Ж Жалпыға міндетті оқумен қамту шаралары бойынша мектеп басшыларына әдістемелік нұсқаулық



Дата23.02.2016
өлшемі62.5 Kb.
#7382
01-11-1757

2970872015 ж
Жалпыға міндетті оқумен қамту шаралары бойынша мектеп басшыларына әдістемелік нұсқаулық

1. ҚР-ның «Білім туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, жүзеге асыру қажет:Заңның5,6,8,9,10,11,12,13,14,15,16,19,23,26,27,28,30,31,37,40,43,47,48,49,50,52,55,56,64 баптарын басшылыққа алу ұсынылады.

2.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамыздағы №812 қаулысымен бекіілген «Мемлекеттік жалпы білім беру мектептерінің жанындағы «Жалпыға бірдей міндетті орта білім қоры туралы» ҮЛГІ ЕРЕЖЕ басшылыққа алынады.

3.ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №1256 Қаулысымен бекітілген «Білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекіту туралы» құжаты;

2.Ауылдық аймақтарда ауылдық аймақ әкімінің келісімімен мектептерге мөлтекаудандар бөлініп, оның шартты схемасы жасалады, схема Қабылдау бөлмесінің көрнекі жеріне ілінуі қажет.Мөлтекаудандар бойынша жауапты тұлғалар бекітіліп, ай сайын оқушылар қозғалысын есепке алу, мектепке қамту жұмыстары жүзеге асырылады және арнайы дәптерде ай сайын мектеп директорына жазбаша мәлімдеме береді.

3.Жыл сайын Тамыз және Қаңтар айларында туылғаннан 18 жасқа дейінгі балалардың толық есебі алынып, тиісті есеп-мәліметтер жинақталып, өткізіледі.Тізім 2 данада жасалып, ауылдық аймақ әкімімен келісіліп, бекітіледі.1 данасы мектепте, 1 данасы ауылдық аймақ әкімінде сақталады.Тізімде әр жылдары туылған балалардың аты-жөні толық, мекенжайы, сыныбы, мектебі т.б. мәліметтер жазылады.Тізім жазуға ауылдық аймақ әкімшілігіндегі «Шаруашылық кітабындағы жазбалар» және олардың тұрғылықты жері бойынша тіркеуде тұруы, уақытша тұруы негіз бола алады. Есеп –мәліметтер жинақталған соң жауапты мұғалім мектеп басшысының атына мәлімдеме жазады. Мәлімдемеде төмендегі мәліметтер болуы тиіс:Жалпы бала саны (0-18 жас)- әр жас саны жеке-жеке жазылады.Оның ішінде оқитыны:Орта мектептерде,Негізгі мектептерде,Бастауыш мектептерде, Спорт мектебінде, Музыка мектебінде, Кәсіптік лицейде,Колледжде,Жоғары оқу орнында;



Оның ішінде: Оқымайтыны, жұмыс істейтіні, даму мүмкіндігі шектелген,оқуға мүлдем жарамсыз мүгедек балалар, үйден оқумен қамтылған балалар, сотталған балалар, арнайы оқу орнында оқитын балалар (ақыл-есі кем, соқыр немесе саңырау балаларға арналған т.б. арнайы интернаттар).Оның ішінде: 10 күн немесе одан да көп уақыт сабаққа келмей жүрген балалар, ауылдық аймаққа ата-анасымен немесе ата-анасынсыз туыстарына көшіп келген балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қараусыз қалған балалар, ата-анасы жалданып жұмыс істейтін үйде тұрып оқитын балалар т.б. туралы толық мәліметтер жазылуы керек.

4. Осы жазбалар негізінде мектеп басшысы балалардың мектепке қамтылуын қадағалайды. 10 күннен аса сабаққа келмей жүрген балалар туралы жергілікті атқарушы органға хабарлауы, тиісті шараларды жүзеге асыруы қажет.

5.Оқушылардың мектепке қамтылуы бойынша тиісті құжаттарды талапқа сай ресімдеу керек.(Бұйрықтар кітабы, Алфавит кітабы, оқушының жеке іс құжаты, сынып журналы т.б.).

6.Оқушылардың бастапқы есебін жүргізу үшін және оқушыларды сыныптарға қабылдау үшін оқу жылының 5 қыркүйегінен кешіктірмей Бұйрық шығарады.Осы бұйрыққа сәйкес оқушылар фамилиясы сынып журналына алфавиттік ретпен тізімге жазылады. Сынып журналдары 5 қыркүйекте толтырылып, тізім жазылып, реттеліп бітуі қажет.

5 қыркүйектен соң келген оқушылар тізімнің соңына жазылып кете береді.

Ал журналдың «Жалпы оқу бетін» толтыру сынып жетекшісіне жүктеледі. Онда оқу жылының 5 қыркүйегінде сыныпта отырған балалар тізімі жазылады, оқу жылы бойында келген балалар тізімі соңына жазыла береді. Ал басқа мектепке, оқу орнына т.б. ауысып кеткен, қайтыс болған, оқудан шыққан жағдайларда фамилиясының тұсына есептен шығарылғаны туралы бұйрық №, күні, айы, жылы, кеткен оқу орны атауы, анықтама №, күні, айы, жылы жазылуы керек.Бұл жазбалардың мектептің іс жүргізушісіндегі тиісті құжаттармен сәйкес келуін қатаң ескеру қажет.

7. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды үйден оқытумен қамту үшін әр жылдың 1 мамырынан кешіктірмей тиісті органдар арнайы комиссиядан өткізеді, комиссия шешімімен үйден оқытуға немесе арнайы мектептерде оқытуға жатқызылған оқушылар тізімі мен комиссия шешімінің көшірмесі аудандық білім бөліміне сол жылдың 31 тамызына дейін өткізілуі қажет.

Оқуға жарамсыз, даму мүмкіндігі шектелген, туғаннан мүгедек балалар тізімі де әр жылдың 25 тамызында және 15 ақпанында жылына 2 рет аудандық білім бөліміне бөлек беріледі.Олар сабаққа тартылмай отырған оқушы болып саналмайды.

8. Ата-анасының қоныс аударуына байланысты немесе отбасы жағдайына сай баланың өзге ауылға қоныс аударуына байланысты оның кез келген оқу орнын таңдауына ерік беріледі. Басқа оқу орнына ауысқан оқушы мектеп есебінен тиісті анықтама болған жағдайда ғана анықтама әкелген күні шығарылады. Анықтама келгенше, ол сол мектеп тізімінен шығарылмайды және Жеке іс құжаты сақталады. Қоныс аударғаны туралы ауылдық аймақ әкімінің анықтамасы мектептен шығаруға негіз болмайды, міндетті түрде басқа мектепке не оқу орнына ауысқаны туралы анықтама қажет.

9.Оқушылардың кешкі мектеп пен сырттан оқыту мектебіне ауысуы ата-анасының не қамқоршысының өтініші негізінде арнайы комиссияда (жасөспірімдер ісі жөніндегі комиссия) қаралып, шешім шыққан соң ғана жүзеге асырылады.

10.Жаз мезгілінде балалардың мектептен шығуына баса көңіл аудару қажет. Шілде-тамыз айларында басқа жаққа қоныс аударып жатқан ата-аналарға балаларын сол жақтағы мектепке орналастыру туралы анықтамасы болған жағдайда ғана, оқушының Жеке іс құжаты беріледі.

11. Әр оқушыға «Мектепке келу», «Мектептен кету» талондары толтырылады. Оны тіркеу журналдары болуы міндетті.

12. Оқушылардың қозғалыс есептері туралы есеп-мәліметтер әр тоқсан, жартыжылдық сайын, жыл сайын және жаз маусымында жүзеге асырылады. Тиісті кестелермен аудандық білім бөліміне директордың қолымен, мөрімен расталып, өткізу міндеті мектеп директорына жүктеледі. Ауысқан оқушылардың анықтамаларының көшірмелері бірге өткізіледі.

13.Жалпыға міндетті оқумен қамту шараларын жүзеге асыру бойынша мектеп басшысында төмендегі құжаттардың міндетті түрде болуын қамтамасыз ету мектеп басшысына жүктеледі.



Тиісті құжаттар тізбесі:

  1. Мөлтекаудандардың бөлінуі туралы схема

  2. Мөлтекаудандарға жауапты тұлғаларды бекіту туралы бұйрық

  3. «ЖМОҚ» айлығын және «Қайырымдылық» акциясын өткізу туралы бұйрықтар

  4. Оқушыларды сыныптарға топтастыру туралы бұйрық (05.09.)

  5. Оқушыларды үйден оқыту туралы бұйрықтар

  6. ЖМОҚ шаралары бойынша іс-шаралар жоспары мен штаб мүшелерін бекіту туралы бұйрық, штаб отырысының ай сайынғы хаттамалары, құжаттары

  7. Мөлтекаудандар бойынша дәптерлер, оның талапқа сай жүргізілуі

  8. Мөлтекаудандар бойынша балалар тізімі (0-18 жас)

  9. Мектепте оқитын, бірақ сол мөлтекауданға жатпайтын балалар тізімі.

  10. Басқа мектептерде, оқу орындарында оқитын, бірақ мөлтекауданда тұратын балалар тізімі

  11. Мүгедек балалар тізімі

  12. Кәсіптік лицей мен колледжде оқитын, бірақ мөлтекауданда тұратын балалар тізімі

  13. Еш жерде білім алмайтын, не жұмыс істемейтін балалар тізімі

  14. Жетім балалар,жартылай жетім балалар тізімі

  15. Оқушылардың қозғалысын тіркеу журналы

  16. Келу туралы талондарды тіркеу журналы

  17. Кету туралы талондарды тіркеу журналы

  18. Алфавит кітабы

  19. Әр оқу жылыны 5 қыркүйегіндегі мектеп оқушыларының тізімі

  20. ЖМОҚ шаралары бойынша ақпараттық мәліметтер

  21. 9,11 сыныптардың еңбекке қамтылуы мен оқуға түсуі туралы мәліметтер

  22. ОШ-1 есеп-мәліметтері, қозғалыс есептері

  23. Оқушылардың күнделікті сабаққа қатысуын тіркеу журналы

  24. Сабаққа қатыспайтын оқушылардың тұрмыс жағдайын зерделеу қорытындысы бойынша актілер.Сабаққа қатыспайтын оқушылардың ата-аналарымен кездесулер, әңгімелесулер туралы актілер.

14.Мектепте оқушылар қозғалысының Бұйрықтар кітабын жүргізуге және бұйрықтарды шығаруға арналған НҰСҚАУЛАРДЫ басшылыққа алу ұсынылады:

1. Ең кемі үш қызметкері бар мектептерде негізгі қызмет, жеке құрам бойынша және оқушылар қозғалысына байланысты бұйрықтарды тіркейтін бұйрық кітаптары жүргізіледі.

2. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтарда оқу-тәрбие процесі мәселелері жөніндегі жарлықтар мен қаулылар рәсімделеді. Бұйрықтың мәтіні логикалық өзара байланысты екі бөліктен тұрады: тұрақты және өкімгерлік. Тұрақты бөлігінде бұйрықтың шығарылу себептері, оның шығуына негіз болған нормативтік актіге сілтеме көрсетіледі. Бұйрықтың тұрақты бөлігі «Жоғарыда айтылғандардың негізінде бұйырамын» н е м е с е «БҰЙЫРАМЫН» сөздерімен аяқталады.

Өкімгерлік бөлігінде бұйрықты орындауға жауапты лауазымды адамдардың тегі, аты, әкесінің аты, іс-қимылдары, бұйрықты орындау мерзімі көрсетіледі.

3. Жеке құрам бойынша бұйрықтар өкімгерлік әрекеттермен басталады:

«Қабылдансын», «Тағайындалсын», «Көшірілсін», «Шығарылсын», «Берілсін» т.с.с. етістіктермен аяқталады. Одан әрі қызметкерлердің тегі, аты-жөні /жұмысқа қабылданған жағдайда тегі, аты, әкесінің аты толық көрсетіледі / (жеке басын куәландыратын құжатпен сәйкес), қызмет, бұйрықтың аталған пунктінің күшіне енетін күні /ол бұйрық шығарылған күнге сәйкес келмеген жағдайда/ көрсетіледі. Көшірілуге, шығарылуға, тәртіптік жазалануға байланысты бұйрықтар міндетті түрде Қазақстан Республикасындағы «Еңбек туралы»Заңының тиісті бабына сілтемесі болуы қажет. Жеке құрам бойынша бұйрықтардың шығарылуына негіздеме міндетті түрде қажет /мысалы, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықта 200.... жылғы «....» .................../ жеке еңбек келісімі/.

4. Оқушылардың қозғалысы бойынша бұйрықтарда оқу жылы басталғанда оқушылардың сыныптар бойынша жеке құрамы, оқушыларды қабылдау және шығару, оқушыларды келесі сыныпқа көшіру туралы, оқушыларды қорытынды аттестаттауға жіберу туралы, оқушылардың 9-шы және 11-ші сыныпты бітіргені туралы т.с.с. бұйрықтар шығарылады. Бұл жағдайда оқушылардың тізімі /сыныптар бойынша, келесі сыныпқа көшетіндердің немесе мектеп бітірушілердің/ педагогикалық кеңестің хаттамасына жазылып, ал бұйрықта педкеңестің күні мен реттік нөмірі, жалпы, нәтижелер негізі ретінде көрсетіледі.

5. Бұйрықтың соңғы пунктінде директор лауазымды адамдардың біреуіне бұйрықтың орындалуын бақылауды жүктеуі мүмкін. Бұйрықтың орындалуын өзі бақылаған жағдайда «Бұйрықтың орындалуын өзіме қалдырамын» деген тұжырым пайдаланылады.

6. Жеке тапсырмалар нөмірленген қосымшалар ретінде бұйрықтың тиісті пункттерінде рәсімделуі мүмкін.

7. Бұйрықтар төмендегі реквизиттері бар тиісті бланктерде рәсімделеді: құжаттың аты, күні бұйрықтың нөмірі, шығарылу орны, тақырыбы, мәтіні, құжатқа қол қоюға өкілетті адамның қолы, келісу. Бұйрықтар қатаң түрде бұйрық кітабына тіркеліп, түрлері бойынша жеке папкаларға тігіледі.

8. Бұйрық кітабының беттері нөмірленіп, бау өткізіліп, мектеп директорының қолы және мөрімен бекітіледі, басталған, аяқталған уақыттары жазылады.Бұйрық кітабындағы барлық жазбалар анық, мұқият сиямен немесе пастамен /мектеп әкімшілігінің шешіміне сәйкес/ толтырылуы тиіс.

15. ЖМОҚ штабының әр ай сайынғы отырысының хаттамалары іс-шаралар жоспарына сай қойылған күн тәртібіндегі мәселелерді басшылыққа алып, өткізіледі.Отырыс хаттамаларын жазу үшін арнайы журнал арналып, нөмірленіп, тігіледі, директордың қолымен, мөрмен расталып, басталған, аяқталған күндері жазылады. Әр оқу жылына бөлек хаттамалар журналы арналады.Хаттамаға негізінен мынадай реквизиттер кіреді:

1/ құжаттың аты және оның нөмірі;2/ отырыстың атауы және т.б.;3/ өткізілген күн;

4/ қатысушылардың саны туралы мағлұмат; Барлығы-; Қатысқаны-; Қатыспағаны-;

5/ отырыс төрағасы /төрайымы/ және хатшысының тегі, аты, әкесінің аты /немесе аттары/;

6/ күн тәртібі /қарастырылатын мәселелер тізбеленеді, осыған сәйкес әр мәселе жаңа жолға жазылады/; күн тәртібінде «Әр түрлі» деген тармақ болмауы тиіс, әр мәселені нақтылау қажет, нақты тақырып болады;7/ хаттама мәтіні;8/ отырыс төрағасы /төрайымы/ және хатшысы қолдары.



1.Тыңдалды. 2. Сөйледі. 3. Қаулы етті. Алдымен мәселенің реттік номері қойылып, қасына «тыңдалды» сөзі,содан соң баяндаманың негізгі мазмұны немесе сөйлеушінің сөзі жазылады. «Сөйледі»тарауында сөйлегендердің тегі, аты-жөні және сөйлеген сөзінің қысқаша мазмұны баяндалады.Хаттама мәтінінің «Қаулы етті» деген үшінші бөлімінде талқыланған мәселелер бойынша қабылданған шешімдер жазылады. Олардың стилі барынша қысқа анық және тұжырым дәлдігімен ерекшеленуі тиіс.«Тыңдалды», «Сөйледі», «Қаулы етті» сөздері мәтінде ерекшеленуі тиіс. Ірі қалың шрифтпен немесе сиретіп жазу – бұл хаттама мәтінін оқуды жеделдетеді және мазмұнын қабылдауды жеңілдетеді.Хаттамада бір типті нөмірлеу – араб цифрлары пайдаланылады. Егер «Қаулы етті» тарауында бірнеше тармақ болса, оның әрқайсысын араб цифрымен нөмірлеу керек /бірінші цифр қаралған мәселенің реттік нөмірін көрсетсе, екінші реттік нөмір осы мәселе бойынша қабылданған шешімді білдіреді. Екінші шешім алдында осы мәселе бойынша 1.2. араб цифрларын қою қажет/ бірінші мәселе бойынша екінші шешім/.

15. Мектептің Алфавит кітабы мен оқушылардың жеке іс құжаттарын жүргізу міндеті іс жүргізушіге жүктеледі және әр апта сайын сынып жетекшілермен бірлесе отырып, сынып оқушыларының қозғалыс есебі бойынша Жеке іс құжатты тексеріп, ретке келтіріп отыру қажет.



Алфавит кітабын жүргізуге қойылатын талаптар:

1 Алфавит кітабы әр мектепте жүргізіледі.

2. Кітапқа мектептің барлық оқушыларының аты-жөні тіркеледі, жыл сайын тізім жаңа қабылданған оқушылармен толықтырылып отырылады.

3. Алфавиттің әрбір әрпіне кітаптың белгілі бір беттері бөлінеді және әрбір әріп бойынша өз реттік нөмірі жүреді. Оқушының кітапта тіркелген нөмірі оның жеке іс құжатының да нөмірі болып табылады. Оқушының жеке іс құжатында бұл нөмір бөлшек түрінде жазылады. Мысалы: №Б/15 Бұл алфавиттік кітапта «Б» әрпінде №15 болып тіркелгенін білдіреді.

4. Оқушылардың мектептен кетуін аса мұқият жазып отыруы қажет, кеткен оқушыларға мектепті бітірген, тұрғылықты мекен-жайын ауыстыруына байланысты мектепке келуді тоқтатқан, басқа мектепке немесе басқа оқу орнына ауысқан, сонымен қатар мектептен шығарылып жіберілген оқушылар жатады. Оқушылардың сабақты уақытша жіберуі (ауырып қалуы, себепсіз келмеуі) алфавиттік кітапта белгіленбейді.Келген оқушылар да мектеп директорының бұйрығы шығарылып, мектепке қабылданады.Бұйрықта оқушының қай сыныпқа (А,Ә,Б,В) барғаны туралы жазба нақты көрсетілуі қажет.

5. Оқушының мектептен кетуі оның кету себебі көрсетіле отырып, мектеп директорының бұйрығымен белгіленеді.Бұл бұйрықта да оның қай сыныптан (А,Ә,Б,В) кеткені туралы нақты жазылуы қажет. Яғни Алфавиттік кітаптың 10 бағанында бұйрықтың № мен мерзімі, ал 11 бағанында кету себебі көрсетіледі.Егер осы мектептен бұрын кетіп, кетуі бұйрықпен белгіленген оқушылар қайта келетін болса, ол туралы мәліметтер жаңадан қабылданған оқушы сияқты тіркеледі. Мұнда оқушының қайта келу мерзімі «қайта келу» белгісімен мектепке келуі туралы мәлімет бағанында көрсетіледі. Алфавиттік кітаптың қандай да бір әріпке арналған беттері толық қолданылып болса, оның жалғасы жаңа кітапта әр әріптің өзінің реттік нөмірін жалғастыра отырып, жазылады.Алфавит кітабы іс жүргізушіде сақталады, оның талапқа сай жүргізілуін қадағалау мектеп басшысына жүктеледі.

16.Сынып журналы-мемлекеттік құжат. Сондықтан сынып журналдарының толтырылуын, бағалардың объективті қойылуын, жазбалардың толық, нақты, сапалы болуын қадағалау мектеп басшысына жүктеледі. Журналдарды айына 1 рет мектеп әкімшілігі мүщелеріне тексеруге ұсынылады. Тексерілгені туралы жазбада тапсырмалар беріліп, оның орындалуы қадағалануы қажет.

Әр тоқсан соңында сынып жетекшілер журналдың сапалы толтырылуы бойынша мектеп басшысына есеп береді. Сабақ кестесін негізге алып, күнтізбелік жоспарға сай өткізілген сабақ тақырыптары мен берілген тапсырмалар туралы нақты жазылуын, зертханалық, сарамандық, бақылау жұмыстарының ( диктант, мазмұндама, шығарма, тест, деңгейлік тапсырма, сынақ т.б.) бағаларының қойылуын қадағалайды. Сонымен қатар оқушылардың сабаққа келмегені туралы «ж» белгісінің қойылуын, оқушылардың босатқан күндерін ай сайын арнайы бетте жазып отыру, мектеп медбикесінен мәлімет ала отырып, денсаулық жағдайы бойынша келмегені туралы анықтамасы бар оқушылардың тұсына тиісті жазбаларды қою, оқушылар туралы жалпы мәліметтерді толтыру, «Денсаулық парағының» толтырылуын қадағалау,сыныпқа жаңа келген балаларды тіркеу міндеті сынып жетекшілеріне жүктеледі.



Құрастырған: Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет