Ж. Т. Матакова жоғарғы категориялы «Мейірбике ісі негіздері» пәнінің оқытушысы



бет70/221
Дата03.01.2022
өлшемі260.75 Kb.
#451716
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   221
Книга стандарт каз-1-1

Нәтижесінің бағасы:
80% - 5-10% қалыптағы шығарылуы (–10-15% - жылдың ыстық уақытында; +10-15% - салқын уақытта).

  • Оң су балансы (>90%) емнің нәтижелі екенің және ісіктің кетуін куәлендырады (диуретиктарға реакция немесе жеңіл диетада болуы).

  • Кері су балансы (<70%) ісіктің көбейуін немесе диуретикалық дәрілер мөлшерінің әсерлісіз екенін көрсетеді.


VІ. Тамақтану және науқасты тамақтандыру
ҚАЛІ АУЫР НАУҚАСТЫ ТАМАҚТАНДЫРУ
Мақсаты: науқасты тамақтандыру.

Қолдану көрсетілімдері: төсек тәртібінде жатқан, қал-жағдайы ауыр науқас.

Дайындаңыз: сүлгіні, салфетканы, поильникті, сұйықтық ішуге арналған түтікті, қасықты, тарелканы, жылы тамақты.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Тамақты қандай реттілікпен қабылдайтынын ұнататынын науқастан сұраңыз.

  2. Науқасқа қандай тағам дайындалғанын айтып беріңіз.

  3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз

  4. Науқастың кеудесі мен мойынын салфеткамен немесе сүлгімен жабыңыз.

  5. Тумбочкіге немесе керует жанындағы кішкене үстелге жылы даярлаған тамақты қойыңыз.

  6. Науқасқа ыңғайлы жағдай беріңіз, отырғызу немесе жартылай отыру (Фаулер қалпы).

  7. Науқасты басын көпшікпен бірге сол қолмен көтеріңіз (егерде отырғызу қалпына мүмкіндік болмаса), ал оң қолмен қасықты немесе поильникті тамақпен ауызына жақындатыңыз.

  8. Науқасты қасықпен аз порцияда немесе поильникпен кішкентай жұтыммен тамақтандырыңыз.

  9. Ауызында қатты тағам болмаған жағдайда түтік арқылы сусынды беріңіз.

  10. Сүлгіні сумен суландырып, науқастың еріндерін және иегін сүртіп, сосын сүлгінің құрғақ шетімен сүртіңіз.

  11. Науқастың кеудесінен жапқан салфетканы, қолданған ыдысты алыңыз. Төсек орындағы қиқымды қағып, оны ыңғайлы жағдайда жатқызыңыз.

  12. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.


Ескерту: егерде науқаста алмалы-салмалы протезді тістері болса, онда оны шешіп, сумен шайқаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   221




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет