Ж. Ғылыми кеңестің шешімі (Хаттама №4) 2011 жылғы «Ғылым туралы»



Дата25.02.2016
өлшемі40.79 Kb.
#24945
23.11.2011 ж. Ғылыми кеңестің шешімі

(Хаттама № 4)
1. 2011 жылғы «Ғылым туралы» Заң тұрғысынан жас мамандарды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту бойынша университеттің қызметі туралы.
Қаулы етті:

1. 2011 жылғы «Ғылым туралы» Заң тұрғысынан жас мамандарды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту және ұйымдастыру бойынша университеттің жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.

2. Факультет декандары, кафедра меңгерушілері жас ғалымдарды халықаралық және республикалық конкурстарға тарту және оларды қатыстыру бойынша жұмыстарды күшейтсін.

Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, жас ғалымдар Кеңесінің төрағасы, факультет декандары, Инновациялық-технологиялық Орталықтың директоры, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және халықаралық бағдарламалар басқармасының бастығы.

Мерзімі: 2011-2012 оқу жылы ағымында.

3. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ студенттері мен магистранттары арасында инновациялық жобалардың университеттік конкурсы ұйымдастырылсын.

Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, жас ғалымдар Кеңесінің төрағасы, факультет декандары, Инновациялық-технологиялық Орталық директоры, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және халықаралық бағдарламалар басқармасының бастығы.

Мерзімі: ақпан 2012 жыл.

4. Пәнаралық зерттеулерді жүргізу мақсатымен университеттің ғылыми мектеп жетекшілерінің қатысуымен инновациялық-технологиялық Орталық қазіргі ғылым мәселелері бойынша семинарлар өткізсін.

Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, Инновациялық-технологиялық Орталық директоры, жас ғалымдар Кеңесінің төрағасы, факультет декандары.

Мерзімі: тұрақты.

5. Технологияларды коммерциализациялау офисі зияткерлік жекеменшік (патенттік және авторлық құқық) нысандарын басқару бойынша семинарлар өткізсін.

Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, Инновациялық-технологиялық Орталық директоры, технологияларды коммерциализациялау офисінің қызметкері.

Мерзімі: тұрақты.

6. Көшпелі күндер аясында оқу сабақтарын өндіріс, мемлекеттік және білім беру мекемелері мен қаржы институттары базасында ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылсын.

Жауаптылар: оқу ісі жөніндегі проректор, Оқу-әдістемелік басқарма бастығы, факультет декандары.

Мерзімі: 27 желтоқсан 2011 жыл.

2. Ғылыми және білім тағылымдамаларының аясында шетелдік университеттердің білім алушыларына ҚарМУ-дың қызметттер спектрін кеңейту келешегі туралы.
Қаулы етті:

1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және халықаралық бағдарламалар басқармасы бастығының ақпараты есепке алынсын.


2. Сыртқы академиялық ұтқырлықты дамыту мақсатында көптілді білім беруді енгізу бойынша эксперимент жүргізуге қатысушы факультет декандары мамандықтардың білім беру бағдарламаларының мазмұны туралы университет сайтына орналастыру үшін ақпарат дайындасын.

Жауаптылар: оқу ісі жөніндегі проректор, Оқу-әдістемелік басқарма бастығы, тарих, экономика, заң, химия, биология-география және физика факультеттерінің декандары.

Мерзімі: 20 желтоқсан 2011 жыл.

3. Ғылыми-зерттеу институттарының, орталықтар мен зертхана директорлары Қазақстанның және шетелдің жоғары оқу орындары магистранттары, докторанттарына арналған қысқа мерзімді ғылыми тағылымдамалар бағыттарын анықтасын.

Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, Инновациялық-технологиялық Орталық директоры, ғылыми-зерттеу институттарының, зертханалардың директорлары, ғылыми жобалардың жетекшілері.

Мерзімі: 10 қаңтар 2012 жыл.

4. Шетелдік азаматтығы бар студенттер арасында білім беру қызметіне қанағаттануы пәніне әлеуметтік сауалнама жүргізілсін.

Жауаптылар: оқу ісі жөніндегі проректор, білім сапасын бағалау және мониторинг бөлімінің бастығы.

Мерзімі: 1 желтоқсан 2011 жыл.
3. Білім беру бағыттарының мамандарын даярлау сапасы туралы.
Қаулы етті:

1. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіндегі «Білім беру» бағыты мамандарын даярлау сапасы қанағаттанарлық деп танылсын.


2. Педагогикалық іс-тәжірибе шеңберінде университеттің ақпараттық-техникалық мүмкіндіктерін пайдалану арқылы шетелдік әріптестердің қатысуымен педагогикалық мамандық студенттері мен оқытушылары үшін мастер-кластар өткізілсін.

Жауаптылар: оқу ісі жөніндегі проректор, кафедра меңгерушілері, ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар Орталығының бастығы.

Мерзімі: тұрақты.

3. Мектептерді көптілді педагогтармен қамтамасыз ету мақсатында көптілді білім беру бойынша экспериментті жүзеге асыруға енгізілген педагогикалық мамандықтар тізімін кеңейту мүмкіндігі қарастырылсын.

Жауаптылар: оқу ісі жөніндегі проректор, Оқу-әдістемелік басқарма бастығы, көптілді білім беруді дамыту орталығының жетекшісі, кафедра меңгерушілері.

Мерзімі: мамыр 2012 жыл.

4. Таңдау бойынша компонент пәндері жыл сайын жұмыс берушілердің ұсынысына сәйкес жаңартылып отырсын.

Жауаптылар: оқу ісі жөніндегі проректор, Оқу-әдістемелік басқарма бастығы, кафедра меңгерушілері.

Мерзімі: тұрақты.

5. Педагогикалық мамандықтар бойынша PhD докторантура ашу жөнінде дайындық жұмыстары жүргізілсін.

Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, факультет декандары, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және халықаралық бағдарламалар басқармасының бастығы, кафедра меңгерушілері. .

Мерзімі: мамыр 2012 жыл.

6. Шағын комплектілі мектептер үшін мамандар даярлау мақсатында кафедра меңгерушілері таңдау бойынша компонентке сабақтас пәндерді енгізсін.

Жауаптылар: оқу ісі жөніндегі проректор, Оқу-әдістемелік басқарма бастығы, «Білім беру» бағыты бойынша мамандарды шығарушы кафедра меңгерушлері.



Мерзімі: тұрақты.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет