Тақырыптар
|
Тақырыптар мазмұны
|
Тақырып
тар
көлемінің саны
|
1
|
Психология пәні, әдістері мен
тарихы
|
Психология пәні, мақсаттары мен міндеттері.
Психикалық құбылыстардың топтастырылуы.
Психология ғылымының зерттеу әдістері.
Психология ғылымының салалары.
Психология ғылымының дамуы.
|
3
|
2
|
Ми және психика.
|
Жүйке жүйесі туралы жалпы ұғым..
Жүйке қызметінің рефлекстік табиғаты және оның негізгі қағидалары.
Жануарлар психикасының түрлері.
Сана туралы түсінік.
|
2
|
3
|
Жеке адам
психологиясы
|
Жеке адам құрылымы мен жалпы түсінік.
Жеке адамның түрткілері мен қасиеттері.
Жеке адамның бағыттылық компоненттері.
|
2
|
4
|
Қарым-қатынас психологиясы
|
Қарым-қатынас туралы жалпы түсінік.
Қарым-қатынас түрлері.
Қарым-қатынас құрылымы, тәсілдері және функциялары.
|
2
|
5
|
Іс-әрекет психологиясы
|
Іс-әрекет туралы жалпы ұғым..
Іс-әрекет құрылымы.
Іс-әрекет түрлері және оларға жалпы сипаттама.
|
2
|
6
|
Ұжым және топ психологиясы
|
Топ туралы жалпы ұғым және оның түрлері.
Топ құрылымы.
Топ ішіндегі өзара қатынас динамикасы.
|
2
|
7
|
Зейін
|
Зейін туралы жалпы түсінік. Зейін процесіне жалпы сипаттама.
Зейіннің түрлері.
Зейінің физиологиялық негізі.
Зейіннің қасиеттері.
Зейін функциялар.
|
4
|
8
|
Түйсік
|
Түйсік және қабылдау туралы жалпы түсінік.
Түйсіктің түрлері.
Түйсіктің жалпы қасиеттері.
|
4
|
9
|
Қабылдау
|
Қабылдау туралы жалпы түсінік.
Қабылдау түрлері.
Қапбылдаудың негізгі қасиеттері.
|
2
|
10
|
Ес
|
Ес туралы жалпы ұғым.
Естің түрлері мен функциялары.
Естің негізгі процестері.
Ес теориясы.
Естің жеке дара психологиялық ерекшеліктері.
|
4
|
11
|
Ойлау және сөйлеу
|
1. Ойлау туралы жалпы түсінік.
|
4
|
|
|
Ойлаудың түрлері.
Ойлау формалары.
Ойлау операциялары.
Ойлау және сөйлеу.
Сөйлеудің түрлері.
|
|
12
|
Қиял
|
Қиял туралы жалпы түсінік.
Қиялдың түрлері.
Қиялдың жасалу тәсілдері
Қиял мен ойлаудың өзіндік байланысы.
|
2
|
13
|
Эмоционалдық еріктік сфера
|
Сезім және эмоция.
Эмоциялық күйдің түрлері.
Жеке адамның жоғары сезімі.
Сезім мен эмоция функциясы.
|
2
|
14
|
Ерік.
|
Ерік. Ерік туралы жалпы түсінік.
Ерік құрылымы.
Жеке адамның еріктік сапасы.
|
2
|
15
|
Темперамент
|
Темпераментке жалпы сипаттама.
Темперамент типтері.
Темперамент теориясы.
Темперамент және іс-әрекет.
|
3
|
16
|
Мінез
|
Мінез туралы жалпы түсінік және оның психофизиологиялық негізі.
Мінез құрылымы мен типі.
Мінез қасиеттерінің классификациясы.
Мінез және темперамент.
|
3
|
17
|
Қабілет
|
Қабілет туралы жалпы түсінік.
Қабілет түрлері.
Қабілет және нышан.
Қабілеттің дамуы.
Қабілеттіліктің даму деңгейі.
|
2
|
ҚЫСҚАША ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК Абулия - ми патологиясында пайда болатын iс-әрекетке итермелегiш күштiң болмауы, шешiмдi қабылдап әрекет ету немесе оны орындау керектiгiн түсiнуiндегi қабiлетсiздiгi.
Агглютинация - алғашқы ойдың сақталуында, әртүрлі сөздердің мифологиялық құрылымдары мен түрлі механизмдердің құрастырылуы.
Агрессия - адамның басқа адамдарға қатынасындағы, оларға зиян немесе нұсқан келтіруге бағытталған мінез-құлық, әрекет.
Агрессивтік мінез-құлық - адам әрекетінің ерекше формасы, мұндай мінез-құлық субъектің нұқсан келтіру мақсатымен өзінен басқа адамға немесе адамдар тобына өз артықшылығын білдіріп, қыр көрсетуі немесе күш қолдануға тырысуымен сипатталады.
Аккомодация - көздің әр түрлі қашықтықтан көруге бейімделуі, үйренуі.
Антропогенез - адамның (Ноmо sаріеns) шығу процесі, оның физикалық типінің қалыптасуындағы тарихи-эволюциялық процесс.
Антропология - адамзатты зерттеу, адамның шығу тегі және эволюциясы туралы ғылым. Антропологияның негізгі бөлімдері: адам морфологиясы, антропогенез, нәсілтану туралы ілім.
Апатия - сылбырлық, көңілдің еш нәрсеге соқпауы, ұнжырғаның түсуі. Өмірге немқұрайлы қараудан, көңіл-күйдің басылып, көмескіленуінен болады. Апатияға салынған адам туған-туысқандарына, жақын дос-жаранына селқос қарайды, идеялық мүдделерден, мәдени дағдылардан айырылады, эмоциялық сергектігі бәсеңдеп, сөне бастайды.
Апперцепция - адам психикасының дүниені қабылдау процесі, сыртқы дүниенің әсер етуіне, басынан кешкен тәжірибесіне, біліміне, мақсат-мүддесіне, әдет-ғұрпына байланысты болатын адам психикасындағы маңызды қасиеттерінің бірі.
Аралық ми - барлық омыртқалы жануарлар мен адам миының бір бөлігі. Ол алдыңғы ми көпіршіктерінің артқы бөлігінен дамиды. Аралық ми орта мидың алдында тұрады. Оған: иіс сезу, көру, есту, дәм сезу, тері, ет және сіңір рецепторларынан импульстер келіп, одан әрі мидың басқа бөліктеріне тарайды.
Арман - психологияда: адамның келешекке бағытталған қиялы. Жетсем деген мақсат, мұратын, орындалу барысын ойша елестетуі, көксеуі. Іс-әрекетпен тікелей байланысып жатпағандықтан, оны шығармашылық қиялдың дайындық сатысы деуге болады.
Арнаулы психология - адам дамуының бір қалыпты даму жолынан ауытқуын, ми зақымы ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістерін және осы саладағы әртүрлі аурулардың себептерін қарастырады. Оның тармақтары: олигофренопсихология, сурдопсихология, тифлопсихология, патопсихология
Ар-ұят - ізгілік пен мейірімділікті, имандылық пен инабаттылықты білдіретін ұғым. Ол адамның әдептілік нормаларды сақтап, одан аспауына, ісәрекет пен мінез-құлқына баға беруімен байланысты туындайтын қасиет.
Ассоциация - психикалық құбылыстар арасындағы байланыстар. Бұл байланыста психикалық құбылыстардың бірінің (қабылдау, елестету) басымдылығы екіншісінің пайда болуын ілестіре жүреді. Ассоциацияның психофизиологиялық негізі - шарты рефлекс.
Достарыңызбен бөлісу: |