Жаңа формация мұғалімінің кәсіби мәдениеті



бет2/2
Дата31.07.2024
өлшемі27.87 Kb.
#503075
1   2
Жаңа формация мұғалімінің кәсіби мәдениеті

І. Кәсіби қасиеті: ІІ. Моралдық-этикалық қасиеті:
- ұйымдастыру қабілеті; - адамгершілігі;
- білімнің тереңдігі - ақиқатқа құштарлығы;
- ғылыми білімі; - мейірімділігі;
- шығармашылығы; - қарапайымдылығы,
- интеллектуалды қасиеттері.
ІІІ. Психологиялық даярлығы:
сыртқы келбеті;
- сөйлеу мәдениеті;
киім киісі;
- әдептілігі.
А. Макаренконың «Өзара қарым-қатынас қуанышты болуға тиісті. Ол шығармашылық өрлеуді, батылдықты, сергектікті керек етеді» дегені белгілі. Өз жұмысының сипатына байланысты мұғалім ұйымдастырушы, жетекші болуға тиісті, тіпті ол сыртқы келбетімен де тәрбиелей алады. Сондықтан жаңа ғасырдың ұстазына қойылатын талап та күрделі. Алайда, талантты, шебер жаңа формация ұстазы болудың алғышарты шебер мұғалімдердің еңбектегі озат тәжірибесін, педагогикалық еңбектің технологиясын зерттеп үйренуден басталады.
Қазақтың ұлы педагогі, психологі, ағартушы, жазушы Ж. Аймауытов «. .. Баланың ақылы, сезімі, қайраты мұғалімнің жігерлі ықпалы арқасында жетіледі. Мұғалім балаларына салақ, селқос қараса, олардың жан қуатын кемітіп, тәрбие де бере алмайды» деп мұғалімнің бала алдындағы үлкен жауапкершілігін атап көрсеткені мәлім. Ж. Аймауытовтың осы айтылған кәделі ой, орнықты көзқарасын ескерсек, мұғалім бала бойындағы туа біткен түрлі қасиеттерді дәл байқап, оның сапалық ерекшеліктеріне баға беріп, әрі қарай әр баламен психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс жүргізуі негізгі мәселеге айналды.
Білімі терең және жоғарғы мәдениетті, ғылым мен техниканың жетістіктерін игерген оқушының өзін-өзі тануға ұмтылуына, ізденуіне жол ашу – мұғалім алдындағы үлкен міндет. Өмірде дұрыс жол табуы үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелдә шешімдер қабылдауы керек. Демек, бүгінгі күні мектептің алдына қойған ең басты мақсаты – қазіргі заманның өркениеті, прогресшіл бағытына сай азаматтық адамгершілік қасиеті мол, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. Олай болса, білім беру ісінде ұстаз басты әрі шешуші тұлға болып саналады.
Оқу – баланың рухани өміріндегі өте маңызды сала, бірақ бірден – бір сала емес. Оқушының жаңа материалды қабылдауына немесе білгенін көрсетуде көңіл күйдің орны ерекше екені белгілі. Сондықтан әрбір оқушымен жеке танысып, оларды қабілетіне қарай бөліп, соған сәйкес оқытудың әртүрлі типтерін қолдану – тығырықтан шығудың бір жолы. Бұл арада оқушыларға білім берудегі мұғалімнің жеке қасиеттерінің маңызы зор, яғни мұғалімнің педагогтік әідебі.
Педагогтік әдеп - әр ұстаздың дара қасиеті. Педагогтік әдеп мұғалімнің жас ерекшелігіне, темпераментіне, мінез – құлқына, алған тәрбиесіне, т. б. ерекшеліктеріне байланысты болады.
Әдепті мұғалім өзінің педагогтік шеберлігін де ұтымды көрсете біледі. Біз әр баланың дара қасиеттерін ескере отырып таңқалдыруға әрекет жасай алуымыз керек. «Баланы таңқалдыруды ұмытпа, даналық таңқалдырудан басталады» дейді даналар. Әрбір бала – халқының тұлғасы, сондықтан халықты жасайтында мұғалім.
Берілетін білімді де, тәрбиені де, әдепті де ұрпақ бойына құр айтумен ғана емес, өз бойымыздағы шынайы асыл қасиеттерімізді іс арқылы сіңіре алсақ, ұтарымыз көп болмақ. Адамгершілікті мұғалімнің келбеті оның кісілігі мен маман ретіндегі білігінің үйлесімінен тұрады. Олай болса, осы деңгейден жаңа формация мұғалімі шыға алуы қажет – ақ. Ол білікті маманның ғана қолынан келетін шаруа.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет