Ж. К. Оспанов Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ізденушісі



Дата19.06.2016
өлшемі158.07 Kb.
#148353
Ж.К. Оспанов

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ізденушісі
Жер дауларының ведомстволық бағыныстылығы мен соттылығы
Қазақстан Республикасы жер заңнамасының дамуын талдау жер дауларын шешу қандай органдардың құзыретіне жатқызылғандығына байланысты олардың арасын бөлу мүмкін үш негізгі кезеңді бөліп шығаруға болады..

1990 жылғы 19 қарашадағы Қазақ ССР Жер кодексі қабылданғанға дейін бұл проблема жер дауларын шешуді республикалардың одақтас және автономиялық республикалардың Министрлер кеңесінің, сондай-ақ еңбекшілердің өлкелік, облыстық, аудандық, қалалық, селолық және кенттік депутаттар кеңесінің атқару комитеттерінің құзыретіне жатқызылған КСР Одағы мен жер заңнамасының негіздерімен реттелген.

Қазақ ССР заңнамасы жер дауларын шешу жөніндегі органдарының жүйесін белгілеу мен олардың құзыреттілігін айқындаған кезде осы мәселені ұқсас тәсілмен шешкен. Сонымен қоғамды әкімшілік-командалық басқару кезеңінде жер дауларын шешу соттық юрисдикциядан алынды, ал мемлекеттік басқару органдары жер мәселелері бойынша шағымдар мен өтініштерді қарай отырып, оларға тән емес соттық функцияларды атқарған.[1]

Жер даулары мемлекеттік басқарудың функциясы ретінде .И.А. Иконицкая [1], А.А. Рябов [2], А.А. Забельшенский [3] ғалымдарының жазған монографияларында кенінен көрсетілген.

Жер дауларын шешуді мемлекеттік басқару органдарының функцияларынан алып тастау туралы ұсынысты, осы даулардың санатын мемлекет төреліктері қарайтын мүліктік даулардың түріне жатқызған 1969 жылы Н.А. Сыродоев айтқан (сонымен бірге мемлекеттік төреліктің функциясы туралы дискуссия орын алған).[4]

Профессор М.С.Козырь жер дауларын шешу жер қорын басқару жөніндегі мемлекет функциясының құрылымдық бөлігі болып табылады деп есептей отырып, өзге позицияны ұстанған.[5]

Осы кезеңде де соттар жер дауларының маңызды емес санын қарастырғанын атап өту қажет. Жекелеп алғанда ҚазССР АІК-ның 25, 444-баптарына сәйкес соттар өзінің өндірісіне, егер мұндай бұзудың мүліктік салдарлары туралы мәселе қарастырылса заңсыз салынған құрылыстарды бұзу туралы істерді қыбалдай алған.

Өз еңбектерінде И.А. Иконицкая мүліктік дау болмаған кезде іс сотта қарауға жатпайтындығын тікелей көрсеткен.[1]

Бұл мәселе бойынша өзге де көзқарастар болған. Жекелеп алғанда, Б.Ерофеев сот дауларына мәні бойынша жер учаскілерінің шектері туралы даулар болып табылатын құрылыстарды, құрылымдарды немесе көшеттерді бұзу немесе орнын ауыстыру туралы талаптардан туындайтын даулар жатады деп пайымдаған. [6]

Тәжірибеде жер учаскілерінің шектерін белгілеумен және бөтен жер учаскесінде салынған құрылыстар мен қоршауларды бұзумен байланысты дауларды қарау кезінде орындау үшін шешімдерді жергілікті Кеңестердің атқару комитеттері ғана шығарған.

Бірақ заңсыз салынған құрылыстарды бұзу туралы істер бойынша шешімдерді қабылдау кезінде соттар бұзудың мүліктік салдарларымен қатар іс материалдарында осы шектерді белгілейтін құжаттардың бар болуына қарамастан жер учаскілерінің шектерін белгілеу туралы мәселені шешкен.[7]

Сонымен, Қазақ ССР-ның жер кодексі қабылданғанға дейін де жер даулары сот органдарының жеке юрисдикциясында болған және соттық талқылаудың мәні болып табылған, осыған байланысты белгілі тәжірибе жасалды.

Профессор Б.Ж. Әбдірайымов атап өткендей Қазақ ССР Жер кодексінің қабылдануымен жағдай күрделі өзгерді: жер қатынастарымен байланысты жер және мүліктік даулардың басымы сот органдарының құзыретіне жатқызылған. Тараптарының бірі азаматтар мен шаруа қожалықтары болып табылатын жер қатынастарымен байланысты даулар бойынша, сондай-ақ көрсетілген тұлғалардың жер мәселері бойынша жергілікті өкілеттік және атқару органдарының шешімдері бойынша істер жекелеп алғанда соттың құзыретіне жатқызылған, ал кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, оның ішінде колхоздар, жеке, бірлескен кәсіпорындар мен заңды тұлға болып табылатын халықаралық бірлестіктер «Төрелік соттардың шаруашылық дауларды шешу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабына сәйкес өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін төрелік соттрға оларға сәйкес белгіленген тиістілік бойынша жүгіне алатын. [8]

Сонымен соттарға жер-құқықтық дауларының мынадай санаттары тиісті болған:

а) жер учаскесін, оның ішінде шаруа қожалығын құру, жеке тұрғын үй құрылысы, жеке бағбандық және бақша өсіру, шабындық, мал жою үшін ұсынудан жергілікті атқару және өкілетті органдарының бас тартуын заңсыз деп тану туралы талаптары;

б) тиісті органның жерді өмiр бойы мұраға қалдырып иелену құқығына арналған мемлекеттік актілерді тіркеуі мен беруінен бас тартуына шағымдар;

в) жергілікті өкілетті және атқарушы органдарының жер учаскілерін өмiр бойы мұраға қалдырып иелену мен пайдалану және оларды жалға алу құқығын заңсыз деп тану туралы талаптар;

г) шаруа қожалығының басшысы қайтыс болғаннан кейін жер учаскесін мұраға алудың басымды құқығын тану, сондай-ақ қосалқы шаруашылықты, тұрғын үй, гараждық құрылыс, бағбандық пен мал өсіру үшін жер учаскесін мұраға алудың басымды құқығы туралы, сондай-ақ жалға алу құқығын мұраға алу туралы талаптар;

д) Қазақ ССР Жер кодексінің 68-бабында тізбеленген тұлғаларына қызметтік жер үлесін ұсынудан, сондай-ақ қызметтік жер үлесін пайдалану құқығын сақтаудан әкімшіліктің бас тартуын заңсыз деп тану туралы талаптар;

е) мемлекеттік және қоғамдық мұқтаждықтар үшін жер учаскілерін алып қоюмен немесе уақытша иеленумен, жер учаскілерінің иелері мен пайдаланушылардың құқықтарын шектеумен немесе кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың және азаматтардың қызметі нәтижесінде жерлер сапасының нашарлауымен келтірілген залалдардың орнын толтыру туралы талаптар;

ж) жер учаскесіне заңсыз орналасу, оны ластау, бүлдіру және жер иеленушілер мен жер пайдаланушыларының басқа да құқықтарын бұзунәтижесінде келтірілген залалдардың орнын толтыру туралы талаптар;

з) іздестіру жұмыстарын жүргізумен байланысты жер иеленушілері мен жер пайдаланушылары көтерген залалдардың орнын толтыру туралы талаптар;

и) жерді өмiр бойы мұраға қалдырып иелену, жер учаскілерін пайдалану мен оларды жалға алу құқығы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда жерлерді жақсартуға арналып жүргізілген шығындардың жергілікті өкілетті және атқару органдарымен орнын толтыру туралы талаптар, сондай-ақ жергілікті өкілетті және атқару органдарының жер иеленушілері мен жер пайдаланушыларға жердің сапалық жағдайының нашарлануы мен бүлінеіне байланысты талаптары;

к) жергілікті өкілетті және атқару органдарының құқықтарына залал келтірілген жер учаскесін басқа тұлғаларға ұсыну туралы шешімдеріне шағымдар;

л) жер учаскесін пайдалануда, оның ішінде оның шектері мен мөлшерлеріне дау айталытан жағдайда кедергілерді жою туралы қосалқы (көршілес) жер учаскілерінде орналасқан жеке тұрғын үй құрылыстарының меншік иелері арасындағы даулар;

м) бағбандық серіктестіктер мен олардың мүшелері арасындағы даулар, серіктестік мүшелерінің өзара даулары, сондай-ақ ерлі зайыптылар, оның ішінде ажырасқан ерлі зайыптылар арасындағы жер учаскесін бөлуге немесе осы учаскесін пайдалану тәртібін айқындауға қатысты даулар;

н) саяжай-құрылыстық кооперативінің мүшелері мен кооператив арасындағы даулар, сондай-ақ жер учаскесін пайдалануға немесе оны бөлуге қатысты саяжай-құрылыстық кооперативтің мүшелері арасындағы даулар;

о) оларда кем дегенде тараптың біреуі шаруа қожалығы немесе азамат болып табылған жер-құқықтық қатынастарынан туындайтын өзге де даулар.

Яғни кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, заңды тұлғалар болып табылмайтын шаруа қожалығы немесе азамат дауды шешу үшін төрелік сотқа заңды тұлғалар сияқты даудың мәніне тәуелсіз жүгіне алмайтын. Көрсетілген субъектілердің қатысуымен дау сотта шешуге жататын.

Заңнамадағы жоғарыда аталған қарама қайшылықтар тәжірибеде шаруа қожалықтардың қатысуымен істерді шешу кезінде белгілі қиыншылықтар тудырды, онда өндіріс шаруа қожалықтар мүшелерінің еңбегіне және өндіріс құралдары мен өзге меншікке арналған бірлескен меншікке негізделген ауыл шаруашылығын бірге жүргізетін тұлғалардың отбасылық-еңбек бірлестіктері түсінілген. «Шаруа қожалығы туралы» Заңының 4, 12, 20, 38-баптарына сәйкес шаруа қожалығы қатысатын дулар соттың қарауына жатқызылған. Сонымен бірге, төрелік соттардың тәжірибесінде дауды шешу үшін шаруа қожалығы белгіленген тәртіппен заңды тұлғаның құқығымен тіркелу жағдайлар кездескен, ал төрелік соттар «Шаруа қожалығы туралы» Заңын басшылыққа ала отырып дау төрелік соттың қарауына жатпағандықтан іс бойынша өндірісті тоқтатқан. Мұндай жағдай көптеген сұрақтар тудырған, өйткені «Төрелік соттардың шаруашылық дауларды шешу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес заңды тұлғаның құқықтары жоқ құрылымдық бөлімшелер ұйымның атынан да, өзінің атынан да төрелік іс жүргізуге қатыса алатын

Жекелеп алғанда құрылымдық бірлік ұйымның атынан оған заңнамамен және ұйыммен ұсынылған құқықтардың шеңберінде онымен шаруашылық шарттарды жасау, сондай-ақ мұндай шарттарды өзгерту, бұзу және орындау кезінде пайда болатын даулар бойынша шыққан, ал құрылымдық бірліктің төрелік процестің тарапы ретінде (яғни өз атынан) қатысуы оған ұсынылған құқыққа сәйкес ол шаруашылық шарттарды жасаған кезде, сондай-ақ мұндай шарттарды өзгерту, бұзу және орындау пайда болатын даулар бойынша жол берілген.

Тиісінше төрелік соттың қарауына заңды тұлғалар арасындағы ғана даулар қарауына жататындығы туралы пікір дұрыс емес болып табылады. Шаруа қожалығының құқықтық мәртебесі заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның құрылымдық бірлігі ретінде өзіне дауларды экономикалық салада шешкен төрелік сотқа жүгіну құқығын өзіне неге қамтымаған? деген сұрақ туындайды.

Біз қарастырып отырған кезеңде Ресей Федерациясында осы мәселені басқаша талқылау орын алғандығын атап өту қажет. «Төрелік сот туралы» РСФСР Заңының 1,6-бабына және Ресей Федерациясы Төрелік іс жүргізу кодексінің 20, 22 баптарына сәйкес сот, егер дау олардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ көрсетілген тұлғалардың Жер мәселелері жөніндегі Халық депутаттары жергілікті кеңестерінің (жергілікті әкімшіліктің) шешімдеріне шағымдары бойынша байланысты пайда болса, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адамдарды (оның ішінде шаруа қожалығын жүргізетіндерді) қоспағанда тараптарының бірі азаматтар болып табылған жер қатынастарына байланысты дауларды қарау мәні бойынша өндіріске қабылдап, қарай алатын. Яғни Ресей заң шығарушысы Қазақ ССР-да белгіленген жер-қатынастары субъектісіне байланысты сот қарауына жатқызуды шарттық бөлуді жүргізбеуді қажет деп санады және көрсетілген субъект қызметінің мақсаттары мен бағытына негізделды. Сондықтан шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлердің басқа шаруашылық субъектілермен қатар тең жағдайын қамтамасыз ету үшін оларға өзінің құқықтарын қорғау үшін заңды тұлғаларымен қатар төрелік соттарға жүгіне құқығы берілді

Көрсетілген қазақстандық заңның қарама-қайшылығы заңнамалық шешімін төрелік соттарды жойған «Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заң күші бар 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2694 Жарлығы және 119 бабы жер құқықтық қатынастарынан туындайтын барлық дауларды сот қарайтындығын белгілеген «Жер туралы» заң күші бар 1995 жылғы 22 желтоқсандағы Жарлығы қабылданғанға дейін өзінің заңнамалық шешімін таппады

«Соттар және судьялардың мәртебесі туралы» Жарлықтың қабылдануы сот жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында, Оның тиiмдiлiгiн арттыру және әдiл соттың шын тәуелсiздiгiн, судьялардың кәсiпқойлығы мен мамандандырылуын қамтамасыз ету мақсатында соттарды ұйымдық жағынан нығайтып, жалпы және төрелiк болып бөлiнуiнен бас тарту қажет; Судьялардың ауыстырылмайтыны және Сот кеңестерi мен бiлiктiлiк алқаларының ұсынысы бойынша оларды Қазақстан Республикасының Президентiнiң - мемлекет басшысының тағайындау принциптерiн қолдану керек; әдiл сот жүргiзе алмайтын адамдарды босатудың айқын негiздерi мен тетiгiн тауып, сот сатылары арасында iс жүргiзуден тыс қатынастарды, соның iшiнде кадрлық және ресурстық қамтамасыз ету қатынастарын болдырмау шарт; әдiл сот жүргiзу мен сот қаулыларын орындау жөнiндегi көмекшi қызметтi күшейту қажеттілігін белгілеген Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 12 ақпандағы № 1569 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның Мемлекеттiк бағдарламасын іске асырудың логикалық іске асырылуы болып табылды.

Жоғарыда көрсетілген Бағдарламаға сәйкес сот iстерiн қарау төрт сатыда жүзеге асыру көзделген: 

1-шi саты: азаматтық және қылмыстық iстердi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзу туралы iстердi қарау; 

шағымды қарау сатысы - қабылданған, бiрақ заңды күшiне енбеген сот қаулыларына түскен арыздар мен наразылықтар бойынша сот iстерiнiң алқалы түрде қаралуы. Бұл ретте шағымды қарау iстi жаңадан қарап, қаулы шығаруға саяды. 

сот кесiмiн қайта қарау сатысы - бiрiншi сатылы сот шығарған, бiрақ заңды түрде күшiне енбеген сот қаулыларына түскен шағымдар мен наразылықтар бойынша сот iстерiн қарау. Шағымдар немесе наразылықтар қанағаттандырылған жағдайда сот кесiмiн қайта қарау сатысы I-шi сатыдағы соттың қаулыларын өзгертедi немесе бұзады; 

қадағалау сатысы -тиiстi сот сатыларының төрағалары мен прокурорлардан түскен наразылықтар бойынша заңды күшiне енген сот қаулылары жөнiнде сот iстерiн қарау. 

«Соттар және судьялардың мәртебесi туралы» ҚР Президенті Жарлығының 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы соттарының жүйесі мына түрде шығарылған:

Аудандық (қалалық) соттар – бір судьяның құрамында әрекет ететін, азаматтық, қылмыстық істерді және заңмен олардың қарауына жатқызылған әкімшілік бұзушылықтар туралы істерді қарайтын бірінші сатыдағы соттар.

Облыстық және оларға теңестiрiлген соттар - бұл азаматтық және қылмыстық істердің, сондай-ақ аудандық (қалалық) соттар қараған апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатыларындағы жеке санаттар жөніндегі бірінші сатыдағы соттар

Жоғарғы Сот - төменгi соттардың қарауына жататын азаматтық, шаруашылық, қылмыстық және басқа iстер жөнiндегi жоғарғы сот органы болып табылады заңда көзделген iс жүргiзу нысандарында олардың қызметiн қадағалауды жүзеге асырады.

Яғни Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 12 ақпандағы № 1569 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның Мемлекеттiк бағдарламасында жазылған сот реформасының бірқатар бағыттары «Соттар және судьялардың мәртебесi туралы» ҚР Президенті Жарлығында іс жүзінде іске асырылуын алды.

Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132 Конституциялық заңының 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының сот жүйесі мынадай түрде қалыптастырылған:

Жергiлiктi және басқа соттар - облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары), аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық сот, ауданаралық сот).

Жоғарғы Сот - жергілікті және басқа соттардың қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге iстер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген iс жүргiзу нысандарында олардың қызметiн қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының мәселелерi бойынша түсiндiрмелер бередi.

ҚР Жер кодексінің 167-бабына сәйкес қазіргі уақытта олардың субъекттік құрамына тәуелсіз жер құқықтық ақтынастарынан туындайтын барлық даулар сот тәртібімен қарауға және шешілуге жатады

ҚР АІК-ның 3-тарауы (24-36 баптар) азаматтық істердің соттарға тиістілігі мен қаралуына жатқызылу ережелерін белгілейді. Мәселен, ҚР АІК-ның 24-бабының 2 бөлігі соттарға жер құқықтық қатынастарынан және басқа да құқықтық қатынастарынан, оның ішінде бір тараптың басқасына биліктік бағынуына негізделген қатынастардан туындайтын даулар бойынша талап арыздарды қарауға мүмкіндік береді.



«Соттардың жер заңдарын қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 16 шілдедегі № 6 нормативтік қаулысының ережесі бойынша жер құқықтық қатынастары деп жер ресурстарын басқарумен, жер учаскілерін жеке субъектілерге бекітумен, жерге арналған меншік құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асырумен байланысты жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі қатынастарды түсіну қажет.

Жер құқықтқ қатынастарынан туындайтын талап арыздарға (арыздарға) жекелеп алғанда: мемлекеттік органдардың жер учаскілерін ұсыну және оларды алып қою бойынша актілерінің заңдылығына дау айту (ҚР ЖК-нің 2, 3, 4, 5, 9-тараулары); жер учаскілерін алып қоюға байланысты залалардың орнын толтыру туралы (ҚР ЖК-ның 2 және 20-тараулыры); жерге меншік құқығы мен жер пайдалану құқығына дау айту (ҚР ЖК-ның 3 және 4-тараулары); әкімдердің жер учаскілерін ұсыну тәртібіне шағымдану туралы (ҚР ЖК-ның 43-47 баптары); кепіл шартына шағымдану туралы (ҚР ЖК-ның 8-тарауы); ҚР ЖК-ның 92, 93, 94-баптарына сәйкес жер учаскілерін алып қою туралы; сервитутты белгілеу немесе тоқтату туралы (ҚР ЖК-нің 7-тарауы); жер учаскесіне арналған меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын куәландыратын мемлекеттік актілерді тіркеуден бас тарту және беру туралы және басқа да істер жатқызылады.

ҚР АІК-нің 27-бабы Аудандық (қалалық) соттың және оған теңестірілген соттардың соттауына жататын азаматтық істерді белгілейді

Облыстық және оларға теңестірілген соттардың соттауына жататын азаматтық істер ҚР АІК-ның 28-бабында айқындалған, олардың қатарына мынадай істер жатқызылады:

1) министрліктердің, басқа да республикалық атқару органдарының және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты органдардың нормативтік құқықтық актілеріне дау айту;

2) облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) сайлау комиссияларының, сондай-ақ облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) референдум комиссияларының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) дау айту туралы.

Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкілдіктерінің немесе консулдық мекемелерінің заңсыз құқықтарына талап арыздары бойынша істер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді және (немесе) террористтік әрекетті жүзеге асыратын шетелдік немесе халықаралық ұйымды тану туралы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, ұйымдардың құқықтарына қатысты министрліктердің және басқа да республикалық атқару органдары мен тікелей Қазақстан Республикасының Президентіне бағынысты және есеп беретін органдардың нормативтік емес актілеріне дау айту туралы істерді Астана қаласының соты қарастырады.

Алматы қаласы өңірлік қаржылық орталықтарына қатысушылардың Алматы қаласы өңірлік қаржылық орталықтарының лауазымды тұлғалары мен органдары лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану туралы істер, егер тараптарының бірі Алматы қаласы өңірлік қаржылық орталығының қатысушысы болып табылсабасқа да азаматтық істерді мамандандырылған қаржылық сот қарастырады.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне;

2) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шешімдеріне және әркеттеріне (әрекетсіздіктеріне), сондай-ақ Референдум орталық комиссиысының шешімдеріне және әркеттеріне (әрекетсіздіктеріне)дау айту туралы істерді бірінші саты бойынша қарастырады

Осыдан ұзақ уақыт емес бұрын құрылған мамандандырылған ауманаралық экономикалық соттар олардың қаралуы облыстық және оларға теңестірілген соттардың, ҚР Жоғарғы Сотының құзыретіне жатқызылған, сондай-ақ копоративтік даулар бойынша істерді қоспағанда тараптары заңды тұлғаны құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, заңды тұлғалар болып табылатын мүліктік және мүліктік емес даулар бойынша азаматтық істерді қарастырады.

Мысалы, алып қою, оның ішінде мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскілеріне жеке меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан сатып алу жолымен алу туралы талап арызында жауапкер болып үй құрылысын немесе жер учаскесін кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланатын мемлекеттік емес заңды тұлғалар, заңды тұлғаны құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар көрсетілген талап арыздар мамандандырылған экономикалық соттардың қарауын жатқызылады.[9]

Мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген әкімшілік соттар әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды тұлғалардың) ұйғарымдарына дау айту туралы істерді қарастырады.

Әскери соттар Қарулы күштері Әскери қызметкерлерінің, басқ да әскерлер мен әскери құрылымдарының, әскери жинақтаулардан өтетін азаматтардың әскери басқару органдары мен лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану туралы азаматтық істерді қарастырады. Әскери соттар, егер тараптарының бірі әскери қызметкер, әскери басқару органдары, әскери бөлім болып табылса басқа да азаматтық істерді қарауға құқылы.

Аумақтық соттың қарауына жатқызудың жалпы ережелерінен жер учаскілеріне, ғимараттарына, үй-жайларына, құрылыстарына, басқа да объектілеріне арналған құқықтар туралы, мүлікке тыйым салудан босату туралы талап арыздар осы объектілердің немесе тыйым салынған мүліктің орналасу жер бойынша беріледі (ҚР АІК-ның 33-бабы). Жер учаскілерін бөлу және жеке меншік құқығынан туындайтын пайдалану тәртібін айқындау туралы талаптарға да нақты соттың қарауына жатқызу принциптері таралады.[10]

Мұрагерлердің мұрағатты қабылдануына дейін ұсынылатын Мараны қалдырушыға кредиторлардың талаптары мұрагерлік мүліктің немесе оның негізгі бөлігінің орналасу жері бойынша соттың қарауына жатқызылады.

Жер құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар бойынша азаматтық істердің басқа да санаттарының соттың қарауына жатқызылуы талап арыздың негізі мен мәніне, сондай-ақ жер дауының субъективтік құрамына байланысты ҚР АІК-да регламенттелген соттың қарауына жатқызу ережелеріне сәйкес айқындалады.

Бірақ, Қазақстандағы жер пайдаланушылардың және жерге меншік иелерінің құқықтарын қорғаудың соттық нысаны туралы айта келе, бүгінгі күні ол мүлтіксіз деп айтуға болмайды..

Жекелеп алғанда жерге арналған жеке меншіктің тұрақтануы және жер учаскілерін азаматтық айналымға белсенді қосу үшін жағдай жасаған «Жер туралы» Жарлығының қабылдануымен жер даулары мен жер құқықтық қатынастарының саны күрт көбейді, бұл сот органдарына жүктеменің артуына әкелді..

Бірқатар шетел елдерінің сот жүйесінде олардың юрисдикциясына жер құқықтыық қатынастарының саласында пайда болатын дауларды шешу жатқызылған жер соттары орын алған. Бұл жер дауларын шешетін арнайы жер соттары бар Германия үшін тән.

Мәселен судьялардың V съезінде (Астана, 2009 жылғы 18 қараша) ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің сөзінде әділеттілікті жүзеге асырудың сапасын және азаматтардың құқықтарын сенімді қорғау сапасын қамтамасыз ету үшін соттар мен судьялардың одан әрі мамандануын қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті. [11]



Мәселенің өзектілігін ескере отырып, біздің пікіріміз бойынша Қазақстан Республикасында жеке аудандық соттар сияқты әрекет ететін жер дауларын шешу бойынша мамандандырылған соттарды құру қажеттілігі бар, өйткені қазіргі кездегі құқықтық база оларды құру мүмкіндігін көздейді («Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 3-бабының 3-тармағы)
Қолданылған әдебиеттер тізімі:


  1. Иконицкая .И.А. Разрешение земельных споров. М., 1973.

  2. Рябов А.А. Представление и изъятие земель по советскому праву. Казань. 1973.

  3. Забельшенский А.А. Управление земельным фондом в ССР. Свердловск, 1974.

  4. Сыроедов Н.А. Правовой режим недр. М., 1961. с.242.

  5. Козырь М.С. Советское государство и право. М., 1968.

  6. Ерофеев Ю.В. Советское земельное право. М., 1980.

  7. Земельное право: учебник. Под ред. Г.Е. Быстрова, Р.К.Гусева, А.В. Бабанов [и др.]. – М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2006.

  8. Абдраимов Б.Ж. Абдраимов Б.Ж. Процессуальные особенности разрешения земельных споров. Библиотека земельного права. Выпуск 3. Учебное пособие. – Алматы, 2003.

  9. Нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан от 25 декабря 2006 года № 8 «О некоторых вопросах применения судами законодательства об изъятии земельных участков для государственных надобностей».

  10. Нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан от 16 июля 2007 года № 5 «О некоторых вопросах разрешения споров, связанных с защитой права собственности на жилище».

  11. Выступление Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева на V съезде судей (Астана, 18 ноября 2009 года).


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет