Ж. Б. Кундакбаева, Шағатай ұлысындағы моңғол хандарының саясатындағы екі


Білімді тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет39/63
Дата02.03.2024
өлшемі7.94 Mb.
#494029
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   63
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы 2-кітап

 
Білімді тексеруге арналған сұрақтар: 
1. Шығай ханның жүргізген саясатына баға беріңіз.
2. Тәуекел ханның сыртқы саясаттағы жетістіктері мен дипломатиялық 
шеберлігін анықтаңыз. 
3. Тәуекел ханның тұсындағы қазақ-орыс қатынастарын талдап көрсетіңіз. 
4. Т.И. Сұлтанов, М.Қ.Әбусейтова, Б.Б. Кәрібаев және т.б. зерттеушілердің 
еңбектерінің негізінде ХVІ ғ. Қазақ билеушілерінің жүргізген саясатын 
сипаттаңыз.


231 
 
 
§ 5. Есім хан тұсындағы Қазақ хандығының саяси тарихы 
ХVІ ғ. соңы - ХVІІ ғ. басы Қазақстан тарихындағы ерекше кезеңдердің бірі 
болды. Қазақ хандығының халықаралық жағдайы үлкен өзгеріске ұшырады. 
Себебі, 1635-1758 жж. Жоңғар хандығы құрылып, бұл көшпелі мемлекет 
қазақтарға үлкен қауіп туғызды. Сондай-ақ, оңтүстік-батыс аймақтарда да, 
Мауареннахрдағы билеуші Шибан әулетінің орнына Аштарханилер әулеті билікті 
өз қолдарына алды. Бұл кезеңде қазақ мемлекеттігінің, көршілес елдермен және 
халықтармен белсенді әскери-саяси, сауда және мәдени қатынастарының нығаю 
уақыты. Осы кезде қазақтардың билігі Ташкент, Түркістан, Сауран, Әндіжанға 
жүріп тұрды, және ол қалалар үшін қазақ билеушілері мен жаңа әулет 
Аштарханилер (1598-1743 жж. Мауараннахрды билеген әулет) арасында үнемі 
соғыстар жүрді. Дәл, осындай кезеңде, Қазақ хандғындағы билік Есім ханның 
қолына өтті.
Есім хан - Шығай ханның он екі ұлының бірі, Сейітқұл сұлтаннан, Ондан 
сұлтаннан және Тәуекел ханнан кейінгі төртінші ұлы. Анасы шағатайлық Яқшым 
бике (Жақсы бике болуы да мүмкін). Тәуекел хан екеуі бір анадан туған. Оның 
толық есімі – Есмұхаммед (Ишмұхаммед), бірақ жазба дерек мәліметтері мен ауыз 
әдебиетіндегі материалдарда, сондай-ақ тарихи әдебиеттерде Ишим, Ашим, Есим, 
Есім түрінде кездеседі. Т.И.Сұлтановтың дәлелдеп көрсетуі бойынша ортаазиялық 
халықтар мұндай қоссөзден тұратын ұзақ атауларды өз тілдерінің ерекшеліктеріне 
сай икемдеп алып отырған. Мысалы, Досмұхаммед деген есімді – Достымға, 


232 
Хажымұхаммедті – Қажымға, Шахмұхаммедті – Шағымға, Жолмұхаммедті - 
Жолымға өзгерткен. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде, қазақ тілді қазіргі тарихи 
әдебиеттерде бұл есім – Есім хан түрінде кездеседі. 
Есім ханның нақты қай жылы дүниеге келгені белгісіз, бірақ оны шамалап 
айтуға болады. Қадырғали Жалайыр дерегіндегі Оразмұхаммедке қатысты « Сегіз 
жасында атасы Шығай ханнан айырылды. ...Он үш жасында өз әкесі Ондан сұлтан 
шахит болды. ...Он алты жасында бүкіл христиан падишахы Борис Федоровичке 
қызмет істеуге дайын болды» деген мәліметтерден Есім ханның ағасы Ондан 
сұлтанның 1555 жылы туып, 1585 жылы қаза тапқанын білгеннен кейін, інісі Есім 
ханды шамамен 1560 жылдың о жағы мен бұ жағында дүниеге келген.
1598 жылғы Орта Азиядағы оқиғаларды және соған байланысты Қазақ 
хандығының жүргізген саясатын баяндайтын деректерде Есім сұлтанның есімі 
алғаш рет нақты кездесе бастайды. Бұл кезде Есім сұлтан ағасы Тәуекел ханнан 
кейінгі ең беделді,ең атақты сұлтандардың бірі болатын.
Т.И. Сұлтанов Есім ханды 1598 жылдың күзінде хан тағына отырды дей 
келе, Тәуекел ханнан кейінгі қазақ сұлтандары ішінде ең лайықтысы Есім сұлтан 
болатын деген пікір айтады.
Тәуекел хан қайтыс болып, Есім хан таққа келгеннен кейінгі ең алғашқы 
жүзеге асырған шарасы Мауереннахрға қатысты түйінді мәселені шешіп, оны 
ретке келтіру болатын. Искандер Мунши ол жөнінде былай деп жазады: «Біршама 
уақыт өткеннен кейін Нахшбендилік шейхтердің араласуымен Ташкенттегі қазақ 
билеушісі мен ортаазиялық билеушілер арасында бейбітшілік орнатылып, 
Самарқан әскерлері Ташкентке қарсы ешқандай әрекет жасамайды деген келісімге 
келеді». Бұл дегеніміз – Қазақ хандығының аумағына Түркістан мен Ташкент 
аймақтарының 
қосылуын 
Мауереннахр 
билеушілерінің 
заңды 
түрде 
мойындағанын білдіреді. М.Қ. Әбусейітованың пікірінше, бұл келісім-шарт 
Түркістанды түпкілікті түрде, Ташкентті 200 жылға және Ферғананы уақытша 
Қазақ хандығының құрамына қосады.
Біздің ойымызша, Есім ханның билікке келуі осындай аса маңызды шараны 
жүзеге асырумен басталады. Жалпы алғанда Шығай ханның ұлдары Тәуекел 
ханның қайтыс болуы мен Есім ханның саяси билікті қолына алуы – қазақ елі 
тарихында бір дәуірдің аяқталып келесі дәуірдің басталғандығын көрсетеді.
Есім ханның билік етуінің алғашқы кезеңінде елдің сыртқы саяси жағдайы 
неғұрлым қолайлы болса, ішкі саяси жағдай соғұрлым қолайсыз болады. Есім 
ханға қарсы бірінші боп Түркістан өңіріндегі қарақалпақ тайпалары бас көтереді. 
1603 жылдың күз айында олар шайбанилық бір сұлтанды хан көтеріп бөлектене 
бастайды. Екі жақ арасындағы алғашқы ұрыстар сәтсіз болып, қазақ ханы 
Түркістан, Ташкент, Сайрам қалаларынан айырылады. Тек 1605 жылы ғана Есім 
хан қарақалпақ ханы Жалған Әбдіғаппарды өлтіріп қана барып, елдің тұтастығы 
мен бірлігін сақтап қалады.


233 
Қарақалпақ бүлігінен кейінгі екінші бүлікке қазақ сұлтаны - Тұрсын 
Мұхаммед сұлтанның бүлігін жатқызуға болады. Шамамен 1613-1614 жылдары 
Есім ханнан билікті тартып алған Тұрсын хан 13 жылдай Ташкентте хан болып 
отырады. Ал Есім хан болса Шығыс Түркістандағы шағатайлық хандарға кетуге 
мәжбүр болады. Есім ханның өмір жолында Тұрсын хан белгілі бір дәрежеде орын 
алатындықтан, төменде қысқаша болса да Тұрсынмұхаммед ханға тоқтала кетелік.
Тұрсынмұхаммед ханның шыққан тегі ғылымда әлі күнге дейін 
анықталмаған. Бұл мәселеге арнайы көңіл бөлген Т.И. Сұлтанов оның әкесі 
Жолым сұлтан екендігін дәлелдейді. Жолым сұлтанның есімі XVI ғ. 60 
жылдарындағы оқиғаларды баяндайтын деректерде Хақназар ханмен, Шығай 
сұлтанмен бірге айтылуына қарағанда ол Жәнібек ханның тоғыз ұлының біреуінен 
тараған болса керек. Өкінішке орай, қай ұлдың ұрпағы екендігі әлі күнге дейін 
белгісіз.
Т.И. Сұлтанов Тұрсын ханның қандай жағдайда Есім ханнан билікті тартып 
алғанын ешбір деректе айтылмайтындығын айта келе, ол билікті алу үшін күресте 
Мауереннахрдағы аштарханилық әулеттің билеушісі Имамқұл ханға (1611-1642 
ж.ж.) арқа сүйегенін жазады. 1613/14 жылы Ташкент аймағын билеп отырған 
Тұрсын сұлтан аштарханилық ханға арызданып, онда кейбір қазақ сұлтандары мен 
қырғыздардың бірігіп оның ұлысы аумағына тонаушылықтар жасап отырғанын 
жеткізеді. Мұндай жағдайды Иманқұл хан қалт жібермей, қазақ билеушілері 
арасында іріткі салу үшін және Ташкент секілді геосаяси және экономикалық 
маңызы зор аймақта өз адамын отырғызу үшін бірден мол әскермен Ташкентке 
аттанады. Т.И. Сұлтановтың пікірінше, осы жылдан бастап Тұрсын хан 
Ташкенттің және оған көршілес аймақтардың билеушісі әрі қазақтардың ханы 
болып есептеледі. Ол өз атынан ақша шығарып, баж салығы мен харадж салығын 
жинай бастайды. Мұндай жағдайда Түркістанда отырған Есім ханның қандай шара 
қолданатыны белгілі. Бірақта ешбір жазба деректе осы жылдары Есім хан мен 
Тұрсын хан арасында шайқастардың болғандығы жөнінде ешқандай мәліметтер 
кездеспейді. «Тұрсын ханның Есім ханмен қатынасы әртүрлі қалыптасты, ол бірде 
шиеленісіп әскери қақтығысқа дейін барды, кейін хандар бірін-бірі кешіріп, қайта 
достасты», - деп баяндайды Т.И. Сұлтанов.
Есім хан өмірінің бір кезеңін Шығыс Түркістан аумағында өткізген жылдар 
құрайды. 1613/14 жылы Тұрсынмұхаммед хан билікті иеленгеннен кейін 
Түркістандағы Есім ханмен арадағы қатынас шиеленісіп кетеді. Жоғарыда айтып 
өткен қазақтың екі ханы арасындағы текетірес кезең 4-5 жылдай уақытқа 
созылады да, оның ақыры Есім ханның өз жақтастарымен бірге Шығыс Түркістан 
жаққа кетуіне алып келеді.
1623/24 жылы Есім хан Шығыс Түркістаннан қайтып оралады. Оның кері 
оралуының себептері жазба деректерде айтылмайды. Біз оның бірнеше себептері 
болған деп топшылаймыз. Бірінші себепке Апақ хан мен Абд ар-Рахим хан 
арасындағы ұзаққа созылған нәтижесіз ұрыстардың салдары жатса керек. Ал 


234 
екіншіге Тұрсын хан екеуінің арасындағы шиеленістердің бәсеңсіп, Ташкент 
билеушісінің арнайы шақырған деген болжамды жатқызамыз. Өйткені 1624 
жылдан бастап ол Тұрсын ханмен бірге болады. Қалай болғанда да осы жылдан 
бастап Есім хан туған жеріндегі саяси оқиғаларға араласып, жазба деректерде жиі 
атала бастайды. Т.И.Сұлтанов «Бахр ал-асрар» дерегінің мәліметіне сүйеніп, 1624 
жылы Есім ханның Тұрсын хан ұйымдастырған Андижан жорығына 
қатысқандығын айтып өтеді. Бұл жорық қазақ хандары үшін өте сәтті аяқталып, 
Бұхара әскерлері жеңіліске ұшырайды. Осыдан кейін Есім хан Түркістан қаласына 
орнығады. Түркістан қаласында оған жолығып, оны паналаған, ол туралы дерек 
қалдырған адам, ол - Әбілғазы бахадур хан. 
1625 жылы болашақ Хиуа ханы, әрі тарихшы Әбілғазы Түркістандағы Есім 
ханға келеді. Бұл туралы ол өзі жазған «Түрік шежіресі» атты кітабының 
«Үргеніш өзбегінің бұзылғанының баяны» деген тарауда айтып өтеді. Онда ол өз 
еліндегі қырғыннан қашып шығып, қазақтарға келгенін баяндайды. «Түркістанда
Есім хан қасында үш ай тұрдым. Ол уақытта қазақтың ханы Тұрсын хан еді, ол 
Ташкентте тұратын еді, Түркістанға келді. Есім хан оны көре барды, мені есік 
алдына қойып, өзі барып Тұрсын ханға көрініс қылып, қайтып келіп, менің 
қолымнан жетектеп алып барды. Тұрсын ханға: «Бұл – Йадгар хан ұлы Әбілғазы, 
еш уақытта бізге бұл жамағаттан кісі келіп қонақ болған жоқ еді, бізден барғандар 
көп болар, бұл Сіздің қызметіңізде болғаны жақсы», - деді. Тұрсын хан: «Жақсы, 
сенің айтқаның болсын» деп өзімен бірге Ташкентке алып кетті. Ташкентте 
Тұрсын хан қасында екі жыл тұрдым. Екі жылдан соң Есім хан Тұрсын ханды 
өлтірді. Есім ханға: «Сіз екі ханнан пайда тие ме деп келіп едім, Сіздің ісіңіз 
мұндай болды, енді рұхсат болса, Имамқұлы хан қасына кетейін», - дедім. «Жақсы 
айтасың, солай қыл», - деді. Келіп Имамқұлы ханды көрдім...».
Жоғарыда атап өткеніміздей, Есім хан мен Тұрсын хан бірде араздасып, 
бірде татуласып жүрген болатын. Әбілғазының қазақ арасында болған екі жылдан 
астам уақытының алғашқы кезеңінде екі хан арасында татулық қатынас орнап 
тұрған еді. Тұрсын ханның Түркістанға келуі, Есім ханның оған барып көрісуі, 
Әбілғазы жөнінде айтқан әңгімелері біздің осы ойымызды дәлелдейді. Одан кейін 
екі хан арасындағы қарым-қатынас белгісіз себептерге байланысты қайтадан 
бұзылып, араздық, алауыздық қайта орнайды. Бұл араздық екі хан арасындағы 
ұзаққа созылған күрделі әрі шиеленісті қарым-қатынастың соңғы мәресі болды. 
Ақыры, ол қарым-қатынас Әбілғазының жазғанындай, 1627 жылы Тұрсын ханның 
өлтірілуімен аяқталады. Бұл оқиға әсерінің күшті болғаны соншалық, ол туралы 
халық ауыз әдебиетінде XX ғасыр басына дейін сақталып, қағаз бетіне түсіріледі. 
Есім ханның Тұрсын ханды өлтіруі жазба дерек мәліметтерінде де көрініс берген.
XVII ғасырдағы қазақ ауыз әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі - Марғасқа 
жыраудың жырында да Есім ханның Тұрсын ханды өлтіруі туралы жырланады. 
Онда былай делінеді:
«Ей, Қатағанның хан Тұрсын, 


235 
Кім арамды ант ұрсын,
Жазықсыз елді еңіретіп,
Жер тәңірісіп жатырсың. 
Хан емессің қасқырсың,
Қара албасты басқырсың, 
Алтын тақта жатсаң да, 
Ажалы жеткен тақырсың! 
Еңсегей бойлы ер Есім, 
Есігіңде келіп тұр:
Алғалы тұр жаныңды,
Шашқалы тұр қаныңды!».
Жазба деректерде де Есім ханның Тұрсынды өлтіруі туралы мәліметтер 
сақталған. XVII ғасырдағы ортаазиялық тарихшы Махмуд бен Уәли ол жөнінде 
былай деп хабарлайды: «Сол жылы (1626/27 жыл) Есім сұлтан қалмақтарға жорық 
жасауға шешім қабылдайды. Ол «туы астына бүкіл алаш әскерін басқа да 
қоластындағы ұлыс адамдарын, Тұрсынға қарайтын қатағанның бір бөлігін жиып, 
Моғолстанның бір шетіне аттанады да, қалмақтарға шабуыл жасап, оларды 
тонауға ұшыратады. Осы кезде Тұрсын сұлтан көптен бері өзінің басты саяси 
қарсыласын жоюды көздеп жүрген болатын. Ол тез әскер жасақтап, Түркістанның 
бір жерінде орналасқан Есім ханның Ордасын талқандап, ондағы адамдарды 
қыруды көздейді. Оның адамдары Ордаға бас салып, көп адамдарды қырады да, 
Есімнің әйелдері мен балаларын, барлық қызметшілерімен Ташкентке алып кетеді. 
Жеңіске мақсаттанған Тұрсын хан Есімнің көзін біржолата жою үшін «оның 
жорықтан оралар жолын күзетіп, тұтқыйылдан ұстамақ болады». Осы мақсатты 
жүзеге асыру үшін ол өз әскерімен Есімге қарсы аттанады. Екі жақ Сайрам түбінде 
кездесіп, ұрыс басталып кетеді. Тұрсын жеңіліс тауып, Ташкентке қарай шегініп 
кетеді. Қалған әскерімен Тұрсын хан Ташкентке келгенде Андижан жақтан басқа 
бір қарсыласының әскері шығып, Ташкентке үлкен қауіп төндіріп тұр екен. Бұл 
жағдай Есім ханға белгілі болады. Ол қолайлы сәтті құр жібермей, Сайрамнан тез 
жиналып, Ташкентке қарай аттанады. Екі қазақ ханының Ташкент түбінде екінші 
ұрысы болады да, Тұрсын хан әскері жеңіліс табады, ал Тұрсын ханның өзі қаза 
табады. Оны өзіне жақын адамдарының бірі өлтіреді. Есім хан Тұрсын ханның 
басын кесіп алып, Бұхара ханы Имамқұл ханға жібереді. Өз кезегінде Бұхара 
билеушісі Есім ханға Түркістан, Ташкент және тағы басқа қалалар мен елді 
мекендерді басқаруға хан жарлығын шығарады. Тұрсын ханның өлтірілуі туралы 
ортағасырлардағы ортаазиялық автордың мәліметі, міне осындай. 
Дерек түрлеріндегі мәліметтердің Есім ханның Тұрсын ханды өлтіруі 
жөніндегі мазмұны бір-бірінен алшақ емес, ұқсас келеді, тіпті бірін-бірі 
толықтырып отырады десек те болады. Екі дерек түрінде де Есім хан жорықта 
жүрген кезде Тұрсын хан оның жұртын шауып, бала-шағасын тұтқынға 
алғандығы, мұны естіген Есім ханның Ташкентке аттанып, қарсыласын 


236 
өлтіргендігі қатарласып айтылады. Сол себепті де, біз осы деректер мәліметтерінің 
сәл-пәл өзгешеліктеріне қарамастан оларды Есім ханның Тұрсын ханды өлтіруін 
көрсететін ең негізгі және шынайы дерек деп білеміз. Осылайша, XVII ғасырдың 
бірінші ширегінде Қазақ хандығының ішкі саяси өмірінде ұзаққа созылған саяси 
текетірес Есім ханның жеңісімен аяқталады. 
Есім хан Тұрсын хан мәселесін шешкеннен кейін өзінің Ордасы орналасқан 
Түркістанға қайтып оралады. Онда ол бір жылдай өмір сүріп, келесі 1628 жылы 
шамамен 70 жасқа қараған шағында өз ажалынан қайтыс болады. Оның денесі 
Қожа Ахмет Йасауи кесенесі жанына қойылып, қабірінің басына кішігірім 
мавзолей салынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет