Жаңа әдістер және программалау құралдары 1



жүктеу 149.01 Kb.
Дата24.04.2016
өлшемі149.01 Kb.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Алматы энергетика және байланыс институты

Радиотехника және байланыс факультеті

«Компьютерлік технологиялар» кафедрасы

БЕКІТЕМІН


РТБФ Деканы

________________Медеуов У.И.

«______»_______________ 2009 ж.

Жаңа әдістер және программалау құралдары 1

пәні бойынша

ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

050703 -« Ақпараттық жүйелер»

мамандығының студенттері үшін

Оқу түрі (Формасы) – күндізгі

Курс - 3

Семестр - 5

Кредиттер саны - 3

Барлық сағат саны -135

Аудиториялық сабақтар - 64

Лекциялар - 32

Лабораториялық сабақтар - 32

Өзіндік сабақтар – 71

Курстық жұмыс

Емтихан – 5 семестр


Алматы, 2009



Мұғалім туралы мәлімет: Сабақты беретін мұғалім – Аманбаева Адирахман Абдиханович , аға оқытушы

Консультациялар уақыты – сабақ кестесіне сәйкес (ақпаратт кафедраның ақпараттық стендінде орнатылған)

Кафедрада болатын уақыт (Б331 ауд.) – график бойынша (кафедраның ақпараттық стендінде)

Өңдеген: Аманбаев А.А., «Компьютерлік технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы.

Кафедра мәжілісінде қарастырылды

_28__._08___.2009 ж. № __1__ протоколы

Пререквизиттері: Информатика, Бағдарламалау технологиялары, Нысанды-бағытталған бағдарламалау, Алгоритмдеу және программалау тілдері.

Постреквизиттері: WEB технологиясы, Жүйелік программалау, Ақпараттарды басқару жүйелері, Ақпараттық жүйелерді жобалау және құру.
Пәннің бейнеленуі

«Жаңа әдістер және программалау құралдары 1» – математикалық және инженерлік техникалық есептерді шығарумен бірге математикалық модельдеу, алгортимдік, АЖ облысында программалау және басқа қолданбалы инженерлік есептерді қамтитын ғылыми пән.

Студенттерге осы пәнді оқытудағы мақсаты: ОЖ Windows ортасында, Java тіліндегі құрылымдарды және программалау әдістерін менгерумен қатар, қалаған мамандықтары бойынша кездесетің есептерді шешуге қолдана білуді үйретеді.

«Жаңа әдістер және программалау құралдары 1» - Java программалау тілі болып табылады. Бұл пән Java программасының жұмысының негізі туралы түсінік, объектілі программалау негіздерінің технологиясын, программа құруда консольдік қосымшалардан бастап, Internet мәліметтер базасының жұмыстарымен аяқталатын программаларды қамтиды.

Оқу процесінде орын алатын пән. «Жаңа әдістер және программалау құралдары 1» пәні студенттердің информатика, информациялық технология, алгоритмдеу және программалау тілдері және математика пәндерінен алған білімдеріне негізделген. Алған білімдерін студенттер жалпы профессианалды және арнайы мамандырылған пәндерде кездесетің инженерлік және ақпараттық жүйелерге арналған есептерді шешуге қолдануына болады.

«Жаңа әдістер және программалау құралдары 1» пәні - Java программалау тіліне арналған теориялық сұрақтарды қамтитын, Java программасының негіздерінің жұмыстарын, объектілі программалау негіздерінің технологиясына арналған лекция сабақтары, алгоритмдерді құру және б программалау лабораториялық сабақтарда қазіргі заманға сай компьютерлермен жабдықталған арнайы кластарда жүргізіледі. Пән бойынша студенттерге арналған жеке жұмыстар мен курстық жұмыстар көлемі де қамтылған (СӨЖ).

Пәннің оқу барысында студенттер мынаны білулері қажет:


  • Java программалау тілінің негіздері туралы түсінікті;

  • объектілі программалау негіздерінің технологиясын;

  • жоғары дәрежеде Java тілінде алгоритмдеуді және программалауды;

  • Ақпараттық жүйелерді өңдеу үшін Java тілінде алгоритмдеуді және программалауды;

  • InterBase серверімен SQL -дің негізгі жұмыс принциптерін; және білу керек:

  • объектілі Java интегральды ортасында программалауды;

  • Мәліметтер базасын және Мәліметтер базасын басқарыу жүйесін «объектілі программалау» интегралды ортасында құру. Релациондық мәліметтер базасын ұыймдастырудың техналогиясын үйрену;

  • WINDOWS ОЖ-де қолдана алатын консольдік және терезелік қосымшалардың түрлерін құруды үйрену.

Пәнге келесі негізгі бөлімдер кіреді:

  1. «Классыз» программалау, қатарлар, массивтер, кластар, айнымалылар және әдістер.

  2. HTML құжаттары, Апплеттер және Java арқылы байланыстарды концептуалды модельдеу.

  3. XML негіздері және мәліметтер модельдері.


ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

1. Лекциялық сабақтар

Лек.

Тақырыбы

Әдебиет көзі

Сағат саны




1. «Классыз» программалау, қатарлар, массивтер, кластар, айнымалылар және әдістер




6 сағат

1

«Классыз» программалау және негізі.

Инструментальді программалау жүйесі. Алгоритм және инженерлік есептердегі математикалық модельдер турлы түсінік. Алгоритмдер түрлері. Алгоритмдерді таныстырудың тәсілдері. Программалау құрылымы және негізі. Еңгізіу және шығару операторлары. Таңдау және тексеріу операторлары. Циклдық программалауға арналған операторлар. Классыз программалау.




Ә.11, 12, 15, 1, 5, 6, 7

2 сағат

2

Кластар, айнымалылар және әдістер.

Негізгі түсініктер. Құру сатылары. Проект құрылымы. Объектілі Java программасындағы интегралды орта. Кластар құрылымы және қолдану мүмкіндікьері. Айнымалылар типтері. Әдістер мен айнымалыларды хабарлау. Визуалды интерфейстерді құру. Элементерде пайда болған оқиғаларды өңдеуді программалау.




Ә.11, 12, 15, 1, 5, 6, 7

2 сағат

3

Файлдармен, қатарлармен және массивтермен жұмыс істеу.

Қарапайым типтер, операторлар, қатарлы процедуралық функциялар, құрылымды типтер. Айнымалылық жолдармен жұмыс істеу. Массивтерді қолдану. Файлдардың көмегі арқылы ақпараттарды еңгізіу және шығару.

Ә.11, 12, 15, 1, 5, 6, 7



2 сағат




2. HTML құжаттары, Апплеттер және Java арқылы байланыстарды концептуалды модельдеу




6 сағат

4

Апплеттер, ерекше жағдайларды өңдеу және графикалық мүмкіндіктері.

Апплеттер қосымшалары. Ерекше жағдайларды өңдеу. Графиктермен жұмыс істеу. Рaint әдісі.




Ә.2, 4, 8, 11, 13,14

2 сағат

5

HTML құжаттарындағы HTML негіздері және JavaScript.

HTML негіздері және оның теориялық мәліметтері. Фреймдер және формалар. HTML және JavaScript.




Ә.2, 4, 8, 11, 13,14

2 сағат

6

Java және апплеттермен өзара байланыстары.

Java-ға кіріспе. Апплеттер, олардың әдістері және ақпараттарды шығару әдістері. Кластар және негізгі класты анықтау. Апплеттермен өзара қарым-қатынасын орнату.




Ә.2, 4, 8, 11, 13,14

2 сағат



3. XML негіздері және мәліметтер модельдері




10 сағат

7

Меню және деректер базасымен жұмыс істеу.

Апплеттің ішкі деректер базасы. Қосу, Жою және жазбаларды іздеу. Java және деректер базасы. Формалармен және менюлермен жұмыс істеу.



Ә.3,5,7, 11, 12, 14

2 сағат

8

XML негіздері және XML-Java-JavaScript өзара әрекет. Java-дағы ағымдар.

XML негіздері. XML – HTML түріне түрлендіру. XML-Java-JavaScript өзара әрекет. Файлалық диалогты қолдана отырып XML-файлды оқу. Java-дағы ағымдар.



Ә.3,5,7, 11, 12, 14

2 сағат

9

«Клиент-сервер» қосымшаларын құру және клиент арқылы серверлік деректер базасына қатынас орнату.

«Клиент-сервер» қосымшаларын құру. Клиенттің ағымдарын құру. Әртүрлі әдістерді оқу. Серверлік деректер базасына қатынас орнатуға рұқсат алу механизмі.





Ә.3,5,7, 11, 12, 14

4 сағат

10

Басқа орталар үшін Java Beans-ті қолдану. Сервлетті құру, JSP- беттері және қарапайым браузер.

Басқа орталар үшін Java Beans-ті қолдану. Сериализациалау механизмдерін оқу. Сервлетті құру. JSP- беттерін құру. Қарапайым браузерлерді құру.



Ә.3,5,7, 11, 12, 14

2 сағат



  1. Зертханалық сабақтар

Зертханалық сабақтар Java ортасында орындалады.

2.1 Программалау негізі және консольді қосымшалар құру. - 4- сағат

2.2 Java ортасында циклдар мен тармақталып құрылған программалар құру. - 6- сағат

2.3 Қарапайым диалогтарды ұйымдастыру. - 2- сағат

2.4 Визуалды интерфейстерді ұйымдастыру. - 4- сағат

2.5 Қатарлармен және массивтермен жұмыс істеу. - 4- сағат

2.6 Апплеттер, HTML, JavaScript және графикалық мүмкіндіктері.

- 6- сағат

2.7 Меню және деректер базасымен жұмыс істеу. - 6- сағат
3 Студенттердің есептеу-графикалық жұмыстары

Студентердің өзіндік жұиысы дәрістік материалдармен зертханалық жұмыстарға дайындалу және есептеу-графикалық тапсырмаларды орындау болып табылады. Құрылымдық әрекетті қолданып, программаларды жобалау (жобалау алдында қамтама аумағын зерттеу. Есептің қойылуы. Техникалық тапсырмаларды дайындау. Есепті шешу үшін тәсілді таңдау және негізгі алгоритмін құру. Бағдарламаның құрылымдық сұлбасын құру; технологияларды таңдау, бағдарламалау тілімен ортаны; қолданушы интерфейсін жобалау).

Осы пән бойынша есептеу-графикалық жұмыстар ретінде келесі тапсырмалар ұсынылады:


  • Бір өлшемді массивтер: векьолармен жұмыс істеу, масивтерді реттеу.

  • Екі өлшемді массивтер: анықтауыштарды есептеу, матрицалармен іс әрекет, алгебралық сызықтық жүйелер теңдеулерін шешу.

  • Функциялардың графиктерімен әртүрлі графикалық объектілерді тұрғызу.


4. КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАР ТІЗІМІ.
4.1 ЖОА жобалау: Материалдар қозғалысына есеп.

4.2 ЖОА жобалау: Магазиндегі товарлардың қозғалысы.

4.3 ЖОА жобалау: Айырбастау пункттеріндегі бір ай ішінде валюталар курсының өзгерісі (доллар, рубль, евро).

4.4 ЖОА жобалау: Айырбастау пункттеріндегі бір кварталдағы валюталар курсының өзгерісі (доллар, рубль, евро).

4.5 Симплекс әдісін қолданып, алгебралық сызықтық теңдеулер жүйелерін есептейтің программаларды жобалау.

4.6 Жасанды базис әдісін қолданып, алгебралық сызықтық теңдеулер жүйелерін есептейтің программаларды жобалау.

4.7 Қос жақты Симплекс әдісін қолданып, алгебралық сызықтық теңдеулер жүйелерін есептейтің программаларды жобалау.

4.8 Жабық транспорт есебін шешетін программаларды жобалау.

4.9 Ашық транспорт есебін шешетін программаларды жобалау.

4.10 Ең кіші квадрат әдісіне арналған программаларды жобалау (квадратдық және кубтық теңдеулер үшін).

4.12 Ең кіші квадрат әдісіне арналған программаларды жобалау (сызықтық және төртінші дәрежелі теңдеулер үшін).

4.13 ЖОА жобалау: Экзамен және сессияға рұқсат.

4.14 ЖОА жобалау: Экзамен және келесі курсқа өту.

4.15 ЖОА жобалау: Группа және факультет.



5. Студенттердің өз бетінше оқитын тақырыптары

5.1 Java тілінде өрнектердің жазылу тәртіптері - 2 сағат

5.2 Java тілінің даму тарихы - 2 сағат

5.3 Типтер және айнымалылар - 2 сағат

5.4 Стандарты функциялар - 2 сағат

5.5 Оъектілі програмалау туралы түсініктер - 4 сағат

5.6 Класстар және әдістер - 4 сағат

5.7 Тексеру және таңдау операторлары - 2 сағат

5.8 Циклдық прогламалауға арналған командалар - 2 сағат

5.9 Internet HTML негізі - 4 сағат

5.10 Серверлік деректер базасы - 4 сағат
6. Әдебиет тізімі

6.1 Гиббонз П. Платформа .NET для Java-программистов. – СПб.: Питер, 2003. – 326с.

6.2 Гарнаев А., Гарнаев С. Web-программирование на Java и JavaScript. – СПб.: БХВ-Петербург, 2002. – 1022с.

6.3 Анин Б. Защита компьютерной информации. – С – Пб., 2000

6.4 Дунаев С. Технологии Интернет - программирования. - СПб.: Питер, 2001. – 474с.

6.5 Мейер Д Теория реляционных БД .-М., Мир , 1987.

6.6 Герман О.В., Герман Ю.О. Программирование на Java и C#. – СПб.: БХВ-Петербург, 2005. – 512с.

6.7 Лабор В.В. Си Шарп. Создание приложений для Windows. – Минск: Харвест, 2003. – 382с.

6.8 Дарнелл Рик. JavaScript. Справочник. - СПб.: Питер, 2000. – 192с.

6.9 Пирогов В. MS SQL Server 2000. Управление и программирование. - СПб.: Питер, 2005. – 582с.

6.10 Будилов В. Основы программирования для Интернета. - СПб.: Питер, 2003. – 716с.

6.11 Смирнов Н. Java 2 Enterprise. Основы практической разработки распределенных корпоративных приложений. – М.: Кудиц-Образ, 2002. – 692с.

6.12 Хабибуллин И. Создание распределенных приложений на Java 2. СПб.: БХВ-Петербург, 2002. – 692с.

6.13 Холл М. Браун Л. Программирование для Web. – М.: Вильямс, 2002. -1264с.

6.14 Холл М. Сервлеты и Java Server Pages. - СПб.: Питер, 2001. – 494с.

6.15 Чен М., Грифис С., Изи Э. Программирование на Java. Наиболее полное руководство. – Минск: Попурри, 1997. -1016с.



Мұғалімнің талаптары

Студенттер лекциялық (1 кесте), зертханалық сабақтарға және консультацияларға қатысады, өзіндік жұмыстарды орындайды.

Зертханалық жұмыстар зертханалық сабақтарда орындалады, студент жұмысты уақытысында қорғауы керек (3 кесте). Жұмыс қорғалғаннан кейін бағаланады. Студент жұмыстың мағынасын түсінетінін және қолданатын құрылғымен жұмыс жасау дағдаларын көрсетуі керек.

Графикалық -өзіндік жұмыстар график бойынша орындалады (2 кесте).

Пән бойынша студенттердің өзіндік жұмыстары орындалады. (3 кесте). Олар студенттер өздігінен жасайтын теориялық материалдардан тұрады. Өзіндік жұмыстардың бағалары негізгі бағаға қосылады.

Барлық тапсырмалардың электорндық варианттары компкластарда орнатылған.


Білімдерді бағалаудың жүйесі

1 кесте. Лекциялық сабақтарға қатысуды бағалау



Сабақ түрі

Сағат саны

Бір лекцияның бағасы

Жалпы суммасы


Лекциялар

32

0,2

Максимум 6 балл

2 кесте. Есептеу-графикалық жұмыстарды бағалау




Жұмыс түрі


Тапсырманы беру уақыты


Тапсыру және қорғау уақыты



Жұмыс орындалуын бағалау

Уақытында



кешігумен


1 апта

> 1 апта

Мин.

Макс.







№1 ӨЕЖ

1 апта

5-6 а.

3

8

- 1 балл

-2 балл

№2 ӨЕЖ

1 апта

7-8 а.

3

8

- 1 балл

-2 балл

№3 ӨЕЖ

1 апта

8-9 а.

3

8

- 1 балл

-2 балл

Жалпы







9

24






3 кесте. Зерханалық жұмыстарды орындау графигі


Жұмыс аты



Сағат саны

Орындау уақыты

Қорғау уақыты

Бір жұмысты бағалау

Уақытысында

Кешігумен

Мин.

Макс.

1 апта.

> 1 апта

№1 зертханалық жұмыс. Программалау негізі және консольді қосымшалар құру.

4

1

апта


2

апта


2

4

- 1 балл

-2 балл

№2 зертханалық жұмыс. Java ортасында циклдар мен тармақталып құрылған программалар құру.

6

3

апта


5

апта


3

5

- 1 балл

-2 балл

№3 Қарапайым диалогтарды ұйымдастыру.

2

6

апта


6

апта


1

3

- 1 балл

-2 балл

№4 зертханалық жұмыс. Визуалды интерфейстерді ұйымдастыру.

4

7

апта


8

апта


2

4

- 1 балл

-2 балл

№5 зертханалық жұмыс. Қатарлармен және массивтермен жұмыс істеу.

4

9

апта


10

апта


2

4

- 1 балл

-2 балл

№6 зертханалық жұмыс.

Апплеттер, HTML, JavaScript және графикалық мүмкіндіктері.



6

11

апта


13

апта


3

5

- 1 балл

-2 балл

№7 зертханалық жұмыс.

Меню және деректер базасымен жұмыс істеу.



6

14

апта


16

апта


3

5

- 1 балл

-2 балл

Жалпы










11

30







Өзіндік жұмыстарды орындау

Пән бойынша студенттердің өзіндік жұмысы келтірілген теориялық материалды оқудан тұрады. Осы тақырыптар бақылауға кіреді. Бұл жұмыс бойынша бағалар 5 баллдан 10 балға дейін болады.

Бағалардың жалпы саны –51-ден 100 баллға дейін.

Студенттің рейтинг бағасы 51 баллдан кем юолмауы керек..



Егер де студент емтиханға жіберілмей, барлық жұмыстар бойынша қарыздарын сессия кезінде жойса, бағасы 4 баллдан көп болмайды.

Аралық бақылау – 7 және 14 апта.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет