Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет49/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Цилиндрлік ажарлау: көптеген өңделген бөлшектер жону білдегінен шығып, таза 
өңдеуге арналған цилиндрлік ажарлағыш машинаға жөнелтіледі (әдетте термоөңдеу арқылы 
шыңдалған соң). Мұнда олар екі білдектің арасына орналастырылады және «шылбыр тартпа» 
арқылы айналдырылады, осыдан соң ажарлағыш білдектің операторы шамамен үш аяқты 
мотоцикл дөңгелегінің өлшеміне сәйкес келетін шарықты дайындамаға тақайды (3-3-суретті 
қараңыз). Цилиндрлік ажарлау көп уақыт бойы тіреу мойынды және соған ұқсас қатты 
шақтаманы көтеретін цилиндрлік бөлшектері бар ұқсас элементтерді жасау үшін қолданылып 
келді, бірақ біртіндеп ТБН ( текше бор нитридін «CBN») немесе керамикалық кесетін 
құралдарды пайдаланумен СББ жону білдектерінде «қатты қайраумен» алмастырылып келеді 
(бұл туралы нақтырақ 5-тарауда). 
Орталықсыз ажарлау: аса жиі ұзын біліктер мен өзектер орталықсыз ажарлау білдегінде 
ажарланады. Орталықсыз ажарлау білдегі өзекті немесе дайындаманы сүйемелдеуге 
арналған тіреуіштің жүзінен, оны айналдыруға арналған реттеу шарғысынан және, сөзсіз, 
реттегішке қарама-қарсы орналасқан әрі ажарлаудың басқа үдерістерімен салыстырғанда 
айтарлықтай жақсы қысқышпен материалды алып тастайтын айналдыру шарғысынан тұрады. 
Абайлаңыз: цилиндрлік ажарлау дөңестердің пайда болуына немесе берілген диаметрдің 
үшкілденуіне алып келуі мүмкін, осы жағдайды білдекті жөнімен баптаудың және Джедай 
секілді ажарлау біліктілігінің арқасында болдырмауға болады. 


54 
3-3-
сурет: Цилиндрлік ажарлау 
өңдеу үдерістерінің ішіндегі ең 
дәлінің бірі болып табылады 
Ажарлаудың басқа да көптеген түрлері бар. Сырғымалы ажарлау бір жүріп өткенде 
материалдың үлкен көлемін алып түседі, ал кейбір кездері фрезерлік және жону 
білдектерімен бәсекеге түсе алады. Екі дискілі ажарлау дайындаманың екі жағын да өте жұқа 
етіп, бір мезетте екі жағын да ажарлайды. Ішкі ажарлау саңылауларды әрлеу және 
саңылауларды жаныштау үшін қолданылады. Электрохимиялық майдалау электр тоғы мен 
электролитті EDM-ға ұқсас үдерісте пайдаланады. Сіздің гаражыңызда верстак немесе көгал 
шапқыштың ұшын қайрауға арналған едендік қайрағыш білдек болуы мүмкін ‒ оларды 
көптеген өңдеу цехтарынан табуға болады. Ал қол электр құралдары беткі қабатты 
жылтырату немесе оларды кейінгі дәнекерлеу жұмыстарына әзірлеу үшін көбіне ажарлау 
дискілерімен не қайрақ таспен жабдықталған. 
Кесу 
Ешқандай білдек цехы арасыз толық жұмыс істей алмайды. Араларды фрезерлік цехтар 
үшін шыбықты және жалпақ дайындамаларды, жону білдектері үшін цилиндрлік шыбықтарды 
немесе көлік қоятын орындағы алаудың жанында болатын кештегі ағаш табандықтарды 
аралау үшін пайдаланады. Барлық өңдеу үдерістеріндегі секілді майлағыш-салқындатқыш 
сұйықтығы майлау және жылуды бұру үшін пайдаланылады. Осы майлағыш әдетте суда 
ерігіш немесе эмульсиялық сұйықтық болып келеді (бұл туралы нақтырақ 14-тарауда), 
майлағыш майдың бір тамшысы тік таспалы арадағы шағын ситуативтік жұмыстар үшін 
жеткілікті болып табылады.
Өндірістік аралаудың көп бөлігі көлденең таспалы арада орындалады (3-4-суретті 
қараңыз). Осы аралардың С-тәріздес жақтауға бекітілген екі қарама-қарсы шарғының 
ортасынан өтетін, осы орайда шарғылардың бірі ұшын қозғалысқа келтіретін икемді металл 
пышағы болады. Екі шарғының ортасында материалды қысуға арналаған қыспақ және ұшын 
сүйемелдеуге арналған реттелетін бағыттауыштар жиынтығы болады. Бастиекті жоғары 
көтеріңіз, төмендегі қысқыш өзекті немесе қақпақты өзіңізге қарай тартыңыз. Көптеген 
көлденең аралар – әсіресе, өндірістік аралауға арналғандар ‒ тік берілістің нақты 
басқарылатын механизмі, автоматты қысу/босату және дайындаманы беру механизмі бар
болып келеді.
Механизмді жанына аударыңыз, сонда сіз тік таспалы араны көресіз, бұл әдетте ол 
жалпы мақсаттағы цех жұмысына тән міндеттер үшін сақталады, бірақ бұл үнемі бола 
бермейді. Бағдарламаланатын қыспақтар енді пайдаланылмайды, олар ортасымен тігінен
кескіштің жүзі өтетін қарапайым үстелдермен алмастырылған. Көп жағдайларда араның осы 


55 
түрі еркін пішіндегі жайпақ пластиналарды қолмен кесуге фрезерлеу операциясының алдында 
қалыпты қаралтым өңдеу немесе дайындаманы бекіту үшін аспаптық болатты кесу үшін 
пайдаланылады. 
Сіздің Арнольд Шварцнегнердікіндей бұлшық еттеріңіз болса да, оны алдын 
ала бекітіп алмай, домалақ дайындаманың кесегін тік таспалық арада кесемін 
деуші болмаңыз. Ара материалды қармап алып, арасында сіздің 
саусағыңызды да қысып алып, оны айналдыра бастауы ықтимал және 
таспалы араның тым қымбат тістерін де жұлып кетуі мүмкін. 
3-4-
сурет: Дайындаманы екі 
шарғымен ажарлау үшін
әзірлеуге арналған көлденең 
таспалы ара 
Суық кесу аралары сіз «арт декор» стилінде қараторғай ұясын жасау үшін қолданған 
және былтыр әйеліңіздің туыстарына сыйлаған радильді қол араларына өте ұқсас болып 
келеді. Айырмашылық суық кесу арасының ұшы жайырақ айналатынында (қалай болғанда да 
сіз металл кесіп жатырсыз ғой) және ішке әрі сыртқа қарай сырғудың орнына жоғары-төмен 
айналады. Суық кесу аралары ‒ материалды бірегей аралаудың тағы бір тиімді тәсілі, алайда 
кейбір автоматтандырылған модельдер айтарлықтай дәл және одан кейінгі өңдеу 
операциясын барынша азайту үшін жеткілікті жылтыр бетті береді.
Басқа да білдек аспаптары секілді аралар да түрлі кескіндемде және 
өлшемде болады. Кейбірі бұрыштың астында бұрыштық кесуді орындайды, 
кейбірі бір мезетте бірнеше металл кесектерін кесе алады, кейбірі машинаны 
екіге бөліп тастайтындай үлкен болады. Сізде араның қандай түрі болмасын, 
оны таза және жақсы қалпында ұстау қажет. Бұл кез келген жабдыққа қатысты 
‒ бірақ не себептен екені белгісіз араны көптеген механикалық цехтарда 
жақтыра бермейді және сондықтан да оған үстірт қарайды. Менің бұрынғы 
жұмыс берушілерімнің бірі маған бірде: «Балам, ешқашан да жақсы араның 
қадірін білмеуші болма» деген болатын (иә, ол мені, шынында да, «балам» 
деп атайтын). Мен мұны мойындағым келмейді, бірақ оның айтқаны шындық.
ЕСКЕРТУ
ЕСКЕ ТҮСІРУ


56 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет