Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет102/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Неліктен соншалықты бос? 
Цехта алғашқы СББ білдегін алған кезде көпшілігі ең оңай жолды таңдайды да 
шебер үстелдің үстіне бірнеше тексерілген және өздерінің қол консоль-жоңғылау 
білдегінде жылдар бойы пайдаланып келген қысқыш қондырғы ‒ кәдімгі алты дюймды 
ұста атауызын салады. Эх, не боп қалды деп сұрайсыз ғой. Шын мәнінде, бірнеше мәселе 
туындайды. Егер әзірлеме механикалық атауыздарда аздап болса да сырғитын болса, 
онда 
қозғалысын 
тоқтатпайды 
және 
ауада 
қалықтап 
тұруы 
ықтимал; 
механикаландырылған атауыздар (сіз қысымды дұрыс берген жағдайда) әдеттегідей 
азырақ қауіпті болады. Гидравликалық және пневматикалық атауыздар механикалық 
атауыздарға қарағанда тұрақтылау, ол бөлшектердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді. 
Батырманы басу сомын кілтін қосуға қарағанда оңайырақ болғандықтан, қуатты шектеген 
кезде оператор азырақ шаршайды, нәтижесінде тиімділік те жоғары болады. Дұрыс 
техникалық қолдау көрсетілген механикалық атауыздар жұмысты орындайды және 
жартылай автоматты қысқыш жүйеге қарағанда арзанырақ тұрады деп айтатындардың 
саны біршама ғана. Дегенмен де сіз тас жолмен келе жатқанда автокөлігіңіздің терезесін 
ашу үшін қолмен бұрағанды қалар ма едіңіз әлде батырманы басқанды қалар ма едіңіз?
Батыл әрекетке көшу 
Бір қайталымда бір бөлшектен артық шығара алмайтын СББ білдектері бар жону 
білдектерімен салыстырғанда СББ көп мақсатты білдектер сіз шебер үстелде қанша 
сыйдыра алсаңыз, сонша бөлшектерді шығара алады. Дегенмен ешқандай білдекшінің 
атауызы атауыздың әрбір ұшында бір-біреуден алып, екі бөлшектен артықты бір мезетте 
ұстап тұра алмайды; егер көбірек ұстап тұруға тырыссаңыз, онда басқалары да босап кетеді. 
Бұл жүздеген бөлшектерді өңдеу кезіндегі маңызды тұсы болып табылады, себебі көп 
мақсатты білдектердегі атауыздар екі немесе үш жону атауыздарын сыйдыратындай 
жеткілікті үлкен.
Одан шығудың бірнеше тәсілі бар, олардың ең қарапайымы ‒ қосарланған атауызды 
пайдалану. Атынан көрініп тұрғанындай, қосарланған атауыздардың қақ ортасында 


107 
тұрақтандырылған сорғышы және екі ұшында жылжымалы сорғыштары болады, ол 
айналымдағы бөлшектердің санын арттыра түседі. Осындай кескіндеме оператор-
білдекшінің фрезерлеу бойынша бірінші операциясын атауыздың бір ұшында аяқтауына
содан соң бөлшекті аударып, оны артқы жағынан өңдеуге мүмкіндік береді (бөлшек екі 
операциямен аяқталатын болған жағдайда).
Заманауи өңдеу жағдайында 1000-нан астам бөлшекті білдіретін нағыз жоғары өнімді 
жұмыс үшін көп мақсатты білдектің шебер үстеліне барынша көбірек бөлшектерді 
сыйыстыру қажет болады. Бұл сіз кеңседе карта ойнап немесе ең жақсысы келесі білдекті 
баптап жатқан кезде (мұның бәрі сіздің цехыңыз автоматты өңдеуге арналып жабдықталған 
дегенді білдіреді, ол туралы мен 13-тарауда баяндаймын) білдектің сағаттап жұмыс істеуіне 
мүмкіндік береді. Осы мақсатқа қол жеткізудің тағы бір тәсілі тығызданған қысқыш 
қондырғыны пайдалану болып табылады ‒ әдетте ол шағын қысқыштар немесе алынбалы 
жоғары пластинаға бекітілген кішкентай атауыздар, бұл бір жүргенде мыңдаған бөлшектерді 
өңдеуге мүмкіндік береді. 
Бұл бір немесе бірнеше дайындамаларды қысуға арналған тапсырыспен жасалған 
«қысқыш қондырғының» мысалдарының бірі болып табылады. Қысқыш қондырғылар көбіне 
атауызда ұстап қалу үшін тым осал болып келетін бөлшектерді қайталама өңдеуге немесе 
атауыздардың дәлдігі бөлшектегі шақтамаға сәйкес келмегенде өңдеуге арналған.
Көптеген цехтар өздерінің жеке қысқыш қондырғыларын жобалап жасап шығарады, алайда 
кейбіреулері «Маған қысқыш қондырғыны жасап беріңіз, менің қолым тимейді» деп өз 
талаптарын мамандандырылған цехтарға жолдауы мүмкін. Сондай-ақ, қысқыш қондырғыны 
бекітіп тұратын жабдықтың құрамдас бөлігі ретінде құрауға болады, ол үшін алдын ала 
жиналған модульдық құралдар пайдаланылады, алайда бұл көбіне шағын көлемдермен 
және прототиптермен жұмыс істеу үшін қолайлы болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет