Ж.Қ. Астамбаева, Г. И. Уәйісова, Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы: Алматы, 2010, 85 бет


Ә) Жазбаша бақылау жұмыстары бойынша бағалау



бет18/43
Дата19.06.2022
өлшемі3.32 Mb.
#459352
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43
Skbm

Ә) Жазбаша бақылау жұмыстары бойынша бағалау (Т.Қ.Оспанов)
Бақылау жұмыстарының көлемі оқушылар орындай алатындай өткен материалға байланысты әр тараудың, тоқсан және жылдың соңында беріледі.
45 минут ішінде оқушылар жұмысты орындап және тексеріп үлгерулері тиіс.
Математикадан жазбаша бағылау жұмысын бағалауда өрескел және өрескел емес қателер кездеседі.
Өрескел қателерге мыналар жатады:

  • есепті немесе мысалды есептеуден жіберілген қате;

  • арифметикалық амалдардың орындалу тәртібінен жіберілген қате;

  • есептің шешуін дұрыс орындамау (амалдарды қалдырып кету, амалдарды дұрыс таңдай алмау, артық амалдар орындау);

  • есепті немесе мысалды есептеуде аяқтамау;

  • орындалмаған жұмыстар.

Өрескел емес қателерге мыналар жатады:

  • есептеп шығару тәсілі орынды болмау;

  • есепті шығаруда амалдарға қойылған сұрақ дұрыс болмау;

  • есептің тұжырыдалу жауабы дұрыс алмау;

  • берілген сандардан, белгілерден көшіргенде қате жіберу;

  • қайта құруды соңына дейін аяқтамау.

Жұмысты тексеруге қатысқан адам есептеу дағдыларына баға қоюына болады:

Тек есептерден ғана құралған жұмыс былай бағаланады:

  • егер есеп дұрыс орындалса, «5» деген баға қойылады.

  • егер есепті шығарғанда, 1-2 өрескел қате жіберілсе, «4» деген баға қойылады.

  • егер есепті шығарғанда, 1 өрескел және 3-4 өрескел емес қате жіберілсе, «3» деген баға қойлады.

  • егер есеп шығарылмаса, «1» деген баға қойылады.

Құрама бақылау жұмыстары былай бағаланады:

  • егер жұмыс қатесіз орындалса, «5» деген баға қойылады;

  • егер орындалған жұмыста 1 өрескел және 1-2 өрескел емес қате болса (есепті шығаруда өрескел қате болмау керек), «4» деген баға қойылады;

  • егер орындалған жұмыста 2-3 өрескел және 3-4 өрескел емес қате жіберілсе, бірақ есептің шығарылу жолы дұрыс болса, «3» деген баға қойылады;

  • егер орындалған жұмыста 4 өрескел қате жіберілсе, «2» деген баға қойылады;

  • егер оқушы барлық тапсырманы дұрыс орындамаса, «1» деген баға қойылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет