263
Сырдарияның сол жақ жағалауындағы соңғы ортағасырлардағы қалалар –
Қожан, Аркөк, Үзкент, Аққорған ауданындағы археологиялық
зерттеулер мұнда
суландыру негізінен өзен арналарынан бастау алып, өздігінен ағатын басты
жүйелерге негізделгенін көрсетеді. Бұл қалалар дерек мәліметтері бойынша
астықты мол өндірушілер болған.
Тау етегіндегі аудандарда суландыру үшін
тау өзендерінің сулары
пайдаланылған, сондай-ақ тәлімді жерге егіс салу кеңінен қолданылған.
Оңтүстік аудандарда егіншілік әдетте суармалы болған. Өзендерден
каналдар мен арықтар жүйесі тарам-тарам болып егістікке тартылды.
Бұл кезеңде егін егетін құралдар да қарапайым болды. Олар кетпен шот,
кетпен, ағаш соқа, тырма, орақ болды. Тұқымды қолмен себетін.
Астықты ат
тұяғымен, кейде астық басатын тоқпақтармен бастыратын. Егін суаруға су
тартатын қарапайым аспан-атпа пайдаланылды. Аспа деген сабы үш аяқты аспаға
ілінген ожау. Су көтеретін аспап шығыр да пайдаланылды. Шығыр әдетте теріден
жасалынады.
Жазба дерек мәліметтері мен археологиялық деректерге қарағанда қала
тұрғындарының егіншілік кәсібі тұрмыста маңызды рөл атқарғандығын
дәлелдейді.
Дешті Қыпшақтың алуан түрлі жануарлар дүниесі
бар кең-байтақ кеңістігі
көшпелілерге жеке-дара және ұжым болып аңшылық етуге зор мүмкіндіктер берді.
Ортағасырлық деректердің мәлімдеуінше дештілік көшпелілердің «көбінесе
садақпен тамаша аң аулай білетіндігін» атап өтеді.
Ибн Рузбихан Исфахани «Михман наме-йи Бұхара» шығармасында: «Сол
көп нұр жауған елдің бүкіл шөл даласы жабайы аңдарға толы. Сол далада шөбі
шүйгін жайылымдары мол болуынан киіктер семіз сиыр сияқты жүгіре алмайды,
ал сол өңірдің аңшысы аң қуғанда аты аңға зорықпай жетеді», - деп сипаттайды.
Аң аулаудың бірнеше түрі болған: құс салған, тазы иттер қосып, қаумалап
аулаған. Қыран құстардан қаршыға, бүркіт, сұңқар, лашын т.б. пайдаланылған.
Жалпы
қорыта келгенде, XV-XVІIІ ғғ. Қазақстан тарихында мал, егін, аң
шаруашылықтары дамып, өркендеді.
Достарыңызбен бөлісу: