай жағдайларда:

- бірлік санымен қолданылмайтын атауларда;

- ортақ құрылымдық формуламен қамтылатын химиялық қосылыстарға жататын өнертабыстар атауларында басқаша болады.

Сипаттама бөлімдерінің мазмұны



Өнертабысқа қатысты техника саласы

Бұл бөлімде өнертабысты қолдану саласы көрсетіледі. Егер мұндай салалар бірнеше болса, ерекшелендіретін саласын көрсетеді.

Техника деңгейі

Бұл бөлімде мәнді белгілерінің жиынтығы жөнінен өнертабысқа неғұрлым жақын баламасын (прототип) бөліп ала отырып, өтінімшіге белгілі өнертабыс баламалары туралы мәліметтер келтіріледі.

Өнертабыс баламасы ретінде өнертабыстың мәнді белгілерінің жиынтығына ұқсас белгілер жиынтығымен сипатталатын өнертабыс басымдағы күніне дейін көпшілікке танымал мәліметтерден белгілі сол мақсаттың амалы көрсетіледі.

Әрбір баламаны сипаттау кезінде өтінім берілген өнертабыстың мәнді белгілеріне ұқсас келетіндерді бөліп ала отырып, баламаны сипаттайтын белгілерді, оның ашылған ақпарат көзіндегі библиографиялық мәліметтер келтіріледі, сондай-ақ талап етілетін техникалық нәтижелер алуға кедергі келтіретін өтінімшіге белгілі себептер көрсетіледі.

Өнертабыстың мәні

Өнертабыстың мәні өнертабыстың техникалық нәтижесін қамтамасыз етуге жеткілікті маңызды белгілер жиынтығында көрінеді. Егер олар қол жеткізілетін техникалық нәтижеге ықпалын тигізсе, яғни көрсетілген нәтижемен себеп-салдары байланыста болса белгілер маңызды белгілерге жатқызылады.

Бұл бөлімде өнертабысты жүзеге асыру кезінде алынуы мүмкін техникалық нәтижесі көрсетіліп, шешімі өтінім берілген өнертабысқа бағытталған міндет тыңғылықты ашылады.

Өнертабысты сипаттайтын барлық маңызды белгілер келтіріледі, неғұрлым жақын баламаның айырықша ерекшеліктері айқындалады, мұндайда сұралған құқықтық қорғау көлемі таралатын барлық жағдайда техникалық нәтижесін алуды қамтамасыз ететін белгілер жиынтығы және өнертабысты тек жекелеген жағдайларда сипаттайтын, нақтылы орындау нысандарында немесе оны пайдаланудың ерекше жағдайларындағы белгілері көрсетіледі.

Техникалық нәтиже өнертабысты жүзеге асыру кезінде немесе іске асыратын құралдар пайдалануда алынуы мүмкін техникалық тиімділік, қасиет, құбылыс және т.б. сипатын білдіреді.

Техникалық нәтиже, атап айтқанда, мысалы, айналыс сәтін азайту, үйкеліс коэффициентін төмендету, сыналып қалудың алдын алу, теңселуді төмендету, ісікке қарсы белсенділікті арттыру, дәрілік препарат әрекетін жою, құю құрылымы кемшілігін болдырмау, жұмыс органының ортамен байланысын жақсарту, сұйықтықтың сіңуін төмендету, ылғалдануын жақсарту, жарылуының алдын алу және т.б. байқалуы мүмкін. Сызбалар және өзгеде материалдардағы сұлбалар тізбесі

Сипаттаманың бұл бөлімінде сұлбалар тізбесі және олардың әрқайсысында не бейнеленгеніне қысқаша көрсеткіш келтіреді.

Егер өнертабыс мәнін түсіндіретін өзге материалдар ұсынылса, олардың мазмұндарына қысқаша түсінік келтіріледі.

Өнертабысты жүзеге асыру мүмкіндігін растайтын мәліметтер

Бұл бөлімде өтінімші көрсеткен бағытта іске асырумен өнертабысты жүзеге асыру мүмкіндігі және «Өнертабыстың мәні» бөлімінде көрсетілген техникалық нәтиже алу мүмкіндігі көрсетіледі.

Құрылғыға қатысты өнертабыс үшін бұл бөлімде құрылғыға жататын өнертабысқа сызба сұлбаларына сілтемемен оның конструкциясының (статикалық жағдайда) сипаттамасы келтіріледі. Сипаттамадағы құрылымдық элементтердің цифрлық белгісі олардың сызба сұлбаларындағы толық көлеміндегі цифрлық белгілеріне сәйкес келуге тиіс.

Құрылғы конструкциясы сипаттамасынан кейін оның әрекеті немесе сызба сұлбаларына сілтемемен пайдаланылу тәсілі сипатталады, қажет болған жағдайларда өзге де түсіндіруші материалдары (эпюра, уақыт диаграммалары және т.б.) келтіріледі.

Тәсілге жататын өнертабыстар үшін мысалдарда материалдық объектіге әрекет тіркестігі (әдістер, операциялар), сондай-ақ әрекет өткізу жағдайы, нақты режимдер (температура, қысым және т.б.), егер бұл қажет болса мұндайда пайдаланылатын құрылғы, заттар және тектер көрсетіледі. Егер тәсіл басымдық күніне дейінге белгілі құралдарды (құрылғы, заттар және тектер) пайдаланумен сипатталса, осы құралдарды көрсету жеткілікті. Белгісіз құралдарды пайдалану кезінде олардың сипаты келтіріледі және қажетті жағдайларда графикалық кескіндемесе тіркеледі.

Тәсілде жаңа заттарды пайдалану кезінде оларды алу тәсілі айқындалады.

Егер өнертабыс композицияға (қоспа, ерітінді, балқыма, шыны және т.б.) жататын болса оның композициялық құрамына кіретін ингредиенттер, олардың сипаты және сандық қатынасы көрсетілген мысалдар келтіріледі. Композиция алу тәсілі сипатталады, егер ол ингредиент ретінде жаңа затқа иеленсе, оны алудың тәсілі сипатталады.

Келтірілген мысалдарда әрбір ингредиенттің мазмұны өнертабыстың аралық маңызды формуласында көрсетілген шегінде болады (өнертабыс формуласындағы ингредиенттердің сандық қатынасы процентінде (масса немесе көлемі жөнінде) мысалда көрсетілген барлық ингредиенттердің жиынтық мазмұны 100%-ке теңеледі).



Тапсырма:

1. «Материалдық қамтамасыз ету» бөлімінде берілген материалдар бойынша өнертабыс сипаттамасының құрылымын меңгеру.

2. Алдыңғы практикалық жұмыс материалдары бойынша өнертабыс сипаттамасын құру.
13 тәжірибелік сабақ (2 сағат)

Тақырыбы: Өнертабысқа өтініш материалдарын жинақтау

Материлдық қамтамасыз ету:

1. «Өнертабысқа алдын ала патент беруге өтінім және пайдалы модельге патент беруге өтінім құрастыру, беру және қарау жөніндегі нұсқаулық» мәтіні



Әдістемелік нұсқаулар:

Сызбалар және өзге де материалдар

Сызбалар және өзге түсіндіруші материалдар егер олар өнертабыс мәнін түсіну үшін қажет болған жағдайда ұсынылады.

Түсіндіруші материалдар графикалық кескіндемелер (тәсім, сурет, график, эпюр, осциллограмма және т.б.), фотосуреттер және кестелер түрінде ресімделуі мүмкін.

Суреттер өнертабысты сызбалар немесе тәсімдермен бейнелеу мүмкін болмаған жағдайларда ұсынылады.

Фотосуреттер графикалық кескіндемелерге қосымша ретінде ұсынылады. Төтенше жағдайларда, мысалы, хирургиялық операциялар жасау кезендерін бейнелеу үшін фотосуреттер түсіндіруші материалдардың негізгі түрі ретінде ұсынылуы мүмкін.

Сызбалар, тәсімдер және суреттер жеке (жекелеген) парақта ұсынылып, оң жақ жоғарғы бұрышында өнертабыстың атауы келтіріледі.

Ұсынылған сызбалар мен өзге де материалдар сипаттама мәтінімен келістірілуге тиіс. Сызбалардағы барлық мәндерге сипаттамада сілтеме болуы тиіс.

Реферат

Реферат өнертабыс туралы қысқаша ақпарат ұсынады, яғни өнертабыс туралы ақпарат мақсаттары үшін қызмет етеді және атауы, өнертабыс жататын техника саласына сипаттамасы енетін, өнертабыс сипаттамамасының қысқаша баяндалған мазмұнын құрайды және/немесе егер бұл атауынан анық болмаса, қолдану саласы, қол жеткен техникалық деңгейі көрсетілген мәнінің сипаттамасы кіреді. Өнертабыс мәні рефератта әрбір тәуелсіз тармағының барлық маңызды белгілері сақтала отырып, формула еркін баяндалуымен сипатталады.

Қажет болған жағдайларда рефератқа сызба немесе химиялық формула кіреді. Рефератқа кірген сызба сипаттамада көрсетілген сызбалардың бір сұлбасымен ұқсас болған жағдайда реферат мәтіні сияқты дана санымен жеке парақта тапсырылады.

Рефератта қосымша мәліметтері болуы мүмкін, атап айтқанда, формуланың тәуелді тармақтарының бар жоғы мен саны, графикалық кескіндемелер, кестелер.

Реферат мәтінінің көлемі 1000 баспа таңбаға дейін болуға тиіс.

Тапсырма:

Алдыңғы практикалық жұмыс материалдары бойынша өнертабысқа өтінім беруге барлық құжаттарды дайындау.


№ 14 тәжірибелік сабақ (2 сағат)

Тақырыбы: Лицензияланған компания схемасын меңгеру

Материалдық қамтамасыз ету:

1. Практикалық сабаққа аранлған әдістемелік нұсқау.

2. Қазақстан Республикасының Патент Заңы.

Әдістемелік нұсқау:

Патентиеленуші өнеркәсіптік меншік объектісін өз қалауы бойынша қолдануға ерекше құқыққа ие.

Қорғауға алынған өнеркәсіптік меншік объектісі кіретін өнімді жасау, пайдалану, енгізу, сатуға ұсыну, басқа жолмен азаматтық айланысқа енгізу немесе осындай мақсаттарда сақтау, сонымен қатар қорғалатын әдісті пайдалару өнеркәсіптік меншік объектісін қолдану деп аталады.

Кез келген патентиеленуші болып табылмайтын тұлға қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектісін қолдану үшін лицензиялық келісім негізінде патент иеленушінің рұқсатын алу арқылы қолдана алады.

Лицензиялық келісім бойынша лицензиардың (лицензияны сатушы) шығындарын лицензиатпен (лицензияны сатып алушы) орнын өтелуі қарастырылады.

Лицензияланған келісім патенттік ведомствода тіркелуі қажет.

Лизцензиялық келісім деп ғылыми техникалық білім иесінің (лицензиар) өз контрагентіне (лицензиатқа) лицензия-рұқсат беру келісімін айтады. Лицензиялық келісімде лицензиардың ерекше құқығын лецензиатпен қолдану көлемі және мерзімі шектеледі.

Лицензияның тақырыбы болып өнертабысқа, өнеркәсіптік меншіктің басқа түрлеріне, ноу-хауға құқық табылады.

Лицензияның объектісі болып техника объектісі (технология) табылады.

Лицензиялық келісімде ноу-хау ретінде көбінесе коммерциялық сипатты кондиденциалды мәлімет алынады. Кейде ноу-хау деп басқару немесе ұйымдастырушы сипаттағы мәліметтер алынады.

Лицензиялық келісімнің басқа келісімдерден айырықша негізгі ерекшеліктері балып табылады:

1. Лицензияны сатушы - лицензиярдың келісім затына меншік құқығын сақтап қалуы;

2. Лицензиялық келісімнің мерзімдік сипаты;

3. Лицензиялық келісім әрекетінің аумақтық сипаты;

4. Лицензияны сатушы мен сатып алушы арасындағы есептесудің ерекшелігі;

5. Лицензиялық келісімнің ноу-хауға жасалуы;

6. Лицензиялық келісім объектісін жақсарту бойынша ғылыми- техникалық жетістіктермен өзара алмасу.

Лицензиялық келісім ұзақ ғылыми-техникалық қарым-қатынастық туралы келісім болып табылады.

Лицензиялық келісімнің мынадай түрлері кездеседі:

- қарапайым лицензия;

- ерекше лицензия;

- толық лицензия;

- сублицензия.

Әртүрлі лицензиялық келісімдер арасындағы айырмашылық лицензиардың лицензиатқа берген құқықтың көлеміне байланысты.

Қарапайым лицензия келісімі бойынша лицензиар лицензиатқа келісімде көрсетілген көлемде келісім объектісін қолдануға ерекше құқығын берумен қатар келісім объектісін өзі қолдану құқығын және үшінші жаққа лицензия беру құқығын қалтырып береді.

Ерекше лицензия келісімі бойынша лицензиар лицензиатқа келісімде көрсетілген шекте лицензия объектісін қолдануға ерекше құқық береді. Лицензиялық келісімнің күшінде болу аумағында лицензиар лицензия объектісін өз бетінше қолдан және үшінші жаққа лицензия беру құқығынаң айрылады. Бұл әрекеттерді лицензиар тек қана бірінші келесімді бұзбайтын жағдайда жүзеге асыра алады.

Толық лицензия келісімі бойынша лицензиар лицензия объектісін қолдануға өзінің ерекше құқығын лицензиатқа толығынан береді және лицензиялық келісімнің күшінде болу мерзімі ішінде өзі сол құқықтан айырылады. Бұндай жағдайда лицензиялық келісімнің күшінде болу мерзімі патенттің күшінде болу мерзімінен аспайды немесе оған тең болады. Лицензиялық келісімге отыру бұл жерде патентті сату мен бірдей болады.

Сублицензия болып өнеркәсіптік меншік объектісінің иесі беретін емес, толық немесе шексіз лицензия бойынша лицензиат беретін лицензия болып табылады. Сублицензия берілетін құқықтың көлемі бойынша қарапайым лицензия болып табылады.

Лицензиялық (негізгі) келісімге отыру алдында опциялық (алдын ала) келісім жасалады.

Лицензиялық кампанияны жүргізу кестесі

1. Лицензия объектісін айқындау. Жарнама – техникалық іс-әрекеттер жүргізу.

2. Маркентинг зерттеулерін жүргізу. Жарнамалық кампания жүргізу.

3. Лицензияны сатып алушыны табу.

4. Лицензиялық келісімге қатысатын жақтарды және олардың өкілдерін айқындау.

5. Лицензияны сатып алушы мен сатушының қызығушылығын белгілеу. Хаттама толдтыру.

6. Опциялық келісім шартты дайындау.

7. Опциялық келісім шартқа қол қою.

8. Опциялық келісімнің шарттарының лицензиар мен лицензиатпен орындалуы.

9. Лицензиялық келісім шарттың жобасын дайындау.

10. Лицензияның бағасын есептеу.

11. Лицензиялық келісімге қол қою .

12. Лицензиялық келісімді тіркеу үшін патенттік төлемдерді өтеу.

13. Лицензиялық келісімді патенттік ведомствода тіркеу.

14. Лицензиар мен лицензиатпен лицензиялық келісім шарттарының орындалуы.

Тапсырма:

«Материалдық қамтамасыз ету» бөліміндегі көрсетілген құжаттар бойынша лицензиялау кампаниясын жүргізу кестесін ұғынып, оны жұмыс дәптеріне жазу.

15 тәжірибелік сабақ (2 сағат)

Тақырыбы: Лицензияланған келісім шартты меңгеру

Материалдық қамтамасыз ету:

1. Тәжірибелік жұмыстарды орындау туралы әдістемелік нұсқаулар.

2. Қазақстан Республикасының патент Заңы.

Әдістемелік нұсқау:

Лицензияланған келісім тек жеке болады. Ол жазылған күйінде көбінесе қорытындыланады және контрагент елдерінде ішікі сауда операциялары мен лицензияланған құқықтық қатынастарды реттейтін нормативтік актілерге сәйкес рәсімделеді. Лицензияланған келісім шарт рөлі әсіресе ерекше. Дұрыс лицензяланған келісімнің мазмұнына байланысты оның орындалуы жақсарады, яғни, нақты лицензияланған келісімнің тиімділігі жоғарлайды.

Лицензияның халықаралық сауда тәжірбиесінде лицензияланған келісім шарттарына, мазмұнына, формасына белгілі бір талаптар бар.

Лицензияланған келісімнің контрагенттері үшін оның жеке мағыналары мен жағдайлары дұрыс талқылаудың үлкен мәні бар. Лицензияланған келісімнің әрекет ету жүйелігінде мүмкін болатын дауларды болдырмау үшін, контрагенттер онда қолданылатын ұғымдарды нақтылап, екі ұғымды сөз болмайтындай қылып анықтама береді.

Лицензияның халықаралық сауда тәжірбиесінде шексіз құқық ноу- хауға қатысты қолданылады. Сонда лицензиар басқа лицензиатқа келісіммен берілген территорияда ноу-хауды қолдануға аналогиялық құқықтарды бермейді. Себебі ноу-хау патентпен қорғалмайды, лицензиар лицензиатқа шексіз қолдануды кепілдік бере алмайды, тек жеке жарияламауды кепілдік етеді. Бір мезгілде ол лицензиат ноу-хаудың конфиденциалдылығын кепілдік етіп, тек қана өндірістік қызметті іске асыруға қажет ететіндер ғана таныстыруды талап етеді.

Лицензияланған келісімнің шарттары жақтардың міндеттері мен құқықтарын анықтайды, лицензиар мен лицензиаттардың мақсаттарын көрсетеді. Лицензиардың негізгі міндеті өз уақытында барлық қажетті материалдарды беріп, лицензиатқа өндірісті жақсартуда көмек көрсету, мамандарды оқыту, лицензия бойынша өнімді шығару және лицензияны неғұрлым тиімділігін қолдануда көмек көрсету. Лицензиат осы кезде келісіммен бекітілген мерзімде өнеркәсіптік өндірісті жеңілдетіп, лицензия бойынша өнімді тапсыру және келісіммен бекітілген төлемдерді лицензиармен төлеу міндетті болады.

Лицензиялық тәуекел лицензиарға поушальды төлем-қатты сомма түрінде бір уақытта берілетін немесе 2-3 қабылдауда төленеді және де роялти түрінде-лицензияланған келісімнің әрекеті мерзіміндегі жиілікті пайыздық төлеу төленеді. Ақырғы жағдайда лицензиарға төленетің төлем мөлшерін өнім бірлігінен сату мөлшерін пайыз түрінде немесе оның бағасынан пайыз мөлшерінде тіркелген төлем түрінде бекітіледі.

Лицензияланған төлем тек қана ақша күйінде ғана төлембей, шикізат пен басқа тауарлардың лицензия бойынша өнімді жеткізу түрінде де төленеді келісімді міндетті түрде лицензияланған төлемдердің төлеу түрі көрсетіледі.

Негізінде ғылыми техникалық жетістіктердің құны, бағасы жататын, тауарлардың құнына қарағанда қолдануға құқық лицензия бойынша беріледі және оны қолдануда пайда болатын пайда мөлшеріне тәуелді болады. Бірақ лицензияланған төлем мөлшері лицензиаттың пайда мөлшері мен анықталмайды. Лицензиат пен лицензиар арасында пайданы бөлу реализацияланған және шығарылған өнім бағасынан лицензиармен белгілі бір процент белгіленіп төленеді.

Сол кезде лицензиардың мөлшері барлық пайдадан бөлінбей, тек лицензия қолданған бөлігінен ғана бөлініп төленеді.

Лицензия құның есептегенде әдетте өндірістің белгісіз көрсеткіштерінің бағалау әдісі қолданылады және елімізде осы салада белгіленген бағалардың құны негізінде есептейді.

Лицензия құны – лицензиаттың пайдасындағы лицензия объектісін қолдану нәтижесінде алынатын лицензиардың төлем мөлшері.

Пайданың мөлшерін есептеу үшін лицензиат лицензияланатын өнім бойынша өндіріс шығындарының нақты соммасын есептеп және өнім бірлігінің өз бағасын анықтау. Пайда сатылатын баға мен өнімнің өз бағасының айырмасымен анықталады.

Лицензиар үшін бұл әдіс қолайсыз, себебі өндірістің шығындары туралы мәләмет – кәсіпкердің құпиясы. Лицензия құнын бағалаудың бұл түрі лицензияны сатып алушы үшін жаңа тауарды шығаруды жоспарлағанда қолайсыз болады. Бұл кезде лицензияның төлем бағасын анықтау үшін сол салады қабылданған релизациялық бағаның жуық шамалы құрылымының негізінде өндірістік өндірудің белгісіз көрсеткіштерін анықтау әдісі қолданылады.

Бірақ тәжірбиеде көп жағдайларда лицензиармен есептеу үшін ағымды төлемдер түрі – роялти қолданылады. Бұл жағдайда ең негізгі сұрақ болып роялтидің әділ мөлшерін анықтау табылады.

Лицензияланған келісім-шарттың құрылымы:

Преамбула


  1. Терминдердің анықтамасы.

  2. Келісім заты.

  3. Техникалық құжаттама.

  4. Жетілдірулер мен жақсартулар.

  5. Міндеттер мен жауаптылық.

  6. Лицензия бойынша өнімді меңгеруде техникалық көмек.

  7. Төлемдер.

  8. Ақпарат және есеп берушілік.

  9. Конфенденциалдықты қамтамасыз ету.

  10. Берілетін құқықты қорғау.

  11. Жарнама.

  12. Дауларды шешу.

  13. Келісім шарттың күшінің мерзімі.

  14. Басқа шарттар. Жақтардың заңды мекен жайлары мен реквизиттері. Қосымшалар.

Тапсырма:

1. «Материалдық қамтамасыз ету» бөлімінде берілген құжаттардағы өндірістік меншік объектілеріне құқық беру сұрақтарына негізделген бөлімдерді оқу.

2. Жұмыс дәптерінде лицензияланған келісім шарттың құрылысы мен құрылымын жазу.
3 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

3.1 Курс бойынша өзіндік жұмысты келесі тәртіпте жүргізіп тұруы қажет. Курстың әрбір тақырыбы бойынша ұсынылатын әдебиетті оқып, теориясына көп тоқталмай, оқылатын сұрақтардың мәніне ғана тоқталып, түсініксіз жерлерін белгілеу керек.

Содан кейін материалды мұқиятты түрде игеру қажет, яғни теориялық ережелерді, керекті негізгі мәліметтерді арнайы дәптерге жазып тұрады.

Курсты оқу барысында студент СӨЖО мен СӨЖ реферат немесе үй тапсырмасы түрінде орындайды, оның басты мақсаты өткен тақырыпты толық меңгеру үшін.

Студенттердің өзіндік жұмысы тақырыптарының тізімі:

1 Өнеркәсіптік меншік объектілері

2 «Интегралдық микросхемаларды қорғау туралы» ҚР Заңы

3 Тауар белгісін тіркеу тәртібі

4 Бүкіләлемдік интеллектуалдық меншік Ұйымы (құрылымы және функциялары)

5 ҚР Патенттік ведомствосының патенттік бюллетені

6 «Кейіннен сараптау» патенттеу жүйесі

7 Әртүрлі елдердің (вариант бойынша) өнертабыстарды классификациялау жүйелері

8 Берілген тапсырма бойынша патенттік зертеулер жүргізу

9 Әртүрлі елдердің (вариант бойынша) өнертабыстарды патенттеу жүйелері

3.2 Оқу - әдістемелік әдебиеттердің тізімі:

1 Патентное право: Сборник нормативно-правовых актов// Составитель Т.Е. Каудыров, Э.З. Фаизова .- Алматы: Жетi-Жарғы. 1996

2 Каудыров Т.Е. Право интеллектуальной собственности в Республике Казахстан .- Алматы: Жетi-Жаргы. 1999

3 Патентоведение. Учебник для вузов. / Под ред. В.А. Рясенцева. - З-е изд., перераб. и доп. - М.: Машиностроение , 1984. -352 с.

4 Патентное законодательство зарубежных стран. В 2-х т. : Переводы /

Сост. Н.К. Финкель. М.: Прогресс. 1987. .- Т.1 - 656 с., Т.2 - 526 с.

5 Журнал "Патенты и лицензии" 1997 - 1999 г.г.(по номерам)

6 ҚР патент заңы (1999 жылдың 16 шілдесінде қабылданды)

7 «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР заңы (1996 жылдың 10 маусымында қабылданды)

8 «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР заңы (1999 жылдың 26 шілдесінде қабылданды)



9 МЕСТ Р 15.011-96 «Патенттік зерттеулер. Өткізу тәртібі мен мазмұны»




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет