Ж ж Бейнеу ауданы «Күш бірлікте» тимбилдинг мақсаты


ІІ. Кіріспе сөз. Психолог сөзі. /2минут/



бет2/7
Дата21.11.2022
өлшемі78.55 Kb.
#465366
1   2   3   4   5   6   7
МҰҒАЛІМДЕРГЕ ТРЕНИНГ

ІІ. Кіріспе сөз. Психолог сөзі. /2минут/
Рақмет. Сонымен біз лента арқылы түрлі-түсті шеңбер түздік, қараңыздаршы ол лента қандай әр түрлі болса, бізде сондай әр түрліміз. Яғни өмірде біз әр түрлі рөл атқарамыз, біз анамыз, баламыз, жармыз, әпкеміз, ағамыз және біз ұжымда ұстазбыз. Біз бір ұжымда еңбек етеміз. Қазіргі жаңартылған білім мазмұны міндеттерінің бірі ұжымда бірлесе, одақтаса еңбек ете отырып жеке тұлға қалыптастыру екендігін ескерсек, сол ұжымдық ортақ мақсатпен мүддеге бағытталған іс-әрекеттерді дамытушы « Күш - бірлікте » атты іскерлік ойынына қош келдіңіздер деймін! Тренинтің мақсаты: біртұтас команда моделін қалыптастыру, топта жағымды әлеуметтік -психологиялық климат құру.
Тренинг негізінен тимбилдинг әдісінің элементтері бойынша жүргізіледі. «Тим» ағылшын тілінен аударғанда – «команда», «билдинг» - «құру» деген мағына береді. Яғни, «команда құру» деген мағына береді, бүгін жас ұстаздар және жас ұстаздардың тәлімгер ұстаздары, команда құра отырып, ұжымдық ойынға қатысасыздар!
Ереже қабылдау
Белсенді болу
Қолдау, өзара сыйластық
Шынайылылық
1.Жаттығу: «Дөңгеленген достық добы» /8 минут/
Мақсаты: ортақ іс-әрекет негізінде бірін-бірі қолдау, өзара сенім қалыптастыру, топты ортақ мақсат пен міндеттерге қол жеткізуге бағыттау, шамадан тыс эмоционалдық стрессті төмендету, конструктивті қарым-қатынасқа кедергі келтіретін әрекеттерді жою
Шарты: Үш топқа түстеріне сәйкес орамалдар беріледі. Олар орамалды барлығы жайып ұстап тұрады. Топ қатысушылары үлкен допты келесі топтың орамалына түсірулері қажет. Жаттығу баяу жылдамдықтан, жоғары жылдамдыққа дейін жасалады.
Жаттығуды талқылау: Жаттығу сәтті орындалды ма? Жаттығу барысында команда болу үшін қандай әрекет қажет болды? Команда бола алдық па? Сәтті команда болу үшін қандай қасиет қажет деп ойлайсыздар? Қолдауды сезіне алдыңыздар ма?
Қажетті материалдар: Үлкен доп, үш түрлі мата


Жаттығу: «Ынтымақты ұжым» жаттығуы /5 минут/
Мақсаты: топты ортақ мақсат пен міндеттерге қол жеткізуге бағыттау, әр түрлі жағдайларда тиімді шешімдер қабылдай алатын дағдыларды дамыту, командадағы рөлдер мен міндеттерді өзара тиімді бөлісе алуға үйрету, конструктивті қарым-қатынасқа кедергі келтіретін әрекеттерді жою, қарым-қатынасты реттеу
Шарты: Бұл жаттығуда өздеріне тиісті орамалдарды алып, шеңбердің ішіне допты түсіру тапсырмасы беріледі. Үш топ допты бір біріне жалғастырып бере отырып, шеңберге түсіру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет