Г.Ф.Лейбниц немістің атақты ғалымы, көрнекті философ болды. Ол Германиядағы жаңа қалыптасып келе жатқан капиталистік қатынастардың негізінен туған ғылыми теорияларды айқын көре білді.
Жаңа дәуірдегі таным теориясында эмпиризм мен рационализмнің арасындағы күрестің шиеленіскен жағдайы Лейбницке де өз әсерін тигізді. Ол өзінің «Адам зердесінің жаңа тәжірибелері», «Монадология» деген еңбектерінде таным теориясындағы рационалистік әдістің әрі қарай дамуына кеңінен жол ашуға тырысты.
Г.Лейбництің рационалистік көзқарасы оның ғылыми-зерттеу жұмыстарымен жан-жақты ұштасты.
Г. Лейбництің рационализмі өзіне дейінгі ойшылдарға, әсіресе, Декарт пен Спинозаға қарсы бағытталды. Ол өзінің рационалистік көзқарасында осы ойшылдардың дүниетанымындағы негізгі кемшіліктерге тоқталды. Егер Декарт өзінің философиясында дүние екі субстанциядан тұрады деп, ал Спиноза ол субстанция - табиғатты жалғыз деп есептесе, Г. Лейбниц мұндай ойлардың ағат екендігін дәлелдеуге тырысты. Оның ойынша, субстанция ұшы-қиыры жоқ дүние заттары болып есептеледі және ол өте көп. Философ әрбір субстанция болмыстың «біреу», яғни жалғыз екендігін, монада екендігін анықтады. Монада материалдық емес, ол рухани атом. Кез келген монада әрі жан, әрі дене, сол екеуінің бірлігі. Монадалар арқылы материя мәңгі қозғалыс қабілетіне ие болды. Сөйтіп, ол материя мен қозғалыстың бір-бірінен ажыраспайтынын және өзара бірлікте екендігін анықтап берді.
Жаңа заман философиясындағы негізгі даулы мәселелер субстанциялар төңірегінде өрбігендіктен субстанция ұғымына тоқтала кетелік:
|