Ж «Арнайы педагогика» пәні бойынша ДӘріс жинағЫ


Тақырып: Арнайы педагогиканың құқықтық негіздері. Ең негізгі құқықтық құжаттар



бет4/15
Дата28.03.2024
өлшемі135.26 Kb.
#496835
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Арнайы педагогика

Тақырып: Арнайы педагогиканың құқықтық негіздері. Ең негізгі құқықтық құжаттар
Ақыл- ойы баяу дамыған балалар
1.Олигофрения және оның деңгейлері.
2.Ақыл-ойы баяу дамыған балалар
3. Көмекші мектеп және оның негізгі міндеттері
Ақыл-ойы баяу, кеміс деген сөз дефектологияда жиі айтылады. Бұл балалардың ақыл –ой қабілетінің төмен болу екіндігін білдіреді.Ақыл-ой кемістігі орталық жүйке жүйесінің әртүрлі деңгейдегі зақымдауынан болады.Арнайы педагогикада ақыл-ойы кеміс балалардың бұзылуын зерттейтін, оларды оқыту мен тәрбиелеуді қарастыратын және әлеуметтік ортаға бейімделу мәселесімен шұғылданатын олигофренопедагогика болып табылады.
Олигофрения –бұл ақыл-ой сана және психикалық түрдегі дамымаушылық. Орталық жүйке жүйесі қызметінің зақымдануының нәтижесінде балада ақыл–ой, сананың баяулығы байқалады, бұл ең алдымен бас миының дамымауы болып саналады.
Преднаталдық (ішкі даму жағдайында);
Наталдық (дүниеге келу сәтінде);
Постнаталдық ( дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы кезенде).
Олигофренияның болу себептері әртүрлі факторлардың әсер етуінен болады. Бұлар экзогендік (сырттай) және эндогендік ( ішкі ) сипатқа байланысты келеді.
Экзогендік фактор – анасынын жүкті болу негізіңде түрлі инфекциялық аурулармен ауруы ( вирустік аурулар ), анасының организіміне түрлі кеселдің тусуі, түрлі травмалар мен соққылар.
Эндогендік фактор – туа пайда болатың олигофренді алып келеді .Бұған патологиялық тұқым қуалаушылық (ата-анасының түрлі венерологиялық аурулары, сондай –ақ екеуінің біреуінің ақыл-ой кемістігі, хромосом тобының бұзылуы, резус-фактор бойынша кан құрамының сәйкес келмеуі. Ақыл-ой кемістігі болуының 3 сатысы бар.
Идиотия, имбециль, дебил
Идиотия –ақыл-ой кемістігі ауыр сатысы. Мұндай балаларда бұзылыстар өте ауыр, қиын болып келеді. Олардың өзіне-өзі кызмет көрсетуі қиын және жай ,ал кейбіреулерінде бұл дағдырлар тіпті қалыптаспайды.
Имбецил - идиотиямен салыстырылғанда жеңілірек келеді. Бұлар белгілі бір дәрежеге дейін сөйлеуді игерген күрделі, емес еңбек дағдыларын менгерген, Бірақта өрескел кемістік олардың қабылдау, ес,ойлау, коммуникативтік қарым-қатынас және эмоционалдық ерік сапаларында көрінеді.Имбецил балалар көмекші мектептерде оқуда үлгіре алмайды.
Дебил –ақыл ой кемістігінің жеңіл сатысы. Бірақта интеллектісі төмен, эмоционалдық ерік сапасы әлсіз, жалпы мектептегі білім беру бағдарламасын меңгере алмайды.Оларға білімді меңгеру қиындық келтіреді және күрделі жазу мен оқуды игермейді, дыбыс пен әріп арасындағы байланысты түсінбейді, түсінген жағдайда да қиындықпен игереді.Қарапайым математикалық операцияларды үлкен қиындықпен менгереді.Орта мектепте мұндай балалар оқыған жағдайда тарих,география,сызу,химия,физика т.б. пәндерден үлгіре алмайды.
Имбецил және идиотия сатысындағы ақыл-ой кемістігі бар балалар өз отбасында, арнайы балалар үйінде тәрбиеленіп, әлеуметтік жағдай жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Оқытылуға жатқызылатын тұлғалар қосымша мектептерде білім тәрбие алады.Оқыту-тәрбие және
түзету жұмыстары арнайы бағдарлама бойынша жүргізіледі. Қосымша мектепте оқытуға жергілікті орындағы педагогикалық медициналық-психологиялық кеңес беру мекемелерінің мамандары шешімімен жолданады. Қосымша мектептердің негізгі мақсаты психологиялық тұрғыдан қоғамдық ортаға балаларды бейімдей отырып, олардың өмірге, айналадағы ортаға үйлесімді көзқараспен қарауға деген сенімін қалыптастыру, еңбек дағдыларын меңгерте отырып, еңбек етуге тәрбиелеу, болашаққа сеніммен қарауға, қоршаған ортамен және адамдармен үйлесімді жағдай қарым-қатынасына келе білуге бағыттау болып табылады.
Қиындықпен оқылатын балалар тобының көпшілігі ерте басталатын түзету жұмысын қажет етеді.Өкінішке орай нәрестелік және сәбилік шақ кезеңінде балалардың ауытқушылығының барлық формасы анық түрде зерттелмейді.
Ақыл –ой кемістігі бар балалар сәбилік шақтаөз отбасында немесе денсаулық сақтау жүйесіндегі арнайы яслилерде тәрбиенеледі.
Балалар үйінде тәрбиелеу және түзету жұмыстары сәбилік шақ кезенінде жүзеге асырылады:
балалардың эмоционалдық және жеке тұлғалық қасиеттерін кеңейту; үлкендермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасауға үйрету;
заттар әлемін тануға және психомоторлық дамуын ілгерілетуге бағыттау;
Ал арнайы балалабақшаларда мұндай балаларға кешеді жағдайда көмек көрсетіледі . Балаларды тәрбиелеу, емдеу –сауықтыру шараларымен қамту және психолог, логопед, топ тәрбиешілері, музыка жетекшілері, олигофренопедагогтармен бірлесе ұйымдастырылған түзету бағытындағы педагогикалық шаралар жүзеге асырылады. Арнайы мектепке дейінгі мекемелерде ерекше болып табылатын негізгі міндет бала денсаулығын қорғау және күн тәртібін сақтау, жылы тыныс жағдайдағы атмосфераны жасау, конфликтілік жағдайларды болдырмау, әр баланың ерекшілігін есепке алуболып табылады. Балабақшадағы барлық жылда баланы тәрбиелеуде және оқытуда, оны мектепке әзірлеп даярлауда үш бағыт қамтылады:
баланың денелік дамуын қалыптастыру;
қарапайым түрдегі танымдық қызығушылығын қалыптастыру;
танымдық белсенділігін және білім және іскерлігін жинақтау;
адамгершілік-ерік әзірлігін қалыптастыру;
Мектепке дейінгі кезеңде ақыл-ойы баяу балаларға қолайлы жағдай көрсетілсе, олардың дамуында алға басушылық болады, бұл олардың арнайы мектептің оқу бағдарламасын меңгеруіне көмегін тигізеді. Мектепке дейінгі кезеңде мұндай балалар жалпылама балаларға арналған балалар бақшасындағы арнайы топтарда білім алып тәрбиенеледі.Мектеп жасына жеткен кезден бастап, арнайы мектептерде арнайы білім стандартна сай арнайы бағдарлама бойынша оқытылад. Сонымен бірге оларға әлеуметтік еңбекке бейімдеу орталығыгынан көмек көрсетіліп отырылады. Ал арнайы мектептердің негізгі міндеті мынадай:
ақыл-ойы баяу мектеп оқушыларының танымдық қызметтерінің және эмоционалдық ерік сфераларының,кемшіліктерінің алдын-алу;
өнімді еңбекке қатысуға, қазіргі қоғам жағдайына әлеуметтік тұрғыдан бейімдеуге бағыттау болып саналады
Арнайы мектептің төменгі кластарында тіл дамыту бойынша (қоршаған дуниемен айналамен таныстыру ,заттармен таныстыру), арнайы ритмика сабақтары өтіледі.Жоғарғы кластарда әлеуметтік(тұрмыстық шаруашылығы) бағдарлау сабақтары өткізіледі.Оқыту жұмысын ұйымдастыруда топтық және жекелей логопедиялық сабақтар, психомоторика және сенсорлық қабілеттерін дамыту, емдеу-сауықтыру комплекстері өткізіледі. Арнайы мектептерде тәрбие жұмысына да үлкен мән беріледі.Мұндағы негізгі мақсат - тәрбиенушілерді әлеуметтендіру болып табылады. Ал негізгі міндет- балалардың бойында жағымды сапаларды айқындау, өзін және қоршаған ортаны дұрыс бағалай білуін қалыптастыру, айналасындағыларға деген адамгершілік қарым-қатынас сезімдерін қалыптастыру.Арнайы мектептегі тәрбие жұмысының арнайы міндеттері әртүрлі іс- әрекеттер негізінде жүзеге асырылады.

5 ЛЕКЦИЯ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет