Келісімді жалақыда жұмысшының жалақысы шығарылған өнім санына тәуелді. Жалақының бұл нысаны мерзімді жалакымен байланысты, өйткені бір өнімнің бағасы мерзімді жалақыны (күндік) өндірілген өнім саныңа бөлу арқылы анықталады. Келісімді жалақының мөлшері бір өнім бағасын өндірілген өнім көлеміне көбейту арқылы есептеледі. Келісімді жалақының ерекшелігі- еңбектің саны мен сапасы өндірілген өнім арқылы бақыланып, өлшенуі. Ол еңбек өнімділігі мен қарқындылығын арттыруды мүдделендіреді, жұмысшылар арасындағы жалакы мөлшерінің жекелей айырмашылығының маңыздылығын күшейтіп, жұмысшылар арасындағы бәсекені ұлғайтады.
3. Еңбек нарығы қызметінің тетігін (механизмін) талдауда, төрт тұжырымдамадан тұратын көзқарас өмір сүреді:
1. Еңбек нарығының классикалық моделі, мұнда толық жұмыспен қамтамасыз етілуі нарықтың экономикалық нормасы болып табылады, ал экономикаға мемлекеттің араласпауы ең жақсы экономикалық саясат болып табылады. Бұл моделдің негізгі теориялық ережелері:
• ұсыныс меншікті ішкі сұранысты туғызатын болғандықтан, жалпы артық өндіру мүмкін емес;
• жұмыстың көп кезінде өндірілген өнімді сатып алуға жұмсайтын каржылардың жеткіліксіз деңгейін жоққа шығарады;
• егер жалпы қаржы деңгейі жеткіліксіз болса, онда баға және жалақы сияқты реттеу тетіктері іске қосылады, бұл өндірістің нақты өнім көлемінің қысқаруына, жұмыссыздыққа және нақты табыстың төленуіне жол бермейді;
• еңбек нарығындағы бәсеке ішкі жұмыссыздықты жоққа шығарады, өйткені нарықпен белгіленген жалақы ставкасымен жұмыс істегісі келетін адамға жұмыс табу оңай болады;
• мемлекеттің экономикаға көмегі артық, тіптен зиян деп те айтуға болады.
2. Еңбек нарығының неоклассикалық моделі, еңбек нарығында, басқа да нарықтар сияқты баға тепе-теңдігі негізінде әрекет етеді және еңбек нарығының негізгі реттеушісі, жұмыс күшінің бағасы деп ұйғарады. Себебі:
• еңбек немесе еңбекақы бағасымен жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысы реттеледі, олардың тепе-теңдігі сақталады;
• жұмыс күшінің бағасы нарық қажетіне икемделу арқылы осы еңбек қызметінің нарықтық сұранысын көрсетеді. Еңбек қызметінің нарықтық ұсынымы баға арқылы барлық жұмыскерлер санын көрсетеді.
Кез келген баға арқылы еңбек қызметінің сұраныс көлеміне (санына) әсер ететін негізгі факторлар:
• еңбек қызметінің баға деңгейі;
• еңбек қызметінің көмегімен өндірілген өнімге сұраныс;
• еңбекке ұсынылатын комплиментарлық ресурстардың бағасы мен көлемі;
• еңбектің шекті өніміне әсер ететін техникалық өзгерістер;
Әрбір мүмкін деген баға арқылы еңбек қызметінің ұсыныс көлеміне (санына) әсер етуші негізгі факторлар:
• жұмыскерлердің өз еңбегін сатуға дайындығы және саны;
• туу, өлу және миграция деңгейі;
• еңбек ету қабілеттілігі;
• жалдамалы еңбектің баламалы құны;
• жалақыдан басқа да табыс көздерінің болуы. Еңбек нарығында өзіндік (спецификалык) тауар -
жұмыс күші функциясы - еңбек сатылады және сатып алынады. Адамдардың дарыны мен қабілеті қаншалықты саналуан болса, бұл функция да соншалықты сан-алуан. Сонда да еңбекті сандық және сапалық сипаттамасы бойынша келесі түрлерге бөлуге болады: білікті және біліксіз, қарапайым және күрделі; ер, әйел және балалар еңбегі. Төлем деңгейіне қарай олар жынысы, жасы, ұлты және аумақтық белгісімен қатаң сараланған. Бір деңгейлі жұмыскерлер - Германияда - немістер мен түріктер, мұнайшылар - Қазақстанда - немістер, ағылшындар, қытайлар және қазақтар. Олардың әрқайсысы әртүрлі еңбекақы алады. Бұл мысалдар еңбек нарығы функциясы тетігінің қолдануымен түсіндіріледі.
• мемлекеттің ең төменгі жалақы деңгейін белгілеуі, кәсіподақтар айқындамасының күшті болуы, босаған орындар туралы ақпараттардың жоқтығы нарықтағы теңсіздікті күшейтеді,
• еңбек нарығын теңдестіру үшін орталық банктің есептік мөлшері, орталық банк шоттарында коммерциялық банктердің міндетті қор (резервтер) мөлшерінің болуы сияқты тетіктерді пайдалану тиімді.
Сонымен, еңбек нарығының икемділігі нарықтық бағалар тетігі арқылы іске асырылған, жетілдірілген бәсекемен сипатталады, мұнда не жекелеген жұмыс берушілер, немесе жекелеген жұмыскерлер нарықтық ахуалға тұтасымен ықпал ете алмайды, жалақының тең ставкалары нарыққа қатысушылардың жалпы өзара келісімдерімен анықталады.
Еңбек нарығында қазіргі кезеңде жұмыс күшінің жаппай қозғалуы болуда, оның сапалық және сандық құрамы үнемі өзгеріп тұрады. Бұл мәселелер жұмыс күшіне сұраныстың өзгеруін туғызады, яғни өндірістің ұлғаюы, оның дамуы, құрылымдық өзгерістер жоғары білікті маман жұмыскерлерді талап етеді.
Еңбек нарығы - бұл динамикалық, өзгермелі нарық. Бұл ірі сегменттер мен ұсақ секторлардың, жұмыскерлердің белгілі санаттарының (категорияларының) және жекелеген экономикалық агенттердің сұранысы, ұсынысы, еңбек бағасы мен байланысты. Онда адам ресурстарының ірі, орташа, ұсақ бөлімдерінің үздіксіз айналысы жүреді, жұмыскерлердің елеулі бөлігі тұрақты түрде халықтың экономикалық белсенді құрамына кіреді, одан шығады, жұмысқа тұрады, қайтадан жұмыстан шығады т.с.с.
Сонымен, еңбек нарығында белгілі ағын қалыптасады: жұмыс күші құрамынан шыққандар; жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысқа байланысты ұлғаяды немесе азаяды;
• еңбек нарығында тепе-теңдік болса, жұмыссыздықтың болуы мүмкін емес;
• жұмыссыздықтың себебі, жұмысшылардың аз жалақыға еңбек етуден бас тартуы;
• кәсіподақтар ықпалы, мемлекеттің жалақының төмен ставкасын белгілеуі, акпараттың болмауы нарықтың негізгі «жетілдірілмегендігі» ретінде қарастырылады.
3. Еңбек нарығының кейнстік моделі - тұрақты және мықты тепе-теңсіздік жағдайындағы еңбек нарығы. Оның негізгі ережелері:
• экономикада толық жұмыспен қамтамасыз етуге кепілдік беретін ешқандай тепе-теңдік тетігінің болмауы;
• толық жүмыспен қамту кездейсоқ, ол заңды емес;
• еңбек нарығына пайыздық ставканың өзгеруі және жалақы мен бағаның арақатынасындағы икемділік көмегімен әсер ету мүмкіндігі жоққа шығарылады;
• жұмыс күшінің бағасы еңбек нарығының реттеушісі болып саналмайды;
• еңбек нарығын реттеу рөлі мемлекетке беріледі, ол жиынтық сұранысты азайтып, не ұлғайтып, еңбек нарығындағы теңсіздікті жоя алады т.б.
4. Еңбек нарығының монетаристік моделі экономиканы тұрақтандыру және жұмыспен қамтамасыз етудің ақша-несие әдістерін жоғары қояды, сондықтан:
• нарық шаруашылығының ішкі жүйесі тұрақтылық пен өздігінен қалпына келтіруге ұмтылады;
• нарықтық шаруашылықтағы барлық үйлеспеушіліктер мен орындамаушылықтар сыртқы араласудың нәтижесі;
• мемлекеттің араласуы, нарыктық шаруашылық фрикциондык және құрылымдық жұмыссыздықты толықтырады, ал өрлеу кезеңінде ол болмайды.
Жұмыссыздық ретінде әдетте, статистикалық зерттеу кезінде жұмыссыз болған, бірақ жұмысты белсене іздеп жүрген және жұмысқа тұруға дереу дайын адамдарды есептейді. Жұмысы бар, сондай-ақ толық емес жұмыс күн уақытымен жұмыс істейтіндер жұмыссыздарға жатпайды.
Жұмыспен камтылғандар мен жұмыссыздардың жиыны жұмыс күшін құрайды. Жұмыс күшінен шыққандар жұмысы жоқ бірақ еңбекке қабілетті адамдар, жұмысты белсене іздеуші оқушылар, зейнеткерлер, тұрғылықты мекені жоқтар, үй шаруашылығындағы әйелдер, сонымен бірге институционалды мекемелерде (жүйкеден ауыратындар ауруханасы, түрме т.б) ұзақ уақыт болған адамдар.
Жұмыссыздық деңгейі жұмыссыздар саны мен жұмыс күші санының арақатынасы немесе ай сайын жұмысынан айырылғандар үлесі мен ай сайын жұмыс тапқандар үлесінің арақатынасы ретінде анықталады.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі елдің өткен 10 жылы мен келесі 10 жылдағы жұмыссыздықтың нақты деңгейінің орта шамасымен анықталады.
Жұмыссыздықтың болатын табиғи (тұрақты) деңгейінің негізгі себептері мыналар:
1.Жұмыссыздықты сақтандыру жүйесі жағдайында жұмыс іздеу уақытының көбеюі, жұмыссыздар санының өсуіне және оның деңгейінің артуына ықпалын тигізеді.
2. Жалақының тұрақтылығы «жұмыссыздықты күтуді» туғызады. Жалақының "қатаңдығы" жұмыс орындарының салыстырмалы жетіспеушілігіне әкеледі, еңбек ұсынысы сұраныстан асып кетеді.
3. Ұзақ мерзімді кезеңдегі жұмыссыздықтың табиғи деңгейінің ұлғаю үрдісі мыналармен сипатталады: жұмысқа кірушілер; жұмыс іздеуден бас тартушылар; жұмысынан айырылғандар; жұмыстарын аяқтағандар; жұмыс алғандар т.с.с. Бұл өзгермелі ағындар қоғамдағы жұмыс күшінің нарықтық динамикасын сипаттайды.
4. ҚР-ның еңбек туралы кодексі бойынша еңбек ақы – бұл жұмыскерлердің фактілі атқарған еңбегі үшін ақшалай және натуралды нысанда берілетін сыйақылардың жиыны болып табылады. Қазіргі кезде еңбек ақы жұмыскер табысының көп бөлігін құрайды. Ал нарықтық экономиканың дамуы кезіндегі еңбек ақы – оның еңбегін пайдаланудың нәтижесі болып табылады, және жұмыскер жұмсаған еңбегінің құнымен анықталып, пайдаланылған жұмыс күшінің сұранысынан туындайды. Неғұрлым жұмыс күшіне сұраныс көп болса, оның ұсынысы кеміп, еңбек ақы мөлшері артады және керісінше. Қазақстандағы нарықтық қатынастардың біртіндеп қалыптасып, баяу дамуының нәтижесінде еңбек өнімділігі аумағында еңбек ақы жұмыс күшінің құны болып табылады, ал ол жұмыскердің тіршілігі үшін қажетті жағдай жасайды. Еңбек ақы мөлшері өндірілген өнімнің саны мен сапасына, мекеменің, кәсіпорынның ақырғы жұмыс нәтижесіне қарай белгіленеді.
Әлеуметтік-әкономикалық категория бойынша еңбек ақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қарастыру қажет.
Қызметкер үшін еңбек ақы оның жеке табысының негізгі және басты бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбек ақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл-ауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады. Осыдан еңбек ақының ынталандырушы рөлі алынатын сыйақының көлемін көбейту үшін еңбек нәтижесін жақсартудан тұрады.
Жұмыс беруші үшін еңбек ақы өндіріс шығындары болып саналады. Жұмыс беруші әсіресе бұйымның бірлігіне кететін шығындарды барынша азайтуға тырысады. Еңбек ақы кәсіпорын қызметкерлері үшін маңызды ынта және еңбек төлемінің нысаны болып табылғандықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік қызмет атқарады.Кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастырудың тетігі (механизмі) жұмыс күшінің еңбек ақыға өзгеруінің процесін тікелей қамтып көрсетеді. Олардың қазіргі нарықтық жағдайларға қаншалықты сәйкес келетіндігі, еңбек ақының негізгі қызметті орындауына байланысты. Еңбек ақыны ұйымдастыру арқылы нарықтық экономиканың екі қозғалушы күштері арасында әлеуметтік әріптестік қатынастардың дамуына мүмкіндік беретін, жұмыс беруші мен қызметкердің мүдделері арасында келісімдер жасалынады.Еңбек ақының көлеміне қызметкердің иемденетін ақшасының мөлшері ғана емес, сонымен қатар оның ол ақшаға нені сатып ала алатындығы да себепші болады. Сонда ақшаның сатып алу қабілеттілігі нақты еңбек ақы мен атаулы еңбек ақының арақатынасы арқылы анықталады. Кәсіпорын қызметкерге еңбек ақыны мемлекеттің бекіткен ең төменгі деңгейінен жоғары төлеуге міндетті.
Еңбек ақыны қарастырған кезде мынадай міндеттер алға қойылады:
жалақы қорын анықтау;
әлеуметтік төлемдерді анықтау;
орташа жалақыны анықтау;
жалақы динамикасын талдау.
Қазіргі кезде еңбек ақы төлеудің заттай нысаны сирек пайдаланылады. Еңбек ақы төлеудің мұндай нысанын ақша айналымының бұзылуы кезінде, экономиканың тұрақсыз, гиперинфляция және құлдырау жағдайларында кең қолданамыз.
Еңбек ақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді. Негізгі еңбекақыға мынадай төлемдер жатады:
мерзімдік, үдемелі және кесімді еңбек ақы төлеу кезінде орындалған жұмыстың сапасы және мөлшері үшін, пайдаланылған уақыт үшін төлемдер;
еңбектің қалыпты жағдайынан ауытқуымен байланысты төлемдер, яғни мерзімнен тыс жұмыстар үшін, түнгі уақыттарға, мереке күндерде және т.б. күндерде жұмыс жасағаны үшін төленетін төлемдер;
қызметкердің кесірінсіз тоқтап қалулар үшін төлемдер;
сыйақылар, сыйлықақылы үстемелер және т.б.;
Достарыңызбен бөлісу: |