219
фрезаның/дөңгелектің сыртқы жағы сіздің табаныңыздың астындағы үстіңгі қабатта минутына
1,320 фут жылдамдықпен ұшып өтеді (SFM ‒ үстіңгі қабатты өңдеудің
минут ішінде футпен
алғандағы жылдамдығы).
Жақсы, дегенмен бөлшек пен оның минут ішіндегі айналымдары қалай тез айналады?
Көп мақсатты білдектің газ басқысы (ағымдағы кесу жылдамдығын көрсететін бергіші де)
болмағандықтан, сүмбінің айналымы біз СББ бағдарламасына енгізуіміз тиіс мән болып
табылады. Осыны анықтау үшін (сізге калькулятор қажет болуы мүмкін) кесудің ұсынылған
жылдамдығын 3,82 мәніне көбейтіңіз (мен 4-ке дейін жуықтаймын), содан соң құралдың
диаметріне бөліңіз. Мысалы, менің жұбайымның «Хёндэ Санта-Фе»-сі үшін күлкілі
бағамен
барлық маусымға арналған «235/55R19» дөңгелектерінің диаметрі 29 дюймнан сәл асады,
сонда мәні (3,82 x 1320 SFM (минутына футпен берілген жылдамдық) / 29,2 = 173
айналым/мин.
Біз СББ бағдарламалау аймағына барынша жақындап келеміз. Бұл үшін
кешірім өтінемін, алайда көп мақсатты және жону білдектерінің (әрі кесетін
құралдардың) жұмыс істеуіне орай төмендегідей беріліс пен жылдамдықтың
мағынасын түсіну үшін G-кодтар туралы бастапқы білім қажет. Егер сіз үшін
талқыланып жатқандар түсініксіз болса, онда 11-тарауға көшіңіз.
Жону білдектері аздап ақылдылау, бірақ анағұрлым күрделі болып келеді. Олар сүмбінің
тұрақты айналым санымен көп мақсатты білдектер қолданған тәсілді (жону білдектерін іске
қосу үшін «G97» пәрмені қажет) немесе «G96» пәрменімен шақырылатын кесудің тұрақты
жылдамдығын (КТЖ) қолдануы мүмкін. Біз «Санта-Фе»-мен келтірген мысалда «G96 S1320»
сүмбі айналымының 173 айналым/мин жылдамдығын іске қосады, ал
өңделетін
дайындаманың диаметрі 29,2 дюйм болады. Дегенмен де сіз құралды ортасына таман
орналастырған кезде сүмбінің жылдамдығы артады, бірақ тура сол кесу жылдамдығын
ұстанады (бұл КТЖ қысқартуындағы Т «тұрақты» болып табылады):
10 дюйм = 504 айналым/мин
5 дюйм = 1,008 айналым /мин
2 дюймо = 2,521 айналым /мин
1 дюймда сүмбі тоқтаусыз 5042 айналым/мин
жұмыс істейтін болады, бұл ‒ үлкен
бөлшек үшін қауіпті жылдамдық. Сенбесеңіз, өзіңіз есептеп көріңіз: (3,82 х 1320) / 1 = 5042. Бұл
маңызды тұсты меңзейді, өңделетін диаметр немесе айналмалы құралдың диаметрі неғұрлым
кіші болса, минут ішіндегі айналым саны соғұрлым көбірек болады (тым кішкентай айналмалы
кесетін құралдардағы кесу жылдамдығы бойынша нұсқаулықтар үшін 14-2-суретті қараңыз.
14-2-
сурет: 500 фут/мин, (СОР) 500
айналым/мин (көбіне анағұрлым жоғары)
өңдеу жылдамдығымен үстіңгі қабатты
өңдеген кезде 1/8-дюймдық кескіш үшін
шамамен 16 000 айналым/мин қажет
болады, ал 1/16 дюймдық құрал үшін екі
есе көп керек, бұл көп мақсатты
білдектердің мүмкіндіктерінен едәуір асып
кетеді.
Мұның шешімі маркасы мен моделіне
байланысты сүмбінің жылдамдығына оңай
жете алатын жылдамдатқыш бастиек
болып табылады
«
БИГ
КАЙЗЕР
»
рұқсатымен
Достарыңызбен бөлісу: