Ж. Б. Аширбекова



Pdf көрінісі
бет36/87
Дата22.09.2023
өлшемі1.58 Mb.
#478250
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   87
Kosalky tarihy pan Ashirbekov

Аудан ӛлшемдері. Ежелгі Русь кезінде қолданылған ау-
дан ӛлшемінің метрологиялық мәндерін анықтау үшін қолда-
нылған қайнар кӛздердің мәліметтері ӛте аз және нақты емес. 
Аудан кӛлемін ӛлшеудің негізгі бірліктеріне «ауыл» (село) және 
«соқа» (плуг) ұғымдары жатқызылған. Бұл терминдер тек метро-


144 
логиялық түсініктер ғана емес, сонымен қатар, салық салу бір-
ліктері де болып табылған.
Аудан ӛлшемдері ұнтақ заттардың ӛлшемдерімен, яғни, 
белгілі бір ауданға себілетін дән белгі кӛлемімен анықталған. 
Сонымен қатар, жыртылған белгілі бір ауданға кететін еңбек 
шығындарымен де анықталған.
Орыс Шындығының (Русская Правда) кеңістік редакция-
сындағы мақалалардың бірінде соқаның (плуг) шамамен алған-
дағы ӛлшемі келтірілген – «ауылда себілген арпаның екі соқасы-
на (плуг) ростовтың 16 кәдісі (кадей) келеді». Осындай шыға 
отырып, ауыл екі соқадан (плуг), ал соқа (плуг) 8 ростовтық кәді 
(кадь) кӛлеміндегі арпа кететіндігі жӛнінде тұжырым жасауға 
болады. Бұл жерде кәді (кадь) Ежелгі Русьте ұнтақ заттарды 
ӛлшейтін ӛлшем болып табылған.
Ҧнтақ заттар ӛлшемі. Ежелгі Русьте ұнтақ заттар кәді-
мен (кадь) және жартылықтармен ӛлшенген. Кәді (кадь) екілік 
жүйе бойынша 2 жартыға, 4 тӛрттікке және 8 сегіздікке (осьмин) 
бӛлінетін. Бірақ соңғылары Ежелгі Русьте мүлдем кездеспейді. 
А.И.Никитский Ежелгі Русь кәдісін (кадь) кейінгі 14 мәскеу пу-
дына – 229,32 кг теңестірген.
Орыс шындығы (Русская Правда) ұнтақ заттар ӛлшемінің 
ең ұсақ бірлігіне уборокты немесе лукноны жатқызған. Олардың 
метрологиялық мәндері осы күнге дейін анықталған жоқ. Ал 
Д.И.Прозоровскийдің лукно 24-25 кг арпадан тұратындығы 
жӛніндегі болжамы дәлелденбеген, әдістемелік негіздемелерге 
сүйеніп жасалған.
Кейінгі халық ӛлшемі – лукошко 16 кг арпаға тең, ол 
ежелгі лукномен тек этимологиялық сипатта ғана байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет