Ақыл-ой әрекетінің әдістері: талдау, синтез, салыстыру, жалпылау және
т.б. меңгерудің барлық деңгейлерінде (білім, түсіну, қолдану және т. б.) әртүрлі
күрделілік дәрежесінде қолданылатындықтан, біз дидактикалық матрицаға Л.
Андерсон және Д. Кратвол жасаған Б. Блум мақсаттарының таксономиясының
нақтыланған нұсқасын енгіздік, «Талдау» және «Синтез» әдістерін алып тастап,
жалпылау, бағалау және құрастыру (создание) деңгейлерін біріктірдік. Бұрынғы
таксономияға кірмейтін «құрастыру» (создание) жаңа нұсқадағы ең жоғары
деңгей
болып табылады, өйткені шығармашылық тапсырмаларды орындау
нәтижесінде оқушылар жаңа нәтижеге қол жеткізеді.
Дидактикалық матрица элементтерінің төменнен жоғарыға деңгейлік
байланысын жүзеге асыруға бағытталған дидактикалық процесті ұйымдастыру
арқылы ғана дамытушы және нәтижеге
кепілдік беретін оқытуды
ұйымдастыруға болады.
Мұнда [4]
оқу сапасы мақсат пен алынған нәтиженің арақатынасы
ретінде сипатталатынды. Дидактикалық матрица осыған сүйене отырып,
оқушылардың білім сапасын дәл өлшеуге және объективті түрде бағалауға
мүмкіндік береді [2] (1-суретті қараңыз).
Дамытушылық оқытуда мотивті қалыптастыру процесі иерархиялық
құрылымға ие. Мотив мәселені қарама-қайшылықпен, таңданумен шешу немесе
проблемалық түрде
қою арқылы қамтамасыз етіледі, бұл адамды тапсырманы
ынтамен орындауға итермелейді. Оқушының дидактикалық матрицасының
баспалдағымен біртіндеп ынталы түрде көтерілуіне А
Маслоудың қажеттілік
теориясы негіз болады. А.Маслоу тұжырымдамасына (қажеттіліктердің
иерархиясына) сәйкес әр адам қоршаған ортада (топ, сынып) көшбасшы болуға
ұмтылады, яғни әр адам қанында жетістікке ұмтылу қажеттілігі бар [5].
Осылайша А. Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы «білу» деңгейінен
«шығармашылық» деңгейіне дейін дидактикалық матрицаның баспалдағымен
оқушының біртіндеп көтерілуін қамтамасыз ететін «процестік мотивінің» негізі
болып табылады. Мұнда оқушылардың оқу
жетістіктерін бағалаудың
ынталандырушы тәсілі де маңызды рөл атқарады [2,3].
Осылайша, дидактикалық матрица дидактикалық процестің (Дпр) және
оқытудың әдістемелік жүйесінің (ОӘЖ-ң) барлық компоненттерінің
иерархиялық синтезі болып табылады. Сонымен қатар,
бұл оқу процесінің
мотивациялық,
мазмұнды-әдістемелік,
бағалау,
процедуралық
және
дамытушылық аспектілерін қамти отыра, оларды өзара байланыста, динамикада
қарастыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: