Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет76/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

 
 5-1-
кестесі 
Кесетін құралдардағы маңызды элементтер 
 
 
 
Хром 
24 
Cr 
Кобальт 
27 
Co 
Марганец 
25 

Молибден 
42 

Вольфрам 
74 

Ванадий 
23 

 
 


82 
Тез кесетін болатпен батыл қимылдар жасау 
Кесетін құралдарға арналған қатты материалдардың бірі тез кесетін болат (ТКБ (HSS)) 
болып табылады. Ол сондай-ақ ‒ жоғары көміртекті болаттан жасалған құралдарды 
алмастырғыш ретінде жиырмасыншы ғасырдың басында алынған ең алғашқы 
қорытпалардың бірі, өкінішке орай, ол тез тозуға және өңдеудің экстремалды 
температурасында беріктігін жоғалтуға бейім. 
Өзінің «асқақ» атауына қарамастан, ТКБ соншалықты тез кесетін болып табылмайды. 
Егер кесетін құралдар жарыс көліктері болса, онда ТКБ ең соңғысы болып келген болар еді: 
ТКБ жеңіс тұғырына шықпаған болар еді. Оны қыздыру мен тозуға шамалы төзімділігімен 
басқа да қаттырақ кесетін құралдармен салыстырғанда қаттылығы мен амортизациялау 
мүмкіндігіне бола таңдайды.
Осы үшін, сондай-ақ ТКБ-тың жақын бәсекелесі вольфрам карбидіне қарағанда
анағұрлым арзан болғандығы үшін бұл ең басты себеп, ТКБ көптеген жағдайларда кесетін 
құралдар үшін басты таңдау болып қалуда. Сонымен қатар егер ТКБ-дағы кобальттың 
шоғырлануын арттырса, оны қыздыруға барынша төзімді етуге болады. Сондай-ақ ТК-дан 
жасалған кесетін құралдарды олардың термиялық төзімділігін айтарлықтай арттыратын етіп 
жабындауға болады ( бұл туралы толығырақ осы бөлімді айтылады).
Осы жерде аздап жаңылысу бар. ТКБ, шын мәнінде, аспаптық болат түрлерінің бірі және 
соғу мен нақыштау қалыптамалары мен пластик баспақалыптарда, сондай-ақ қатты, тозуға 
төзімді металл қажет болатын барлық дерлік құрал түрлерінде қолданылады. Сіздің 
гаражыңыздағы балға, сондай-ақ былтыр туған күніңізге сыйлыққа тартқан қашаулардың 
топтамасы да аспаптық болаттан жасалған.
Аспаптық болаттардың барлығы көбіне темірден жасалынады. Нақты бір қорытпаның 
түріне байланысты, түрлі элементтердің қоспасы (негізінен 5-1-кестесінде келтірілгендер) мен 
темірді пайыздың бір бөлігінен 40 пайызына дейінгі немесе одан да көп көлемде сиқырлы 
отбақырға салады. ТКБ жағдайында осы элементтердің басым үлесін аспаптық болаттың М 
және Т топтамаларына сәйкес келетін молибден мен вольфрам құрайды, олар төмендегідей 
түрлі кесетін құралдарға одан әрі жанылуға әзір дайындамаға құйылады, созылады
илемделінеді, қақталады:
» Бұрғылар 
» Бүйірлік фрезалар 
» Фасонды кескіштер 
» Қол егеулері 
» Тасымалды құралдар 
» Кеңейткіштер 
» Саусақты жонғыштар 
» Шарықты аралар 
Кейбір кездері ТКБ әлі күнге дейін қол білдектерінде қолданылып келе жатқан бұрма 
және кескіш бұрғылар үшін де пайдаланылады. Көптеген механикалық өңдеу цехтарында
ТКБ-ны карбидке алмастырған, дегенмен олар шағын көлемді өндіріс үшін немесе құралдың
бағасы басты өлшем болған кездері маңызды орынға ие.
Аспаптық болат пен ТКБ туралы толығырақ ақпарат алу үшін Америкалық 
сынақ және материалдар бойынша халықаралық сайттан (www.astm.org) 
«ASTM 
A600 
тез 
кесетін 
аспаптық 
құралдардың 
техникалық 
сипаттамаларының» көшірмесін алуыңызға болады, ұйым осы және басқа да 
өндіріс пен материалдардың стандарттары үшін жауапты. «Вольфраммен 
жеті қорытпа» түрлерін талқылау біраз уақытты алады (T1, T2, T4, T5, T6, T8 
және T15 түрлері) әрі молибденмен тез кесетін болаттың он екі қорытпасы 
бар (M1, M2, M3, M4, M6, M7, M10, M30, M33, M34, M36, M41, M42, M43, M44, 
ТЕХНИКАЛЫҚ 
АҚПАРАТ


83 
M46, M47, M48 және M62 түрлері). Егер сіз осы бөлімді бітірсеңіз, онда іске 
сәт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет