оқыту технологиясы жасалды. Алайда, шетелдік ғалымдар оқытудың тұтас
әдістемелік жүйесінің басқа элементтерінің (оқытудың мазмұны, әдістері,
формалары мен құралдары) иерархиялық мәнін,
сондай-ақ оқу мотивтерінің
иерархиялық құрылымын, оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейлерін
және олардың оқытудың диагностикалық қойылған мақсаттарымен өзара
байланыста қарастырып оқу процесінің басқа компоненттерін мақсаттар
таксономиясына сай зерттемеді.
Технологиялық тәсіл негізінде педагогикалық жүйені жобалау кезінде
В.П. Беспалько оқу материалын толық меңгеруді, яғни оқушының танымдық іс-
әрекетін репродуктивті деңгейден бастап, продуктивті (өнімділік) деңгейге
дейін көшіруді ұсынады [2].
Қызмет түрлерінің осы иерархиясына сүйене отырып,
ғалымдар оқу
нәтижелерінің тиісті иерархияларын анықтады. Мысалы, академик В. П.
Беспалько оқу материалын меңгерудің келесі деңгейлерін (иерархияларын)
анықтады: оқушылық, алгоритмдік, эвристикалық және шығармашылық меңгеру
деңгейлері [1].
Оқытудың диагностикалық мақсаттарын жүзеге асыру білім берудің
иерархиялық тұжырымдалған мазмұнын талап етеді, өйткені оқушылардың
иерархиялық әрекеттері деңгейленген оқу материалын меңгеруге бағытталған.
Оқу материалы мазмұнының иерархиялық құрылымы оның дамытушылық және
процедуралық негізін құрайды.
Дәстүрлі ақпараттық мазмұн «есте сақтау» деңгейінде білім береді және
процедуралық түрде ол тек дайын мәтінді немесе ережелер мен фактілерді оқу
үшін қолданылады. Мұндай мазмұн оқушыға бүкіл оқу процесінде іздеу-зерттеу
қызметіне толығымен енуге мүмкіндік беретін дамыту функциясын жүзеге асыра
алмайды. Білім беру мазмұнының иерархиялық көрінісі сонымен бірге оның
процедуралық мүмкіндіктерін толығымен ашады,
өйткені бұл жағдайда ол
дидактикалық процесте оқушының дамып келе жатқан іс-әрекетінің жетекшісі
болады. Бұл оның репродуктивті деңгейден продуктивті қызметке дейінгі
барлық ауқымын қамтуға мүмкіндік береді. Осылайша, ақпараттық мәтіннің
мазмұны оқушының танымдық іс-әрекетінің объектісіне айналады, оқушы
деңгейлік оқу
материалдарын орындай отырып, жоғары деңгейдегі іс-әрекет
дағдыларын меңгереді.
Біздің зерттеуіміз тек мақсаттар ғана емес, сонымен бірге оқытудың
әдістемелік жүйесінің барлық компоненттері (оқытудың мақсаты, мазмұны,
әдістері, формалары мен құралдары) иерархияны құрайтындығын және
деңгейлік байланыста болатындығын көрсетті [2,3]. Әдістемелік жүйенің
алғашқы екі элементінің (мақсаты, мазмұны) құрылымы қатаң иерархияны
құрайды, ал қалған элементтердің иерархиялық құрылымы олардан «туынды»
болып табылады.
Білім беру мазмұнының иерархиялық мәні И. Я. Лернер мен Х. Табаның
еңбектерінде ғылыми негізделген [2]. Х. Таба ойлауды қалыптастырудың үш
иерархиялық бағыныңқы сатысын және тиісінше оқу тапсырмаларының үш
түрін анықтады: 1)
ұғымдарды қалыптастыру; 2) деректерді түсіндіру; 3)
ережелер мен қағидаттарды қолдану. Ол сонымен қатар оқу-танымдық іс-
әрекеттің осы түрлерінің әрқайсысының өзіндік оқыту стратегиясы бар екенін
дәлелдеді.
Осылайша, ол өзі анықтаған танымдық міндеттердің негізгі үш түріне
сәйкес иерархиялық бағыныңқы стратегияларды жасады. И.Я. Лернердің білім
беру мазмұнының төрт элементтік негізі туралы теориясы Х.Табаның
тұжырымдамалық идеяларымен расталады. Төртінші элемент – мазмұнның
тәрбиелік функциясын анықтайтын эмоционалды-құндылық қатынастарының
нормалар жүйесі. Бұл элементтің талаптары деңгейлік оқу тапсырмаларының
мазмұнын құрастыру кезінде ескерілетін болады.
Элементтері
иерархиялық орналасқан, көп деңгейлі құрылымды
құрайтын оқытудың әдістемелік жүйесін біз оқытудың үшөлшемді әдістемелік
жүйесі (ОҮӘЖ) деп атадық.
«Үшөлшемділік» оқытудың әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің
(оқытудың
мақсаты, мазмұны,
әдістері, формалары мен
құралдарының) көп
деңгейлі болуын білдіреді. Осылайша, ОҮӘЖ Б. Блумның оқу мақсаттарының
таксономиясы туралы идеясының, әдістемелік жүйенің барлық компоненттеріне
арналып, әрі қарай
дамытылуы болып табылады.
Дәстүрлі
«білім»
мазмұны
ОҮӘЖ-ің
бірінші
деңгейінің
компоненттерімен іске асырылатын «білу» деңгейінде ғана оқытуға сәйкес келді.
ОҮӘЖ-ің бірінші деңгейінің айналасында «оралған» дәстүрлі әдістемелік жүйе
оқу процесін оқушының «жақын даму аймағында» ұйымдастыруға мүмкіндік
бермеді, балалардың оқу жетістіктері негізінен «білу» және «түсіну» деңгейінде
бағаланды. Осындай меңгеру деңгейі үшін оқушылар «жақсы» және «өте жақсы»
деген бағалар алды.
Тек ОҮӘЖ дамытушылық оқыту мен жеке тұлғаға бағытталған тәсілдің
талаптарына сәйкес келеді, өйткені өз бетімен танымдық іс-әрекеттің негізінде
деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындай отырып, «білу» деңгейінен бастап
«шығармашылық» деңгейімен аяқтай отырып, оқушы зерттеу дағдыларын,
білімді өз бетінше алу және қолдану дағдыларын
игереді және бұл оның
функционалды сауаттылығын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: