Ж. Тұрақты комиссияның қаулысы Кәріз-тазалау құрылғыларын



жүктеу 36.78 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі36.78 Kb.



30.01.2014 ж.
Тұрақты

комиссияның қаулысы
Кәріз-тазалау құрылғыларын

қайта жөндеу және Талдыкөл су

жинақтағышын жою бойынша

іс-шаралардың орындалу барысы туралы

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы «Кәріз-тазалау құрылғыларын қайта жөндеу және Талдыкөл су жинақтағышын жою бойынша іс-шаралардың орындалу барысы туралы» ақпаратын тыңдап және талқылап, қалада Есіл өзеніне ағынды суды ағызумен «Талдыкөл» су жинақтағышы алаңын азайту және кәріз-тазалау құрылғыларының өнімділігін арттыру мақсатында «Астана қаласында топырақ құнарлылығын қалпына келтірумен Талдыкөл ағынды су жинақтағышын жою» жобасы іске асырылады.

«Астана қаласында топырақ құнарлылығын қалпына келтірумен Талдыкөл ағынды су жинақтағышын жою» инвестициялық жобасын (бұдан әрі - Жоба) іске асыру республикалық бюджеттен қала бюджетіне мақсатты инвестициялық трансферттер есебінен жүзеге асырылады.

Жоба 2011-2016 жылдары іске асыру мерзімдерімен екі кезек құрылысы енеді. Жобаның жалпы құны 61,2 млрд. теңге, оның ішінде 2011 жылы 5 млрд. теңге игерілді, 2012 жылы – 6 млрд. теңге және 2013 жылы – 10 млрд. теңге игерілді.

4 іске қосу кешенінен тұратын жобаның 1-кезегін іске асыру аясында мердігер «Алсим Аларко» 1 және 2 іске қосу кешені бойынша жұмыстарды аяқтады. Мемлекеттік комиссия актілеріне қол қойылды. 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша қолданыстағы биологиялық тазалау жүйесін, лайды белсенді қайтарым құбыр жолдарын монтаждау және ауа құбыр жолын қайта жөндеу бойынша жұмыстар аяқталды, қолданыстағы 6 аэротенк жөндеу және гидро оқшаулау, объектілерде технологиялық жабдықтарды ауыстыру бойынша жұмыстар аяқталды, араластыратын құрылғылар мен батырма турбоаэраторлар, ірі көбікті және ұсақ көбікті аэрация жүйесі орнатылды.

8 бірлік техникасына жылы жөндеу-тұрақ боксын салу аяқталды, шығыс сорғы станциясынан Есіл өзеніне құю орнына дейін ағынды коллектор төселді. Габионды пайдаланумен құю және жағалауды бекіту жұмыстары аяқталды.

4 іске қосу кешені аясында тазалау сапасын жақсарту мақсатында реагентті шаруашылықпен жете тазалау блогының құрылысы жоспарланды. Қазіргі уақытта технологиялық жабдықтарға толық көлемде тапсырыс берілген, 50 пайыздан артық құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды.

Құрылыстың екінші кезегіне Астана қаласы кәріздік тазалау құрылыстарын 254 мың м3/тәулігіне дейін өнімділігін арттырумен 118 мың м3/тәулігіне жаңа тазалау құрылғыларын салу енеді. Ағымдағы жылы құм тұтқыш, бастапқы тұндырғыш және құрғату бойынша цехтың құрылысы жоспарланып отыр. Іске асыру кезеңі 2013 жылдың желтоқсаны - 2016 жылдың желтоқсаны.

Сонымен қатар тұрақты комиссия қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатпағандығын атап өтті, бұл Жобаның көзделген іс-шараларын іске асыру мерзімдеріне әсер ететін болады.

Абу-Даби Плаза сияқты, ЭКСПО 2017 құрылыстары сияқты жаңа объектілерді пайдалануға беруге, халық санының өсуіне байланысты суды тұтыну бойынша мониторинг жасау және кәріздік тазалау құрылыстарының жеткілікті жобалау қуаттылығы қажет етіледі.

Суды тазалаудың барынша жетілдірілген технологиясын әзірлеу үшін отандық ғалымдар, ЖОО толық емес көлемде тартылады.

Қала имиджіне ықпал ететін Талдыкөл су жинақтағышынан жағымсыз иісті жою бойынша тиісті шаралар қабылданбайды.

Қала қажеттілігі үшін лайды кәдеге жаратқаннан кейін алынған лайды пайдалану мәселесі, сондай-ақ лайды тыңайтқыш ретінде пайдалану нұсқаларын зерттеу қажет етіледі.

Қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:



  1. «Кәріз-тазалау құрылғыларын қайта жөндеу және Талдыкөл су жинақтағышын жою бойынша іс-шаралардың орындалу барысы туралы» назарға алынсын.

  2. Коммуналдық шаруашылық басқармасы «Астана су арнасы» МКК-мен бірлесіп «Астана қаласында топырақ құнарлылығын қалпына келтірумен Талдыкөл ағынды су жинақтағышын жою» жобасын белгіленген мерзімде аяқтау мақсатында қысқы уақытта құрылыс және монтаждау жұмыстарын жүргізу бойынша шараларды қабылдау ұсынылсын.

Суды сапалы тазалау және Талдыкөл су жинақтағышынан жағымсыз иісті жою бойынша іс-шаралар кешенін әзірлесін.

  1. Пайдалануға берілетін объектілер саны және халық санын арттырумен байланысты коммуналдық шаруашылық басқармасы суды тұтыну мониторингін жүргізсін және қаланың кәріздік тазалау құрылғысының жобалау қуаттылығын арттыру бойынша есептеуді жүргізсін.

Қала мұқтажы үшін лайды кәдеге жаратқаннан кейін алынған газды пайдалану мәселесін қарастырсын. Лайды тыңайтқыш түрінде пайдалану нұсқаларын зерттесін.

  1. Астана қаласы бойынша Экология департаментіне қаладағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Жобаны іске асыруға қатысатын қала кәсіпорындарының экологиялық заңнама талаптарын сақтауға бақылауды күшейту ұсынылсын.

  2. Осы қаулының орындалуын бақылау тұрақты комиссия мүшесі, депутат Ш.Х. Хахазовқа жүктелсін.



Тұрақты комиссия төрағасы М.Е. Шекенов



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет