Ж. 5В010600-Музыкалық білім, 5В010700-Бейнелеу өнері және сызу, 5В010800-Дене шынықтыру және спорт мамандықтарына арналған Модульдік білім беру бағдарламасы негізінде құрастырылды



бет68/111
Дата02.01.2022
өлшемі1.12 Mb.
#454096
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   111
УМКД К сіпкерлік ж не бизнес негіздері дот

Q = f (L, K, N, M),

мұндағы Q – берілген өндіріс факторларымен өндірілген өнімнің максималды көлемі; L – еңбек; K – капитал; N – жер; M – басқа да ресурстар; f – функция.

        Берілген технология бойынша өндірістік функцияның бірқатар қасиеттері болады, олар өндіріс көлемі мен қолданылатын факторлардың саны арасындағы арақатынасты анықтайды. Өндірістің әр түрі үшін өндірістік функция да әртүрлі болып табылады, бірақ оларға тән ортақ жалпы қасиеттері бар. Сонымен, өндірістік функцияның негізгі қасиеттері мыналар болып табылады:


  1. белгілі бір өнім көлемін шығару үшін қолданылатын факторларды бір бірімен алмастыруға және толықтыруға болады, бірақ алмастыру мен толықтырудың шегі болады;

  2. өндірісте қолданатын белгілі бір факторлар тұрақты болса, онда басқа бір фактордың көлемін өзгерту арқылы өнім көлемін арттырудың шегін анықтауға болады;

  3. әрбір өндірістік функция белгілі бір технологиялық өзара тәуелділікті сипаттайды, ал технологиядағы өзгерістер өндірістік функцияның да формасын өзгертеді;

  4. өндірістік функция бір өнім көлемін алу үшін өндіріс факторларын қолданудың тиімді балама нұсқаларын сипаттайды;

  5. өндірістік функция факторлардың әрбір берілген үйлесімінде өнімнің максималды көлемін шығаруды сипаттайды;

  6. өндірістік функция өндіріс факторларының тек технологиялық жағынан тиімді үйлесімділіктерін ғана сипаттайды.

Өндіріс факторларынан түсетін табыстар.

Еңбек өндіріс факторынан түсетін табыс - еңбек ақы. Еңбек ақы- еңбек бағасы немесе еңбек қызметін көрсеткен жалдамалы жұмысшының тапқан табысы.

Капитал өндіріс факторынан түсетін табыс - пайыз. Пайыз - капитал иесінің алатын капитал бағасы немесе өз иелігіндегі ресурсты иемдену құқы үшін алынатын төлем.

Жерді жалға беру арқылы үстінен түсетін пайда рента деп аталады. Жердің өзі жақсы, орташа және нашар болып бөлінеді, бұл географиялық аумағына байланысты. 

Кәсіпкерлік өндіріс факторынан түсетін табыс - пайда. Пайда - кәсіпкердің іскерлігі мен тапқыштығы үшін алатын табысы.

2. Экономикалық теорияда екі тұжырымдама бар:

1. Жалақы – "жұмыс күші" тауарының ақшалай құны - тауардың құнының ақшалай көрінісі (бағасы), еңбектің бағасы емес, өйткені еңбек тауар бола алмайды, жалақы өндіріс жағдайымен де (жұмыс күшінің құны), рыноктық факторлар - сұраныс, ұсыныспен де анықталады, олардың ауытқуы жалакының жұмыс күші құнынан бірде жоғары, бірде төмен болатындығын көрсетеді.

2. Жалақы еңбек бағасы (еңбек пен жұмыс күшінің айырмашылығы ескерілмейді), оның дәрежесі мен динамикасы, рыноктық факторлар - сұраныс және ұсыныспен анықталады.

Жалақының екі тұжырымдамасы да ағылшынның саяси экономиясының классиктері А.Смит пен Д. Рикардоның теорияларына негізделген.



Д.Рикардо пікірінше еңбек ақының өсуі жұмысшы отбасындағы адамның дүниеге келуін ынталандырады. Яғни, еңбекке ұсыным өседі де еңбек ақы төмендейді немесе керісінше, еңбек ақының төмендеуі салдарынан жұмысшылар саны мен еңбекке ұсыным төмендейді де қайтадан еңбек ақының өсуіне тіреледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет