Үй жылқысы Амандық күйі



бет3/3
Дата09.09.2024
өлшемі63.85 Kb.
#503510
1   2   3
Жылқы

Дон жылқысы – жылқы тұқымы. 15 – 19 ғ-ларда Дон казактарының жергілікті орыс жылқыларын жорықтардан әкелген парсы, қарабах, араб,түрікмен жылқыларымен ұзақ жыл будандастыруы арқылы шығарылған; кейін орыстың орлов-ростопчин, стрелец және ағылшынның таза текті жылқыларымен будандастыру арқылы асылдандырылған. Дон жылқысының сүйегі ірі, шоқтығына дейінгі биіктігі 160 – 163 см, қиғаш өлшегендегі тұрқы 162 – 165 см, кеуде орамы 195 – 198 см, жіліншік орамы 20 – 21 см. Айғырының орташа салмағы 570 кг, биесі 550 кг. Сауыры жалпақ, түсі жирен, көбінесе күрең болады. Дон жылқысы төзімді, аса күтім талғамайды, шаруашылыққа қолайлы, ауа райының ыстық-суығына көнбіс. Сауын маусымында әр биеден 3000 кг сүт саууға болады. Жарыстарда 200 км-ді 16 сағатта 304 км-ді 24 сағатта, бәйгеалаңда (ипподромда) 1200 м – 1 мин 20 с, 1600 м – 1 мин 47 с, 2000 м – 2 мин 15,5 с, 3000 м – 3 мин 28 с-та шауып өткен. Дон жылқысы. Мұның шыққан жері — Дон өзенінің маңайы. Жергілікті жердің ауа райына өте төзімді келеді. Дон тұқымының басы ашаң, сәл ұзындау, маңдайы томпақ, шортан басты келеді, көздері үлкен, шығыңқы, томпақ, танаулары делдиген, жұқа құлақтары сереңдеген, мойнының ұзындығы орташа, түзу, кейде ұзын, ашаң немесе етті, толық болады, көкірегі кең, қабырғалары ұзын, арқасы тегіс, сауыры ұзын және тік, жауыырыны қысқа, тік біткен алдыңғы аяқтары түзу, аралары кең, артқы аяқтары қайқылау, тұяқтары берік, дөңгелек, үлкен болып келеді. Дон жылқысы салт мінуге қолайлы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет