Қызықты есептер мен логикалық тапсырмалар
Бес алманың үшеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады? (Жауабы: 2)
Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның қабын және алдым.
2 дәптер, 1 қарындаш,
Тіс ысқышты тағы алдым.
Есептеші сонда бәрі,
Қанша болды қолда бары? (Жауабы: 6)
Алмаға кеп күнара,
Қонушы еді бір ара.
Бүгін 9 туысын
Ертіп келді бұл ара
Сонда бүгін алмаға
Келіп қонды қанша ара? (Жауабы: 10)
Табақта 5 өрік
Қолында 4 өрік
Қосқанда барлығын
Болады неше өрік? (Жауабы: 9)
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке? (Жауабы: 3)
Төменде үш қаз ұшады
Үшеуі бұлтты құшады
Өзеннен көрдік екеуін
Айтқын қаз нешеу екенін ? (Жауабы: 8)
Бір алманы төртке бөлдім
Бір бөлігін жеп те көрдім
Қалған үлкен үш бөлігін
Қасымдағы 3 досыма бердім
Қолымда менің не қалды ? ( Жауабы: 0)
Аулада жүр балалар :
Самат , Арнат , Сашалар,
Келді және оларға
Сәуле, Шолпан ойнауға
Аулада қанша ұл ойнауда ? ( Жауабы: 3)
Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (Жауабы: 30 қаз)
6 аламаның 2-ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (Жауабы: 4)
Табақта 55 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? (Жауабы: 60 алма)
Қолымда 55 алма
5-ін бердім апама,
5-ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? (Жауабы: 45 алма)
100 асықтың 30-ын,
Досым сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалады. (Жауабы: 70 асық)
Үстелде 5 стакан сүт тұрған еді, Әсел бір стакандағы сүтті ішіп, стаканды үстелге қойды. Үстелдің үстінде неше стакан қалды? (Жауабы: 5 стақан)
Үстелде 10 алма жатыр. Оның 1-еуі екіге бөлінген, үстелде неше алма жатыр? (Жауабы: 10 алма)
Үстел үстінде 8 шам жанып тұр. Оның үшеуін өшірсе, неше шам қалды? (Жауабы: 8 шам)
Әкем, мен, шешем үшеуміз суретке түстік. Әкем шешемнің сол жағында, мен ортада отырдым. Мен шешемнің қай жағында отырдым? (Жауабы: сол жағында)
Айнұрдың 7 жаңғағы бар еді. 1-еуін ағасына берген кезде екеуінде теңдей болды.
Ағасында неше жаңғақ болған еді? (Жауабы: 5 жаңғақ)
Бір бөлке нан мен бір қорап қант, бір бөлке нан мен бір қорап кәмпиттен ауырлау. Бұл неге байланысты? (Жауабы: бір қорап қантқа байланысты)
Арман мен Бауыржанның бойлары бірдей. Арман мен Ғалымжанның бойлары да бірдей. Бауыржан мен Ғалымжанның қайсысы бойшаң? (Жауабы: бойлары бірдей)
2 қайың өсіп тұр. Әр ағашта 10 алма, әр бұтақта 2 алмұрттан. Барлығы неше алмұрт? (Жауабы: Қайыңда алма, алмұрт өспейді.)
Сара үстелге тастарды бір-бірінен 2см аралықта орналастырды. 10 сантиметрдің бойына неше тас қойылған? (Жауабы: 6 тас)
Апалы-сіңлілі үш қыз бір мектепте оқиды. Олар: Алтын, Сәуле және Бақыт. Алтын Сәуледен үлкен еді, ал Сәуле Бақыттан үлкен. Кім үлкен: Алтын ба, әлде Бақыт па? (Жауабы: Алтын үлкен)
Егер Маржан Айгүлден 2 жас үлкен болса, ал Айгүл Раушаннан 3 жас үлкен болса, қайсысы үлкен: Маржан ба, әлде Раушан ба? Неше жас үлкен? (Жауабы: Маржан Раушаннан 5 жас үлкен)
Гүлжан мен Мараттың салмағы қанша болса, Болат пен Қанаттың салмағы сонша.Марат – 32кг, ал Болат – 40кг. Кім ауырырақ: Гүлжан ба әлде Қанат па? (Жауабы: Қанатқа қарағанда Гүлжан ауырырақ.)
Алмұрт алмадан 2 есе қымбат. Қайсысы қымбат: 8 алма ма әлде 4 алмұрт па? (Жауабы: 8 алма мен 4 алмұрттың бағасы бірдей)
Екі ұлы мен екі әкесі 3 жұмыртқа жеді.Әрқайсысы неше жұмыртқа жеген? Олар қалай бөліскен? (Жауабы: бір-бір жұмыртқадан, өйткені бұлар атасы баласы және немересі болатын.)
Оқушылар спорттық шеберлігін көрсету үшін 4 қатарға тұрды: бірінші қатарға 2 бала, ал әрбір келесі қатарда алдыңғыға қарағанда 2 бала көп. Төртінші қатарға неше бала тұрды? (Жауабы: 8 бала)
Үш ағайындының ішінде Асқар Айдардан ұзын,ал Айдар Жарастан ұзын. Кім ұзын бойлы Жарас па әлде Асқар ма? (Жауабы: Асқар ұзын бойлы)
Екі адам ауылдан қалаға келе жатып жолда тағы 5 ауылдасын кездестірді. Қалаға ауылдан неше адам келе жатыр еді? (Жауабы: 2 адам)
Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу басу керек? (Жауабы: 8-басқыш)
Сатып алуға ақшасы жете ме? Баланың 5 тиыннан 3 тиындығы бар. Оның 8 тиынға сызғыш сатып алғысы келеді.Баланың ақшасы жете ме? (Жауабы: Жетеді, 7 теңгесі қалады.)
Мектеп асханасындағы ас мәзірінде бір тәрелке сорпа мен самса 31 теңге, ал жарты тәрелке сорпа мен самса 23 теңге деп көрсетілген. Самса неше теңге тұрады? (Жауабы: Самса 15 теңге)
Би үйірмесіне 7 ұл және 4 қыз қатысады. Барлық қыздар жұптарымен билеген кезде, неше ұл билемей қалды? (Жауабы: 3 ұл)
Түнгі сағат 10-да жаңбыр жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күн жарқырап тұруы мүмкін бе? (Жауабы: жоқ, мүмкін емес.)
Телеграф сымында қарлығаштар қонып отыр. Бір уақытта олардың 5-еуі ұшып кетіп, біраз уақыттан соң 3-еуі қайта оралды.Нәтижесінде сымда отырған қарлығаштар саны 12 болды. Ең басында сымда неше қарлығаш отырған? (Жауабы: 14 қарлығаш)
32 санының жартысының екі еселенген ширегі нешеге тең? (Жауабы: 8)
Кеше Жандостың туған күні болды. Ертең жұма болса, Жандостың туған күні қай күні болды? (Жауабы: сәрсенбіде)
Саматтың әр түсті 20 шары бар: сары, жасыл, көк және қара. 17 шардың жасыл емес екендігі, 5 шардың – қара, ал 12 шардың сары емес екендігі белгілі. Саматтың қанша көк шары бар? (Жауабы: 4 көк шар)
Баладан жасың нешеде деп сұрағанда, ол былай деп жауап берді: «Егер 2-ден бастап бір сан аттап қатарынан 9 санды санап шықсаң және соңғы санды 3-ке бөліп, 2-ні қоссаң, жасымның нешеде екенін білесің», - деді. Бала неше жаста? (Жауабы: 8 жаста)
Сыныпта 29 оқушы бар. Олардың 12-сінің әпкесі, ал 18-інің ағасы бар. Тек қана Арман, Әсет және Әлияның әпкесі де, ағасы да жоқ. Сыныптағы қанша оқушының әпкесі де, ағасы да бар? (Жауабы: 4 бала)
Барыс 6 сағатта 600 кг ет жейді, ал жолбарыс 2 есе жылдам жейді. Егер екеуі бірігіп жесе 600 кг етті қанша уақытта жеп болады? (Жауабы: 2 сағат)
Жәнібек 18 теңгеге 3 дана сызғыш немесе 9 дана өшіргіш ала алады. Жәнібек 1 өшіргіш және 1 сызғыш алғанына қарағанда, 18 теңгеден қанша қалады? (Жауабы: 10 теңге қалады.)
Екі себетте 70 алма бар. Біреуінен 6 алма, екіншісінен 4 алма алғанда, екі себетте бірдей алма қалды.Әр себетте қанша алма болған? (Жауабы: 1-себетте 36 алма, 2-себетте 34 алма)
Екі санның қосындысы ең кіші төрт таңбалы санға тең. Егер осы екі санның үлкенін кішісіне бөлсек, онда ең үлкен бір таңбалы сан шығады. Екі санды тауып көр. (Жауабы: 900 бен 100)
Дәурен ішіне 4 шелек су сиятын аквариумды толтырмақшы.. Ол краннан бір шелек су толтырып алып, аквариумға жеткенше жарты шелек су төгіліп қалып отырған.Аквариумды толтыру үшін Дәурен неше рет су тасу керек? (Жауабы: 8 рет)
Меруерт бірнеше беті түсіп қалған ескі кітап тауып алды.Сол жағындағы бетте 24 саны, ал оң жағындағы бетте 45 саны тұр. Кітаптың неше парағы жоқ? (Жауабы: 10 парақ)
Ағалы-інілі үш баланың біреуінің бір қарындасы, екіншісінің екі қарындасы, үшіншісінің үш қарындасы бар.Үйде барлығы қанша бала бар? (Жауабы: 6 бала)
Аулада тауықтар мен үй қояндары жүр, бұлардың бәрін қосқанда 20 басы, 52 аяғы бар. Аулада неше тауық және үй қояны бар? (Жауабы: 6 үй қояны және 14 тауық)
Аулада торайлар мен тауықтар жүр. Олардың 5 басы,14 аяғы бар. Тауық пен торай нешеу еді? (Жауабы: 2 торай және 3 тауық)
Дене шынықтыру сабағында оқушылар қатарға тұрды. Олардың бір-бірінен қашықтығы 1м. Бүкіл қатардың ұзындығы 25м. Оқушылар нешеу еді? (Жауабы: 26 оқушы)
Ұзындығы 12м жіпті әр бөлігі 2м болу үшін неше рет қию керек? (Жауабы: 5 рет)
Бір қатарда бір-бірінен 2см қашықтықта 8 дойбы тасы қойылған. Екінші қатарға бір-бірінен 1см қашықтықта 15 тас қойылған. Қай қатар ұзынырақ? (Жауабы: ұзындықтары бірдей)
Екі бала әкелерімен бірге жолға шығып, кешке қарай өзенге келді. Жағада 100-кг-нан артық жүкті көтере алмайтын сал бар еді.Әкелерінің массасы 73 кг, ал балаларының массалары 45кг және 41кг болатын. Оның үстіне олардың массасы 15кг болатын қапшығы бар еді. Олар өзеннен қалай өтеді? (Жауабы: Екі бала арғы бетке барады, бір бала кері қайтады да жағада қалады, әкесі қапшықпен бірге кетеді, арғы беттегі бала келіп екінші баланы алып кетеді.)
Сәуле үйіне қонаққа Айнұрды, Бауыржанды, Ұлжанды шақырды. Ыдыста алма, апельсин, алмұрт тұр еді. Әр бала өзіне жеміс таңдап алды. Айнұр алмұртты, Сәуле апельсинді, Бауыржан алманы қаламайды. Сәуле мен Ұлжан бірдей жеміс таңдады. Тек бір ғана бала алмұртты таңдады. Кім қандай жеміс алды? (Жауабы: Сәуле мен Ұлжан алманы, Бауыржан алмұртты, Айнұр апельсинді таңдады.)
Сыныпта 30 оқушы бар. Әрбір 6 қызға 4 ұлдан келеді. Сыныпта неше ұл бар? (Жауабы: 12 ұл)
Фотоальбомда 20 бет бар. Егер альбомның 5 беті 1 см қалыңдықта болса, альбомның қалыңдығы қандай болады? (Жауабы: 4 см)
Қыз баланың шашы 1 айда 1 см 2мм өссе, 1 жылда қаншаға өседі? (Жауабы: 14см 4мм)
Столдың үстінде өлшемі әртүрлі 3 қорап тұр: үлкендеу, орташа, кішілеу. Қорапшаларға доптар салынған.Үлкендеу қораптағы доптар саны орташадағыдан 2 есе, ал орташа қораптағы доптар саны кішілеу қораптағы доптардан 2 есе артық. Үлкендеу қораптағы доптар саны кішілеу қораптағы доптардан неше есе артық? (Жауабы: 4 есе артық)
Арман
Достарыңызбен бөлісу: |