122
келеді. Құрал ұстағышқа жабысып қалған микроскопиялық үгінді болатта тез тұрып қалып,
шығып кетуге, тербеліске немесе сынған бөлшектерге алып келумен тынбай,
сондай-ақ
білдектің сүмбісін және басқа да құрал ұстағыштарға зақым келтіруі мүмкін. Цехта тазалық
сақтау осы мәселелерді барынша азайтуға септігін тигізеді, бірақ бұл жеткілікті емес.
Кез келген жұмыстан соң құралдарды арнайы аспаптық қоймаға қайтару қажет, ол жерде
бекітілген адам оларың әрқайсысын шашуды жүзеге асырады. Аспаптық қойма
ультрадыбыстық тазалағышпен жабдықталғандықтан,
құрауыштарды тазалыққа және
тозуға тексеруге болады. Ұштық фрезалар мен бұрғыларды қайыра қайрау үшін өндірушіге
қайтарған жөн. Төлкелер жойылуға жөнелтілуі тиіс. Тазартылған құрал ұстағыштарды
аспаптарды сақтауға арналған жәшікке салудан бұрын оларға шамалы сіңірме май жаққан
дұрыс.
Бұған қоса аспаптық қойманың менеджері құралдар мен құрал ұстағыштар туралы
формулярды жүргізуі тиіс (құралдарды басқаруға арналған
бағдарламалық жасақтаманы
пайдалана отырып жүргізгені дұрыс, ол туралы мен 8-тарауда айтатын боламын). Жаңа
тапсырма пайда болған кезде аталған адам баптау кестесіне сәйкес құралдарды жинайды
және олардың пайдаланғанға дейін таза болып қалуын қадағалайды. Құралдар үлкен
инвестициялар болып табылады, алайда оларға дұрыс қарамаса, ол өнімділіктің одан да
бетер түсіп кетуіне алып келеді.
180 градусқа бұрылу: әділ ойын
Айналмалы құралдар туралы әңгіменің аяқталған соң СББ жону білдектеріне арналған жоғары
сапалы, дұрыс бапталған құрал ұстағыштар да механикалық өңдеу цехының табысты жұмысы
үшін маңызды екенін мойындайтын кез келді. Жону жұмыстарының көбі цилиндрлі сағағы бар
қаралтым жұмыстар, аяққы өңдеу, жырашықтар мен бөлулер үшін
пайдаланылатын
индекстелетін құралдар көмегімен орындалады, жону білдектерінде, сондай-ақ цилиндрлі
сағағы
бар бұрғылар мен қашаулар, борқарнақтар мен таңбалаушымен бұранда кесуге
арналған қысқыштар пайдаланылады, олар да СББ көп мақсатты білдектерінде
пайдаланылатындар секілді сенімді және дәл болуы тиіс.
Шын мәнінде, жетекті құралмен жабдықталған СББ жону білдектерінің
және көп мақсатты
білдектердің пайда болуымен жону және фрезерлеу құралдарының арасындағы шекара
жойылып бара жатқандай. Қуысты фрезерлеу операциясы Y білікті жону білдегінде немесе
бес координатты көп мақсатты білдекте орындалатынына қарамастан, құралдың жұлынып
кетуі мен шығып кетуі туралы мәселе бірдей туындайды. Егер сіз жону білдегінің операторы
болсаңыз және осының алдындағы тарауды тастап кетуге болады деп есептесеңіз, онда кері
қайтып, қайтадан оқып шығатын кез келді. Олай болмаса, онда тікелей цилиндрлі сағақтар
аймағына барайық.
Достарыңызбен бөлісу: