Ж. (№1 хаттама) кеңейтілген Ғылыми Кеңес



жүктеу 0.49 Mb.
бет1/4
Дата25.02.2016
өлшемі0.49 Mb.
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

27.08.2011 ж. (№ 1 хаттама)

кеңейтілген Ғылыми Кеңес

мәжілісінің материалдары

Қарағанды, 2011

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

Ғылыми кеңесінің

КҮН ТӘРТІБІ
Қарағанды қ. 27 тамыз 2011 ж.

1. 2011-2012 оқу жылында Университет ұжымының стратегиялық міндеттері туралы;

Баяндамашы: Ғазалиев А.М., ҚарМТУ ректоры.


2. 2011-2012 жаңа оқу жылына кафедралардың дайындығы туралы;

Баяндамашы: Портнов В.С., ОПҰД директоры.


3. Әр түрлі

Ғылыми кеңес төрағасы А.М. Ғазалиев
Ғылыми хатшы С.Қ. Қабиева

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті Ғылыми Кеңесінің ШЕШІМІ
Қарағанды қ. № 1 27 тамыз 2011 ж.

«2011-2012 оқу жылында Университет

ұжымының стратегиялық міндеттері туралы»

сұрағы бойынша тыңдалды:
ҚарМТУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтің «2011-2012 оқу жылындағы Университет ұжымының стратегиялық міндеттері туралы» баяндамасын тыңдап және талқылап, Ғылыми кеңес атап айтады:

Алдағы жылдарда Қазақстан инновациялық саясат саласында тарихи ауқымдағы серпілісті іске асыруы керек. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің 13.05.2011ж. «Инновациялық Қазақстан – 2020» Форумында сөйлеген сөзінде «2020 жылға қарай Қазақстан инновациялық типтегі жұмыс істейтін мемлекеттің барлық белгілері мен атрибуттарына ие болуы керек» деп атап өтті.

Жаһандану жағдайында қазіргі заманда елдің орны адами капиталдың сапасымен, ғылымның, білімнің және өндірістің жағдайымен және инновациялық бағытталуымен анықталады. Оларға көбінесе мемлекеттің бәсекеге қабілетті артықшылығын қамтамасыз ететін инновациялық даму моделінің тиімділігі тәуелді.

Инновациялық мемлекеттің басты элементі университеттік ғылым болып табылады. Басым салаларды дамыту бойынша нақты ғылыми-технологиялық міндеттерді шешуге бағытталған қалыптасып келе жатқан ұлттық инновациялық жүйеге үйлесуі керек.

Бұл жүйнеің ядросы «Назарбаев Университеті» болып табылады, оның базасында елдегі алдыңғы қатарлы университеттермен бірлесіп зерттеу орталықтары, ұлттық зертханалар, инжинирингтік және жобалық-конструкторлық бюро желісі құрылады.



2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасының мақсаты білім берудің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, экономиканың тұрақты өсуі үшін сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету жолымен адами капиталды дамыту болып табылады.

Бұл елде жоғары техникалық білімді дамыту бойынша келесі негізгі міндеттерді анықтайды:



  • Еуропалық жоғары білім зонасына шоғырлану үшін Болон процесінің параметрлеріне сәйкес мазмұны мен құрылымын келтіру;

  • Ғылыммен және өндіріспен шоғырландыру, зияткерлік меншіктілік және технологиялар өнімдерін коммерциаландыру үшін жағдай жасау;

  • Елдің индустриалық-инновациялық даму қажеттіліктеріне сәйкес жоғары және ЖОО кейінгі білімді кадрлармен қамтамасыз ету;

  • ГПФИИР үшін жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау;

  • Жастарға патриоттық тәрбие беру, болашақ мамандардың азаматтық белсенділіктерін және әлеуметтік жауапкершіліктерін қалыптастыру;

  • Барлық бөмір барысында білім алу үшін жағдайлар жасау;

  • Ең үздік әлем университеттерінің рейтингісіне кіру.

ГПФИИР мақсаттарына жету үшін Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату және диверсификациясын қамтамасыз ету бойынша жоғары мектеп келесілерді қамтамасыз етуі керек:

  • бәсекеге қабілетті кәсіби каддрларды даярлауды;

  • НИОКР өткізудің ең үздік халықаралық тәжірибелерін пайдаланумен ғылыми зерттеулердің сапасын жоғарылату;

  • Технопарктер, бизнес-инкубаторлар, инженерлік бейіндегі зертханалар жанында тәжірибелік-өндірістік аудандарды құру және дамыту;

  • НИОКР бағыттарын қолданыстағы өндірістердің қажеттіліктеріне бағыттау.

ҚР Президентінің Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанды инновациялық типтегі мемлекет етіп қайта құру бойынша бағдарламалық тапсырмаларын, сонымен қатар, білім беруді және елдің басым салаларын жаңарту бойынша бағдарламалық құжаттарда қойылған міндеттерді орындау мақсатында, 29 маусымда болған Ғылыми кеңесте 2011-2012 оқу жылына арналған ҚарМТУ инновациялық даму стратегиясы бекітілді.

Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасының мақсаттық индикаторлары бойынша талап етілетін көрсеткіштерге Университет қол жеткізді.



Сонымен, әлемдік WEB-метрикалық рейтинг нәтижелері бойынша ҚарМТУ 5000 әлем университеттерінің қатарына кірді (қалған қазақстандық ЖОО-лар өте төмен орындарға ие болды).

Университет инновациялық қызметін білім мен ғылымның отандық ғылыми зерттеулерді өндіріске енгізу негізінде шоғырландыру жолымен іске асырады. ҚР Б және ҒМ сарапшыларының бағасы бойынша ҚарМТУ кейінгі 3 жыл ішінде ғылыми және инжинирингтік әзірлемелерді коммерциаландыру көлемі бойынша ЖОО арасында бірінші орын алды.

Сонымен қатар, қазіргі таңда штаттық ПОҚ барлығы 6% ғана импакт-факторымен ғылыми журнадарда жарияланымдары бар (2015ж. - 2%, 2020ж. - 5%).

Бірқатар кафедралар 2010-2011 оқу жылына арналған импакт-факторымен мақалаларды жариялаудың Күнтізбелік жоспарды орындаған жоқ (№8 слайдқа қараңыз). Осыған орай, сомалық импакт-фактор бойынша біздің ЖОО ұлттық және тіпті жеке аймақтық университеттерден артта қалуда.

ЖОО ақпараттық-білім беру ортасы қарқынды дамуда, және ПОҚ және білім алушыларды кең жолақты Интернетке 20 Мбит/сек өткізу қабілетімен қосылу (2015ж. қарай 4 бастап 10 Мбит/сек индикаторы кезінде) мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 2015 жылға қарай ҚарМТУ-дың бейнетелефония және бірыңғай IP-телеарна жүйесін енгізу аяқталады, Интернет жаһандық желісіне шығу жылдамдығы 45-50 Мбит/с жетеді.

Білім алушылардың саны 1 компьютерге биыл 2015 ж. 15:5 белгіленген параметріне қарсы 1:2 құрады. 2015 ж. қарай біз 1:1,5 параметріне жығуымыз керек.

Сонымен қатар, жарамсыз баяу қарқындармен АРМ кешенін коммерциаландыруға жеткізу және дайындық іске асырылады.

Сонымен қатар, Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасының көптеген басқа маңызды индикаторлары бойынша үлкен проблемалар бар.

Университеттің дамыған ақпараттық-білім беру ортасының бар екендігіне қарамастан көптеген оқытушылар оның мүмкіндіктерін жеткіліксіз тиімді қолданбайды. АКТ-сертификатталған ПӨҚ олардың жалпы санына қатынасы 60 % (2015ж. қарай 90% болуы керек). Тек қана ПОҚ 20% АКТ оқу процесінде жүйелі түрде пайдаланады, қалғандары – жағдайдайға қарай немесе ашық сабақтарда ғана (индикатор 2015ж. - 90%).

Кафедраларда ЭОН қалыптастыру әлі жүйесіз іске асырылады. 6500 ЭОБ бар болуы барысында пәндер өте аз, олар электрондық ресурстардың барлық түрлерімен – бейнелекциялармен, электрондық оқулықтармен, слайд-лекциялармен, мультимедиялық тұсаукесерлермен және озық зертханалық кешендермен қамтамасыз етілген. Университетте 2500 60% элективті болып табылатын және жңартылып отыратын оқу пәндері бойынша оқыту іске асырылатынын ескере отырып, кафедраларға ЭОБ базасын қалыптастыру мен жаңарту бойынша болашақ жоспарды әзірлеу қажет.

Соның арасында жеке кафедралар (№10 слайдқа қараңыз) әлі күнге дейін 2010-2011 оқу жылына арналған ЭОБ әзірлемелерінің күнтізбелік жоспарын орындаған жоқ, яғни жаңа оқу жылына дайындықты үзді.

Жаңа оқу жылында инновациялық оқу-әдістемелік кешендер 100% жалпы білім беретін, 50% базалық және 30% бейінді пәндер бойынша әзірленіп, оқу процесіне енгізілуі керек. ЭОБ жалпы саны 7500 жетуі керек.

Оқу пәндерінің мазмұны зерттелетін салада инновациялық саясаттың, соның ішінде инновациялық әзірлеменің қазіргі жағдайы мен даму болашағын көрсетуі керек.

Сонымен қатар, Элективті пәндер каталогын қайта қарастыру кезінде Корпоративті Университет бойынша серіктестермен «Өнеркәсіптік маркетинг», «ҒЗЖ коммерциаландыру» және «Инновациялық жобаларды әзірлеу» өзекті курстарды келісу қажет.



Кітапханалық қорды 50 000 дана көлемінде жаңа әдебиетпен толықтыру керек. Электрондық кітапханада пәндер бойынша 100% оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді орналастыру керек. Күндізгі және аралық білім беру, сонымен қатар халықаралық білім беру бағдарламалары үшін 3 білім беру порталын іске қосу қажет.

Университеттің жетекші ғалымдарымен алдағы оқу жылында 6 жаңа буын оқулықтары дайындалуы және басылып шығуы керек, соның ішінде 2 – Корпоративті Университет кәсіпорындарының жетекші мамандарының қатысуымен, 50 оқу құралдары мен әдістемелік нұсқаулықтары мемлекеттік тілде.

Бакалавриат пен магистратураның (№12 слайдқа қараңыз) мамандықтарының бірқатары бойынша мемлкеттік тілдегі оқу-әдістемелік әдебиеттің нормативтік саны жоқ. Магистранттар мен PhD докторлардың қатысуымен жұмыстар жоқ.

Кафедраларға осы маңызды нормативтік көрсеткішке жету бойынша жұмысты жалғастыру қажет.

Ш. Құдайбердиев атындағы «Тілдердің үштұғырлығы» орталығымен, кафедралармен көп тілділік бағдарламасы бойынша ештене жасалмайды. Бакалавриат бойынша ГОСО-2011 негізгі ережелеріне сәйкес, көп тілділік бағдарламасының шеңберінде «Кәсіби қазақ (орыс) тілі» және «Кәсіби-бағытталған шетел тілі» міндетті пәндері әрқайсысы бойынша кемінде 2 кредит көлемінде алдын ала ескеріледі.

Мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру проблема болып қала береді. Мемлекеттік тілді дамыту бойынша комиссия жұмыс істемейді. Техникалық қазақ тілі бойынша ПОҚ сабақтардан басқа маңызды ештене жүргізілмейді.



Ағылшын тілін дамыту бағдарламасы жоқ. Ағылшын тобының бар екендігі және жұмысы істейтіндігі барлығына белгілі емес. Халықаралық аккредиттеуден өткен бес мамандық бойынша ағылшын тілінде сабақ өткізу болады, ал бірде-бір сабақ өткізілмеген. Ал жаңа оқу жылында тағы да үш мамандықты халықаралық аккредиттеуден өткізуге тура келеді.

2011ж. сәуір айында жаңа «Кредиттік оқыту технодлогиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережелері» бекітілді. Оқу процесін ұйымдастыру бойынша департаментіне ПОҚ және білім алушылар арасында жаңа регламентті талқылау және оқу процесіне оларды енгізу бойынша жүйелік жұмыс жүргізу қажет.

Швоев В.Ф. өмірден мезгілсіз кетуі ЖОО стратегиялық маңызды бөлімшелердің бастықтарына жас кадрларды даярлау мәселесінің тереңдігін көрсетті. Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлардың ескіруінің өте қиын деңгейіне байланысты креативті ойлайтын және педагогикалық қана емес, ұйымдастырушылық қызметінің, ғылыми әзірлемелерді коммерциалнадыру тәжірибесі бар жас кадрларды даярлау бағдарламасы талап етіледі.

ЖОО кейінгі білім бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін ұлғайтуға қол жеткізу қажет, яғни магистратурада және PhD докторантурада, соның ішінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша. Магистратураға мемлекеттік тапсырыс бакалавриатқа гранттардың санынан 8 % асады, әлемдік тәжірибеде   20% астам.

Сонымен қатар, магистратура бізде қиын жағдайда, ал PhD докторантура – тіпті ұрықталған күйде. Магистратураның 26 мамандығының ішінде 4 бойынша («Геодезия», «Картография», «Жылу энергетикасы» және «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамту») МЕСТ талаптарын бұзуға байланысты лицензия тоқтатылды. Осы себептен PhD докторантураның «Электроэнергетика» мамандығы бойынша лицензия тоқтатылды. PhD докторантураның 12 мамандығы бойынша ЖОО лицензия ала алмай жүргеніне екі жыл.

2010-2011 оқу жылында ҚарМТУ-да 219 магистрант оқыды (3% общего числа обучающихся на очном отделении при минимальном показателе 10%) и 7 докторантов (0,001% при требуемых 3%).

МІ және Г кафедрасының меңгерушісі Низаметдинов Ф.К., «Энергетика» – Таткеева Г.Г. (көрсетілген кезеңге) меңгерушілерінің осы стратегиялық маңызды жұмыс учаскесіне жауапсыз қарауы, 2011-2012 оқу жылында ЖОО құжаттардың сапасыз дайындалуынан магистратураның 26 мамандығының ішінде 16 бойынша ғана білім беру гранттарын алуға әкелді.

Кейінгі 3 жылдың ішіндегі талдау, магистратураның 234 түлегінің 44% кафедраларда ғана жұмыс істейтіндігін көрсетті. Сонымен, ғылыми-педагогикалық магистратурада дайындық 2 жыл, ал PhD докторантурада 3 жыл іске асырылады, ЖОО инновациялық дамуының шешуші бағыттарындағы 5-жылдық сәтсіздіктер жас ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлармен толығу арқылы жөнделеді.

2011-2012 оқу жылында шығарушы кафедраларға алыс және жақын шетел ЖОО кафедрааралық байланыстар негізінде жоғары және ЖОО кейінгі білімді мамандарды даярлауды алдын ала қарастыру қажет.

PhD 5 мамандығы - «Тау-кен ісі», «Машина жасау» және «Металлургия» бойынша диссертациялық кеңестердің ашылуына қол жеткізу қажет.

Корпоративті Университет ғылымға сыйымды өнім мен қызметтерді құру бағытында сапалы дамуға ие болуы керек. Кафедраларға кейін жұмысқа орналастырумен студенттердің практикадан өтуін ұйымдастыру, мақсаттық гранттар мен стипендияларды бөлу бойынша КУ кәсіпорындарымен жұмысты белсендетуі қажет.

Тағы да Орталық және Солтүстік Қазақстанның ғылыми-технологиялық және инновациялық саясатымен Университеттің байланысы, оның кен-металлургиялық кешеңін жаңарту мен сервистік салалардың ГМК байланысты инновациялық дамуы бойынша көп жұмыс істеу қажет.

Корпоративті Университет кәсіпорындарымен бірлесіп 2011-2012 оқу жылында Тәуелсіз кадрларды аттестаттау орталығын құру қажет. Шығарушы кафедраларға түлектердің кемінде 98 % бірінші реттен осы жұмыс берушілер қауымдастығында біліктіліктің тәуелсіз бағасын алды және ЖОО бітірген соң бірінші жылы жұмысқа орналасты.

Экономиканың индустриалық-инновациялық даму саласында қажет ннженерлік кадрларды даярлау үшін КУ кәсіпорындарында түлектердің машықтанудан өту барысында жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу қажет.



Бесінші буын 8 МЕСТ (МЕСТ-2011) және кәсіптік құзыреттігі негізінде 162 типтік оқу бағдарламаларын әзірлеуге КУ жетекші мамандарын жұмылдыру қажет. Жоғары және ЖОО кейінгі білім беру мамандықтары бойынша жаңартылатын құрамның үлесін 2011-2012 оқу жылында 20-дан 30 % дейін ұлғайту қажет.

2011-2012 оқу жылына қарай ЖОО-да біліктілікліктерін жоғарылатқан ТиПО жүйесіне арналған инженерлік-педагогикалық кадрлардың саны кемінде 300 адамды құруы керек.

Мамандарды даярлаудың сапасын жоғарылату және инновациялық зерттеулерді іске асыру үшін Университеттің оқу-зертханалық базасын толық жаңарту қажет, соның ішінде мемлекеттік жеке меншік серіктестік есебінен қаражатты жұмылдыру арқылы. Жаңа оқу жылында кемінде 70 % оқу-зертханалық базасы жаңартылуы керек.

1000 орынға арналған студенттік жатақхана құрылысына жобалық-сметалық құжаттаманың әзірленуін жылдамдату қажет.

Жоғары технологиялар зонасы құрылды. Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасымен алдын ала қарастырылған Дәнекерлеу орталығы құрылып бітті. Университеттік инновациялық ғылыми-техникалық кешенін дамыту жоспарына сәйкес ол 7 ҒЗИ бірі болды. «Қазақстандық дәнекерлеу институты» ҒЗИ құру Қазақстан Республикасының және Франция Республикасының президенттерінің 2010 жылғы бастамасы болды және біздің елде 2011 жылғы 17 шілдеде «Дүниежүзілік дәнекерлеу институты» беделді клубына мүше болуға мүмкіндік берді.

2014 жылға дейін көрсетілген Бағдарламаға сәйкес Жұмыс мамандықтары орталығы құрылуы керек.

Дәнекерлеу кафедрасын жабу және оны жаңа сапада қайта қалыптастыру тәжірибесі шығарушы кафедралар қызметінің мүлдем жаңа моделі туралы сұрақты өзекті етті. Шығарушы кафедра бұрынғы ұғымда 1-2 мамандыққа өсті және бірнеше он жылдықтар бойы материалдық-техникалық базаны және оларды даярлауға кадралрды қалыптастырып келді. Сонымен қатар, қазіргі өндіріс мүлдем басқа қарқындарды және мамандарды даярлау деңгейін талап етеді. Кафедра бұл жағдайларда сұранысты талқылай, жеткілікті қысқа мерзімде нақты ортада ұсыныстарды әзңрлеп, оны жүзеге асыра білетін бизнес-құрылымға айналуы керек. Алайда кафедралардың басым бөлігі бұған дайын емес, инерциямен қажет еме жартылай мамандарды басып шығарумен айналысады. Бұл құрылымның икемсіздігі сонша, тіпті мамандарға деген жоғары сұраныс оның жұмысының қалыптасқан жүйесін өзгертпейді. Мысалы – ТКШ саласы үшін мамандар даярлау. Бұл сала ведомстволық қарым-қатынастың үзілгендігі күшіне біртұтас тапсырыс беруші бола алмайтын көптеген кәсіпорындар мен мекемелерден тұрады. Олармен жұмыс істеудің орнына кафедра мемлекеттік тапсырысты тосуда. Ол пайда болған кезде кафедраға қажет кадрлық потенциалды және оқу-зертханалық базаны құру үшін бір жыл аз болады.

Осы жағдайларда жаңа шығарушы кафедраларды ашу қиындық тудырады және ол үшін салмақты негіз болуы керек. Елдің кен-металлургиялық кешені қазір геологиялық барлауды дамытуды қажет етеді, «Геология» мамандығы қайта талап етілетін болды. Жаңа пайдалы қазбалар кенорындарын геологиялық барлауға және игеруге қомақты қаражат салынады, жер қойнауын пайдаланудан кемінде 2% кіріс. Бірақ, бұл шығарушы кафедраның қызмет ету тиімділігі мәселесін шешпейді.

Университеттің еуропалық жоғары білім беру зонасына шоғырлануды қамтамасыз ету мақсатында мамандарды даярлаудың мазмұны мен құрылымын Болон процесінің параметрлеріне сәйкестендіру қажет.

Болон процесінің параметрлерін орындау басқару, қаржыландыру, білім берудің мазмұны, оқыту әдістері, студенттерге білім берудің сапасын бағалау сияқты білім беру саясатын әзірлеуге араластырылған әр түрлі құраушыларды жаңартуға кешенді тұрғыдан келуді білдіреді.

Сонымен, еуропалық жоғары білім беру моделінің академиялық еркіндіктің жеткіліксіз деңгейімен, сонымен қатар, кредиттік-модулдік оқыту жүйесін жүзеге асыруға толық мүмкіндік бермейтін МЕСТ жетілдірмеуімен байланысты қазақстандық ЖОО жағдайында бейімделуінің шынайы қиындықтарын ескеру қажет.

Болон процесімен ұсынылатын академиялық еркіндік деңгейіне жету үшін МЕСТ-2011 сәйкес білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнында таңдауы бойынша компоненті ұлғайтылатын болады: бакалавриатта 70% дейін, магистратурада 80% дейін, докторантурада 90 - 95% дейін;

Дүниежүзілік білім беру кеңістігіне шоғырландыру мақсатында академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша шығарушы кафедраларға шетелдік ЖОО-да 5% студенттің, 50% магистранттың және 100% докторанттың машықтанудан өтуін қамтамасыз ету қажет, соның ішінде Университетте 150 шетелдік студенттерге дейін оқитын болады.

Еңбек нарығының қажеттіліктеріне ЖОО икемді әсер ету механизмін енгізу мақсатында модулдік білім беру бағдарламаларын әзірлеуді бастау қажет. Білім беру бағдарламаларының модулдік принципке ауысу білім алушыладың талаптарына және еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес жеке-бағытталған мекемелер есебінен білім беру жүйесінің ең жоғары икемділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Басым бағыттар бойынша халықаралық білім беру мен ғылыми қызметті дамытуға кафедралардың, Университеттің ҒЗИ мен ғылыми-техникалық орталықтарының алдыңғы қатарлы шетелдік ғылыми және білім беру орталықтарымен Темпус, УШОС, Синергия, Эразмус Мундус, Институт Конфуция бағдарламалары мен жобалары бойынша жүйелік өзара қарым-қатынастарын реттеу.

ҚарМТУ базасында халықаралық ынтымақтастық бойынша Германиялық қоғамның жобасы шеңберінде биылғы жылы кәсіптік педагогика оқытушыларын даярлау және олардың біліктілігін жоғарылату бойынша Ұлттық желісін құру бойынша Ғарыштық орталық қызмет ете бастайды.

ҚарМТУ-да Болон процесін дамыту бойынша департаменті құрылған. Сонымен қатар, Департамент және шығарушы кафедралардың студенттердің, магистранттардың және ПОҚ академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру бойынша жұмысын күшейту қажет.

Корпоративті Университет бойынша серіктестермен бірлесіп жұмыс берушілер бірлестігімен жүйелік жұмыс жүргізілді:



  • ЖОО мамандықтарының шеңберінде біліктілік талаптарына сәйкес келетін кәсіптік стандарттарды әзірлеу бойынша ;

  • Мамандардың кәсіби дағдыларын және біліктіліктерінің сапасын тәуелсіз бағалау және сертификаттау жүйесін енгізу.

Республика ЖОО жіктеудің жаңа жүйесінде біз Зерттеу университетінің мәртебесін алуымыз және қолдауымыз керек.

Елбасының қойған Қазақстанды дамыту бойынша стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру үшін бізге білім беруді, ғылымды және өндірісті жоғары және ЖОО кейінгі білім берудің барлық деңгейлерінде шоғырлануын қамтамасыз ету, интеллектуалдық жеке меншік және технологияларды коммерциалнадыруға жағымды жағдайлар жасау қажет.

«Ұлттық инновациялық қор» АҚ шешімімен 2011 жылғы 8 шілдеде ҚарМТУ 9 базалық ғылыми мекемелер кірді, онда коммерциаландырудың пилоттық офистері құрылатын болады. 2011 жылғы 20 шілдеде ҚарМТУ үш инновациялық жобасы байқаудың екінші кезеңінен сәтті өтті.

Университет келесі инновациялық құрылымдарды құру және дамыту үшін базалық ЖОО болудың шынайы мүмкіндігіне ие:


  • «Энергетика», «Мұнай өңдеужәне мұнай газ секторының инфрақұрылымы» және «Химиялық өнеркәсібі» бағыттары бойынша бизнес-инкубаторларды;

  • «Металлургия және дайын металл өнімдерінің өндірісі» және «Машина жасау» бағыттары бойынша технопарктер.

Зерттеу университеті мәртебесіне ұмтылатын ЖОО көрсеткіштері ҚР Б және ҒМ сараптау комиссиясы талдамаларының деректері бойынша, енгізілген және коммерциаландырылған жобалардың ең үлкен саны ҚарМТУ тиесілі. Ғылым департаменті жанында инновациялардағы қажеттіліктерді зерттеу, министрліктер мен ұлттық компаниялар атынан тапсырыстарды қалыптастыру, Университеттің ғылыми-инновациялық қызметінің нақты жоспарларын әзірлеу және Университеттің инновациялық ғылыми-техникалық кешенінің жұмысын үйлестіру үшін Технологияларды коммерциаландыру орталығын құру қажет.

ҒЗЖ, ОКР және инновациялық жобаларда 2011-2012 оқу жылында кемінде 30% ПРҚ, 5% студенттер және 70% магистранттар қатысуы керек.

«Назарбаев Университеті» АҚ Жоғары қайырымдылық кеңесінің тәжірибесі негізінде КУ кәсіпорындарының және зерттеу Университетінің стратегиялық міндеттерін шешу бойынша аймақ жұртшылығының өкілдерінің қатысуымен сапалы дамуға ие болады.

«Назарбаев Университет» АҚ шығармашылық байланыста инновациялық жобаларды құру және коммерциаландырудың практикалық тәжірибесімен инженерлерді даярлаудың білім беру бағдарламалары әзірленеді және жүзеге асырылады.

2011-2012 оқу жылында кемінде 60 жоба коммерциаландырыулы керек.

Жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және инновациялық қызметті дамыту мақсатында ҚарМТУ-да ғылыми зерттеулер жүргізу, интеллектуалдық меншіктілік құқықтарын қорғауды кейін қамтамасыз етумен интеллектуалдық меншіктіліктің бәсекеге қабілетті өнімдерді құру үшін бірлескен ғылыми және жобалық-конструкторлық ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері ашылды.

Сонымен, 2011 жылғы сәуірде ашылған мамандандырылған R&D-зертханасының базасында студенттермен және магистранттармен КУ кәсіпорындары арқылы компьютерлік тестілеу, техникалық жүйелерді және өндірістік жағдайларды моделдеу саласында кәсіптік бағдарламалар әзірленетін және коммерциаландырылатын болады.



Ғылыми кеңесте 2011 жылғы 1 шілдеде 2011-2015 жылдарға арналған Университеттің инновациялық ғылыми-техникалық кешенін стратегиялық дамыту бойынша нақты тапсырмалар бекітілді. Сонымен қатар, осы кешеннің қызметінде маңызды учаскелер бар, олар өтетін шешімдерді талап етеді: Корпоративі Университет кәсіпорындарымен өзара әрекет етудің жаңа сапалы моделі; оның инновациялық мемлекетті қалыптастыру және ГМК жаңарту жағдайларында дамуы; Технопаркті қосу, бизнес-инкубаторды құру, шағын инновациялық кәсіпорындар құру, кафедра филиалдарының жұмысын жандандыру, патенттік қызметті белсендету.

Осы сұрақтарды шешуде жүйе жасаушы факторлардың бірі Тау-кен институтының жаңаруы болып табылады. Профессор Алиев С.А. Тау-кен институтының жаңаруы бойынша ұсыныстары басқа да машина жасау, сәулет және құрылыс, экономика, телекоммниукациялар, энергетика және автоматика, жол-көлік, сырттай-аралық оқыту институттарына пайдалы болады.


  1   2   3   4


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет