Іс-әрекет алгоритмі:
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз.
Бикстін (қораптын) бүтіндігін тексеріңіз.
Қолғапты, дем пердесін киіңіз.
Бикстін ішін және сыртын тізбектілікппен 2 рет, әртүрлі шүберекпен зарарсыздандыру ерітіндісімен тазартыңыз.
Шүберекті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
Қолғапты, дем пердесін шешіңіз.
Қолыңызды жуып, құрғатып сүртіңіз.
Бикстерге салу нормасымен және салу түрлеріне (түрлік, мақсаттық және универсалды) сәйкесті таңғыш материалды салуға дайындаңыз.
Бикстің торын ашыңыз (фильтрсіз).
Фильтрсіз бикстің түбіне және шеттеріне салфетканы төсеңіз, ол бикстің 2/3 биіктігінен салбырап тұруы қажет.
Бикстің түбіне (бақылау нүктесіне) залалдық индикаторын орнатыңыз.
Таңғыш материалды қабаттап салыңыз:
сектормен (шеңбердін бөлім арасы),
тік (қақпағына перпендикулярды),
бос қопсытып.
Бикстін ортанғы бөлігіне залалды индикаторды орналастырыңыз.
Барлық салынған материалды бикстің шетінде салбырап тұрған салфеткамен жабыңыз.
Бикстің қақпағынын астына залалды индикаторды салыңыз.
Бикстің қақпағын кілттеп жабыңыз.
Бикстің тұтқасына таңбаны байлаңыз.
Салынған күнін және жауапты адамның қолын қойыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |