Ж: Тілме Жергілікті көрінісіне байланысты: эритематозды формасы Терілік зақымданудың таралу дәрежесіне байланысты: жергілікті Шығу жиілігіне байланысты: біріншілік



бет1/27
Дата07.05.2024
өлшемі57.89 Kb.
#500677
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
инфекционка 120 т?зетілген


1. Ер адам 28 жаста, ауруханаға түскен. Шағымдары: орташа бас ауыруы, мұрынның бітелуі, мұрыннан су ағуы, құрғақ жөтел, тамағының аздап ауыруы. Қарап тексергенде: дене қызуы - 37ºС, склера тамырларының инъекциясы, сол жақтық конъюнктивит, жұтқыншақ шырышты қабатының орташа қызаруы және түйіршіктенуі. Мойын және қолтық асты лимфа түйіндері үлкейген. Ішкі мүшелері өзгеріссіз.
Ең ықтимал диагноз:
Ж:Аденовирусты инфекция

2. Жас жігіт 16 жаста, ауруханаға түскен. Шағымдары: дене қызуының 3 күн бойы 37,70С-қа дейін жоғарылауы, бас ауыруы, тамағы мен трахея бойының ауыруы, дөрекі «ит үрген» сияқты жөтел. Қарап тексергенде: ауыз-жұтқыншақ шырышты қабатының орташа гиперемиясы, бадамша бездерқалыпты. Тынысы жиілеген және қиындаған, дауысы сырылдаған. Жүрек тондары бәсеңдеген, пульс 82 рет/мин., ҚҚ 100/60 мм с. б. Іші жұмсақ, ауыру сезімі жоқ. Кіші дәреті қалыпты.


Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?
Ж:Парагрипп

3.Әйел адам, 65 жаста. Шағымдары: қалтырау, қатты бас ауыруы, дене қызуының жоғарылауы, оң жақ саны мен балтыры аймағындағы кернейтін ауыру сезімі мен күйдіру сезімі. Аурудан бір күн бұрын педикюр жасаған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы - 39°С. Status localis: оң жақ саны мен балтырының жоғарғы бөлігінде нақты шекарасы бар айқын гиперемия, ісіну, жергілікті гипертермия анықталады.


Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?
Ж:Тілме
Жергілікті көрінісіне байланысты:эритематозды формасы
Терілік зақымданудың таралу дәрежесіне байланысты:жергілікті
Шығу жиілігіне байланысты:біріншілік

4. Ер адам, 42 жаста. Жедел ауырып бастаған. Қарап тексергенде: Дене қызуы 37,7°С. Status localis: бетінің оң жағында түбі қоңыр түсті струппен жабылған, гиперемиямен қоршалған жара анықталады. Беті ісінген. Жақ асты, мойын лимфа түйіндері ұлғайған, ауыру сезімді.


Патологиялық үрдістің осы орналасуы немен қауіпті?
Ж: Карбункулдың бетте орналасуы өте қауіпті,өйткені ісіну жоғарғы тыныс жолдарына өтіп,асфикцияға және өлімге әкелуі мүмкін.

5. Ер адам 45 жаста, емханаға келген. Шағымдары: оң қолының саусағындағы жара. Кәуәбші болып жұмыс істейді, бір апта бұрын етті өңдееген кезде қолын кесіп алған. Ауру 5 күн бұрын басталған: дене қызуы жоғарылаған. 4-ші күні саусағындағы жараны байқаған. Жара ауыру сезімісіз, бірақ қолы иыққа дейін ісіп кеткен. Жағдайы орташа ауырлықта. Status localis: оң қолының саусағында түбі қара түсті, гиперемиямен қоршалған жара, айқын ісіну байқалады. Оң жақ қолтық астындағы лимфаденит.


Жалпы қан анализінде: лейкоциттер – 20х109/л, т/я нейтрофилдер– 4 %, с/я нейтрофилдер – 88 %, лимфоциттер – 6 %, моноциттер – 2 %.
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет