Ж. 5В010600-Музыкалық білім, 5В010700-Бейнелеу өнері және сызу, 5В010800-Дене шынықтыру және спорт мамандықтарына арналған Модульдік білім беру бағдарламасы негізінде құрастырылды



бет60/111
Дата02.01.2022
өлшемі1.12 Mb.
#454096
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   111
УМКД К сіпкерлік ж не бизнес негіздері дот

Жал­пы табыс төмендегі формуламен есептеледі:

TR=PQ,

мұндағы Р - өнім бірлігінің бағасы, Q - сатылған өнім саны.



Орташа табыс формуласы:

AR=TR/Q;

Шекті табыс мына формуламен есептеледі:

MR=ATR/AQ;

Рыноктық экономикада пайданың алатын маңызы зор. Ол фирманың экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етсді, оның қаржылық тоуелсіздігіне кепілдік береді. Пайда рыноктық экономи­када қалай және қанша өндіру ксректігін анықтайды. Сондықтан, әрбір өндірушіні қанша тауар өндіргендс және оны қандай бағамен сатқанда жоғары пайда алуға болатындығы туралы моселе қызықтырады. Пайда тсориясы классикалық мектептің пайда болу кезеңінен бастап барлық экономистердің еңбектерінде жазылған.

Меркантилистердің ең алғаш пайда туралы білдіргсн пікірі бойынша пайда айналыс сферасында, сырткы саудада өнімдсрді жоғары бағамен сату нотижесінде қалыптасады. Физиократтар пайданы тек ауыл шаруашылығында болады деп есептесс, А. Смит пен Д. Рикардо косымша құн материалдық өндіріс сала-сында қалыптасатындығын дәлелдеді.

К. Маркс пайданы қосымша құнның өзгерген түрі деп, ал қосымша құнның шығу көзі жалдамалы жұмысшының еңбегі деп есептеді. Ол қосымша құнның пайдаға айналу шарттарын және орташа пайданы зерттеді.

Рыноктық экономикада кез келген фирма жалпы табыс пен жалпы шығын арасындағы айырманы, яғни пайданы жоғарылатуға тырысады. Алайда әрбір қосымша өнім бірлігін шығару жалпы шығынды да көбейтетіндігін ескеру қажет.

Егер фирма өнім көлемін ұлғайтатын болса, шекті табыс шекті шығынға теңескенге дейін жалпы пайда жоғарылайды. Шекті шығын шекті табыстан арта бастағанда пайда төмендейді. Пай­даны максималдаудың шарты шекті табыс шекті шығынға тең болуы тиіс:



MR = МС.

Жетілген бәсеке және таза монополия жағдайында пайда­ны максималдайтын фирмалардың іс-әрекетін салыстырайык. Бұл фирмалар іс-әрекеттерінің ерекшелігі сұраныс қызметінің, сәйкесінше табыстың ортүрлі болуына байланысты.



Жетілген бәсеке жағдайында фирма рыноктық бағаға әсер ете алмайды. Өнімнің кез келген көлемі бірдей бағамен сатылады. Орташа табыс көлемі де өзгермейді және сол бағаға тең болады. Тауардың әрбір келесі бірлігі алдыңғысының бағасымен сатыла­ды. Бұл жағдайда баға Р орташа табыс пен шекті шығынға тен болады. Фирма шекті табыс MR және шекті шығынға МС тен болған жағдайда, пайданы максималдайды.

Шекті шығын төмендеп, сәйкесінше пайда жоғарылай бастаған кезде фирма өнім көлемін көбейтеді. Бұл жағдай пай­даны максималдаудың екінші шарты больтп табылады. Жоғары пайда теріс шама болмауы тиіс, өйтпегсн жағдайда (баға орташа шығыннан төмен болса) фирма тауар өндірмейді.



Алайда, егер баға орташа айнымалы шығыннан A VC жоғары, орташа шығыннан АС темен болса да өнім өндіре береді. Фирма өзінің тұракты шығындарын (қысқа мсрзімді кезеңде) төмендете алмайды және табыс, ең болмаса, айнымалы шығындарды жа-батын болса, өндірісті токтатпайды. Сонымен қатар, тұрақты шығындарды жабуға қажетті қаражатпен қамтамасыз етеді.

Ал ұзақ мерзімді кезеңде мұндай жағдайдың болуы мүмкін смес. Кейбір фирмалар саланы тастап кстсді, сондықтан салада қалған фирмалардың тауарларына сұраныс бағасы жоғарылайды. Бұл процесс салада калған фирмалар орташа шығының баға өтей алмайтын жағдайға жеткенге дейін жалғаса береді. Егер фирмалардың саладан кетуі жалғаса беретін болса, бағанын орта­ша шығыннан артық өсуіне алып кследі, салада қалған фирмалар экономикалық пайда алады, бұл салаға жаңа фирмаларды тарта-ды. Салаға жаңа фирмалардың енуі сұранысты ұлғайтады және тауар бағасын төмендстеді, фирма пайдасы азаяды. Баға орташа шығындарды жабатын кезде Р=АС салаға жаңа фирмалардың. ену процесі тоқтайды. ¥зақ мерзімді кезеңде жетілген бәсеке жағдайында фирмалардың салаға енуі жэнс шығуы бағанын орта­ша шығынға теңесуімен анықталады (нөлдік, таза экономикалық пайда гипөтезасы) яғни,



P=MR=MC=AC.

Таза монополия жағдайында монополист негұрлым көп өнім өндірсе, өткізу бағасы согұрлым төмен болады. Бұл жағдайда шекті табыс әркашан орташа табыстан төмен болады. Монопо­лия жағдайында орташа шекті табыс қисығы сәйкес келмейді, өйткені MRМонополист шекті табыс шскті шығынға тең болғанда MR=MC пайдасын максималдайды, бірақ жетілген бәсеке жағдайында әрекет ететін фирмадан айырмашылығы шек-ті шығын бағадан төмен МС < Р болады.

Алайда жстілген бэсскелі салалардың нөлдік пайда гипөте­засы монополист үшін жарамайды. Салаға жаңа фирмалардың енуіне тосқауылдар болатындықтан, монополист қысқа және ұзақ мерзімде үстеме пайда алады. Пайданың қалыптасуының басты себебі - монополист-өндіруші жетілген бәсеке жағдайына Карағанда өнімді азайтып және тауарды жоғары бағамен сата алады.

Жоғарыдағы тұжырымдарды талдай отырып, мынадай қорытынды шығаруға болады: біріншіден, жетілген бәсеке жағдайында пайданы максималдайтын фирма тек бір айнымалыны - өнім көлемін бакылай алады. Екіншіден, таза монополия жағдайында пайданы жоғарылататын фирма бір мсзетте екі айнымалыны: өнім көлемі мен пайданы анықтайды. Монополист фирма аз өнім өндіріп, жоғары бағамен сата алады және өндіріс масштабының ұлғаюы есебінен шығындарды азайтып, бағаны төмендете алады.

4. Жетілген бәсеке жағдайында фирманың жалпы табысы өнім көлемі өскен сайын арта береді. Ал орташа табыс пен шекті табыс бір-біріне тең болады және олар жетілген бәсеке жағдайында өндірілген өнімге деген сұраныспен анықталады. Жетілген бәсекеде біртекті өнім шығаратын фирма нарықтағы қалыптасқан бағаға әсер ете алмағандықтан оның орташа табысы мен шекті табысы тауардың бағасына тең болады.

Жетілмеген бәсеке жағдайында монополист, олигополист және монополистік бәсекелес фирмалар нарықтағы қалыптасқан бағаға әсер ете алғандықтан өнімнің бағасын шекті табыстан жоғары етіп тағайындайды және сол арқылы үстеме пайда алу мүмкіндігіне ие болады.

Пайда ұғымы фирманың нарық жағдайындағы экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін және оның қаржылық тәуелсіздігіне кепілдік беретін өте күрделі категория ретінде сипатталады. Пайда не өндіру керек, қалай өндіру керек және қанша көлемде өндіру керек деген экономиканың негізгі мәселелерін шешуге көмектеседі. Сондықтанда өндірілген немесе сатылған тауарлар мен қызметтердің көлемі қанша және олардың бағасы қандай болғанда пайда мейлінше көп болады сұрақ фирмаларды ынталандырады.

Экономикалық теорияның негізгі мектептері пайда туралы теориялық көзқарастарын әртүрлі жеткізді.

Меркантилизм бағыты пайданың қайнар көзін айналыс саласымен және сыртқы сауда-саттықпен байланыстырады.

Физиократтардың айтуы бойынша, пайда тек ауыл шаруашылығы саласында жасалады. Мұнда табиғат күштерінің әсерінен тұтыну құндары өндіріс шығындарынан әрдайым артып отырады делінеді.

Классиктер А. Смит пен Д. Рикардо қосымша құн материалдық өндіріс салаларында жасалады деп тұжырымдады. Мұнда капиталист пайданы жалдамалы жұмыскер еңбегінің өнімінен алып отырады.

Марксизм теориясы пайданы барлық бастапқы капитал тудырған қосымша құнның өзгерген формасы деп санайды, ал қосымша құнның қайнар көзі болып жалдамалы жұмыскерлердің еңбегі табылады.

Пайданың экономикалық категория ретіндегі мәнін толық түсіну үшін оның атқаратын қызметтеріне де тоқталып өтуіміз қажет. Пайда негізгі екі қызметті атқарады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет