Ж. 5В010600-Музыкалық білім, 5В010700-Бейнелеу өнері және сызу, 5В010800-Дене шынықтыру және спорт мамандықтарына арналған Модульдік білім беру бағдарламасы негізінде құрастырылды



бет59/111
Дата02.01.2022
өлшемі1.12 Mb.
#454096
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   111
УМКД К сіпкерлік ж не бизнес негіздері дот

Жалпы шығын (TC). Тұрақты шығын мен өзгермелі шығынның қосындысы жалпы шығынды білдіреді. өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне, басқаша айтсақ, өзгермелі шығынның өсуіне байланысты жалпы шығын көлемі де өзгеріп отырады.

TC=FC+VC.
Өнім бірлігін шығаруға жұмсалатын шығын орташа шығын АТС деп аталады. Бұл жалпы шығындардың өндірілген өнім көлеміне қатынасы арқылы анықталады:

ATC = TC/Q.

Шығындардың бұл түрінің рыноктық тепе-тендікті түсіну үшін ерекше маңызы бар, өйткені кәсіпкер оларды барынша азайтуға тырысады.



Орташа айнымалы шығын (AVC). Бір өнім бірлігіне шаққандағы айнымалы шығын. Өндіріс көлемі ұлғайған сайын алдымен орташа өзгермелі шығын белгілі бір өнім көлеміде минимумға дейін төмендейді. AVC=TVC / Q.

Орташа тұрақты шығын (AFC). Бір өнім бірлігіне шаққандағы тұрақты шығын. Өндіріс көлемі ұлғайған сайын орташа тұрақты шығын төмендейді. AFC=FC/Q;

Шекті шығын (МС). Қосымша өнім бірлігіне жұмсалған шығын. Шекті шығын қисығы шекті өнім (МР) қисығына ұқсас. Шекті өнім өскен кезде шекті шығын төмендейді және керісінше.

MC=∆TC / ∆Q немесе MC= ∆VC / ∆Q.


3. Табыс- бұл фирманың өнімнің белгілі бір көлемін сатудан түскен жалпы түсімі. Жалпы түсім нарықтағы тауардың бағасына және өткізілетін өнімнің көлеміне тәуелді болып табылады. Алайда, фирманың табыстарын пайдамен шатастыруға болмайды.

Фирма қызметінің нәтижесі оның табысы болып табылады. Ол жалпы табыс (TR), орташа табыс (AR) (өнім бірлігін сатудан түсетін ақшалай түсім), шекті табыс MR (жалпы табыстың қосымша өнімді сатудан болатын өсімшесі) болып бөлінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет