Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


Скотти, мені сәулеңмен қағып алшы



Pdf көрінісі
бет207/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

 
Скотти, мені сәулеңмен қағып алшы 
«Жұлдызды сапар» телесериалында «Энтерпрайз» жаужүрек кемесінің экипажы өзге 
планеталық түрлермен қарым-қатынасқа түсу үшін әмбебап аудармашыларды қолданған.
«ТАРДИС» ғарыш кемесі өзінің тұрғындарын кеңістік пен уақыттан алып өтіп қоймастан 
адамдардың Сиоракстермен, Селахиамилармен және басқа да өмір түрлерімен сөйлесуіне 
мүмкіндік берген доктор Кей де тура солай жасаған. Ғылыми-фантастикалық салаға 
ауысқаным үшін кешірім өтінемін, бірақ бұл жердегі ойдың мәні жақын уақытқа дейін білдектер 
және роботтар мен шыбықты беру қондырғылары секілді қосалқы қондырғылардың ортақ тілі 
болған жоқ және олар Клингондар мен шотланттықтар секілді қарым-қатынасқа түсуден 
артыққа қабілетті болған емес. «MTConnect»-ті іске қосыңыз. Бұл әмбебап аудармашы емес, 
тіпті тіл де болып табылмайды, керісінше, ол өндірістік жабдықтар мәліметтермен бөлісе 
алатын өнеркәсіптік жабдық болып табылады. ІТ-ға қатысты басқалар секілді «MTConnect» 
сипаттайтын техникалық ақпарат «HTTP», «LDAP» және «XML» сияқты әр түрлі айлакер 
қысқартуларға тола. Сізге машинист ретінде (а) әрбір білдектің «MTConnect»-ті 
пайдаланғанға дейін бағдарламалық интерфейсті қажет ететінін және (ә) байланыстың тек 
біржақты екенін білу қажет: сіз өз жабдығыңызға не істеу қажеттігін мәлімдеу үшін 
«MTConnect»-ті пайдалана алмайсыз, тек одан мәлімдеме қабылдай аласыз. Дегенмен де 
осындай аудармашылар өндірісті қашықтықтан басқару мен Заттардың өнеркәсіптік 
ғаламторы (IIoT) жасайтынның маңызды бөлігі болып табылады.
 
Сымсыз технологияларға «иә» дейміз
Сымдарда тұрған көңілді ештеңе жоқ. Сіз оларға сүрінесіз, олар үнемі қажет өлшемге 
қарағанда бірнеше дюймға қысқалау болып келеді әрі олар ең бір қолайсыз сәтте ажырап 
кетеді. Егер сіз Эрик Клэптон* болсаңыз, онда тоқсызданған жақсы, бірақ сіз желілік қондырғы 
болсаңыз ол тек бірнәрсені ‒ сіздің тұйыққа тірелгеніңізді білдіруі мүмкін. Өкінішке орай
электр қуаты ең кемі жақын болашақта жез сымдар арқылы ғана берілуі мүмкін, алайда сіздің 
цехыңыз неліктен сымсыз бола алмайтынына себеп аз.
Мен 15-тарауда атап өткендей, сымсыз желі кез келген мекеменің баға жетпес бос 
орнын алып жатқан қағаз құжаттардың бір вагоны мен кішкентай арбасын жоюдың алғашқы 
қадамы болып табылады. Одан да маңыздырағы, сымсыз желі компьютерлер мен 
білдектердің жергілікті желі мен «RS-232» кабельдерін қайта бағыттау қажеттілігінсіз еркін 
қозғалуын қамтамасыз етеді. Көптеген заманауи СББ білдектері сымсыз қосылу 
мүмкіндігімен стандартты құрамдаумен жеткізіледі немесе оны қосымша опция ретінде 


209 
ұсынады. Егер сіздің білдегіңіз Билл Гейтс «Windows»-ты ойлап тапқанға дейін (оған 
көмектескенін айта кетейін) жасалғаны болса да, қосалқы бөлшектер нарығында сіздің СББ 
білдегіңізді ноутбугыңыз секілді «Wi-Fi» үйлесімді ететін, СББ білдегінің байланыс портына 
қосуға болатын қондырғылардың бірқатары бар.
«RS-232» мәліметтер интерфейсі 1962 жылы Құрама штаттардың президенті Джон 
Кеннеди Кубадағы бірнеше баллистикалық зымыраны бар бірнеше алаңқайлар үшін кеңестік 
бірінші хатшы Никита Хрущевпен күш сынасып жатқан кезде енгізілген. Екі көшбасшы да 
баяғыда аспандағы саяси мінберге көтеріліп кеткен, «RS-232» қалып отыр және бүгінгі таңда 
сатылып жатқан кез келген дерлік СББ жабдықтарында қолжетімді. Оларды қолдану үшін сізге 
өткізгіштер орналасуының сызбасын, сондай-ақ «DTE» мен «DCE» арасындағы 
айырмашылықты зерттеу қажет, бірақ мұның бәрі «Ethernet» пен сымсыз желілердің қымбат 
емес, баяу және анағұрлым болжалсыз баламалары болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет