Ж. Т. Сарбалаев 2009ж



Дата09.07.2016
өлшемі307.86 Kb.
#186947
түріПрограмма дисциплины
Программа дисциплины Форма

для студентов Ф СО ПГУ 7.18.2/07


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қазақ филологиясы кафедрасы

«Қазақ тілінің стилистикасы» пәні бойынша 050117 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған


ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар


Лист утверждения Форма

к программе дисциплины Ф СО ПГУ 7.18.2/11

для студентов



БЕКІТЕМІН


ФЖиӨ факультетінің деканы _____________ Ж.Т.Сарбалаев

«___»_____________2009ж

Құрастырушы: аға оқытушы Кәріпжанова А.О._____________


Қазақ филологиясы кафедрасы




СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

«Қазақ тілінің стилистикасы» пәні бойынша 050117- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері үшін

Студенттерге арналған пән бағдарламасы «___»________2009 жылы бекіген

жұмыс бағдарламасы негізінде дайындалды.

Қазақ филологиясы кафедрасының «___»___2009ж. мәжілісінде ұсынылды.

Хаттама №__




Кафедра меңгерушісі____________________Н.Қ.Жүсіпов.

Филология, журналистика және өнер факультетінің «_____»_____2009 ж. әдістемелік кеңесінде мақұлданды. Хаттама №___


ӘК төрайымы____________________ Е.Н.Жұманқұлова

Оқытушы туралы мәлімет:

Аға оқытушы Кәріпжанова А.О.

Тел. (8-7182) 32-43-08

Қабылдау уақыты: жұма, сағ. 16.45
Пән туралы мәліметтер:

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні 050117- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында 7 семестрде 15 аптада оқытылады. «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша маман дайындауда «Қазақ тілінің стилистикасы» пәнінің алатын орны мен маңызы ерекше зор.


Пәннің қысқаша аннотациясы

Пәнді оқыту мақсаты:

Студенттерді стилистика ғылымының теориялық негіздерімен таныстыру, қазақ әдеби тілінің стилистикалық құралдары, стильдік тармақтары туралы мағлұмат беріп, оларды ажыратудың жолдарын көрсету, студенттерге стилистикалық норманы меңгерту, сөздердің, басқа да тілдік тұлғалардың қолданылуына қарай туындайтын мағыналық реңктерін, стильдік қырларын ажырата білуге үйрету.



Пәннің міндеттері:

  • студенттердің сөйлеудің әртүрлі стильдерін, қазақ тілінің синонимдік барлық байлығын, әр алуан құралдарын іс жүзінде қолдана алу дағдыларын дамытып жетілдіру;

  • болашақ тілші – мұғалімдерді оқушылардың стилистикалық дағдыларын қалыптастыруға баулып дайындау;

  • студенттердің тілдік талғамын, сөйлеу мәдениетін арттыру.


Қолданылатын єдебиеттер

Негізгі:

  1. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2005.

  2. Кожина М.Н.Стилистика русского языка. М., 1993.

  3. Стилистика русского языка. Учебное пособие для студентов пединститутов. (В.Д.Бондалетов и др.)Л., 1989.

Ќосымша єдебиеттер:

  1. Сыздық Р.Сөз құдіреті. А., 1984.

  2. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. А., 1984.

  3. Әміров Р.Ауызекі сөйлеу стилінің синтаксистік ерекшеліктері. А., 1977.

  4. Жұбанов Е.Қазақтың ауызекі көркем тілі. А., 1996.

  5. Серғалиев М.Синтаксис және стилистика. А., 1997.

  6. Серғалиев М. Синтаксистік синонимдер. А., 1981.

  7. Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. А., 2000.

  8. Одинцов В.В. Стилистика текста. М., 2006.

  9. Хасанова С., Жексембаева Ғ. Қазақ тілінің стилистикасы (жаттығулар жинағы) А., 1999.

  10. Мұсабекова Ф. Қазақ тіліндегі зат есім стилистикасы. А., 1976.

  11. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. А., 2005.

  12. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 1-10 том, 1974-1986.

  13. Қазақ тілінің 1 томдық түсіндірме сөздігі. А., 1999.

  14. Синонимдер сөздігі. А., 2001.

  15. Жұмабекова А.Қ. Қазақ антонимдер сөздігі. А., 2000.

  16. Белбаева М. Қазақ тілінің омонимдер сөздігі. А., 1983.

  17. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. А., 2005.

  18. Кеңесбаев І.К. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. А., 1977.

  19. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі. А., 2005.



Пәннің тақырыптық Нысан

жоспары ПМУ ҰС Н 7.18.2/10

3 Пәннің мазмұны

3.1 Пәннің тақырыптық жоспары




Тақырып

Сағат саны

Күндізгі бөлім

Сыртқы бөлім

Дәріс

Тәжір.

С¤Ж

СӨЖО


Дәріс

Тәжір.

С¤Ж

СӨЖО


1

Кіріспе

3

3

15

1

1

19

2

Стилистиканың негізгі ұғым-категориялары

4

4

15

1

1

19

3

Қазақ тілінің стилистикалық құралдары

4

4

15

2

2

20

4

Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалды стильдері

4

4

15

2

2

20

Барлығы: сағат

15

15

60

6

6

78



3.2 Теориялық курс мазмұны
1-тақырып. Кіріспе.

Стилистиканың тіл ғылымының басқа салаларындай тек өзіне ғана тән тұлға – бірліктері жоқ: ол фонетиканың объектісі – дыбыстарды, лексикологияның объектісі – сөздерді, морфологияның объектісі морфемдерді, синтаксистің объектісі – сөз тіркестері мен сөйлемдерді, солардың бәрінің жиынтығын зерттейді. Бірақ стилистика тілдік тұлға-бірліктердің, жоғарыдағы ғылым салаларындай, құрылысы мен мағыналарын ғана емес, белгілі бір қолданыс саласының мақсат-міндеттеріне сай қызмет ету жағдайларын зерттейді. Тілдік қатысымның әр түрлі саласында қызмет еткенде тілдік құралдар қалай өзгереді, қандай мағыналық, эмоционалдық реңк үстейді, адамға қалай әсер етеді, соларды бір-бірімен салыстыра отырып қарастырады. Мысалы, лексикология тілдегі синонимдік қатарларды тіркеп, көрсетумен шектелсе, стилистика әр синонимдік қатардың қандай қолданыста қандай мағыналық, эмоционалдық реңк үстейтінін, қайсысы қандай сөйленім кезінде қолданылатынын ашып көрсетеді.

Қазақ тілі стилистикасы ғылымының алдында оның мәселелерін қазіргі талаптарға сай зерттеу міндеті тұр. ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарында жазылған алғашқы оқулықтан басқа, стилистиканы тұтас ғылым ретінде не жекелеген мәселелерін тереңірек зерттеген еңбектер жоқтың қасы.

Стилистика өз ішінде мынадай салаларға жіктеледі:

1. Құрылымдық стилистика немесе тіл стилистикасы;

2. Қолданымдық стилистика немесе сөз стилистикасы;

3. Көркем әдебиет стилистикасы;

4. Нормативті, практикалық стилистика.

Құрылымдық стилистика тілдік құралдардың стилистикалық сапа-қасиеттерін нақты қолдану жағдайына қатыссыз тұрғыда зерттесе, қолданымдық стилистика, керісінше, тілдік құралдардың қызмет ету ерекшеліктерін олардың белгілі бір жағдайларында қолдануымен байланыстырып зерттейді. Ал көркем әдебиет стилистикасы тілдік құралдардың көркем шығармадағы өмірін, яғни көркем шығармада өнер тудырушы құбылыс ретіндегі қызметін зерттейді. Практикалық стилистиканың міндеті – стилистикалық тілдік мәдениетті, сөз қолданудың стилистикалық нормаға сәйкес дағдысын қалыптастыру.

Қазақ тілі стилистикасы пәнінің мазмұнын стилистиканың негізгі байлығына жататын тілдік құралдар, олардың стилистикалық мағыналары мен бояулары, қолданылатын орындары және қазақ тілінің функционалды стильдері құрайды. Көркем әдебиет тілі де стилистикалық нормаларды реттеуші маңызды сипатқа ие, сондықтан ол да стилистикада әрдайым зерттеу нысаны болады. Стилистика қазіргі қазақ тілі курсының барлық салаларымен, қазақ әдеби тілінің тарихымен, тіл мәдениеті, көркем мәтінді лингвистикалық талдау пәндерімен тығыз байланысты.


2-тақырып. Стилистиканың негізгі ұғым-категориялары.

Стилистиканың ғылым және пән ретінде қалыптасу, даму тарихы. Стилистиканың негізгі бағыттары мен аспектілері.

Стилистиканың негізгі ұғым-категориялары. Тілдің стилистикалық құрылымы. Функционалды стиль турлы ұғым. Стиль – стилистиканың негізгі ұғымы. «Стиль» терминінің әртүрлі түсініктері, оның себептері.

Тілдік құралдардың стилистикалық бояуы, оның түрлері. Функционалдық-стильдік және эмоционалдық-экспрессивтік бояулар. Тілдің стилистикалық бейтарап құралдары, тілдің стилистикалық тұрқын қалыптастырудағы олардың рөлі.

Стилистикалық мағына, оның табиғаты. Стилистикалық парадигматика мен синтагматика. Стилистикадағы пішін мен мазмұндық жақтар.

Стилистикалық синонимдер.

Стилистикалық норма, оның әдеби норманың басқа түрлерінен ерекшеліктері. Норманы белгілеудегі объективті, субъективті сипаттар. Стилистикалық норманың тарихи категория екендігі.

Стилистикалық қате туралы ұғым. Стилистикалық қатенің түрлері, олардың басқа қателерден ерекшеліктері. Тілдік-стилистикалық мәдениетті тәрбиелеу.

Стилистиканың зерттеу әдістері. Стилистикалық талдау, оның нақтылы әдіс-тәсілдері: сөздіктер мен анықтамалықтардағы стилистикалық белгілерді талдау, бейтарап не стилистикалық бояуы бар тілдік құралдарды табу, бақылау, мәтінді стилистикалық талқылау, стилистикалық эксперимент жасау және жалпы тілдік әдістерді пайдалану.

3-тақырып. Қазақ тілінің стилистикалық құралдары.

Фонетикалық стилистика. Дыбыстау стильдері.дыбыстаудың түрлері. Акцентологиялық варианттар, олардың стилистикалық сапалары. Интонацияның стилистикалық мүмкіндіктері.

Лексика-фразеологиялық стилистика. Басқа тілдік қабаттарға қарағанда лексика-фразеологиялық деңгейдің стилистикалық мүмкіндігі бай екені. Диалектизмдерді, жаргон сөздер мен арготизмдерді стилистикалық мақсатта қолдану. Тарихи, көнерген, жаңа сөздердің стилистикалық мүмкіндіктері.

Синоним, омоним, антоним, паронимдер. Олардың бейнелік жақтары мен функционалдық-стильдік қолданыс аясы.

Қазақ фразеологиясының стилистикалық байлығы.

Сөзжасамның стилистикалық құралдары. Сөзжасамдық тәсілдердің стилистикасы. Сөзтудырушы жұрнақтардың стилистикалық сипаттамасы.

Сөз таптарының стилистикасы. Зат есім, сын есім, етістік, есімдік т.б. сөз таптары категориялары мен формаларының стилистикасы.

Синтаксистік стилистика. Сөз тіркестері және олардың түрлерінің стилистикалық сапалары. Жай сөйлем стилистикасы. Бір құрамды және толымсыз сөйлемдердің стилистикасы. Сөздердің орын тәртібі мен күрделенген сөйлемдердің стилистикалық қолданысы.

Құрмалас сөйлемдердің стилистикасы.

Синтаксистік синонимдер мен параллель құрылымдардың стилистикалық мүмкіндіктері. Күрделі синтаксистік тұтастық, сөйлемаралық байланыстардың стилистикалық мүмкіндіктері.

Төл сөз, төлеу сөз, ортақ төл сөздердің стилистикалық қызметі.

4-тақырып. Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалды стильдері.

Функционалды стильдердің пайда болуының алғышарттары мен себептері. Қазіргі стилистика ғылымындағы функционалды стильдердің концепциясы. «Стиль», «подстиль», «жанр» ұғымдарыныңқарым-қатынасы. әдеби тіл құрамындағы функционалды стильдердің өзара байланысы мен бір-біріне әсері, стильдік шектеулікті еңсеру. Қазіргі қазақ әдеби тілінің стильдер құрамы және оларды топтастырудың принциптері.

Ауызекі сөйлеу стилі. Оның қолданыс аймағы мен қызметі. Ауызекі сөйлеудің әдеби, әдеби емес түрлері, стильдік белгілері. Ауызекі сөйлеу стилінің тілдік белгілері.

Ресми-іс қағаздар стилі. Ресми стильдің қолданыс аймағы, стильдік белгілері, түрлері. Жанрлық-ситуациялық стильдер, олардың бір қалыпқа түсу дәрежелері. Ресми-іс қағаздары стилінің тілдік белгілері.

Ғылыми стиль. Ғылыми стильдің қолданыс аймағы, негізгі белгілері, түрлері, жанрлары. Қазіргі қазақ әдеби тілінде өндірістік-техникалық стильдің қалыптасуындағы қиындықтар. Ғылыми стильдің лексикалық, грамматикалық белгілері.

Публицистикалық стиль, оның қолданыс аймағы мен қызметі. Публицистикалық стильдің белгілері, оның қалыптасуына ауызекі сөйлеу және көркем әдебиет стильдерінің әсері. Публицистикалық стильдің жанрлық көптүрлілігі, тілдік белгілері. Осы стильдегі шешендік шеберлік, оған қойылатын талаптар.

Көркем әдебиет тілі. Көркем әдебиет тілінің өзіндік ерекшеліктері. Көркем әдебиет тілінің әдеби тілдің функционалды стильдері жүйесіндегі орны, ол туралы көзқарастар. Көркем әдебиет стилистикасы мен тіл стилистикасы.

3.3 Тєжірибешілік сабаќтардыњ мазм±ны

1-тақырып. Стилистикалық қателерді табу.

Стилистикалық қателерді қателермен жұмыс жүргізу. Стилистикалық қателердің логикалық, грамматикалық, лексикалық қателерден ерекшелігін анықтау. «Стилистикалық қате» және «стилистикалық дәлсіздік» ұғымдарының мәнін түсіну. Мектеп оқушыларының жазба жұмыстарындағы стилистикалық қателер мен дәлсіздікті талдауға арналған жаттығу жұмыстарын жүргізу. Газеттердегі мақалалардың мәтіндерін стилистикалық өңдеу жұмыстары. Мәтіндердің стилистикалық тональділігін анықтау, өңдеу.


2-тақырып. Тілдік құралдардың стилистикалық мағынасы мен бояуын анықтау жұмыстары.

Тілдің стилистикалық бояуға ие және бейтарап құралдарын ажыратып, олардың мәтіндегі рөлін айқындау. Стилистикалық синонимдермен жұмыс. Сөздіктермен жұмыс. Синонимдер сөздігіндегі мақалаларды талдау. Сөздіктердегі стилистикалық белгілерді сын көзбен қарап тексеру, олардағы қайшылықтарды, толық еместікті анықтау. Тілдік құралдарға стилистикалық паспортизация жасаудың өлшемдерін анықтау.

Ауызекі сөйлеу стилінің тілдік құралдарына сипаттама. Адамдардың үнтаспаға жазылып алынған өзара сөйлесуін, сондай-ақ көркем шығармаларды диалогтарды талдау. Адамдардың өзара сөйлесуінен мәтін құрау жұмыстары.
3-тақырып. Іс қағаздары мәтінін стилистикалық талдау.

Ресми-іс қағаздары стилінің лексика-фразеологиялық және грамматикалық құралдарын анықтау. Іс қағаздары мәтініндегі стилистикалық қателерді табу. Ресми құжаттарды студенттердің өздеріне жаздырып, олардағы стилистикалық қателерді талдау. Мәтінлді стилистикалық өңдеу жұмыстары.

Ғылыми мәтіндерді стилистикалық талдау. Ғылыми стильдің лексика-фразеологиялық, грамматикалық құралдарын анықтау.

4-тақырып. Публицистикалық мәтіндер. Көркем әдебиет мәтіндері.

Публицистикалық стильдің лексика-фразеологиялық, грамматикалық құралдарын ажырату.

Мемлекет пен қоғамның көрнекті қайраткерлерінің сөздерін талдау. Публицистикалық очерк, мақалалардың мәтіндерін талдау. Олардағы көркем бейнелік құралдардың, қарапайым сөздер мен тұрақты тіркестердің, көнерген сөздердің, ауызекі сөйлеу элементтерінің қызметіне көңіл аудару.

Көркем әдебиет мәтіндерін стилистикалықталдау жұмыстары. Көркем әдебиет тілінің бейнелі құралдарын (лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық т.б.) айқындау жұмыстары.


3.4 С¤Ж мазм±ны



СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі

ҚТМӘ-401


Сағат көлемі СҚТмӘ-201 (қ)

1

Дәріс сабақтарын өңдеу




Сабаққа қатысу

15(1х15)

12(2х6)

2

Үй тапсырмасын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15(1х15)

12(2х6)

3

Қосымша материалдарға дайындық

Конспект

Коллоквиум

16

24

4

Семестрлік тапсырманы орындау

Реферат

Семестрлік тапсырманы қорғау

10

24

5

Бақылау шараларына дайындық




РК1, РК2

4

6




Барлығы







60

78

Студенттерге µздігінен оќуѓа берілетін таќырыптар
1.Стилистикалық норма және стилистикалық қате, оның түрлері.

¦сынылатын єдебиет: [9], 234-240 бет.

2. Тіл стилистикасы және оның мәселелері.

¦сынылатын єдебиет: [4], 496-525 беттер; [7], 1-35 беттер.

3. Функционалды стилистика және оның мәселелері.

¦сынылатын єдебиет: [10], 149-155 беттер; [3], 102-103 беттер ,[11], 144-156 беттер

4. Пароним сөздер, олардың стильдік қолданысы.

¦сынылатын єдебиет: [9], 240-246 бет.

5. Шендестіру және оксюморон.

¦сынылатын єдебиет: [9], 246-250 бет, [3], 186-187 беттер, [15] 45-75 беттер.

6. Көркем шығармалардағы эмоционалды-экспрессивті лексика, олардың қызметі.

¦сынылатын єдебиет: [3], 116-118 бет, [12], 1-55 беттер,.

7. Тілдің көріктеуіш-бейнелеуіш құралдары. Көркем сөз және көркем бейне.

¦сынылатын єдебиет: [8], 5-36 бет, [10], 161-167 беттер, [11] 156-176 беттер,[12].

8. Шешендік мәтіндердегі көркем сөз бейнесі және оның жасалу жолдары.

¦сынылатын єдебиет: [9], 1-20 бет, [6], 25-39 беттер, [14] 49-100 беттер.

9. Перифразалық сөз қолданысы және оның стильдік қызметі.

¦сынылатын єдебиет: [3], 191-192 бет, [16], 1-53 беттер,

10. Метафоралы сөз қолданыстары және оның түрлі стильдердегі көрінісі.

¦сынылатын єдебиет: [14], 25-89 бет, [3], 190-191 беттер, [9] 29-78 беттер.


Реферат тақырыптары

  1. Қазақ тіліндегі дыбыстардың стильдік ұйымдасуы.

  2. Қазақ тіліндегі зат есімдердің стилистикасы.

  3. Қазақ тіліндегі сын есімдердің стилистикасы.

  4. Қазақ тіліндегі сан есімдердің стилистикасы.

  5. Есімдік сөздердің стилистикалық қызметі.

  6. Етістіктердің стилистикалық қызметі.

  7. Үстеу және шылау сөздердің стилистикасы.

  8. Еліктеуіш және одағай сөздердің стилистикасы.

  9. Қазақ тіліндегі қосымшалардың стильдік қызметі.

  10. Контекстік антонимдер және олардың түрлері. Стильдік қолданысы.

  11. Дамыту және оның түрлі стильдердегі көрінісі, стильдік қызметі.

  12. Әсірелеу және кішірейту, оның түрлі стильдердегі қызметі.

  13. Қайталау және оның түрлі стильдердегі көрінісі мен қызметі.

  14. Синтаксистік синонимдер және олардың стильдік ерекшеліктері.

  15. Тақырып атауларының түрлі стильдерде берілу ерекшелігі.

  16. Плеоназмдардың қолданысы және оның түрлі стильдердегі көрінісі.

  17. Теңеу және оның түрлері, түрлі стильдердегі көрінісі.

  18. Публицистикадағы тұрақты сөз тіркестерінің қолданысы.

  19. Фельетон шығармаларындағы тұрақты сөз тіркестерінің стильдік қолданысы.

  20. Функционалды мәнді сөздер мен сөз тіркестері, олардың қолданысы.

  21. Шешендік мәтіндердегі көркем сөз бейнесі және оның жасалу жолдары.

  22. Қазіргі қазақ газеттеріндегі тұрақты сөз тіркестері.

  23. Қазіргі қазақ баспасөзіндегі стилистикалық қателер.

  24. Ғылыми стильдегі лексиканың стильдік жіктелісі.

  25. Өзге стиль элементтерінің көркем мәтінде жұмсалу ерекшелігі.

  26. Қазіргі қазақ газеттерінің тілдік-стильдік және жанрлық ерекшелігі.

  27. Қазіргі қазақ теледидарының тілдік-стильдік және жанрлық ерекшелігі.



Бақылау шараларының күнтізбелік кестесі

050117 -«Қазақ тілінің стилистикасы» пәні


1 рейтинг (7 семестр)

Барлық

балл


Апта

1

2

3

4

5

6

7

8

Аптадағы максим. сағат

11

15

11

15

11

15

11

11

100

Дәріс сабағына қатысу

СӨЖ түрі

Д 1

Д 2

Д 3

Д 4

Д 5

Д 6

Д 7

Д 8

32

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс. балл

4

4

4

4

4

4

4

4

Тәжірибешілік сабақтарға қатысу

СӨЖ түрі

ТС 1

ТС 2

ТС 3

ТС 4

ТС 5

ТС 6

ТС 7


ТС 8

16

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ


Қ

Макс. балл

2

2

2

2

2

2

2

2

Үй тапсырмасын орындау

СӨЖ түрі

ҮТ 1

ҮТ 2

ҮТ 3

ҮТ 4

ҮТ 5

ҮТ 6

ҮТ 7

ҮТ 8

40

Бақылау формасы

К1

К2

К3

К4

К5

К6

К7

К8

Макс. балл

5

5

5

5

5

5

5

5

Қосымша материалдарға дайындық

СӨЖ түрі




ҚМ1




ҚМ2




ҚМ3







12

Бақылау формасы




Р1




Р2




Р3







Макс. балл




4




4




4







Межелік бақылау




























100




2 рейтинг (7 семестр)

Барлық

балл


Апта

9

10

11

12

13

14

15

Аптадағы максим. Сағат

17

11

17

11

17

11

16

100

Дәріс сабағына қатысу

СӨЖ түрі

Д 9

Д 10

Д 11

Д 12

Д 13

Д 14

Д 15


28

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ


Макс. Балл

4

4

4

4

4

4

4

Тәжірибешілік сабақтарға қатысу

СӨЖ түрі

ТС 9

ТС 10

ТС 11

ТС 12

ТС 13

ТС 14

ТС 15


14

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ


Макс. Балл

2

2

2

2

2

2

2

Үй тапсырмасын орындау

СӨЖ түрі

ҮТ 9

ҮТ 10

ҮТ 11

ҮТ 12

ҮТ 13

ҮТ 14

ҮТ 15

35

Бақылау формасы

К9

К10

К11

К12

К13

К14

К15

Макс. Балл

5

5

5

5

5

5

5

Қосымша материалдарға дайындық

СӨЖ түрі

ҚМ 4




ҚМ 5




ҚМ 6




ҚМ 7

23

Бақылау формасы

Р




Р




Р




Р

Макс. Балл

6




6




6




5

Межелік бақылау

























100

Пәннің оқытылған модулі бойынша семестрдің ортасында және соңында 100 балдық шкала бойынша ағымдық үлгерім (АҮ) шығарылады. Межелік бақылау бағасы (МБ) 100 балдық шкала бойынша анықталады. Межелік бақылауға АҮ бойынша балдары бар студентте босатылады. АҮ мен МБ бағалары бойынша пән бойынша студенттердің рейтингілері (Р1 және Р2) анықталады: Р1(Р2)=АҮ1(АҮ2)х0,7+МБ1(МБ2)х0,3.
Курс саясаты

Оқу процесіне қатысу дегеніміз – сабаққа қатысу, пікірталаста және топ жұмысында белсенділік көрсету, топтастарының оқуына әсер ету.

Қойылған талаптар орындалмаса, жаза қолданылады. Сабаққа 100 пайыз қатысып, берілген тапсырмаларды уақытымен және дұрыс орындаса – ең жоғарғы ұпай 100 б. қойылады. Курсты өту барысында төмендегідей марапаттау ұпайлары қойылады:

- дәріске қатысу – 2 балл.

- тәжір. сабаққа қатысу – 1балл.

- тәжір. жұмысты орындау – 4 балл



Тәжірибешілік жұмыстарын орындау барысында

  • Сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру -2 балл;

  • Жаттығу жұмыстарын орындау-1 балл;

  • Мәтінге талдау жасау -1 балл.

Өздік жұмыстарын орындау және қорғау барысында:

  • материалды толық меңгеру -3 балл.

  • Талқыланатын тақырыптың, жоба мәселесінің мазмұнын ашу-2 балл

  • Лексика-грамматикалық және стилистикалық сауаттылығы -2 балл.

- Материалдың мазмұндалуына шығармашылық көзқарас және өз ойын айта білу – 2 ұпай.
Студенттер білімін аралық бақылау тест немесе жазбаша бақылау жұмысы түрінде жүргізіледі.
Осы көрсеткіштер орындалмаған жағдайда жеткіліксіз немесе айып санкциялары қолданылады:

  1. сабақты босату (себепсіз);

  2. тапсырмаларды уақытымен орындамау;

  3. тапсырмаларды орындау барысында қателіктер жіберу, яғни,студент материалды толық меңгермеген жағдайда.

Егер студент сабаққа себепті жағдаймен келе алмаса, келесі аптада сол сабаққа өтеу (отработка) жасайды. Бірақ ұпай азайтылады.

Пән бойынша қорытынды рейтингті есептеу әдісі




Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрлері

¤лшемдік ‰лес

1

Емтихан

Емтихан

0,4

Ағымдық үлгерімді бақылау

0,6

2

Сынақ

Сынақ

0,4

Ағымдық үлгерімді бақылау

0,6

3

Емтихан К/Ж

Емтихан

0,4

Курстық жұмыс

0,3

Ағымдық үлгерімді

бақылау


0,3

4

Курстық жұмыс

Курстық жұмыс

0,6


Ағымдық үлгерімді бақылау

0,4


Пән бойынша қорытынды рейтинг мына формула бойынша анықталады:
Қ = Р1 + Р2__ ӨҮаү + Е*ӨҮе+КЖ*ӨҮкж

мұндағы Р1, Р2, Е, С, КЖ – бірінші, екінші рейтингте алған ұпай бойынша емтихандағы балл көрсеткіші

ӨҮаү, ӨҮе, ӨҮс, ӨҮкж – ағымдық үлгерімнің семестрдегі үлестері.

Студент сынақты тапсырмай алуы үшін жинаған балы 100 болу керек.

Егер оқу жоспарында емтихан мен сынақ қарастырылған болса, онда сынақ ағымдық бақылау түрі деп есептеледі.

КЖ ғылыми жетекші қатысуымен комиссия алдында қорғалады және пікірмен бірге бағаланады. Пән бойынша қорытынды рейтинг 2-кестеге сай баллдан сандық баламаға, әріптік және дәстүрлі бағаға ауыстырылады. Сөйтіп, оқу жетістіктері журналына және рейтингтік ведомостьқа жазылады. Ведомость пен сынақ кітапшасына дәстүрлі үлгімен баға қойылады.

Егер пән бойынша емтиханнан басқа курстық жұмыс қарастырылған болса, онда сынақ кітапшасына дәстүрлі үлгімен Кж балына сай баға қойылады.

Студенттердің білімін анықтау көрсеткіші


Балл түріндегі қорытынды баға

Балдың сандық баламасы

Әріп жүйесі бойынша бағалау

Дәстүрлі жүйе бойынша қойылатын баға

Емтихан, дифф. сынақ

сынақ

1

2

3

4

5

95-100

4

А

өте жақсы

Есептелді


90-94

3,67

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

Жақсы

75-79

2,67

В-

Жақсы

70-74

2,33

С+

қанағаттанарлық

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

Д+

50-54

1,0

Д

0-49

0

F

қанағаттанарлықсыз

есептелмеді

Егер студент емтиханда F деген баға алса, оның қорытынды рейтингі анықталмайды. Ведомостьқа «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады. Егер пән бірнеше семестрде өтетін болса, онда балл түріндегі баға орташа есеппен қорытылады:

Қ= _Қ1122+...+Қnn

К12+...+Кn

Мұнда Қ1 2 n – семестр бойынша балл түріндегі қорытынды баға;

К12n – семестр бойынша пән сағаты



n – семестр саны

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет