Субстанция (лат. substantіa – мән, түпкі негіз) – заттың біртұтастығының мәндік қасиетін, оның барлық өзгерістерінің негізін, себебін, тіршілік етуінің түп-тамырын білдіретін философиялық категория. Сонымен қатар дүниенің бірлігі неде, сол бірлік неден туындайтынын көрсететін, ұғымдық дәрежеде түсіндіретін форма. Философиялық тұжырымдамалар дүниенің бірлігін анықтауына сай монизм (бір Субстанция), дуализм (екі Субстанция), плюрализм (бірнеше Субстанция) болып бөлінеді.
Жаңа дәуірдегі философияда субстанцияны түсінуде екі бағыт пайда болды. Біріншісі Ф.Бэконның эмпиризмінде орын алған субстанцияны болмыстың негізі, заттың формасы ретінде түсінумен байланысты. Декарт оған қарсы екі субстанция (материя және ойлау) туралы ілімін ұсынды. Олар бір-бірінен туындамайды, екеуі дербес субстанция деп білді. Спиноза пантеистік монизмді ұсынды: субстанция біреу, оның одан ажырамайтын екі жағы бар: көлемділік және ойлау.
Лейбниц субстанцияларды монадалар деп атады. Монадологияның 4 сапасы бар: ұмтылыс; әуестену; қабылдау; елестету Барлық монадаларды Лейбниц 4 топқа жіктейді: 1.«жалаңаш монадалар» - неорганикалық табиғат монадалары (тастар, жер, пайдалы қазбалар); 2.Жануарлар монадалары – түйсікке және жетілмеген өзіндік санаға ие; 3.Адам (жан) монадалары – санаға, еске, ойлау қабілетіне ие; 4.Жоғарғы монада – Құдай. Монада класы жоғары болған сайын оның пайымдылығы мен бостандық деңгейі де жоғары.
Енді орындайтын тапсырмаларға көшелік. Дәріс материалына сүйене отырып жаңа заман философтарының қай бағытқа жататынын көрсетіңіздер
Қосымша материалдарға сүйене отырып танымның индуктивтік және дедуктивтік әдістеріне анықтама және мысалдар келтіріңіз
Философиядағы монизм мен дуализмнің мәнін ашып көрсетіңіз
Жаңа заман философиясының ғылым салаларының дамуына қандай ықпалы болғанын көрсетіңіз
Бүгінгі сабағымызды қорыта келе жаңа заман философиясы таным теориясын дамытуға өлшеусіз зор үлес қосты деген қорытынды жасай аламыз
Достарыңызбен бөлісу: |