Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет103/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Соншалықты жылдам емес 
Бір минутқа жону цехына барып қайтайықшы. Сізге тік бұрышты болат шығырдың бір 
ұшында конустық немесе шар тәріздес қалыпты өңдеу қажет деп елестетіңіз. Мұны көп 
мақсатты білдекте жасау оңайға түспеген болар еді, ал СББ жону білдегінде осындай 
қалыптарды өңдеу түкке тұрмайды. Дегенмен сізге екі нәрсе қажет болады: дайындаманы 
берік ұстау мүмкіндігі бар қысқыш қондырғы және оны бекітуге арналған қысқұрылғы 
(планшайба), ол өз кезегінде жону білдегінің сүмбісіне бекітілген.
Орталықтан ығыстырылған, минутына жүздеген айналымнан артық 
жылдамдықпен айналатын тік бұрышты болат шарғының тез тербелетіні 
соншалықты, ол білдектің еденде билеп кетуіне мәжбүр етеді (және үдеріс 
барысында мойынтіректер мен сүмбілерді зақымдауы мүмкін). Кез келген 
СББ жону білдегінде жұмыс істеуге арналған қысқыш қондырғылар осы 
«айналу факторын» ескере отырып жасалуы тиіс және өлшенуге жіберілуі 
ықтимал.
Тығызданған қысқыш қондырғысы бар білдектің өнімділігін барынша 
арттыру үшін сізге екі қысқыш қондырғыны құрастыру қажет. Біреуі 
бөлшектерді берік ұстай отырып, көп мақсатты білдектің ішінде болады, 
екіншісі үстелге қоятын болып келеді (немесе одан да жақсы, тұғырықты 
автоматты түрде алмастыру қондырғысында), ол білдектің сыртында. Ол 
оператордың білдектің алдыңғы қайталымындағы дайын бөлшектерді алып 
тастауынан және бос тұрып қалу мен бөлшектерді алып-салу үшін білдектің 
ішіне еңкею қажеттігінен туындайтын оператордың арқасына күш түсіруді 
болдырмастан, босаған қысқыш қондырғыны шикі дайындамалармен
жүктеуге мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТУ
ЕСКЕ ТҮСІРУ


108 
Бес есе жақсырақ 
Мен 2-бөлімде талқылағандай, бес координатты көп мақсатты білдектер 
фрезерлеудегі жаңалық болып табылады. Олардың үш координатты серіктеріне қарағанда 
бір операцияда барынша көп жұмыс істеу мүмкіндіктерінің арқасында олар цехтағы 
бөлшектерді жасау тәсілдерін өзгертеді. Бес координатты білдектердің керемет 
мүмкіндіктері болғанымен, инвестиция жасаудан бұрын қарастырылуы тиіс бір кішкентай 
нақтылап алатын нәрсе (шын мәнінде, олар бірнешеу) бар. Сіздің сондай-ақ атауыздарға да 
инвестиция жасау туралы ойланып көргеніңіз жөн.
Мұның себебі бес координатты білдектерге цехтың ішінде көп орын қажет (6-5-суретті 
қараңыз). Стандартты үш координатты көп мақсатты білдектерде кесетін құрал 
дайындаманың беткі қабатына үнемі перпендикулярлы болатын жерде (дайындаманың 
бүйір тұстарындағы жасауға болатын жұмысты шектей отырып) бес координатты білдек 
дайындаманың төменгі жағынан басқасының бәріне жете алады. Алайда бұл сүмбінің 
аяғының, білдектің шебер үстелінің, құрал ұстағыштың және қысқыш қондырғылардың 
арасындағы саңылаумен әлеуетті мәселе тудырады, бұл үш координатты білдекте қажет 
болатынға қарағанда дайындаманы шебер үстелден биігірек көтеру арқылы жеңіл 
жойылатын жағдай болып табылады.
6-5-
сурет: Бес координатты көп мақсатты 
білдектерге 
жеткілікті 
саңылауды 
қамтамасыз ету үшін атауыздар мен 
қысқыш қондырғылар қажет 

Құрал өндірушілер осы мәселеге ден қойды және енді биік, жұқа, бірақ берік арнайы 
атауыздар мен аралық тақтайшалар оңай қолжетімді болады. Олардың көбі тек бір 
бөлшекке есептелген және дайындаманың «қарлығаштың құйрығы» тәрізді немесе соған 
ұқсас пішіндегі бөлшекті өңдеп біткен соң фрезерленетін, қысқыш үшін қолданылатын 
арнайы бағытауыштың көмегімен алдын ала өңделуін қажет етеді. Алайда кейбір атауыздар
бір мезетте бірнеше дайындаманы қармап ұстай алады. Кейбіреулері «өзінен 
орталықтандыратын» болып табылады және бөлшектерді екі жағынан қысады (таза өңдеуді 
орындау үшін маңызды ерекшелік). Кейбіреулері толығымен аспаптық болаттан жасалған, 
ал осы орайда басқалары аспаптық алюминийден жасалған (бірақ болаттан жасалған 
сорғыштарымен).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет