Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет196/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Фрезерлік ақылсыздық
Джейн жаңа ғана өзінің ең соңғы және ең жақсы дизайнын берді. Бұл ‒ рөлдің діңгегі, 
Джейннің шығармашылық қабілеті болғандықтан, ол кез келген жерде қалайда тауда жүретін 
велосипедті қалаушылардың назарын аударатындай етіп, оның үстіңгі қабатын иірімдермен 
көмкерген. Ортасында әр түрлі электроникаға арналған қалта, бірнеше асқан дәлдікпен
өңделген саңылаулар мен ұзына бойына астауша, сондай-ақ тұрған жерінде қысуға арналған 
бастиегі бар бұрамаларға арналған бірнеше бұрандалы саңылау бар. Көп мақсатты
білдектерге қайта оралайық.
Бүйірлік фрезерлеу 
Көптеген фрезерлеу білдектрінде алғышқы орындалатын операциялардың бірі 
фрезаның көмегімен қалыңдықты анықтау болып табылады. Ол дайындамаларды немесе 
құймаларды пайдаланған кезде туындатын, одан әрі бұрғылау операциялары үшін 
қиякесіксіз бүйіржақтарды анықтайды.
Фрезалар көбіне дұрыс бұрышының бұрылысы бар шаршы немесе сегізбұрыштық 
пластинаны пайдаланады, бұл пластинаның алдыңғы шеті 45 градустық бұрышқа қарсы 
немесе соның айналасында иіледі. Ол құралдың жарамдылық мерзімін ұзартады және кесу 
күшін онсыз да сол жерде болуы тиіс көп мақсатты білдектің сүмбісіне бағыттайды.
Үстіңгі қабаттың таза өңделуін жүргізу қажет болған жағдайларда, бүйірлік 
фрезаларды бекітуге арналған кейбір жақтаулар бір немесе бірнеше ендірмені «қырумен» ‒ 
басқа жанындағы ендірмелерге қарағанда аздап төмендеу орнатылатын, айтарлықтай үлкен 
қимасы бар арнайы ендірмені алмастыру опцияларын ұсынады, бұл металдың басым бөлігі 
алынып тасталған соң оның үстіңгі қабатты сүртуіне мүмкіндік туғызады. Үстіңгі қабаттың тым 
тегіс өңделуінен басқа қырулар берілістің анағұрлым жоғары жылдамдығын да түзеді.
Терең қуыстарды фрезерлеу 
Дж. Р.Р. Толкиеннің «Хоббит» деген классикалық қиял-ғажайып романында Бильбо 
Бэггинс билік сақинасын өзінің қалтасында сақтаған. Алайда сіз Джейннің рөл діңгегінің 
ортасында өңдейін деп жатқан қалтаңызға ондай күш қажет болмайды. Бұл қалтаның 
қаралтым сыдыру үшін сіздің сыдырғыш ұштық фрезаны және трохоидалды траекториялар 
топтамасын пайдаланып, ал содан соң қалтаны жоғары өнімді ұштық фрезерлеу білдегінің 
көмегімен өңдейін деп жатқаныңызға байланысты.
«Трохоидалды кесу» ‒ жоғары жылдамдықпен өңдеудің (ЖЖӨ) бірнеше 
стратегияларының бірі, ол дәстүрлі фрезерлік өңдеу тәсілдеріне қарағанда кесудің азырақ 
күшімен материалды жылдам алып тастайды, құрал қозғалысының сақиналы 
траекториясының орнына трохоидалды траектория спирографпен сызылғандай болып 
көрінетін қисық ілмектерді пайдаланады. Осындай кесу шамалы радиалдық тереңдікті және 
мүмкін болған тұстарда толық біліктік іліністі (кескіштің ұзына бойымен) пайдаланады және 
жоңқаны жұқарту кезінде бірқалыпты жүктемені ұстап тұруға тырысады. Бұл құралдың 
жарамдылық мерзімін арттырады, кесу кезіндегі тербелісті азайтады әрі металды алып 
тастауды барынша арттырады.
Егер біздің жағдайымызда қалта аздап үлкендеу болса, онда оны өңдеу үшін Сіз 
индекстелетін қаралтымдық фрезаны немесе таспалы фрезаны таңдауыңызға болатын еді, 
себебі олар әдеттегідей қатты қорытпалы құралдарға қарағанда үнемдірек (қалай болғанда 
да, диаметрі 1 дюймнен аспайтын). Олардың кейбірінде ұзына бойы өте алатын ендірмелер 
бар және терең жіктерді өңдеу үшін немесе жоғары дайындаманың сырт жақтарын қаралтым 
фрезерлеу үшін пайдаланылуы мүмкін (12-4-суретті қараңыз). Біздің рөл қарнағы үшін екі 


199 
жырашықты фрезаның көмегімен кертпелерді өңдеу үшін сырт жағынан зырылдату ғана
керек, себебі Джейн жобалаған бөлшектегі жатық үстіңгі қабатқа фрезаның мүлдем басқа 
түрі ‒ ұштық фреза қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет