Ж. Тұрақты комиссияның қаулысы Қала аумағын абаттандыру, санитарлық



Дата09.06.2016
өлшемі63.31 Kb.
#125100



06.06.2014 ж.
Тұрақты комиссияның

қаулысы
Қала аумағын абаттандыру, санитарлық

күтіп-ұстау және тазалықты қамтамасыз етуді

ұйымдастыру бойынша шаралары туралы
Қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы «Қала аумағын абаттандыру, санитарлық күтіп-ұстау және тазалықты қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша шаралары туралы» ақпаратын тыңдап және талқылап, «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл» аудандары әкімдерінің аппараттары мүдделі ұйымдармен бірлесіп, елордада қолайлы санитарлық және экологиялық жай-күйді қамтамасыз ету, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және қаланың бірыңғай жасыл құрылымын жасау бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыратындығын атап өтті.

«Алматы», «Сарыарқа», «Есіл» аудандары әкімдерінің аппараттары қаланың коммуналдық қызметтерімен және пәтерлер меншік иелері кооперативтерімен бірлесіп аудан аумақтарын кешенді абаттандыру бойынша іс-шараларды ұйымдастырады. Қала тұрғындарына қолайлы жағдайлар жасау және өмір сүруге қолайлылық жасау мақсатында апта сайынғы жиналыстарда абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау мәселелері қаралады. Жыл сайын жалпықалалық экологиялық және коммуналдық сенбіліктер өткізіледі. Оларды өткізу үшін аудандарда штабтар, экологиялық айлықты өткізудің іс-шаралар жоспары бекітілген, орындау мерзімдері және жауапты орындаушылар белгіленген.

Аудандардың аумағын абаттандыру бойынша жұмыстарды тиімді ұйымдастыру үшін әрбір учаскеге қалалық басқармалар, кәсіпорындар, ұйымдардың ұжымдарын бекітумен орамдар мен секторларға бөлінген. Ішкі орамдық абаттандыру аясында аудан аумақтарында ішкі орамдық аумақты кешенді абаттандыру, балалар ойын кешендерін орнату, жасанды жабынымен футбол алаңдарын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Мердігер ұйымдармен ішкі орамдық аулалар мен жолдарды ағымдық күтіп-ұстауды және ағымдық жөндеу бағдарламасы бойынша ішкі орамдық аумаққа асфальт төсеу, жиекжолдарды абаттандыру және гүлзарлардың қоршауын орнату жұмыстарын жүргізеді. Ішкі орамдық және парктік жарықтандыруды күтіп-ұстау, жарықтандырудың, кабель желілері, шамдарды, бұзылған тіреулерін ауыстыру, жарықтандыру тіреулерін жуу және бояу жұмыстары жүргізіледі.

Елорданың сәулет келбетін сақтау және қалыптастыру үшін тұрғын үйлердің қасбетін жөндеу іс-шаралары жүргізіледі.

Кіші сәулет нысандарын ағымдық күтіп-ұстау және жөндеу, бұзылған бұзушылықты қалпына келтіру жұмыстары белсенді жүргізіледі.

Жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін, жаңа жиекжолдарды, гүлзарларды абаттандыру, орындықтар мен металл урналарды бояу бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары орындалды.

Қоқыстың жайылуына жол бермеу, санкцияланбаған қоқыстардың алдын-алу мақсатында күнделікті, кесте бойынша «Астана Тазалық» ЖШС, «Таза Әлем Астана» ЖШС мердігер ұйымдары аудан аумақтарынан қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды жүзеге асырады. Тиісті санитарлық жай-күйді қолдау үшін қосымша жаңа контейнерлік алаңдарды жасау жұмыстары жүргізіледі.

Қаланың эстетикалық келбетін және аудандарда қолайлы микроклиматты жасау үшін жасыл көшеттерді отырғызу және күтіп-ұстау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіледі. Скверлер мен парктерді жинау бойынша жұмыстар көлемі орындалды.

Ішкі орамдық аумақтарда жасыл көшеттерді күтіп-ұстау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Ағаштарды көбейту бойынша жұмыстар күнделікті жүргізіледі.

Сонымен қатар, қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандары әкімдерінің аппараттары, Астана қаласы Ішкі істер департаменті аудандарының ІІБ әкімшілік бөлімдерінің табиғатты қорғау полициясының бөлімшелері, пәтерлер меншік иелері (орын-жайлар) кооперативтері Абаттандыру, санитарлық күтіп-ұстау, қала аумағында жинастыруды қамтамасыз ету және тазалықты қамтамасыз ету қағидасының және қала аумағында қолданылатын басқа Қағидалардың сақталуына жеткілікті деңгейде бақылау жүргізілмейді.

Мемлекеттік мекемелер арасында өзара әрекеттің болмауы жолдарды жөндеу және салу, инженерлік-коммуникациялық жұмыстарды жүргізу кезінде келісілмеген әрекеттерге әкеп соғады.

Ішкі орамдық аумақтарды абаттандыру, балалар және спорт алаңдарын салу және абаттандыру бойынша жұмыстар сапасына қарай барынша жақсартуды қажет етеді. Кіші сәулет нысандарын күтіп-ұстауға және пайдалануға жауап беретін әкімші анықталмаған.

«Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандары әкімдерінің аппараттары, Астана қаласы Ішкі істер департаменті аудандарының ІІБ әкімшілік бөлімдерінің табиғатты қорғау полициясының бөлімшелері, пәтерлер меншік иелері (орын-жайлар) кооперативтері ішкі орамдық аумақтарды абаттандырудың жай-күйін, санкцияланбаған қоқыстарды ұйымдастырудың алдын-алу, автомашиналарды гүлзарларға қоюға, оларды ішкі орамдық аумақтарды жууға жол бермеуге тиісті деңгейдегі бірлескен бақылау және кешенді іс-шаралар тұрақты жүзеге асырылмайды.

Абаттандыру нысандарын есепке қою механизмі жете қарастырылмаған, бұл қараусыз нысандары санының артуына әкеп соғады және елордада коммуналдық мүліктің есебін уақытылы жасау себептерінің бірі болып табылады.

Қысқы уақытта аялдама павильондарын тазарту, қаланың шеткері аймақтарын абаттандыру, жерүсті және жерасты өткелдерін абаттандыру мәселелеріне жеткілікті түрде көңіл бөлінбейді. Мысалы, «Әлем» базары ауданындағы жерасты өткелінің жай-күйі қанағаттанарлықсыз, сондай-ақ санкцияланбаған сауда жасау үшін қолданылады.

Қалада қоғамдық орындарда, жолға қоқыс тастау, ұсақ сәулет нысандарын бүлдіру, қоқысқа арналған себеттерді жарамсыздық күйге келтіру және т.б. сияқты ұсақ құқық бұзушылықтар қайтадан артып келеді.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:



  1. «Қала аумағын абаттандыру, санитарлық күтіп-ұстау және тазалықты қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша шаралары туралы» ақпараты назарға алынсын.

  2. «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандары әкімдерінің аппараттары, Астана қаласы Ішкі істер департаменті аудандарының ІІБ әкімшілік бөлімдерінің табиғатты қорғау полициясының бөлімшелері, пәтерлер меншік иелері (орын-жайлар) кооперативтеріне қаланы абаттандыру, санитарлық жай-күйін жақсарту және көгалдандыру, аумақ тазалығын сақтауға, инфрақұрылым нысандарын күтіп-ұстау және қорғауға бақылау жасау бойынша шараларды қабылдау, сондай-ақ, Абаттандыру, санитарлық күтіп-ұстау, қала аумағында жинастыруды қамтамасыз ету және тазалықты қамтамасыз ету қағидасының және Астана қаласында жасыл көшеттерді күтіп-ұстау және қорғау қағидасының сақталуына бақылауды күшейту бойынша жұмысты жандандыру ұсынылсын.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатты толық көлемде және белгіленген мерзімде игеру бойынша мүлтіксіз шараларды қабылдасын.

Кіші сәулет нысандарын күтіп-ұстау және пайдалануға жауаптыларды бекіту мәселесін зерттесін және ұсыныстар берсін.

Пәтерлер меншік иелері (орын-жайлар) кооперативтері, кәсіпорындары мен ұйымдары, сауданы нысандарының үй жанындағы және жапсарлас аумақтарының жай-күйіне тұрақты бақылау жасасын және құқық бұзушыларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылсын.

ІІБ Әкімшілік полициясы автомашиналарын гүлзарларға қоюға және ішкі орамдық аумақтарда автомашиналарды жууға жол беретін құқық бұзушыларға ықпал ету шараларын күшейту қажет.



  1. Қоқыстың таралмауына, санкцияланбаған қоқыстың алдын-алу мақсатында коммуналдық шаруашылық басқармасы, Астана қаласы Ішкі істер департаменті аудандарының ІІБ әкімшілік бөлімдерінің табиғатты қорғау полициясының бөлімшелері үй аумағынан және өндіріс нысандары аумағынан қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығаруға күнделікті бақылау жасасын, құқық бұзушыларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік ықпал ету шараларын қолдансын.

  2. «Астана-Зеленстрой» АҚ-ға парктер, скверлер, гүлзарлар мен гүлбақшалардан тұратын алаңдарды көбейту есебінен шағын аймақтарды жасау, жаңадан берілетін нысандар аумағында жасыл көшеттерді желісін дамыту жұмыстарын жалғастыру ұсынылсын.

  3. Қаржы басқармасына «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандары әкімдерінің аппараттары, коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірлесіп, пайдаланушы ұйымдарға абаттандыру нысандарын, көше жарықтандыру тіреулерін, ішкі орамдық және парктік жарықтандыру, нөсерлік кәріз жүйесін, инженерлік-коммуникациялар желілерін алдағы уақытта оларды ағымдық күтіп-ұстау үшін уақытылы пайдаланушы ұйымдарға тапсыру бойынша шараларды қабылдау ұсынылсын.

  4. Ішкі саясат басқармасына бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп, газет беттерінде қала аумағын абаттандыру, санитарлық күтіп-ұстау және көгалдандыру бойынша іс-шараларды тұрақты жариялау ұсынылсын.

  5. Осы қаулының орындалуын бақылау тұрақты комиссия мүшесі, 7-сайлау округінің депутаты Ш.Х. Хахазовқа жүктелсін.



Тұрақты комиссияның төрағасы М.Е. Шекенов




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет