Ж. 5В010600-Музыкалық білім, 5В010700-Бейнелеу өнері және сызу, 5В010800-Дене шынықтыру және спорт мамандықтарына арналған Модульдік білім беру бағдарламасы негізінде құрастырылды



бет16/111
Дата02.01.2022
өлшемі1.12 Mb.
#454096
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   111
УМКД К сіпкерлік ж не бизнес негіздері дот

Бұл курстың кәсіби дайындаудағы ерекше орны оның негізгі және кәсіби экономикалық пәндерді әрі қарай оқытуда теориялық және әдістемелік негіз болуынан көрінеді. Кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәні жеке алғанда басқа да экономикалық пәндермен тығыз байланысты.


«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» нақты және салалық пәндерді оқыту үшін теориялық әдістемелік негіз ретінде қызмет етеді. Кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәні экономикалық ойлауды қалыптастырады және болып жатқан шаруашылық процестерге өзіндік көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік береді, тану әдістерімен және шаруашылық механизмге әсер ету құралдарымен қамтамасыз етеді.

«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні барлық экономикалық ғылымдардың, сонымен қатар гуманитарлық және әлеуметтік пәндер қатарындағы маңызды пәндердің бірі. Берілген пән студенттерге логикалық ұғымдарды игеріп, олардың экономикалық ойлау қабілетін, оның ішінде кәсіпкерлік қызмет саласымен айналысудың шарттарын қалыптастыруға және қоғамдағы экономикалық құбылыстарды толық түсуге көмектеседі. «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні негізгі түсініктер мен теорияларға, экономикалық процестер мен құбылыстарды қамтып барлық мамандықтардағы студенттерге ұсынылады.

Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері

«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» курсын оқытудың мақсаты болашақ мамандарға кез келген мекемелерде кәсіпкерлік қызметінің саласында теориялық білім және тәжірибелі дағды беру.

Пәнді оқытудың міндеттері:

- кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыру нысандарын, шарттарын, әдістерін және қағидаларын білу;

- дұрыс қызметті қамтамасыз ететін барлық ресурстардың ең тиімді нұсқаларын жоспарлауды анықтау;

- кәсіпкердің шаруашылық қызметіне талдау жасау;

- шаруашылық қызметінің кәсіпкерлік тәуекелін бағалауды анықтау;

- коммерциялық келісім бойынша ұйымның әдістемелерін қолдану;

- нарықтық жүйе тиімділігінің шегі мен қызметін, сондай ақ кәсіпкерлікті мемлекеттік

қолдау мен реттеудің негізгі нысандарын анықтау қабілетттілігін қалыптастыру және дамыту және т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет